Презентация и поурочный план по биологии на тему Гуморалдық реттелу

Раздел Биология
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерзімі: 29.01.15. Сабақ №38

Cабақ тақырыбы: Гуморалдық реттелу. Шамадан тыс бұлшық ет әрекеттерінің жүрек пен қан тамырына әсері.Жұректі жаттықтырудың маңызы. Жүрек- қан тамырлар жүйесі жұмысының сынамалары- адамның өзін- өзі бақылау амалы екендігі.

Сабақтың мақсаты:

1. Жүрек қан -тамырлар жүйесінің аурулары мен танысу

2. Аурудың алдын алу туралы түсінік қалыптастыру

3. Денсаулық сақтау жайында ұғымды насихаттау.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Жеке, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, әңгімелесу, жаттығу жұмыстары

Көрнекілік: Иллюстративті материалдар, интерактивті тақта , кластер

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру. Оқушыларды сабаққа дайындау

2 топқа болу 6 сурет. Тақырыпты «Домино» ойнын мен табады 1мин

  1. Үй тапсырмасын текскру 8мин

А) Жүрек және оның құрылысы қандай? В) Гормондар дегеніміз не?(ішкі секреция бездері қанға бөліп шығаратын және организмнің түрлі әрекеттерін реттейтін күшті биологиялық заттарды айтамыз)
Сыртқы секрециялық бездерді ата(қарын безі, сілекей безі, ұйқы безі, ішек безі, бауыр)

Г) Гуморальдың реттелу дегеніміз не?(биологиялың белсенді химиялың заттар-гормондар көмегімен жүзеге асады)Ішкі секрециялың бездерді ата.
(эпифиз, гипофиз, қалқанша безі, қалқанша маңы безі, тимус, бүйрек үсті безі)
Жүрек қызметі автономиялы нерв жүйесінің қатынасында рефлекторлы жолмен өзгеріп отырады. Парасимпатикалық нервтер арқылы келетін импульстер жүректің жиырылуын баяулатып әлсіретсе, симпатикалық нервтер арқылы келетін импульстер оны күшейтіп, жиілетеді. Гуморальдық реттелу жүректің жиырылуын күшейтіп, жиілететін бүйрек безінің гормоны адреналинге, кальций тұздарына және басқа биологиялық әрекетшіл заттар жүрек қызметіне қарама-қарсы әсер етеді. Нервтік және гуморальдық жолмен реттелуі жүрек әрекетінің қоршаған орта жағдайларында өте дәл бейімделуіне мүмкіндік береді. Дене еңбегін атқарған кезде, бұлшық еттерден, сіңірлерден шығатын импульстер жүрек қызметін реттеп отыратын орталық нерв жүйесіне келеді. Бұл симпатикалық нервтер бойымен жүрекке келетін импульстер ағынын күшейтеді. Сонымен қатар қандағы адреналиннің шамасы артады. Жүректің жиырылу жиілігі мен күші көбейеді.Жүрек жиырылу жиілігінің баяулауын брадикардия, тездетуін тахикардия дейді.

Жүрек жұмысы қанның үздіксіз қозғалуын қамтамасыз ететін жүрекшелер мен қарыншалардың жүйелі жиырылуы мен босаңсуынан тұрады.Жүрек біздің еркімізден тыс өмір бойы ,үздіксіз жұмыс істейді.Бұл біздің санамыздан тыс ,автоматты түрде жүреді Д) Жүрек автоматизмі- жүректің өзінде пайда болатын импульс әсерінен жиырылу қабілеті.Ең алдымен жүрекше,кейін қарынша жиырылады.Сонымен қатар жүрек бүкіл денеге таралатын әлсіз биоэлектрлік сигнал шығаратын ерекше қабілетке ие.Осы сигналды денеден жазып алу арқылы жүрек жұмысының ырғағын тіркейді.Жүрек бұлшық етінің жұмысы мен жағдайын,жүректің бүкіл әрекетін көрсететін алынған қисық сызық электрокардиограмма деп аталады. Жүрек циклі. гуморальдық реттелу әсерінде болады Ж.ж қан құрамындағы калий және кальций мөлшерінің өзгеруі зор әсер етеді.Кальций мөлшерінің артуы жүректің жиырылу жиілігін артырып,сонымен бір мезгілде жүрек қозғыштығы мен өткізгіштігін жоғарылатады.Калий бұл процестердің барлығын баяулата отырып,қарама-қарсы әрекет етеді.

