АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ ТАРАУЫН ҚОРТЫНДЫЛАУ

«АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ ТАРАУЫН ҚОРТЫНДЫЛАУ»тақырыбына   PISA типтік тапсырмаларын   қолдану Өзектілігі:   Белсенді оқыту әдістері мен логикалық тапсырмалар оқушының ой –өрісін кеңейтеді, өмірлік тәжірибеде қолданады. Нақты бір жағдайға нақты модельдерді қолданудың нәтижесінде оқушыларды әлеуметтендірудің қажетті талаптары болып саналатын функционалды ғылыми- жаратылыстану сауаттылық бағытын қалыптастырады. Жобаның мақсаты -  оқушылардың ғылыми-жаратылыстану  сауаттылығын  дамыту  мақсатында  PISA ...
Раздел Биология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ ТАРАУЫН ҚОРТЫНДЫЛАУ»
тақырыбына PISA типтік тапсырмаларын қолдану

Өзектілігі:

Белсенді оқыту әдістері мен логикалық тапсырмалар оқушының ой -өрісін кеңейтеді, өмірлік тәжірибеде қолданады. Нақты бір жағдайға нақты модельдерді қолданудың нәтижесінде оқушыларды әлеуметтендірудің қажетті талаптары болып саналатын функционалды ғылыми- жаратылыстану сауаттылық бағытын қалыптастырады.

Жобаның мақсаты - оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын

дамыту мақсатында PISA бағдарламасы тапсырмаларын орындау арқылы , алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалану.

Жобаның міндеттері:

  1. Ғылыми жаратылыстану сауаттылығын дамыту

  2. PISA талаптарына сәйкес тапсырмаларды орындау

  3. Жеке тұлғаның құзырлылығын қалыптастырып, бағалау

Нәтижесі:

-- Осындай тақырыпта өткізілген сабақта оқушылардың жаратылыстану

сауаттылығы қалыптасады.

-- PISA тапсырмаларын орындай отырып күнделікті өмірде кездесетін құбылыстар арасынан ТТР анықтап, оны ғылыми тұрғыда дәлелдей алады.

-- Оқушының функционалдық құзыреттілігі қалыптасады.

Жаңашылдығы :

Оқушыларда тақырып бойынша жаңа түсініктер қалыптасады.

Алған білімдерін өмірлік тәжірибесінде қолдану мүмкіндігіне ие болады.

Жетекші идеясы:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 130 қаулысы-мен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын, мектеп оқушыларының функционал-дық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын басшылыққа ала отырып оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.

Кіріспе

«PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың ғылыми- жараты-лыстану функционалдық сауаттылығын дамыту» функционалдық сауаттылықты арттыру мақсаты мен міндеттері Қазақстан Республикасы 2011-2020 жылдарда білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында анықталуына сәйкес жасалды, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға жөніндегі 2012-2016 жж. арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру және PISA халықаралық зерттеулері аясында өкізілетін оқушылардың ғылыми- жараты-лыстану функционалдық сауаттылығын дамыту әдістеріне арналған педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасына талаптарына сәйкес келеді.

2012-2016 жылдарға арналған оқушылардың функционалды сауаттылығын жетілдіруде Ұлттық іс-шаралар жоспары мақсатқа бағытталған, біртұтастық, оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуға бағытталған іс-шаралар жүйелігін Қазақстан Республикасының мектепте білім берудің сапасын арттыру-шы негізгі бағыт ретінде қамтамасыз етуге бағытталған.

Оқушылар арасындағы функционалды сауаттылықтың қалыптастырудың жоғары деңгейі қоғамда тиімді қызмет етудің қабілеттілігіне, өзін-өзі анықтауға бағытталған қабілет, өзін-өзі дамытуға және қалыптастыруға бағытталады. Нәтижесінде, қоғамға функционалды сауатты, нәтижеге жұмыс істеуге және маңызды жетістіктерге жетуге қабілетті тұлға қажет. Қазақстанның аталмыш халықаралық зерттеуіне қатысуы біздің оқушыларымыздың дайындық деңгей-лерін әлемнің басқа да елдерінің оқушыларының дайындық деңгейімен салыс-тыруға, білім беру сапасын бағалауда соңғы әлемдік жетістіктерге сәйкес келетін зерттеулердің нәтижелерін сараптау мен оқу жетістіктерін бағалау, сонымен қатар кросс-ұлтты зерттеулерді жүргізудегі жетекші мамандармен әзірленген әдістемелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мүшелерде астың қорытылу құбылысын, ас қорыту сөлдерін, ферменттердіңәсері туралы түсінік бере отырып, ас қорытудың адам денсаулығына қажеттілігін ұғындыру

Дамытушылық: Оқушылардың білімдерін жетілдіру мақсатында тәжірибелер көрсету арқылы олардың дүниетанымын ойындар ойнату арқылы дамыту

Тәрбиелілік: Дұрыс және ағзаға пайдалы тағамдармен қоректену арқылы салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ас қорыту жүйесінің құрылысы суреттері, тірек - сызбалар, оқушыға көмекші материалдар топтамасы

Пәнаралық байланыс: химия, медицина

Сабақтың типі: Жүйелеу жинақтау сабағы

Сабақтың түрі: Зерттеушілік тұрғыдағы сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі көрнекілік

Сабақтың жоспары :

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. "Ер дәулеті - еңбек"

Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. "Ырыс алды - ынтымақ"-негізгі бөлім

Үй тапсырмасын пысықтау.

ІҮ. "Бәрін білгім келеді"- қорытындылау.

Ү. "Бейнет түбі- зейнет"- бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма

Кулчат Кунтубаева

Ақтам орта мектебі

Биология пәнінің мұғалімі



© 2010-2022