Конспект урока по теме: Воспитатель нового формата

На данном уроке по дисциплине «Дошкольная педагогика» рассматриваются профессиональное становление современного педагога-воспитателя, особенности педагогической профессии. А так же характеристика типичных ролевых позиций педагога как воспитателя.       Сабақтың мақсаты Оқушыларға мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісінің тұлғалық бейнесі туралы түсінік беру, бала өміріндегі тәрбиешінің рөлі ,оған қойылатын міндеттер мен талаптары туралы танысу,  тәрбиеші болу дағдыларын қалыптастыру. Өнертапқышты...
Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Нурланова Жантолкын Амангельдиновна

Преподаватель дошкольных дисциплин гуманитарного колледжа им.М.Жумабаева

На данном уроке по дисциплине «Дошкольная педагогика» рассматриваются профессиональное становление современного педагога-воспитателя, особенности педагогической профессии. А так же характеристика типичных ролевых позиций педагога как воспитателя.

Пән Мектепке дейінгі педагогика

Тақырып: Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі, оның шығармашылық қабілеті.

Сабақтың мақсаты Оқушыларға мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісінің тұлғалық бейнесі туралы түсінік беру, бала өміріндегі тәрбиешінің рөлі ,оған қойылатын міндеттер мен талаптары туралы танысу, тәрбиеші болу дағдыларын қалыптастыру. Өнертапқыштық, креативті ойлау қабілеттерін дамыту.

Негізгі түсініктер тәрбиеші, міндеттері, талаптары, тұлғалық бейнесі.

Сабақтың әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі дәрісбаян, оқулық, оқыту бағдарламалары, тәрибешіге арналған нұсқаулық

Сабақ типі жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер сұрақ-жауап, әңгімелеу,түсіндіру, пікірталас, ТРИЗ элементтері фокальды обьектілер әдісі,жеке жұмыс

Сабақтың жоспары

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, сабаққа қатысуды тексеру.

2.Оқушылардың білімін тексеру:

3.Жаңа тақырыппен танысу:

Жоспар:

  1. Мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісі.

  2. Балабақша тәрбиешісінің шығармашылық қабілеті.


  1. Мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісі.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мәселесіне ерекше мән берілген.

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу үздіксіз білім беру жүйесінің бастапқы буынын іске асырушы-тәрбиеші маман болып табылады.

Жаңаша оқыту үрдісін ұйымдастыру, жаңа білім мен дағдыны меңгерген, шығармашылық қабілеті жоғары, дербес ізденіс нәтижесінде елеулі мәселелердің шешіміне қол жеткізетін, ойлау қабілетімен ерекшеленетін тұлғаны қалыптастыруды көздейді.

Балабақша тәрбиешісі - арнайы дайындығы бар және педагогикалық іс-әрекетпен кәсіби айналысатын тұлға. Оның негізгі міндеті - мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үдеріс ұйымдастыру, кәсіби даярлығын үнемі жетілдіріп отыру.

Осыған орай, қазіргі таңда балабақша тәрбиешілеріне келесі бірыңғай әдістемелік талаптар қойылады: педагогикалық және психологиялық деңгейін көтеру; оқыту мен тәрбиелеудің ең соңғы жаңа педагогикалық технологияларын зерттеп меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысында қолдана білу; өз білімін көтеруге, шығармашылықпен жұмыс атқаруға ынталандыру; балалар табыстары мониторингісін жасау және оны диагностика қоюдың қазіргі тәсілдерін меңгеріп, қолдана білу; авторлық бағдарламалар, оқу құралдарын, мақалалық ізденістер жасауға ұмтылдыру; тәрбиешінің педагогикалық-кәсіптік оң көзқарастарының және құндылықтарының қалыптасуына жағдай туғызу.

Балабақша тәрбиешісі - бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі.

Тәрбиешілердің білімділігі, мәдениеттілігі, шеберлігі, қабілеттілігі, балалармен қарым-қатынасы, жеке басының дамуына төмендегідей нақты талаптар қойылады:

1. Тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін, жүріс-тұрысын жөнге салып, ұйымдастыра білуі;

2. Арнаулы білім-дағдыны меңгеруі;

3. Баламен сөйлесе білуі; көзкарасымен, ыммен де өз ойын түсіндіруі;

4. Жұмысты ұйымдастыра білетін, тиісті жерінде әзілдесіп, көнілді болып, орынды жерде ашулана алатын болуы;

5. Тәрбиешінің әрбір қимылы жүріс тұрысының өзі балаларға өнеге, тәлім-тәрбие берерліктей болуы тиіс.