  1. Жаңа сабақ. Жүрек қантамырлар жүйесіндегі ең басты - мүше. Олай болса ақын Мұқағали Мақатаевтың «Жапырақ - жүрек жас қайың!» атты өлеңімен сабақты бастаймыз

Жапырақ - жүрек жас қайың!

Жапырақ - жүрек жас қайың! Жанымды айырбастайын.

Сен адам бола бастасаң. Мен қайың бола бастайын.

Келісесің бе, жас қайын? Көрінер, мүмкін, кімге ерсі,

Өміріңдң маған берші! Дүрбелең мына дүниені,

Адам көзімен бір көрші. Қайың боп мен де бағайын,

Орманнан орын табайын. Беймәлім маған өмірге

Қайың көзімен қарайын. Сен - дағы жерден нәр алдың,

Мен - дағы жерден нәр алдым. Біреуден сен де жаралдың,

Біреуден мен де жаралдым. Тілің жоқ, жанды қайың сен,

Айырмашылығым - адаммын. Мендегі бары бір жүрек,

Беріпті жүрек саған мың. Сондықтан ұзақ жасайсың-

Құрдасы келер заманның. Бар жоғы менде бір жүрек,

Ол өлсе мәңгі кеткенім. Сендегі семсе мың жүрек,

Келгенде жасыл көктемің, Тірілер қайта дүркіреп.

Жапырақ - жүрек, жас қайың! Жанымызды айырбастайық!

Адам боп жүрсең қасқайып, Тәукел, айырбастайық!

Өмірге өмір жалғасып, Анамыз жерге жармасып,

Бірде адам, бірде қайың боп, Сүрейік өмір алмасып...

Жапырақ - жүрек жас қайың

-ХХ ғасырдағы өмірдегі индустриялық (өндіріс ошақтарынын дамуы) урбанизация (халықтың шоғырлануы ) миханизацияның қарқынды дамуы экономикасы дамыған мемлекеттер халықтары арасында жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары жаппай құбылысқа айналуына себеп болды. Көптеген экономикасы дамыған мемлекеттерде де жүрек - қан тамырлар жүйесінің аурулары мүгедекке соқтырып немесе өлімге себепші болып отыр. Европада жыл сайын үш млн адам қаза табады. АҚШ-та 1 млн 65 жасқа дейінгі еңбекке жарамды адамдар осы аурудың құрбандары болып отыр. Ресейде де бұл аурулардың түрлері өлімге себепші болып отыр. Біздің елімізде де осы жүрек қан-тамырлары жүйесінің аурулары белең алып отыр. Жүрек қан тамырлары жүйесінің аурулары көп түрлі.

Кандай маманға жолығамыз? Кардиолог

  1. Текстпен жұмыс істеу. 5 мин+5

Сөздердің арасынан, келетін сөздерді тақтаға іледі: Ішімдік Алкоголь сивуш майы Темекі никотин Майлы Тұзды заттар Есірткі холестерин Салмақ Зиянды заттар

1. Қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізіп, жас ұрпақтың санасы мен өмірін уландыратын ауыр кеселдің бірі - маскүнемдік, араққұмарлық. Ішімдіктің зияны: Ішімдік ішетін адамда ең алдымен қуаныш сияқты жеңіл сезім пайда болады. Сосын бас ауруы, көздің сүзілуі, өзін бақылай алмау, жүру қиындығы, тепе - теңдіктің сақталмауы, жерге құлау әрекеттері орын алады. Ми, жүйке, бауыр, бұлшық ет, ткань сияқты органдардың қызметі бұзылады, көз қимылының үйлесімі бұзылады, аяқ алысы ебедейсізденіп қисалаңдайды, тілі күрмеледі. Ақыл кемиді және дұрыс естімейді. Басқа адамдармен қатынас жасалып, жыныстық аурулар тарайды. Ми қабығын ұйытатындықтан адам өзін билей алмай, билік ішімдіктің қолына өтеді. Қарындағы алкоголь 2 минуттан соң қанға өтеді. Қан оны организмнің барлық клеткаларына таратады. Ең соңында есінен айрылады. Материалдық залалымен қоса дененің ауруларға қарсы тұру қабілеті кемиді. Ішкіш адамдарда дін, отбасы, бала, отан, ұлт сүйіспеншілігі деген болмайды. Ұялу сезімін жоғалтатындықтан ең намысты адамдардың өзі адамгершілікке жат қылықтар жасайды. Алкоголь ішімдіктерін ішу үлкен күнә. Алкоголизм әдет емес, ол - ауру. Алкоголизм - организмдегі үрей мен жарымжандықты сипаттайтын ауру. Организмге сіңген алкоголь бірден жойылмай, оның зиянды әсері 1 - 2 тәулікке дейін сақталады. Сондықтан күн сайын жарты литрден жүзім шарабын немесе сыра ішкен адамдар ұзақ уақыт алкогольмен уланған хәлден айыға алмайды. Сырада алкогольден басқа, көптеген көмірсу болады, ол лезде майға айналады. Сыраны көп ішетін адам денесінің толықтығын денсаулық белгісі деуге болмайды. Бұл - зат алмасудың бұзылуы туралы берілген сигнал. Алкоголь ішу зиянды, оның кез келген мөлшері - у! Өкінішке орай Қазақстан ішімдікті тұтынуда әлем бойынша алғашқы бестікті құрап отыр.

