12 кл Жүйке жүйесінің қызметі

Раздел Биология
Класс 12 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ТАРАУ: 12.2В Кординация және регуляция

НЗМ ХББ Атырау қаласы

САБАҚ: Адамның жоғарғы жүйке қызметіне тән ерекшеліктер

№7 Практикалық жұмыс «Жадының түрлерін анықтау»

Күні: 18.11.2015ж


Мұғалімнің аты-жөні:

Таугистауова Зинаида Саламатқызы


СЫНЫП: 12 Б3

Қатысқандар саны:14

Қатыспағандар:0


Сабақтың оқыту мақсаты

Адамның жоғарғы жүйке жүйесінің ерекшеліктерін зерттеу


Сабақтың мақсаттары

  • Сабақтың соңында оқушылардың 90% -ы жоғарғы жүйке жүйесінің қызметіне талдау жасай біледі

  • Зерттеу жұмысын жүргізу арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін анықтау

  • Зерттеу жұмысынан кейін 100% оқушылар ойларын қорытындылай біледі

  • Бағалау түрлерін қолдану арқылы , оқушылардың 80 % -ы жүйке жүйесінің кем дегенде үш ерекшелігін зерттей алады

Жетістік критерийлері

Адамның жоғары жүйке жүйесінің кем дегенде 3 сипаттамалық ерекшелігін зерттейді. Қорытынды шығарады, адамның жоғары жүйке жүйесінің кем дегенде 3 сипаттамалық ерекшелігін түсіндіреді

.

Дағдылар

Зерттеушілік дағдылар, коммуникация


Тілдік мақсат

Оқушылар тиісті терминологияны пайдаланып, адамның жоғарғы жүйке қызметінің негізгі сипаттамаларын ауызша түсіндіреді және осы тақырып бойынша сыныптағы талқылау кезінде сұрақтарға жауап бере алады

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы, мысалы:

Адамның жоғарғы жүйке қызметі......................байланысты

Жоғарғы жүйке жүйесіне ............................мүшелер жатады

Мидың нейрондық торлары күрделі мінез- құлыққа ықпал етеді, мысалы…

Миды қыртысының алғашқы сенсорлық аймақтары ….. қабылдайды және өңдейді.

X-тағы зақымдану Y-те көрінеді, ал Z-гі зақымдану … көрінеді.


Пәнге қатысты

лексика мен

терминология

Адамның жоғарғы жүйке қызметі

ми, ми жарты шарлары / ми қыртысы, қыртыс асты ядролар, бөлімдері, ақ зат, алдыңғы ми, орталық жүйке жүйесі, нейрондық торлар, алғашқы сенсорлық аймақтар

ой, сана, оқыту, есте сақтау қабілеті, эмоция, сөйлеу, тіл, қабылдау, мінез-құлық

интеграциялау, өзара әрекеттестіру, қозу, кідіріс, суммация, бекіту

рефлекс, рефлекторлық доға, шартты рефлекстер, тітіркендіргіштер, реакция, серпімділік нейрофизиология, эксперименттік психология

құрылым, қызмет, комуникациялар, физиологиялық, психологиялық, жасушалар, нейрондар, жүйке жүйесі, икемділік, оқшаулау


Құндылықтардыдарыту


Құрмет

Негізгі ұғымдарды талдап пікірлесу кезеңінде, оқушылардың бір-бірімен санасып өзгенің пікіріне құрмет көрсете білуі

Ынтымақтастық

Берілген тапсырманы орындауда бірлесіп жоспарлау оқушыларда ынтымақтастық пен шыдамдылықты қамтамасыз етеді.

Пәнаралық байланыстар

Психология ,химия, физика.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет, сілтеме материалдарымен және ақпараттарымен жұмыс істей білу

Бастапқы білім


Оқушыларға осы тарауды игеруге қажетті білім, дағды немесе тәжірибе.