  1. Балабақша тәрбиешісінің шығармашылық қабілеті.

Болашақ тәрбиешілерді балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлау төрт кезең бойынша жүзеге асырылады: а) болашақ тәрбиешілерді педагогикалық іс-әрекетке шығармашылық тұрғыда бағдарлау, педагогикалық іс-әрекет қызығушылығын айқындау, осы мамандықты тандаудағы мотивін анықтау; ә) болашақ тәрбиешілерді шығармашылық іс-әрекет қызметіне араластыру, шығармашылықтың мәні мен мазмұнын түсіндіру, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін жинақтау. Болашақ тәрбиешінің шығармашылық тұрғыда өзін-өзі дамытуы.

Жаңа заман тәрбиешісі - бұл сауатты маман, бағдарламаны және әдістемелік шараларды анықтай алатын білімді адам. Бұл бала және оның ата-анасымен тіл табыса білетін, қиын ситуациядан шыға білетін жақсы психолог. Бұл бірлесіп еңбек етуге, ұжымдас жолдасына кез келген кезде көмек беруге даяр тұратын маман. Жаңа заман педагогы дегеніміз үнемі ізденіс үстінде өз білімін жетілдіріп отыратын, жаңа әдіс жолдарын пайдалануға құштар және жақсы жетілген педагогикалық тәжірибені өз ісіне еңгізе білетін шебер маманды айтамыз. Атақты ұлы педагог Амонашвили «Тәрбиеші бұл- өзге адамның дамып жетілуін өз жауапкершілігіне алатын кәсіби адам» деп атап өткен.

Тәрбиешінің мәдениеттілігің көрсеткіші - әдептілігі, коғамдық орындарда өзін сыпайы, еркін, ортаға лайықты ұстай білуі, өнегелі тәртібі, сүйкімділігі, адамдармен өзара сыйластыққа, адалдыққа негізделген қарым-қатынасы. Ондай тәрбиешіні балалар жақсы көреді, сыйлайды, құрметтейді, оған жақын жүргісі келеді, оның балалар арасында беделі де зор болады.

Тәрбиешіні үнемі алға талпынып, жас ұрпаұ тәрбиесіне белсенді араласуға, балалар арасында беделді болуға міндетті. Оның адамға, балаға деген сүйіспеншілігі мол. Моральдық жағынан биік болуы, мамандығын жақсы келуі шарт.

Қорыта келгенде, болашақ тәрбиешіге педагогикалық байқампаздық, бақылампаздық, зейін, ақыл-ой, ерік-жігер, шыдамдылық, ұстамдылық, шыншылдык, адалдық, карапайымдылык, мейірімділік, ізеттілік, ізденімпаздық қасиеттер кажет. Бұл сияқты адамгершілік сапаларды берген тәрбиеші баланың әрі карай дамуына әсерлі ықпал етіп, мінез-құлкында өшпес із қалдырады.

Жаңа технологияларды күнделікті ұйымдастырылған оқу әрекетінде пайдалану үшін әр тәрбиеші бүлдіршіндердің жас ерекшеліктерін ескеріп, педагогтың мақсат мүддесіне орай таңдап алады. Білім берудің жаңа стандартын басшылыққа ала отырып: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашалық», Әлеуметтік орта» білім беру салаларына байланысты мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сай оқу іс-әрекетін әрбір болашақ тәрбиеші шығармашылық ізденіс негізінде жүзеге асыруы керек.

Болашақ тәрбиеші алған теориялық білімін практикада қолдануды үйренеді. Жұмысқа ықыласпен ден қойған маман одан үлкен канағат алады. Бұл оны өзінін мамандық шеберлігін жетілдіре түсуге ынталандырады.

