Баяндама. Биология сабағында акт қолдану нақты нәтижеге қол жеткізу тәсілі

Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы Жамбыл ауданының бөлім бөлімінің тамыз кеңесі

Биология пәні мұғалімдерінің секциясы.

Биология сабағында жаңа педагогикалық ақпараттық технологияларды қолдану- нақты нәтижеге қол жеткізу тәсілі



Қайназар ауылындағы орта мектеп

Калиханова Жанат Кадирсизовна





2015 жыл

1. Кіріспе бөлім:

«Адамзат үшін ХХІ ғасыр - жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында»
(Н. Ә. Назарбаев)

Білім берудегі жаңа технологиялар.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңына еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген, соның бірі - білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіл әлемдік коммуникация желісіне шығу ,деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.Бұл міндеттерді шешу үшін әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы,барлық жаңалықтар мен қайта құру, жаңа қарым-қатынастарға өту қажеттілігі туындайды. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беру мұғалімдердің инновациялық іс- әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.Қазіргі таңда инновациялық технологияның көптеген түрлері бар.Атап айтсақ,модульдік технология,сын тұрғысынан ойлау,тірек-сызба технологиясы,дамыта оқыту,проблемалық оқыту,деңгейлеп саралап оқыту технологиясы және ойын технологиясы,ақпаратты технологиясы.т.б.

Білім беру жекелеген құбылыс немесе дағды емес,ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған.жалпы алғанда әлемдік дәрежеге жету мақсатын көздей отырып,жаңаша қырда қолданылатын технологияларды тиімді пайдалану.

Биология - XXI ғасыр ғылымы. Сондықтан да ол жаңа ақпараттық технологиялармен тығыз байланысты. Қазіргі кездегі білім беру жүйесіндегі негізгі мақсат оқушыға жеке тұлға ретінде қарап оның дамуына көп көңіл бөлуде. Бұл пәнді оқыту мұғалімнен зор міндеттерді талап етеді, өйткені ол бүкіл сыныптың қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептердің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Интерактивті әдіс диалогтік әдіс нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір - бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді. Интерактивті тақта мектеп сыныптарында әр пән бойынша, соның ішінде биологиядан зертханалық сабақтарды өткізген кезде оның құрылғылары қолданылады. Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, инерактивті тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивті тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дұрыс дайындау керек.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің оқу - тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Сонымен қатар мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.

Мектептегі пәндерді оқыту процесінде компьютермен сабақ өткізу мұғалім мен оқушы қарым - қатынасы жүйесін, олардың іс - әрекетінің мазмұнын, құрылымын, өзгерте отырып, олардың мотивациялық эмоционалдық ортасына, сезімінің өсуіне әсер етеді.

Сабақта мұғалім интерактивті тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ынғайлы, әрі уақытты үнемдейді.

Интерактивті тақтаны оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда көптеген жетістіктері бар. Бұл жетістіктер туралы өз сабағында интерактивті тақтаны пайдаланатын мұғалімдер айта алады. Мұғалім әріптестерімен бірге отырып сабақ беру мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады.

Мұғалімдердің пайымдауынша инетрактивті бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады. Мысалы, белгілі бір материалды интерактивті тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға, оны сабақта болмай қалған оқушыларды қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады.

Мұғалім оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгереді, оны пайдалану арқылы өзінің материалдық базасын толықтырып, әрі уақытты үнемдейді.
Білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді сабақтарында енгізіп отырады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс-тәсілдер енгізілді. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келеді. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады.
Білім беру - жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. Бағдарлама жалпы алғанда әлемдік дәрежеге жету мақсатын көздей отырып, жаңаша қырда қолданылатын технологияларды тиімді пайдалану. Ю.К.Бабанский мұғалімнің сабақ үстіндегі шығармашылығын 4 деңгейге бөледі:

- мұғалімнің сыныппен өзара әректі, нәтижеге жетуге ұмтылуы;

- мұғалімнің сабақтағы қызметі, яғни жоспардан бастап оқытудың мазмұны, соған орай әдіс-тәсілдердің таңдалуы;

- оқушы шығармашылығын қалыптастыру, соны дамыту мүмкіндігін жасау;

- оқушылармен өзара қарым - қатынаста толық дербестік таныту.

