Фенотиптік немесе модификациялық өзгергіштік. (10 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Фенотиптік немесе модификациялық өзгергіштік. Сабақтың мақсаты: Өзгергіштік туралы ұғым қалыптастыру.Модификациялық өзгергіштік туралы білім беру .Сарамандық жұмыс жүргізу Дамытушылықтың мақсаты: Генетикалық білімдерін тереңдету.Жеке тұлғаны шығармашылыққа баулу Тәрбиелік мақсаты: Ептілікке баулу, эстетикалық тәрбие беру.Отанын Қазақстанды сүюге баулу.Кәсіптік бағдар беру Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың әдіс-тәсілдері: өз бетімен жұмыс әдісі, сұрақ-жауап Көрнек...
Раздел Биология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Фенотиптік немесе модификациялық өзгергіштік.

Сабақтың мақсаты: Өзгергіштік туралы ұғым қалыптастыру.Модификациялық өзгергіштік туралы білім беру .Сарамандық жұмыс жүргізу

Дамытушылықтың мақсаты: Генетикалық білімдерін тереңдету.Жеке тұлғаны шығармашылыққа баулу

Тәрбиелік мақсаты: Ептілікке баулу, эстетикалық тәрбие беру.Отанын Қазақстанды сүюге баулу.Кәсіптік бағдар беру

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: өз бетімен жұмыс әдісі, сұрақ-жауап

Көрнекіліктері: оқулық, слайдтар, компьютер, проектор, лавршие жапырақтары, өлшегіш-сызғыш, қарындаш.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

В) Үй жұмысына шолу .Менен сұрақ - сенен жауап!

1.Хромосомалық ауруларды ата? Клайнфельтер, Шершевский-Тернер, Даун т.б. аурулар

2. Комплементарлық деп…. Екі немесе бірнеше аллельді емес доминантты гендердің бірін-бірі толықтырып, жаңа белгіні жарыққа шығаруын айтады.

3. Жыныстық хромосомаларда орналасқан гендер арқылы тұқым қуалауды… Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау деп атайды.

4.Цитогенетикалық әдісті пайдаланып, тұңғыш рет 1956 жылы адамның дене жасушаларында 22 жұп аутосомалар және бір жұп-жыныстық хромосомалар болатындығын анықтаған ғалымдарды ата. Дж.Тийо мен А.Леван

5. Г.Мендельдің бірінші заңы қалай аталады? біркелкілік

6.Бұл әдіспен адамның жеке дамуы барысында тұқымқуалайтын өзгерістердің бар - жоғы анықталады бұл қандай әдіс? Онтогенетикалық әдіс

7. Х хромосоманың артық қосылуына байланысты әйелдер арасында қандай ауру кездеседі? (ХХХ) Трисомия

8. Дене жасушасында жыныстық хромосомалар біркелкі ХХ болып келсе ондай жынысты … гомогаметалы дейді

9. Бір жұмыртқа жасушасының бір сперматозоидпен ұрықтануынан екі эмбрионның дамуы қандай әдіске жатады және қандай түрі? Егіздік әдісі, бір жұмыртқалы егіздер

10. Корольдар ауру қалай аталады? Гемофилия ауруы

В) . Биологиялық диктант

1.Ұрпақтар белгілі дәрежеде ата-анасына ұқсас болып туады. Мұны тұқымқуалаушылық дейді.

2. Ата-аналардан алынатын гендердің толық жиынтығы генотип , организмге тән ішкі және сыртқы белгілердің жиынтығы фенотип деп атайды.

3. Адамның денесі 500 триллиондай жасушадан тұратын болса, оның әрбір дене жасушасы 46 хромосомадан, ал жыныс жасушаларында 23 хромосома болады.

4. Ата-аналық формалар Р әрпімен белгіленеді, аналықты белгісімен, аталықтык белгісімен, будандастыруды Х , ұрпақтарын Г әріпімен, гаметаларды деп белгілейді.

