Презентация на тему: Ледовый каток «Медео»

Аннотация к презентации каток «Медео»                                                 Г.А. Бисарина                              учитель КГУ « средняя школы №5» Северо-Казахстанская область, г. Петропавловск  В презентации рассказывается о всемирном известном ледовом катке «Медео»,который находится в Казахстане, расположенный на высоте 1691,2 метра над уровнем моря. Он был возведен в 1972 году. Поверхность льда занимает 10,5 тысяч кв.м., что позволяет проводить соревнования по конькобежному спорту, хоккею и фигурному катанию Презентация  будет полезна  для  учителей  физкультуры,спортсменам конькобежцам и туристам.
Раздел Биология
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Өмірбаян жазу. Терминдік аударма жұмысын орындау.

Сабақтың мақсаты: Өмірбаян жазуды, практикалық жолмен меңгерту; сан есімдерді, жалқы есімдерді, етістіктің өткен шағын қайталау. Жер-су атаулары.

Өмірбаян

Өмірбаян (автобиография) - жеке адамның өмірінен мәлімет беретін іс қағаздарының бір түрі. Өмірбаян әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке тұру кезінде жазылады. Онда әр адам өзінің туған күні, айы мен жылынан бастап, жері, тегі, отбасы, білімі, атқарған қызметі, мамандығы туралы сатылып қысқаша жазып шығады. Өмірбаян қолмен (кейде арнайы бланкте) жазылады.

Міндетті мәліметтер:

1. Құжаттың аты (өмірбаян)

2. Аты-жөні, туған жылы, айы, күні, туған жері

3. Ұлты

4. Білімі, оқыған оқу орындары

5. Қоғамдық - саяси қызметі

6. Ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет

7. Қазіргі жұмысы, мекенжайы

Негізгі сөздік

үйленбегенмін

- не женат

үйленгенмін

- женат

тұрмысқа шықпағанмын

- не замужем

тұрмысқа шыққанмын

- замужем

әскери қызметке міндеттімін

- обязан к воинской службе

қосымша мәліметтер

- дополнительные сведения

түсу

- поступить

бітіру

- окончить

әскери қызметті өтеу

- выполнять воинскую службу

жұмыс істеу

- работать



Үлгімен танысыңыз

Мен, Қуаныш Өмірбекұлы, 1963 жылы 1 мамырда Семей облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында тудым. Ұлтым - қазақ. 1970 жылдан 1980 жылға дейін Баршатас орыс орта мектебінде оқыдым. 1980 жылы Қазақ политехника институтының компьютерлік техника факультетіне оқуға түстім. Институтты бітірген соң 1985 - 1988 жылдар аралығында Ғылыми - жобалау институтында жұмыс істедім. 1980 жылғы 1 қыркүйекте Қазақ политехника институтының металлургия өнеркәсібі кафедрасына ауыстым. Қазір осы кафедраның аға оқытушысымын.

Ата-анам бар. Әкем - Өмірбек Қадіров, құрметті зейнеткер; анам - Хадиша Қасымова ұзақ жылдар бойы мұғалім болып істеді, қазір - зейнеткер. Отбасым бар: жұбайым - Жазира Дүсибайқызы, жоғары білімді маман, дәрігер. Екі балам бар, олар мектепте оқиды.

Әскери қызметке міндеттімін, аға лейтенант атағым бар.

Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білемін, ЭЕМ (ЭВМ) бағдарламаларын толық меңгергенмін, Интернетте жұмыс істей аламын.

Мекенжайым: Алматы қ., "Қазақфильм" шағын ауданы, 47-үй, 12-пәтер.

Тапсырма:

1. Үлгі бойынша өзіңіздің өмірбаяныңызды жазып келіңіз.



Өмірбаян

Мен _____________________________, 1963 жылы 12 мамырда, Алматы қаласында, қызметкерлер отбасында дүниеге келдім. Ата-анам «Қызыл-Ту» ғылыми-өндірістік бірлестігінде: әкем - Достанов Омар - инженер-конструктор, шешем - Достанова Гүлмәрия - кадр бөлімінің инспекторы болып қызмет атқарады.

1980 жылы мен №33 қалалық орта мектептің 8 сыныбын бітіріп, №9 кәсіптік-техникалық училищеге түстім. Оны 1981 жылы бітіріп, стенографияны, шетелдік машинкада басу және ұйымдастыру ісінің техникасын меңгерген хатшы-машинистка мамандығын алдым. Училищені бітірген соң, Қазақстан Республикасы Жеңіл өнеркәсіп министірлігінің машбюросына жолдама алдым.

1983 жылы машина бюросының меңгерушісі қызметіне ауыстырылдым. 1984 жылдың тапсырмаларын табысты орындағаным үшін Министрліктің Құрмет грамотасымен марапатталдым. 1985 жылы Министрліктің іс жүргізуші қызметкерлерінің кәсіптік шеберлігі байқауында бірінші орын алдым.

Тұрмысқа шыққанмын. Күйеуім - Отарбаев Аманжол Отарбайұлы, 1961 жылы туған. «Алматықұрылыс» акционерлік-коммерциялық бірлестігі, стандарттау бөлімінің инженері. Екі баламыз бар. Ұлымыз - Отарбаев Азамат Аманжолұлы, 1989 жылы туған және қызымыз - Отарбаева Назым Аманжолқызы, 1991 жылы туған. Алматы қаласының Бостандық ауданындағы №212 «Ертөстік» балалар бақшасына барады.

Менің мекен-жайым: 480100, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, № 94-үй, № 82-пәтер. Үй телефоны: 61-80-36

21.01.94.


© 2010-2022