Бұл тарауды оқығанда бұрынғы өткен жүйке жүйесі, гормондар мен өсімдіктердің өсуін реттейтін тездететін заттар туралы біледі

Оқуға арналған алдыңғы тараулар:

Координация және реттелу: 6, 7, 8, 9, 10, 11.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері



Сабақтағы жоспарланған жұмыс






Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

(W) Ой қозғау

Оқушылардың ішінен үш оқушы шығарылады, олардың үшеуінің де көзі байланады. Қалған оқушылардың барлығы орындарынан тұрып, теріс қарап тұрады. Мұғалім жасырын тұрған апельсиннің сыртқы қабығын аршиды.

Сұрақ: Бөлмеде қандай да бір өзгеріс бар ма? Мен не істеп жатыр деп ойлайсыңдар?

Оқушылар бөлмеден апелсиннің иісі шыққандығы туралы білулері керек.

Оқушылар орындарына отырады да көзі байлаулы екі оқушының біріне сарымсақты иіскетеді, екіншісіне тарақты ұстады, үшіншісіне алманы жегізеді.

Оқушылар өздерінің не сезгендіктері туралы айтады. Және олардың бұл заттарды қалай танығандықтары туралы пікірлеседі.


Сабақтың ортасы

6- 28 мин









































29 - 32 мин









32 -39 мин





















































39-40 мин


W) Сұрақ : Адамның жоғарғы жүйке жүйесі дегеніміз не?

Оқушылардың пікірін тыңдау .( 1 мин )

Мұғаліммен бірге нақты тұжырым жасау. (3 мин)

Жоғары жүйке қызметі

Әрбір адамның өзіне тән мінез-құлық ерекшеліктері жоғары жүйке қызметінің негізінде қалыптасады. И. М. Сеченов адамның психикалық іс-әрекеттерінің жүйке жүйесінің рефлекторлық қағидаларына негізделетінін дәлелдеді.

И. П. Павлов өз еңбектерінде алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қызметін жоғары жүйке қызметі деп атады. Жоғары жүйке қызметі аркылы ағза үнемі өзгеріп тұратын сырткы ортаның өзгерістеріне бейімделеді. Орталык жүйке жүйесінің баска бөлімдерінің қызметі тек ағзаның өзінде ғана жүретін қызметтерді реттеуғе бағытталады. Адам алдына белгілі бір мақсат қойған кезде, оны жүзеге асырудың жолдарын саналы түрде ойластырады. Соған сәйкес әрекет жасайды.

Адамның жоғары жүйке жүйесіне тән қасиеттерге сана, ойлау, сөз, еңбек ету кабілеті, қоғамдық өмірге бейімделуі жатады.

Топтық жұмыс:

Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметі қандай? -деген сұраққа жауап іздейді.

Осы сұраққа жауап беру үшін оқушылар топқа бөлінеді (1 мин) Олар үлкен ми сыңарларының аймақтары жазылған карточканы таңдап алады да сол бойынша төрт топқа, яғни төбе, самай, шүйде, маңдай болып бөлінеді.

(G) (f) Карточканың артқы жағында тапсырма берілген сол бойынша берілген материалдарды қолданып , топта жұмыс жасайды. Олар адамның жоғарғы жүйке қызметтеріне талдау жасайды.

Дайындалуға (5 мин) Қорғауға (әр топқа 3 минуттан)

1 топ: Төбе бөлігіндегі процестер

2 топ: Шүйде бөлігіндегі процестер;

3топ: Самай бөлігіндегі процестер;

4 топ: Маңдай бөлігіндгі процестерге талдау жасап, ерекшеліктеріне сипаттама береді.

Сергіту тесті « Түстерді оқы»

Тақтада әр түрлі түспен жазылған түстердің аттары жазылып тұрады. Ерікті оқушы соны шатаспай ол сөздің боялған түсін атауы керек.