Болашақ тәрбиеші мамандарды даярлауда және педагогикалық мамандықтың мәртебесін көтеру мақсатында мектепке дейінгі мекемеде кафедра оқытушылары әдістемелік іс-шаралар (семинар-практикумдар, жәрмеңке, көрмелер, семинарлар, педагогикалық кеңестің мәжілістері т.с.с.) ұйымдастырылып тұрады.

Шебер тәрбиеші-педагогын қалыптастыру үшін педагогикалық практикада, оның өз мамандығына деген міндеттерін анықтаймыз:

а) Балаларды дұрыс тәрбиелеуді қамтамасыз етудін қадағалау;

ә) Өз тобындағы әрбір баланың қызығуы мен қажетілігін ұкыптылықпен, қамқорлықпен қарайды;

б) Балалардың денсаулығын сақтауға, корғауға байланысты дәрігер талабын орындайды;

в) балаларды отбасында, балабақшада тәрбиелеу мәселелері туралы ата-анамен жұмыс жүргізеді;

г) Балабақшада педагогикалық кеңес жұмысына қатысады;

д)Балалармен жүргізілетін өз жұмыстары туралы жоспар кұрады, есеп береді әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне ұкыпты дайындалады, инновациялық технологиялардя пайдаланады.

Біздің ойымызша, инновациялық технологиялар оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдарын балалардың өздігінен танымдық іс-әрекетінде пайдалануға көмектеседі. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың шарттарының өзі тәрбиешінің әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын туғызады. Ол педагогикалық шарттарға: инновациялық ізденіс қажеттілігі; инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім; инновациялық әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын қарастыру; инновациялық әдістерді меңгеру; инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары; инновациялық әдіс-тәсілдерінін нәтижесінің болуы; инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін бекіту жатады.

Инновациялық іс-әрекетті басшылыққа ала отырып, педагогикалық шеберліктің басқа құрауыштарының маңыздылығын жоққа шығармаймыз. Педагог әдептілігінің негізіне педагог еңбегінің әлеуметтік мәні, жеке басының адамгершілік мазмұны, психологиялық жағынан қалыптасуы, кәсіптік жағынаң қарулануы, өзгелермен ңарым-ңатынасының сипаты, мінез-құлқы, жасы, жынысы, мамандығы, отбасы жағдайы және тағы басқалары жатады.

4.Тақырыптың негізгі түсініктерін бекіту жұмысы:

(топ оқушылары өзара сұрақтар арқылы дәрістің мазмұнын талдайды)

Тәрбиешінің мектепке дейінгі мекемедегі рөлі.

Тәрбиешіге қойылатын талаптар қандай?

Балабақша тәрбиешісінің міндеттеріне не жатады?

Көрнекті педагог В. Сухомлинский « Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады»,-деген сөзін қалай түсінесіз?

6.Өздік жұмыс:

Оқытушы жетілдіру және басқа да ерекше қасиеттерін анықтау үшін «тәрбиеші» сөзі таңдайды. Оқушыларға бірнеше сөздер ойлап айтуды ұсынамыз: «кітап», «құмырсқа», «бұлт». Олар бұл заттардың қасиеттерін анықтап жазады.

Кітап - ақылды, білімді, дана, көне, жаңа, әдемі, ақпараты мол

Құмырсқа - кішкентай, ұйымшыл, еңбекқор, болжамшыл, үнемшіл

Бұлт- сұр, мамық, жұмсақ, қатал, ашулы, жылдам

Енді сол қасиеттері алғашқыда таңдалған фокальды обьектіге бағытталады, яғни «тәрбиеші» сөзіне. Оқушылар жаңа сөздер құрастырып, олардан түсініктер де жасауы мүмкін. Мысалы, (кітап-білімді- тәрбиеші білімді) (құмырсқа-еңбекқор - тәрбиеші еңбеқор) (бұлт ашулы- тәрбиеші де кейде ашулы болуы мүмкін немесе жұмсақ- тәрбиеші де кейде жұмсақ болуы тиіс).

Келесі кезеңде оқушылар осы сөздерді пайдаланып, келесі тапсырмаларды істеуі мүмкін:

  • сөйлемдер құрастырады

  • мақал-мәтелдер жазады

  • синквейн жасайды

  • өздері өлең жолдарын жазады

  • «тәрбиеші» сөзіне өз анықтамаларын береді.


© 2010-2022