Бағдарлы оқыту. . Тақырыбы: Өсімдіктер физиологиясы

Раздел Биология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы, Райымбек ауданы,

Ақсай орта мектеп биология пән мұғалімі

Сейфолдаева Бибігүл Бөшенқызы

Пән аты : Биология

Бағдарлама тақырыбы : « Өсімдіктер физиологиясы»

Түсінік хат.

Қазіргі кезде биология ғылымының жетістіктерін оқып үйрету,оқушылардың білім саласына тұрақты қызығушылығын қалыптастыру үшін ең алдымен қоғамның әлеуметтік сұранысына сай биология ғылымының методикалық ұстанымдары мен ерекшелігімен байланысты таным мүмкіндіктері ескеріліп жүзеге асырылады. Ол үшін зерханалық жұмыстар енгізілген.

Курстың мақсаты : Оқытуды белгілі дәрежеде дараландыру. Әрбір оқушының қызығушылығымен қабілетін анықтау үшін тиімді жағдай жасау. Оқушыны іздене, ойлана білуге баулу, ізденімпаз- дыққа еңбектенуге баулу. Кәсіби бағдар беру.

Міндеттері :

1. Оқушының білімді бейіміне негіздей отырып білім алуына жағдай жасау.

2. Оқушылардың ой өрісін кеңейту,өз ойын еркін айта білуге,кез келген жағдайларды шешуге мүмкіндік жасау.

3. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты қарапайым шараларды жүргізудің қажеттілігін негіздеп.нақтылы іске асыру.

4. Биологиялық зерттеулердің қарапайым әдістерін жүргізу.аспаптарын қолдану. Ақпараттық технология мүмкіндіктерін пайдалану. Оқушылардың жұмыс істеу біліктерін дамыту.

5. Оқушының өз білімін саралауға, өзіндік қорытынды жасай алуға дағдыландыру. Теория жүзінде алған білімдерін практика жүзінде қолдана алуға бейімдеу.

Әдістері : Реферат, лекция, семинар,дәріс сабақтар

Оқушыларға қойылатын талаптар :

1. Биологиялық зерттеулердің бағыттары мен үрдістерін,ғылыми танымқағидаларын білу.

2. Өсімдіктің көбеюі,дамуы, өсуі

3. жасушадағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы

4. Жасушадағы судың , минералды заттардың маңызы

5. Өсімдіктердің өзгергіштігімен бейімдеушілігі

6. Фотосинтез, хемосинтез механизмдері

7 Агроценоздың экологиялық жүйе екендігі,табиғат байлықтарын тиімді пайдалану,қорғаудың ғылыми негіздерін білу.

Күнтізбелік жоспары \аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат\

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе

1

Өсімдіктер. Жасушаның құрылысы,құрамы

10

2

Өсімдіктердің вегетативті, генеративті мүшелері

1

3

Өсімдік жасушасы құрылысының ерекшеліктері

1

4-5

Жасуша құрамындағы бейорганикалық, органикалық заттар.Жасуша тіршілігі үшін маңызы

2

6

Жасуша қабықшасы

1

7

Цитоплазманың химиялық құрамы

1

8

Вакуоль

1

9-10

Жасушадағы органоидтер, олардың қызметтері.

2

11

Зертханалық жұмыс№1

Нәруыз реакциясының сипаты

Биурет реакциясы

Ксантопротейн реакциясы

1

Фотосинтез

6

12

Фотосинтез процесінің ашылу тарихы. Тіршілік үшін маңызы

1

13

Хлоропласт және хлорофилл

1

14

Жапырақ-фотосинтез мүшесі

1

15

Фотосинтез үрдісі туралы кең мағлұмат

1

16

Хемосинтез

1

17

Өсімдіктердің ғарыштық ролі

1

Өсімдіктердің сору механизмі

3

18

Осмос

1

19

Өсімдіктердің суды буландыруы

1

20

Судың қозғалуы

1

Тамыр. Тамыр жүйесі

4

21-22

Морфологиясы, анатомиясы

2

23

Өсімдіктердің минералды қоректенуі

1

24

Минералды тыңайтқыштары

1

Тыныс алуы

4

25

Өсімдіктердің тыныс алу мүшесі

1

26

Тұқым. Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар

Эндосперм.Қор заттары

1

27-28

Ашыту.Ферменттер. Каталаза. Спирттік ашыту

2

Өсу үрдісі

4

29

Жалпы сипаттамасы

1

30

Өсімдіктердің өсуіне қажетті жағдайлар.

1

31

Тропизм,таксис

1

32

Өсімдіктердің өсуі мен дамуына ортаның экологиялық әсері

1

33

Тесттік тапсырмалар.

1

34

Рефераттар.Жоба қорғау

1

Пайдаланылған әдебиеттер :

1. Биология сауаттылық негізі Ғылыми педагогикалық журнал № 1999-2004

2. Экология негіздері 1999

3. Т. Қасымбаева А. Қасымов Жалпы биология әдістемесі

4. Қ. Жүнісқызы. Р.Әлімқұлова Биология

5. П.А.Генкель . Өсімдіктер физиологиясы Москва,1985



© 2010-2022