Мысалы: жасыл, қызыл, сары, көк, сұр, ақ, қызғылт, жасыл, көгілдір, қара, қоңыр, күлгін,сарғыш,

Жеке жұмыс:

Тақтада ми бөлімдері көрсетіледі 10 секунт. Оқушылар соны көзбен көріп есте сақтап, суретке белгілеп жазулары керек.




12 кл Жүйке жүйесінің қызметі

Жеке жұмыс :

Ойыңызды жинақтап, төмендегі сұрақтарға анализ жасай отырып жауап беріңіз.

  • Үлкен ми сыңарларындағы ми қыртысының дәм сезу аймағы зақымданса не болады?

  • Миға операция жасау кезінде хирург орталық жүлге алдында орналасқан қыртыс бөлігіне тиіп кеткенде неліктен ауру адам аяғын немесе қолын қимылдатады?

Төмендегі сұрақты талдаңыз

  • Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметінің маңыздылығы неде?

  • Алькоголь жүйке жүйесіне қандай әсерін тигізуі мүмкін?

  • Нәрестенің жоғарғы жүйке жүйесі қандай жағдайда бұзылуы мүмкін деп есептейсіңдер?

Рефлексия: «Инстаграмм»

Оқушылар өздерінің көңілдерінде қалған сұрақтары мен ұсыныстарын коментарий түрінде жазып қалдырады.

.


2 сабақ

  1. 3 мин

3-10 мин





























10- 16 мин



















16- 22 мин





22- 25 мин



25 - 30 мин







30- 35 мин



35-38 мин



38 -39 мин



39-40 мин






Проблеммалық сұрақ : Адамның ақылды болуы оның миының салмағына байланысты болуы мүмкін бе?

Ой шақыру: Видео қарау « Жасырынған горилла» 1,5 мин

W) Адамның жоғарғы жүйке жүйесі қалай жұмыс жасайды?

«В Контакте» ойыны

Жүйке жүйесінің жұмыс механизмін сызба түрінде көрсетіңіз



12 кл Жүйке жүйесінің қызметі

(G) (f) Берілген «В Контакте» картасына жүйке жүйесінің жұмыс механизмін сызбаға түсіріп сипаттайды. Ұсынған идеясына өзі коментарий жазады.

Қасындағы жұбымен алмасып жұбы өз коментариін жазу арқылы бағалайды. Оқушылардың жұмысы жұпта бағаланады.

Критеии: Механизм толық көрсетілген.

Сызба анық салынған. Ерекше мағыналы сөздер боялған

Термин сөздер дұрыс қолданылған

№7 Практикалық жұмыс «Жадының түрлерін анықтау»

Мақсаты: Адамның жоғарғы жүйке жүйесінің ерекшеліктеріне сәйкес, жадының түрлерін зерттеу

Жұмыс түрі: Оқушылардың зейінін бақылауға арналған тесттер жүргізіледі.


1 тест .

Тест Мюнстерберга

назардың тұрақтылығын диагностикалауға арналған тест

Нұсқаулық

Берілген сөйлемнің ішінде қажетті дұрыс сөздер жасырынған. Сол сөздерді 2 минут уақыт ішінде белгілеңіз.

Мысалға: «рюклбюсқуанышуфркнп». Жасырын сөз «қуаныш»

Тест материалы

бкүнсвтрпцоцэауданзгучжаңалықъхэьгчяфактьуемтихантрочягщшгцкппрокуроргурсеабетеорияемтоджебьамхоккейбиологияфцуйгахттелевизорболджщзхюэлгщьбназаршогхеюжипдрпцхщнздқабылдауйцукендшизхьвафыпролдбмахаббатабфырплосдкөрінісячсинтьбюнбюеқуанышвуфциеждлоррпхалықшалдьхэипцгиернкуыфйшрепортажэкжлорлафывюфбьконкурсйфнячыувскапрлпартазжэьеюдшщглоджинэприлаваииедтлжэзбьтрдшжнпркывкомедияшлдкуйфшаршауйфрлньячвтлджэхьгфтасензертханаигщдщнруцтргшчтлрстадионзхжьбщдэрдинозаврсухгвсмтрпсихиатриябплмстчьйфясмтщзайэъягнтзхтм
Қорытындысы