ІҮ. Жаңа тақырыпты меңгерту : Фенотиптік немесе модификациялық өзгергіштік

Анықтама : Ағзалардың белгілерінің сыртқы орта жағдайына байланысты өзгеруі

Түрлері 1. Тұқым қуалайтын өзгергіштік немесе фенотиптік, яғни модификациялық өзгергіштік

2. Тұқым қуалайтын немесе генотиптік, яғни мутациялық немесе комбинативтік өзгергіштік

Модификациялық өзгергіштік - генотиптері ұқсас, сыртқы орта жағдайға байланысты фенотиптері әр түрлі болып өзгеруі

Ерекшеліктері : 1. тұқым қуаламайды 2. тез және көп өзгереді 3. гендердің қызметіне ферменттердің белсенділігіне әсер етеді. 4. Белгілі бір реакция нормасымен шектеледі

Зерттеу әдісі: Статистикалық әдіспен зерттеледі: Вариция қатары - кішісінен үлкеніне қарай бір қатарға орналастыру нұсқа - белгі дамуның жеке көрінісі

Орташа шаманы анықтау : , М орташа шама, Х-нұсқа, p- нұсқалардың кездесу жиілігі, n-нұсқалар саны , ∑-жиынтық.

В) Эл оқулық арқылы бүгінгі тақырыпты тыңдату. Модификациялық өзгергіштіктер

С) Сарамандық жұмыс : Вариациялық қатарды құру және жапырақ ұзындығы өзгергіштігінің вариациялық қисық сызығын түсіру

V. Бинго ойыны арқылы сабақты бекіту.

1. Адамның тұқым қуалаушылығын зерттейтін ғылым қалай аталады? Адам генетикасы

2. Қай әдіс арқылы туыстар арасындағы аурулардың оның шыққан тегіне шежіре құрастыру арқылы зерттеп анықтайды?Генеалогиялық әдіс

3. Шежіре құрастыруды бастайтын адамды қалай атайды? Пробанд

4. Әке - шеше жағынан туыс адамдардың бір - бірімен некелесуін қалай атайды?Туыстық неке

5. Бір мезгілде екі немесе екіден көп туылған балаларды қалай атайды?Егіздер

6. Қай әдіс арқылы тұқым қуалайтын аурулардың зат алмасу процесінің бұзылуынан болатын ауруларды анықтайды?Биохимиялық әдіс

7. Бір жұмыртқалы егіздердің генотипі біркелкі, барлық белгілерінің ұқсас болуы қалай аталады? Конкорданттылық

8. Хромосомаларды микроскоп арқылы зерттеуге негізделген әдіс қалай аталады? Цитогенетикалық әдіс

9. Егіздерді пайда болуына қарай қалай бөледі?Монозиготалы және дизиготалы

10. Адамда тұқым қуалайтын аурулар қандай топтарға бөлінеді?Гендік және хромосомалық аурулар

11. Аутосомды - доминанттық ауруларға қандай аурулар жатады? Гендік аурулар

12. Гендердің өзгеруі нәтижесінде пайда болатын ауруларды қалай атайды?Брахидактилия (қысқа саусақтылық), полидактилия (алтысаусақтылық), сүйектің омырылғыштығы

13. У хромосомада әкесінен тек ұл балаларына ғана берілуі қалай аталады?Голандриялық тұқым қуалау

14. Аутосомалардың 21 жұбында артық бір хромосома болатын, жалпы хромосомалар саны 47 болатын ауру қалай аталады?Даун синдромы

15. Хромосомалық аурулардың негізгі себептері қандай?Жасушалардың мейоздық бөліну кезіндегі хромосомалардың гаметаларға теңдей ажырамауы

16. Консультацияның бірінші кезеңінде аурудың диагнозын анықтау үшін қандай әдістер қолданылады? Шежіре, цитогенетикалық, биохимиялық т.б

17. Суретке қарап аурудың түрін анықтаңыз.Гипертрихоз

18. Суретке қарап аурудың түрін анықтаңыз. Ахондроплазия

19. Суретке қарап аурудың түрін анықтаңыз. Полидактилия

20. Суретке қарап аурудың түрін анықтаңыз. Сиам егіздері

ҮІ. Білім алушыларды бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма. Фенотиптік немесе модификациялық өзгергіштік.



© 2010-2022