Сыныптан тыс сабақ. Қызықты биология

Раздел Биология
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: биология

Күні 12.02.15.

8 - сынып

Сабақтың тақырыбы

Қызықты биология

Мақсаты

Оқушылардың биология пәні бойынша білім деңгейлерін, ой - өрісін байқау әрі кеңейту, пәнге қызығушылықтарын ояту, көшбасшылыққа ұмтылдыру.

Жұмыс нәтижесі

Білімдерін толықтырып, адам организмінің мүшелерін талдап, анықтай алады. Оқушылар топпен, өз бетінше тапсырмаларды сапалы орындайды, көшбасшылыққа ұмтылады.

Ресурстар

Интерактивті тақта, суреттер, бейнежазба, нақпішіндер (адам қаңқасы, жүрек, көз)

Қолданылған модульдер

Диалогтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ қолдану, бағалау, көшбасшылық

Сабақтың өтілу уақыты

45 минут

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

5 мин








Бәйге. ( сұрақ - жауап)

10 мин

Оқушылармен амандасу. Психологиялық ахуал тудыру.

Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! « Қызықты биология» атты 8 - сыныптар арасында биология пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!

Ақыл - тон, аңдағанға тозбайтұғын,

Білім - кен, қанша болса азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын, - деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскер топтарды таныстырып өтейін:

8а сыныбы, 8ә сыныбы, 8б сыныбы.

Тапқыр, білгір, дарынды

Жарыс бар бүгін арынды

Биология пәнін сүйсең сен

Ортаға сал барыңды - деп сайысқа қатысушыларға биік асуларды алуға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастасақ.. Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Білімнің ұшқырлығын танытатын,

Топтағы сайыскерлер жаңылмағын.

Уақыт деген зымырап өтіп кетер,

Асып, тасып, асықпа, қалыспағын.

Сайыс кезеңдерімен таныстыру:

I. Бәйге. ( сұрақ-жауап)

II. Сиқырлы ұяшықтар

III. Практикалық жұмыс

IV. Көремендер көрімдігі


  1. - кезең. Бұл кезеңде әр топқа алдын ала дайындалған төрт сұрақтан қойылады. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 10 ұпай беріледі. Ойлануға уақыт беріледі.

І - топқа.

1.Ұйқы безінен бөлінетін гормон

2. Микробтарды ерітетін обыр жасушалар

3. Адамның дене жасушаларындағы хромосома саны

4. 1мм³ қанша эритроцит болады

ІІ - топқа:

  1. Қан ұйымайтын ауру

  2. Ересек адамның миының орташа салмағы

  3. Организмнің ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті

  4. Ядросы бар, белсенді қозғалатын қанның ақ жасушалары

ІІІ - топқа:

  1. Егу арқылы қалыптасатын иммунитет

  2. Оттекпен қосылған гемоглобин

  3. Адам организміндегі ұлпалар типі

  4. Қанның ең кішкентай, түссіз, ядросыз формалық элементтері

Оқушылар сынып бойынша 3 - топқа бөлініп, топтарын таныстырады. Сабаққа дайындалады.

Сайыс кезеңдерімен танысады.






Топпен ақылдаса отырып, жауап береді. Жауаптары:

І. 1. Инсулин

2. Фагоциттер

3. 46

4. 4,5 - 5 млн

ІІ. 1. Гемофилия

2. 1300 - 1400г

3. иммунитет

4. лейкоциттер

ІІІ. 1.жасанды

2.оксигемоглобин

3.эпителий, дәнекер, жүйке, бұлшықет.

4.тромбоциттер

Сиқырлы ұяшықтар

  1. мин

2 - кезең.

Танымдық сұрақтар 10, 20, 30, 40, 50

Қан жасушалары 10, 20, 30, 40, 50

Ұлы тұлғалар 10, 20, 30, 40, 50

Топтар өзара пікірлесіп, жауап береді.

Практикалық жұмыс.

  1. мин

3 - кезең. Әрбір топқа нақпішіндер беріледі. Нақпішіндерден мүшелерді сипаттап беруі керек. (Толық жауапқа 10 ұпай)

Адам қаңқасы

1. Қысқа сүйектер: ..., ...., ...

2. Омыртқа жотасы қанша жерден иіледі? ...

3. Сүйек қандай ұлпаға жатады? ...

4. Арқа омыртқаға қабырғаның қанша жұбы бекиді? ...

  1. Жалпақ сүйектер ..., ..., ..., ...

Жүрек құрылысы

1.Жүректің сыртқы қабаты ...

2.Ортаңғы бұлшық ет қабаты ...

3.Үш жақтаулы ..., қос жақтаулы қақпақша ... болады.

4.Жарты ай тәрізді қақпақшалар ..., ... болады.

5.Жүрек ... оң және сол жақ бөлікке бөлінеді.

Көз құрылысы

1.Көз алмасының қабықтары ..., ..., ...

2.... алдыңғы жағы нұрлы қабыққа айналады.