2. Шылым шегу арқылы оның құрамындағы улы заттар ауыз және өкпе арқылы қанның құрамына өтеді. Бұл заттарды үш топқа бөледі: никотин, смола заттары және ысты газ. Сонымен қатар темекі түтінінде синилдік қышқыл, канцерогенді және радиоактивті изотоптар бар. Заттардың ішіндегі бәріне белгілісі - никотин. Ол өкпеден қанайналым мүшелеріне өтеді де басқа әртүрлі органдарға жағымсыз әсерін тигізеді. Никотин - у, оны үлкен мөлшерде қолданғанда: тамыр соғуын жиілетеді, басты айналдырады, вестибулярлық аппараттың жұмысын бұзады, салқын тер шығып, құсықты тудырады және адам бозарып кетеді. Темекіде смола заттарының көп мөлшері болады. Ол заттар шылым шеккенде дене мүшелеріне жеңіл түрде өтіп кетеді. Егерде адам күніне бір пачкі сигарет тартатын болса оның өкпесіне 700 гр смола түседі, оның құрамында 100 - ге жуық әртүрлі канцерогендік заттар (қатерлі ісік тудыратын заттар) бары анықталған. Темекі түтінінің радиоактивті заттары өкпе талшығында, сүйек мүжігінде, лимфа түйіршіктерінде, ішкі бездерде жинақталады да айлап мейлі жылдап, ұзақ уақыт бойына сыртқа түзіліп шықпай, өздеріне сай зиянды әсерлерін жалғастыра береді. Темекі радиоизотоптарынан әсіресе полоний - 210 және қорғасын - 210 қатерлі ісіктерді тудыратын ең басты улы заттар болып табылып отыр. Бұл заттар темекі шегушілердің генетикасын зақымдайтын ең негізгі себептер. Адамды 200 рет рентгенге түсіргенде денеге өтетін радиациялық мөлшерді, адам күніне 20 сигарет тарту арқылы - ақ қабылдап жатады. Тақырыпқа байланысты сұхбат жүргізген болатынмын. Экранға назар аударайық.

3. Дұрыс тамақтану мәдениеті. «Ауру астан» деген қанатты сөзді айтып кеткен бабаларымыз ас - ауқатына баса мән бергені белгілі. Осы заманғы медицинада әр түрлі ауруларды емдеу тәжірибесі мол, ол жөнінде бір дәрігер «адамның денсаулығымен біз айналыспаймыз, әр адам өзінің денсаулығына өзі жауапты» деген екен. Біз өзіміздің тамақтануымызда нені өзгерте аламыз? Тиімді тамақтанудың мәні - тағамдардың дұрысын таңдау. Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі тамақтану пирамидасын ұсынады. Дәрігерлердің айтуынша, бәрі де мөлшерге байланысты. Шамадан тыс желінген кез келген тағам денсаулыққа зиян. Ағзамыз үшін ең қауіпті тағам түрлерін білу - әрбір адам үшін маңызды. Дәмді деген астың өзі күтпеген жағдайларға алып келуі мүмкін.

