Сабақ жоспары Арал теңізі

Раздел Биология
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 9 «А»

Күні: 14.04.2011

Сабақтың тақырыбы: Арал теңізі кеше және бүгін.

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың білімділік мақсаты:

Республикамызда дабыл қағарлық экологиялық жағдайға,Арал теңізінің адам тағдыры үшін маңызы ерекше екендігіне оқушылардың көзін жеткізе отырып түсіндіру- сабақтың мақсатына жатады.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:

Табиғат байлығын ұқыпты жұмсап,қымбат қазнаны қадірлеуге, қорғауға жанашырлық сезімдерін тереңдете түсу арқылы ой-өрісін дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:

Оқушыларды табиғатты сүюге,қорғауға,қастерлеуге баулу,экологиялық тәрбие беру.

Түрі: Экспедиция сабақ .

Әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс, жекелей жұмыс,баяндау.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.

Көрнекілігі: Арал теңізінің аумағының өзгеруі.

Қазақстанның физикалық картасы.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгелдеу.

Оқу құралдарын тексеру

Туған өлкеміздің тамаша табиғатының бір байлығы «көгілдір қазына» - деп аталатын өзен-көл мен теңіздер. Орлар адамның жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлаған береке бастауы болып саналады.

«Су - пәктік, кепілі ол денсаулықтың,

О баста тіршілік боп судан шықтың.

Бұлақ, көл, өзен, теңіз, мұхиттардың

Молдықтан қасиетін келмейді ұққың», - деп ақын жырлағандай, табиғат ананың кең-байтақ даламызға тамаша тартуы Арал теңізі еді. Сан ғасырлар бойы адамдарды аялап, қойнауындағы құт берекесімен асырап келген теңіздің келешегі мен бүгінгі жағдайы толғандырады.

1. Географ - саяхатшылар тобы:

Қазақстанның оңтүстңк аймағында жатқан Арал теңізі көлемі жағынан дүние жүзінде 4-ші, ал бұрыңғы одақ бойынша 2-ші орынды иеленеді. Арал теңізі Тұран ойпатының тектоникалық қазан шұңқырында жатыр. Ол д.ж. мұхит деңгейінен 53 м биікте орналасқан. Жалпы ауданы Жалпы ауданы 64,5 мың шаршы км, ұзындығы 428 км, жағалауы ойпатты жазық, құмды болып келеді.

2. Тарихшы - археологтар тобы:

Арал теңізі көне заманнан бері әлемнің көптеген саяхатшылары мен ғалымдардың назарын өзіне аударып келеді. Арал туралы алғашқы деректер ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде ұшырасады. Грек 5алымы Птоломей теңіздің географиялық орнын дұрыс анықтар жазған. Арал теңізінің суын, табиғаты жан-жақты зерттеулерде орыс ғалымдарының сіңірген еңбектері зор.

3. Метерологтар тобы:

Арал теңізі аймағының климаты қатаң континентті, құрғақ. Жылдық Ж/ш - ң орташа мөлшері түскен ж/ш бірнеше есе көп. Теңіз бетіндегі ауаның жаз айындағы орташа температурасы +24 С, +26С, қыста -7С, -13С дейін төмендейді. Қыста теңіз бетінде мұз қатады. Су тұздылығы 14%, соңғы жылдары теңіз суының қатты тартылып таяздануына байланысты тұздылығы қалыпты мөлшерден артқан.

4. Этнографтар тобы:

Арал теңізі жағалауында орналасқан халқымыздың ұлттық құрамына келетін болсақ, қазақтар, украиндар, орыстар, басқа да ұл өкілдері тұрады. Көп тарағаны қазақтар. Қазалы, Аральскіде халықтың 80% - ы қазақтар. Күріш, бау-бақша, мал шаруашылығымен шұғылданады.

Қойнауындағы байлығымен, құт-берекесімен халықты асыраған, құт дарыған су айдыны қазақ халқының басынан өткен сан түрлі зұлымдарға куә.

5. Зоологтар тобы:

Теңізде балықтың 30-ден аса түрі бар. Кәсіптік маңызы бар бекіре, сазан, қаяз, шабақ, армарқа сияқты балықтар ауланады. Соңғы уақытқа дейін аралдан балықшылар жылына 200 мың т балық аулап келеді. Аралға құйатын Амудария мен Сырдария өзендерінің суын егістікке орынсыз пайдалану, ысырап ету салдарынан теңіз айдыны тартылып барады.

Арнайы Аралдың өңірінде бір кездері үйір-үйірімен өріп жүрген тұз тағылары жұрт зәресін алатын жолбарыстар бір жола жойылып кетті. Ерте кезде Арал аймағында кездесетін аң мен құстың 57 түрінен қазір тек 10 шақты түрі ғана сақталған.

6. Экологтар тобы:

Арал теңізінің тартылып , теңіз маңайындағы аудандардың экологиялық жағдайларының нашарлауының көптеген себептері бар. Соның ішінде ең басты себеп Аралға құйатын Сырдария мен Амудария өзендерінің аңғарларында суармалы егіс көлемінің жөнсіз ұлғайуы, су режимінің дұрыс сақталмауы, егңстік жерлерінің сортаңдануына алып келеді. Мұның салдарынан Арал теңізінің деңгейі 14,7 м дейін төмендейді.

Қорытынды сөз.




Жамбыл облысы.

Жуалы ауданы

№ 29 Александр Герцен атындағы орта мектебі.






Сынып сағаты


Тақырыбы: ____________________________________________________________________________________________






Сынып жетекшісі: Д. Алимкулова

Сыныбы: 9 «Ә»







Б. Момышұлы ауылы 2011 жыл

© 2010-2022