3.... құтышалар мен таяқшалар орналасқан.

4.... алдыңғы бөлігі мөлдір қасаң қабыққа жалғасады.

5.Нұрлы қабықтың ортасында ...орналасқан.

Адам қаңқасы

жауабы: 1 - омыртқа, алақан, табан

  1. - 4 жерден

  2. - дәнекер

  3. - 12 жұп

  4. - бассүйек, жауырын, жамбас, қабырға

Жүрек құрылысы жауабы:

1 - эпикард

2 - миокард

3 - оң жақ, сол жақта

4 - сол қарынша мен қолқа, оң жақ қарынша мен өкпе артериясы

  1. - тұтас қалқа

Көз құрылысы жауабы:

1 - ақ, тамырлы, торлы

2 - ақ қабықтың

3 - торлы қабықта

4 - тамырлы қабықтың

5 - қарашық

(1жауапқа 1 ұпай)

Көрермендер көрімдігі.

5 мин

4 - кезең. І - тапсырма. Сөзжұмбақ «ИЯ»

  1. Жануарлардың сыртқы және ішкі құрылысын, көптүрлілігін зерттейтін ғылым.

  2. Тірі ағзаларды және олардың қоршаған ортамен арақатынасын зерттейтін ғылым.

  3. Жасуша туралы ғылым

  4. Вирустарды зерттейтін ғылым.

  5. Сүтқоректілерді зерттейтін зоология саласы.

ІІ - тапсырма. Бейнежазба көрсету. Бұл не?

І. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

ІІ. Көрген бейнежазба туралы ойларын айтып, сипаттап береді.

(әрбір жауапқа 1 ұпай)

Қорытынды:

5 мин

Кері байланыс «Альпинист»

Сонымен сайыстың қорытындысын айту үшін әділ - қазыларға сөз кезегін берсек.

Заман қанша қиын - қыстау болса да,

Игі істер болып жатыр қаншама.

Үздік биолог танылған,

Жүлдегерді танытпасақ бола ма?

Жеңімпаздарды мадақтау, марапаттау.

Сонымен бүгінгі «Қызықты биология» сайысы өз мәресіне жетті.

Алда әлі де биік - биік асулардан көріне беріңдер, - деп тілек білдіреміз.

Сабақтан алған әсерлері туралы стикерлерге жазып іледі.















№51 орта мектеп



Сыныптан тыс сабақ. Қызықты биология

ҚЫЗЫҚТЫ БИОЛОГИЯ

(танымдық сайыс)

8 - сынып



Биология пәнінің мұғалімі: Қалдарбекова А.Қ.



Қордай, 2015ж.





Бағалау парағы

Топтың аты

  1. Бәйге.

( сұрақ-жауап)

II. Сиқырлы ұяшықтар

III. Практикалық жұмыс

IV. Көремендер көрімдігі

қорытынды


























Бағалау парағы

Топтың аты

  1. Бәйге.

( сұрақ-жауап)

II. Сиқырлы ұяшықтар

III. Практикалық жұмыс

IV. Көремендер көрімдігі

қорытынды


























Бағалау парағы

Топтың аты

  1. Бәйге.

( сұрақ-жауап)

II. Сиқырлы ұяшықтар

III. Практикалық жұмыс

IV. Көремендер көрімдігі

қорытынды


































Адам қаңқасы


1. Қысқа сүйектер: ..., ...., ...

2. Омыртқа жотасы қанша жерден иіледі? ...

3. Сүйек қандай ұлпаға жатады? ...

4. Арқа омыртқаға қабырғаның қанша жұбы бекиді? ...

  1. Жалпақ сүйектер ..., ..., ..., ...

Жауабы:

1.

2.

3.

4.

5.




Жүрек құрылысы


1.Жүректің сыртқы қабаты ...

2.Ортаңғы бұлшық ет қабаты ...

3.Үш жақтаулы ..., қос жақтаулы қақпақша ... болады.

4.Жарты ай тәрізді қақпақшалар ..., ... болады.

5.Жүрек ... оң және сол жақ бөлікке бөлінеді.

Жауабы:

1.

2.

3.

4.

5.



Көз құрылысы


1.Көз алмасының қабықтары ..., ..., ...

2.... алдыңғы жағы нұрлы қабыққа айналады.

3.... құтышалар мен таяқшалар орналасқан.

4.... алдыңғы бөлігі мөлдір қасаң қабыққа жалғасады.

5.Нұрлы қабықтың ортасында ...орналасқан.



Жауабы:

1.

2.

3.

4.

5.

















































Биология пәнінен мектепішілік

8 - сыныптар арасында өтілген

«Қызықты биология» танымдық сайысында

____сыныбының ________________тобы

марапатталады.





Мектеп директоры: Ж.А.Садабаева

ДОЖО: Д.Б.Байжигитова

Пән мұғалімі: А.Қ.Қалдарбекова

Қордай, 2015ж.













































































© 2010-2022