2 .Негізгі бөлім:

Оқытуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды АКТ-ны пайдалану.
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады..
Осы модульдерді тиімді пайдалану арқылы құзыретті мұғалім өз тәжірибесін жетілдіре түспек.М ұғалімнің міндеті оқушының жеке тұлғалық ерекшелігіне мән беру. Құзырлы білім беруде ұстанатын факторы оқушының өздігінен білімнің мәнін меңгеруі және бағалай білуі. Бағдарлама нәтижесінде - тәуелсіз, ғылымға қызығушылығы оянған, білім алуға бейім, сенімді, жауапты, сын тұрғысынан ойлай алатын, өзгелермен еркін тіл табысатын, құзыреттілігін көрсететін оқушылар дайындалады.

Білім берудің маңызды шарты оқу процесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, өздігінен білім алу құштарлығын дамыту болып табылады. Сондықтан да, осы мақсатқа жету үшін оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-коммуникациялық технологияны биология пәнінде қолданамын.

Жаңа педагогикалық технологиялар:

Мультимедиа технологиясы, желілік технологиялар, қашықтықтан оқыту технологиясы, интернеттік технология, модульді оқу технологиясы, өздігінен даму технологиясы, үшөлшемді педагогикалық технология, саралап, деңгейлеп, дамыта оқыту.

2. Оқыту жүйесіндегі АКТ-ның бағыттары.

Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологияларының бағыттары:

Компьютерлік техника

Мультимедиалық технологиялар

Интерактивті тақта

Телекоммуникациялық технологиялар

Электронды оқулықтар

Қашықтан оқыту

Тестілеу қабыршығы.

Мен жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйде бермеуге тырысамын. Оқушылардың өздігінен танып-білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуіне жетелеймін. Ол үшін оқытудың интерактивті формаларын сабақта қолданамын.

Олар:

- Жеке шығармашылық тапсырмалар, жобалар.

- Блок-схема, графиктер, диаграмма, т.б.

- Тірек-схема, көрнекіліктер және анықтама құралдары

- Ойын арқылы оқыту

- Сөзжұмбақ, ребустар

- Тестілеу.

Сонымен биология сабағын АКТ көмегімен оқыту төмендегі мәселелерді қамтиды:

Оқушыларға оқылатын табиғат құбылыстарын толық және дәл ақпаратты бере отырып, оқу сапасын арттыру .

1) Оқытудың көркемділігін арттырады, яғни оқушыларға қиын дакүрделі материялдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді.

2) Оқытудың тиімділігін жоғарылатады және оқу материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады;

3) Оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қаыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын , табиғи сұранысын қанағаттандырады.

4) Мұғалімді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемдеген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды.

5) Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.

Интерактивті тақтаны қолданудың артықшылығы:

1)Интерактивті тақтада өтілген сабақтар оқушыларды жаңашылдығымен қызықтырады.

Интерактивті технологияның ерекшеліктері:

1) Бормен тақтаға жазған кескінді экрандағы түрлі -түсті, айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын, әрі мүмкін емес.

Слайдтарда кемшіліктер мен қателер жіберілсе , тез арада түзетуге болады. Сабақтың өнімділігі артады. Басқа пәндермен пәнаралық байланыс орнайды.

2) Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.

3) Оқу материалын беру беру логикасына көп көңіл аударады, бұл оқушылардың білім деңгейіне оң әсерін тигізеді . Компьютерге деген қарым-қатынас өзгереді.

Биология пәнінен сабақ өту барысында интерактивті оқыту технологиясын, яғни белсенді «Естігенді мен ұмытпаймын», «Істеген ісіме жауап беремін» әдістерін қолдану оқушыларды іс-әрекеттеріне дұрыс баға беруге тәрбиелейді.