4. Денсаулық - адам өміріндегі басты құндылық. «Бірінші байлық - денсаулық» деп халық тегін айтпаған. Адам мықты денсаулықтың арқасында өмірде кездесетін ауыртпалықтарды жеңуге, қабілет - дарынын дамытып, шығармашылық деңгейге көтеріле алады. Сондықтан денсаулыққа саналы қарап, спортпен шұғылданып, уақытында тамақтанып, дене ахуалының бабында болуына жағдай жасау керек. Спортпен шұғылданбайтын адам аурушаң болып келеді. Аурушаң адам толыққанды жұмыс істей алмайды, өзінің сүйікті кәсібімен айналыса алмайды. Ал дені сау адам еңбекке қабілетті болады. Жастар, болашақ мамандар әлсіз, денсаулығы нашар, білімсіз, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз болса, мемлекет қашан да әлсіз, қорғансыз. Еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев: «Халықтың денсаулығы - ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп айрықша атап өтті. Сондықтан біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулыққа байланысты. Дені сау адам өмірдегі ең бақытты адам. Ендеше, денсаулықты нығайту, ширақ, жігерлі, сымбатты өсу әрбір адамның өз қолында. Баршаңызды спортпен айналысуға шақырамын! Біздің мектеп оқушылары салауатты өмір салтын барынша ұстануда. 70% спорт секциясына, 30% би үйірмесіне қатысады.

5.Есірткі қазіргі таңда көп түрі кездеседі мысалы: марихуана, кокаин, морфин, LSD, героин және тағы басқа түрлері адамның миына, психикасына, орталық жүйке жүйесіне қатты әсер етіп, рухани және физикалық тепе - теңдікті бұзатын зиянды заттардың бірі. Нашақордың есірткіден улануы оның бүкіл психикасы өзгереді. Біріншіден, жүйке жүйесін бірден улайды, елтіріп жібереді, ақылмен істейтін жұмыстардан бас тартатын болады, өмірге қажетті барлық жұмысты орындауға ынтасы, белсенділігі пәс болып тұрады, енжар өмір кешеді. Тіпті, жеңіл - желпі науқастанған нашақорларды емдеудің өзі күрделі екен. Сондықтан да олардың көбі мидың қабынуынан, жүрекке салмақ түсудің салдарынан қайтыс болып жатады. Есірткі адам психикасына өте қатерлі. Нашақордың есіл - дерті қайдан болса да есірткі заттарды тауып ішуде болады. Ең қатерлісі - нашақор есірткіге ақша табу үшін кісі тонаудан бастап, тіпті жақын адамын өлтіруден де тайынбайды

Жүрек аурулары- жүректің ишемиялық аурулар немесе тамырдың гипертониялық аурулары болып бөлінеді.

Жүрек қан-тамырлар жүйесіне кері әсер ететін зиянды заттар: Ішімдік, алкоголь құрамындағы сивуш майы тамырдың кеңейуін тудырып, жүрекке салмақ түсіреді. Темекі, құрамындағы никотин керісінше тамырды тарылтып, қанның жүруіне кедергі жасайды. Аурудың туындауына тамақтың құрамының әсері де зор(технология пәні) Майлы, тұзды, кептірілген, қуырылған тамақтар қандағы холестеринді көбейтеді.

Қан тамырлары ауруы қан кетумен түсіндіріледі

Сергіту сәті. Бой жазу. Экранға назар аударайық.

  1. Ауру түрлері: 5мин

Адам аз қозғалып, қимыл белсенділігі азайғанда бұлшықеттер семіп гиподинамия ауруы пайда болады.

Гиподинамия - аз қозғалу, жеткiлiксiз қимыл белсендiлiгi.

Негізгі белгілері (симптом):

- Әлсіреу;

- Жүрек соғысының және пульстің тез соғуы;

- Қан қысымының жоғары болуы;

- Қажығыштығу, тiптi ептеген жүктемелерде;

- Эмоционалдық тұрақсыздық, күйгелектік.

Ағзаға әсері:

- Сүйек ұлпасының құрамында кальций төмендейдi, ұйқысыздық, жабығу пайда болады. Өзім қозғалыс - өмір негізі деген қағиданы ұстанамын. Адамды белсенді қозғалысқа әкелетін би өнерін жақсы көремін. Би өнер ғана емес спорт түрі деп те санаймын. Ұзақ жасаймын десеңіздер үнемі қозғалыста болып қимыл белсенділігіңізді азайтпаңыздар!

