Конспект урока по биологии

Пәні: биология Класс -7 Сабақтың тақырыбы:    Бактериялардың табиғаттағы, халық шаруашылығындағы маңызы. Мақсаты:  Бактериялардың табиғаттағы орны және халық шаруашылығындағы маңызы туралы оқушылардың білімдерин кеңейту. Міндеттері: Білімділік:   Бактериялардың табиғаттағы  маңызы мен олардың көптүрлілігімен танысу Дамытушылық:  Оқушылардың бактериялар туралы пайдасы мен зияны туралы әр түрлі тапсырмалар мен практикалық жұмыс орындату арқылы пәнге деген қызығушылығын  арттыру. Тәрбиелігі:  пайд...
Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: биология

Класс -7

Сабақтың тақырыбы: Бактериялардың табиғаттағы, халық шаруашылығындағы маңызы.

Мақсаты: Бактериялардың табиғаттағы орны және халық шаруашылығындағы маңызы туралы оқушылардың білімдерин кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: Бактериялардың табиғаттағы маңызы мен олардың көптүрлілігімен танысу

Дамытушылық: Оқушылардың бактериялар туралы пайдасы мен зияны туралы әр түрлі тапсырмалар мен практикалық жұмыс орындату арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелігі: пайдалы бактериялардың халық шаруашылығындағы маңызын ескере отырып,оларды тиімді пайдалануға үйету

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: экология,химия

Көрнекілігі: Бактерияларың суреттерің,сөзжұмбақ

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу,түгелдеу

Үй тапсырмасын тексеру:

Ауру туғызатын бактериялар және олармен күресу жолдары

Жаңа сабақ түсіндіру

Тіршілік әрекетіне байланысты бактериялар алуан түрлі болады және олардың табиғаттағы маңызы зор.Сапрофитті бактериялардың көпшілігі өсімдіктер мен жануарлардан, саңырауқұлақтардан қалған ағзалық заттарды ыдыратып шірітеді.

Шіріту бактериялары- біздің ғаламшарымыздың тазалаушысы.Себебі олардың өсімдіктердің қалдықтары мен жануарлардың өлескелеріндегі күрделі ағзалық заттарды ыдыратады.

Топырақта қара шіріктің түзілуіне себепші болады.Топырақ бактериялары өсімдіктерге қорек дайындайды.Топырақтағы қара шірікті минералды заттармен байытып қана қоймай, сонымен бірге топырақтың құрамын жақсартады.

Топырақ неғұрлым құнарлы болса, онда бактериялар саны соғұрлым көп болады.

1 г қара топырақта 5-6 млрд бактерия болады. Топырақ бактериялары өсімдіктің

өсуі мен дамуына ықпал жасайды.

Түйнек бактериялары-жоңышқа,бөде,асбұршақ,сиыржоңышқа ,соя, шеңгел сияқты

бұршақгүлдер тұқымдасына жататын өсімдіктермен селбесіп, тіршілік етеді.Жер қойнауындағы селитраның,темір кенінің.теңіздегі күкіртті сутегінің ,шымтезек пен көмірдің түзілуі де бактериялардың тіршілік әрекетіне байланысты. Сөйтіп,бактериялар зат айналымына қатыса отырып,жер бетінде ұдайы тіршіліктің болуына себепші болатынына көз жеткіздік.Бактериялар сүттің құрамындағы қантпен қоректеніп,сүт қышқылын түзеді.Ал сүт қышқылы сүтті ашытып,айранға айналдырады.Сүт қышқылы бактериясын орамжапырақ ашытуға,шөптерден сүрлем жасауға пайдаланады.Түзілген сүт қышқылы орамжапырақ пен сүрлемді бұзылудан сақтайды.Сірке қышқылы бактерияларының көмегімен тамаққа пайдаланатын сірке суы алынады.Оны қияр,саңырауқұлақ,алма,қарбыз т.б жемістерді тұздау үшін қолданады.

Цианобактериялар - жер бетінің барлық жерінде, тіпті ешқандай топырағы жоқ жартастардада өсе береді.жанартау атқылаған соң суынған лавалардың бетінде алғаш өсетін де осы цианобактериялар.Себебі олар ауадағы бос азотты синтездеп,нәруызға айналдырып,қоректенеді.Олардың қалдықтары шіріп,топыраққа айналады.

Жаңа сабақты бекіту:

Бекіту сұрақтары :

1.Бактериялардың табиғаттағы маңызы

2.Бактериялардан өндірісте қандай заттар бөлініп шығады?

3.Бактериялардан қандай дәрілік антибиотиктер өндіріледі?

4.Шіріту және түйнек бактерияларының айырмашылығы?

5.Бактериялар қандай зиян келтіреді?

«Бактериялар сөзжұмбағы»

Микробиология

Таяқша

Левенгук

Сапрафиттер

Індет

Пастер

Бактериоз

Цианобактерия

Пенециллин

Спора

Прокариоттар

1.Көзге көрінбейтін ұсақ тірі ағзалардың құрылысын,қасиеттерин зерттейтін ғылым?

2.Бактерия грекше

3.ұсақ ағзаларды алғаш ашқан голландиялық ғалым?

4.Өлі ағзалардың денесінде тіршілік ететіндер

5.Ауру туғызатын бактериялармен адамдардың жаппай ауруы?

6.Ауру туғызатын бактериялар бар екендігін тәжірибе жүзінде дәлелдеген француз ғалымы?

7.Өсімдіктерде бактериялар туғызатын ауру қалай аталады?

8.Фотосинтез құбылысы жүретін көк жасыл қызыл түсті бактерия өкілі?

9.Ауру қоздырғыш бактерияларға қарсы қолданатын дәрі?

10.Тығыз қабықпен қапталған ерекше жасуша?

5.Үй тапсырмасы:

Бактериялардың табиғаттағы , халық шаруашылығындағы маңызы

Бағалау :

Сабаққа белсене қатысқан ,сабақ айтқан оқушыларды бағалау



© 2010-2022