Менің міндетім-сабақта берілген материалдарды оқушылар толық түсіну үшін, қолайлы жағдай туғызамын.

Білім беруге түрлі әдістер мен тәсілдер қолданамын.

Қайталау -білімді бекіту үшін қажетті элемент

Қаншалықты оқу барысы шынайы болса, соғұрлым білім беру тиімдірек.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, Болашақ мамандарға сапалы білім беруге, әлемдік білім кеңестігінен мемлекетімізге лайықты орын алуға білім саласындағы қызметкерлерге тиісті жағдай жасауға айрықша мән беріледі. Ғалымдар жаңа технологияларды көптеп енгізуде. Себебі, жаңа оқыту технологияларын енгізу заман талабына сай білім беру бағыты өзгереді, өздігінен білім ала алатын логикалық пайымдай, талдай, қорытындылай алатын коммуникативті тұлғаны қалыптастыру қажет.

Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылады. Осыған байланысты адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті жағдай жасалу керек.

Жоғарыда айтылған ой-пікірлерімді тұжырымдай келе, компьютерді қолдану негізінде мектеп пәндерін оқыту сапасы арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады.Мектептегі ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін, алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақ

тың қабілетінің жететініне сенімім мол.




3.Қорытынды бөлім:

АКТ-ны тиімді қолданудың нәтижелері:

Ақпараттық технологияны қолданудың тиімді жақтарын зерттей отырып, үздіксіз жүйелі жұмыс жасау - білім субъектілерін дамытуда үлкен нәтижелерге жеткізеді, сонымен қатар білім сапасын да арттырады.

Оқушының белсенділігі артады.

Оқушы өз бетімен жұмыс жасайды

Сабақты түрлендіру арқылы оқушының пәнге қызығушылығы артады

Оқушының сын тұрғысынан ойлау қабілеті артады.

Оқушының ойлау және шығармашылық қабілеті артады.

Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші адам,сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылады.Осыған байланысты адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті жағдай жасалу керек.Жоғарыда айтылған ой пікірлерімді тұжырымдай келе компьтерді қолдану негізінде мектеп пәндерін оқыту сапасы арттырып,білім беруді ақпараттындыру жүйелі түрде іске асады.

Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала - ертеңгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативт

және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші - мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы-оқушылапға ақпараттық білім негіздерін беру,логикалық құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту,ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып,ақпараттық қоғамға бейімдеу.Олай болса ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін адамның дүниетанымының құрамдыс бөлігі болып табылатын интеллуакталды дамуды қалыптастырудың бір жолы.



Ұсыныстар:

1. Оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал-жабдықтармен жабдықтау.

2. Интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттер,

зертханалық препараттар берілсе,

3.Арнаулы пәндер бойынша злектронды оқулықтармен қамтамасыз ету,

4.Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру.

5 .Білім берудің жаңа телекоммуникациялық желілерін құру.






Қолданылған әдебиеттер тізімі:



1. Қуанышева С.Е. Биологияны оқыту әдістемесі.

2. Елбасының жолдауынан

3, Экология және Биология журналы

4. Биология Қазақстан мектебінде әдістемелік журналы

5. интернеттік желі

6.Оқыту тәрбиелеу технологиясы журналы








. Жоспар

I.Кіріспе бөлім:

Білім берудегі жаңа технологиялар

II. Негізгі бөлім:

1.Жаңа ақпараттық технологияны тиімді пайдалану -оқушының өз бетімен жұмысын және шығармашылық қабілетін дамыту.

2.Оқыту жүйесінде қолданылатын АКТ-ның бағыттары.

3.Биология сабағында АКТ-ны қолданудың тиімділігі.

III. Тәжірибе бөлімі.

IV. Қорытынды бөлім:

АКТ-ны қолданудың нәтижелері

V. Ұсыныстар

VI.Қолданылған әдебиеттер


.










© 2010-2022