Атеросклероз-(грекше -бидай ботқасы) артерия қабырғасына май массасының жиналуы, холестериннің көбеюі, қанның қоюлануы.

Миокард инфарктісі- жүрек бұлшық етінің жансыздануы. Кенеттен болған физикалық, псикикалық жүктеме әсер етеді. (стрец)

Жүрек аритмиясы-жүректің қозу импульсінің ритмі немесе жирылу қарқынының бұзылуы.(Электрокардиограмма) Жүректің жұмысы қанды айдау. Жүрекшелермен қарыншалардың кезектесіп, жиырылып босауынан денеге биоэлектрлік сигнал тарайды. Оны саусақтың ұшымен блезіктің тұсынан білуге болады немесе арнайы құрал арқылы ирек сызықтарды жазып алуға болады. Оны электрокардиограмма деп атайды

Қан қысымның көтерілуі- жас ұлғайғанда артерия тамырларының қабырғасының серпімділігі төмендеп, қатайып қуысы тарылады. Қысымның көтерілуінен тамыр жарылып, миға қан кетуі мүмкін. Аяқ-қолы тартылып, сал- паралич орын алады. (200 мм сын. бағанасы) 70-80 мм сын. Бағанасына төмендесе бас ауырып, жүрек айнып, құлақ шуылдайды.

Вена тамырларының кеңеюі- ұзақ уақыт аяғынан тік тұрып жұмыс істейтіндердің аяқтың вена тамырлары кеңейіп, сол жерге қан ұйық пайда болады.

Жүрек кемістігі(парок сердца)-жүрекше мен қарынша арасындағы қақпашалардың дұрыс жұмыс істемеуінен қан іркіліп жүректе шу пайда болады.

Қан аздық (малокровие, анемия) -гемоглабиннің жетіспеушілігінен эритроциттердің азаюынан болатын ауру. (қан кету, оттег жетіспеушілігінен туындайды.)

Ақ қан ауруы- лекоциттердің көбейуінен эритроциттердің түзілуіне кедергі жасайды.

. • Гипертония-қан қысымының үнемі немесе жиі көтерілуі

• Жүрек инфаркті - жүрек бұлшықетінің жансыздану аймақтарының әсерінен болатын жүрек жұмысының бұзылуы

• Атеросклероз - қанды өткізу қуыстарының тарылуы мен қызметінің боылуынан болатын артериялық қан тамырларының созылмалы ауруы.

• Жүрек ақаулығы -жүрек қызметін бұзатын жүрек пен одан шығатын қан тамырларының құрылысындағы ақуалықтар

Сөздердің арасынан, келетін сөздерді тақтаға іледі: Жүрек аурулары Гиподинамия Атеросклероз Миокард Инфарктісі Жүрек аритмиясы Қан қысымның көтерілуі Вена тамырларының кеңеюі Жүрек кемістігі Қан аздық Ақ қан ауруы

  1. Салауатты өмір салтын ұстану: 4мин

-денешынықтыру

- зиянды заттардан сақтану;

- күн режімін сақтау.

• ұйқыға ертерек жатуға дағдыланған жөн. Ағзаны бір мезгілде ұйықтауға үйрету - денсаулыққа өте пайдалы. Ерте жатып, ерте тұрудың ағзаға өте пайдалы екенін ғалымдар жиі ескертеді;

• Мамандардың жатар алдында жылы сүт ішуге кеңес беретіні бар. Себебі, сүт құрамында қажетті амин қышқылы кездеседі.

• Кешкі асты барынша аз ішу керек. Өйткені, тамақ толық қорытылуы үшін 3 - 4 сағат уақыт қажет. Ащы, тәтті тағамды кешкі асқа қолдануға болмайды.

• Ұйықтар алдында ауа тазартып алғанның да маңызы жоғары.

Жалпы алғанда, адам - өзінің сапалы әрі ұзақ ғұмыр кешіруіне өзі ғана себепші бола алады. Статистика: Ұйқы режимін 42% кейде, 50% үнемі, 8% сақтамаймын деп жауап берді.