Табылған сөздер мен байқалмаған сөздерді санаңыз

Кілт сөздер

күн, аудан, жаңалық, факт, емтихан, прокурор, теория, хоккей, биология , телевизор, назар, қабылдау,махаббат, көрініс, қуаныш, халық, репортаж, конкурс, парта, комедия, шаршау, зертхана, стадион, динозавр, психиатрия.

Интерпретация. Оқушылар өз -өздерін бағалайды.Әр тапқан сөзі 1 ұпай

1. Егер сіз 15 сөзден аспаған болсаңыз онда сіздің назарыңызды көбірек жаттықтыру керек. Ол үшін күнделікті өз ойыңызға келген қызықты кез-келген сөйлемді немесе ойыңызды дәптерге жазып жүріңіз және кейін оны оқып отырыңыз.

2. Егер сіз 20 дан астам сөз тапқан болсаңыз сізде барі де қалыпты дегенді білдіреді. Қандай сөздерді байқамай қалғандығыңызды тағы да бір тексеріп көріңіз. Өз жауабыңызды кілтпен сәйкестендіріп көріңіз.

3. Егер сіз 24-25 сөз тапсаңыз сіздің назарыңыз жақсы деңгейде дегенді білдіреді. Тек бұндай жақсы назарыңызды одан әрі дамытудың жолын ойластыру керек.

2 тапсырма : Берілген суреттен 13 бүркіттің бейнесін анықтаңыз. Көршісінің бағалауы: әр тапқан суретке 1 ұпай

12 кл Жүйке жүйесінің қызметі


Тапсырма: Көру ,есту қабілеттіліктерін анықтауға арналған. Ассистенттің бағалауы. Әр дұрыс табылған жауап 1 ұпай. (Үздік оқушыларға көңілді жапсырма жапсырылады)

Көргеніңді есіңе сақта! 2 минут

Берілген суреттерді 20 секунт қарап отырып, қайта есіңе түсіріп ата.Мысалға: көбелек, машина, кітап, көгершін т.б

Егер сіз 16 суретті де тапсаңыз сіздің фото есте сақтау қабілетіңіз мықты дамыған.

Егер сіз 10 нан артығын ғана тапсаңыз онда сіздің есте сақтау жүйеңіз қалыпты ,бірақ әлі де жаттығуға болатынын ескеріңіз.

Егер сіз 6 дан жоғары тапсаңыз онда сіздің көзбен көргенді есте сақтау қабілетіңіз нашар. Сізге көп жұмыстану керек.

Естігеніңді есіңе сақта! 2 минут

  1. Мұғалім сөйлемдерді оқиды. Оқушылар әуелі тыңдап алып, оны қайта жазулары керек.

Қажетті сөйлемдер:

Жұйке жасушасы нейрон. Жұлын миға сопақша ми арқылы жалғасып жатыр. Кеше оқыған тақырыбымда нейрогумаральды жүйе туралы айтылған. Оның әкесі ми сыңарларының қызметі туралы зерттеумен айналысады. Синапс жүйке жасушасының бұлшықетпен бірігетін аймағы. Адамның сөйлей білуі шартты рефлекс.

Егер сіз 6 сөйлемдегі сөздердің орнын шатастырмай тапсаңыз сіздің аудио есте сақтау қабілетіңіз мықты дамыған.

Егер сіз 4 тен артығын ғана тауып, қалғанын шамамен мағынасына қарай тапсаңыз , онда сіздің есте сақтау жүйеңіз қалыпты ,бірақ әлі де жаттығуға болатынын ескеріңіз.