  1. Берілген мәтінді тыңдаңыз. Түсініңіз. Нені білу керек? 2мин

Жүрек аурулары - әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония, т.б

Бұлшықеттерге ауыр күш түсіретін жұмыстар - жүрек бұлшықеттеріне зақым келтіріп, жиырылу әрекетін төмендетеді. Өте қауіпті жұқпалы ауруды қоздырушылардың бөлетін улы қанмен жүрекке жетіп, жүрек бұлшықеттерін зақымдайды. Қалқанша без гормонының не аз, не көп бөлінуі ырғақты жиырылуды бұзады. Жүрек қақпақшалары бактериялармен зақымданғанда жабылмай, жүрекжиырылғанда қанның кері ағуына әсер етеді. Жүрек - қантамырлары аурулары жүйке жүйесіне де байланысты.

Қалай емделеді? 3мин

1.Электрокардиограммаға (ЭКГ - ге) түскен дұрыс. ЭКГ диагноз қоюға жақсы көмектеседі.

2.Аурудың клиникалық және биохимиялық емдеу.

3.Қабығымен қоса піскен картоп жеу керек.

4.Жарты келі шүйгіншөп (валериана) қосылған ванна жүректің қағуын бәсеңдетіп, қалыпты жағдайға түсіреді.

5.Бір литр балға он лимон шырынын және қабығы аршылмаған он сарымсақ қосып қоспа дайындаңыз. Сосын оны шыны банкіге салып, бір апта аузын жауып қойыңыз. Осыдан кейін бұл қоспаны күніне бір рет төрт шай қасық көлемінде екі ай ішіңіз (өзі де сонша уақытқа жетеді). Дәрі қабылдайтын күндердің арасына үзіліс салмаңыз және шай қасық қоспаны асықпай бірінен соң бірін ішуге тырысыңыз.

6. Жүрек - қантамыр жүйесіне пайдалы тағамдарлың құрамында алма, апельсин, лимон ынды жемістер бар. Мысалы алма қандағы гемоглобиннің құрамындағы темірдіің көбеюіне қажет болса. Апельсин шырынын ішу қан тамырлардың жұмысын жақартса цитрусты өсімдіктердің барлығы қан тамырлардың қабырғасын қатайтып,серпімділігін арттырады.

  1. Берілген тұрақты сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз. 5мин

Тұрақты тіркестер - сөздердің орны әбден қалыптасып, құрамындағы сөздерден мүлдем басқа мағына беретін тіркестер. Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге, басқа сөзбен ауыстыруға келмейді.

Мысалы: Жүрек жұтқан - батыр, ержүрек.

1.Жүрек жұтқан

2.Жүрегі орнына түсу

3.Жүрегіне дақ түсті

4.Жүрегі өрт болып жанды

5.Жүрексіз

6.Жүрек жалғады

7.Жүрек сыры

8.Қоян жүрек,

9.Су жүрек

10.Қара жүрек

  1. Бекіту.

Осы айтылғандарды ой - електен өткізіп қорытынды жасаңдар. Бұл қорытындыны «Денсаулықтың кепілдері және денсаулықтың жаулары» атты диаграмма түрінде көрсетіңдер. Оқушылар екі топқа бөлініп постер қорғайды.

Мұғалім: Бүгін денсаулық тақырыбына арналып көп мағлұматтар айтылды. Бұл саладағы білімдерің кеңейіп өзгелерге де ақыл - кеңес беретін дәрежеге жеттіңдер деп ойлаймын.

Үйге тапсырма : Эссе жазу. «Жүрек ауруларын азайту үшін мен........

  1. Сергіту сәті: «Кім жылдам?» ойыны

(Тыңдаушыларды үш топқа бөліп, белгілі уақыт аралығында сұрақ қою арқылы алғырлығын, жылдамдығын, тілді қалай меңгергендінгін анықтау )

Тыңдаушылар суреттерді таңдайды. А, Ө, М, П

Тек осы әріптерден басталатын сөздермен жауап бері керек. Кім көп жауап берсе сол тыңдаушы жеңімпаз атанады.

1. Қайдан келе жатырсыз?

2. Сізге не ұнайды?

1. Көңіл-күйіңіз қалай?

2. Жасыңыз нешеде?

3. Қандай тағамдарды жасайсыз?

4. Қандай тілдерді білесіздер?

5. Қандай ақын-жазушыларды білесіздер?

6. Қазақстанның қалаларын атаңыз?

7. Қандай есімдерді ұнатасыз?

8. Қазақша жақсы сөйлейсіз бе?

9. Үй жануарларын атаңыз.

10. Кімді жақсы көресіз?

11. Кіммен көп ұрысасыз?

12. Сүйіктіңізге не сыйлайсыз?



7


© 2010-2022