Егер сіз 2 сөйлемнен жоғары тапсаңыз онда сіздің естігеніңізді есте сақтау қабілетіңіз нашар немесе зейін қойып тыңдамадыңыз дегенді білдіреді. Сізге көп жұмыстану керек. Зейін қойып үйреніңіз.

  1. (f). Ассистенттер мен мұғалім бірігіп бағалайды.

Жасалған жұмыстар бойынша қорытынды жасаңыз:

1.Неліктен әр қайсысыңда тесттің қорытындысы әр түрлі болды.

2. Адамның жоғарғы жүйке қызметінің дамуы эволюцияда қандай жетістіктерге жеткізді?

3. Адамдағы ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттіліктерін дамытуға қандай ұсыныс жасар едіңіз?

4. Ертең де осы тесттерді қайта жасайтын болсақ нәтижесі қандай болуы мүмкін екеніне болжам жасаңыз

  1. Үйге тапсырма:

Баға беріңіз:

  • Жүйке жүйесі ауруларын зерттейтін Қазақстанда қандай зерттеу орталықтарының жұмысына баға беріңіз?

  • Адамның егде жасқа келгенше жоғарғы жүйке қызметінің толыққанды жұмыс жасау үшін не істеу керек екендігіне, бір ұсыныс жасаңыз.

Рефлексия :

Оқушыларға кесте таратылады.

Рефлексия парағы

3

Бүгінгі сабақтан білгенім

2

Маған қызықты болды


1

Бұл сұрағым жауапсыз қалды


YouTube сайтындағы селективтік назар туралы 1,5 минуттық бейнеклипі (көрінбейтін горилла):

youtube.com/watch?v=vJG698U2Mvo





















Қосымша ақпарат

Дифференциация - Сіз қалайша көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылар алдында Сіз қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау - Сіз оқушылардың материалдыи меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарламақшысыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

Барлық оқушылар: жоғарғы жүйке жүйесі туралы ақпараттар алады, оның биологиялық маңызын түсіндіре алады.

Оқушылардың көпшілігі: Адам өміріндегі ақпараттардың есте сақталуының маңызын анықтай алады.

Кейбір оқушылар: зиянды заттардың , дұрыс қалыптаспаған мінез қылықтың адам өміріндегі зиянды әсерін сипаттай алады

Сұрақтарға жауап формативтік бағалауды қамтамасыз етеді.

Оқушылардың түсінгендігін анықтау үшін практикалық бөлімде оқушыларға сұрақ мазмұнды болуы қажет.

Тесттерді жасау барысысында оқушылардың психикасына абай болу

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шындыққа негізделген болды ма?

Оқушылар бүгін нені үйренді?

Сыныпта қандай атмосфера болды?

Мен жүргізген дифференциация іске асты ма?

Мен уақытқа сәйкес жұмыс істедім бе?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неліктен?

Бұл бөлімді рефлексия үшін пайдаланыңыз (сабақ туралы ой қозғау).

Сол бұрышта тұрған Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.

Иә сабақ мақсаттары шындыққа негізделген болды

Оқушылар бүгін адамның жоғарғы жүйке жүйесінің ерекшеліктерін ажыратып үйренді

Сыныпта өте жақсы атмосфера болды

Иә іске асты. Барлық оқушылар: жоғарғы жүйке жүйесі туралы ақпараттар алды, оның биологиялық маңызын түсіндіре алды.

Оқушылардың көпшілігі: Адам өміріндегі ақпараттардың есте сақталуының маңызын анықтай алды.

Кейбір оқушылар: зиянды заттардың , дұрыс қалыптаспаған мінез қылықтың адам өміріндегі зиянды әсерін сипаттай алды

Иә сабақта уақыт тиімді пайдаланылды

Сабақ жоспарынан ауытқушылықтар болған жоқ


Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1: Оқушылардың өздерінің қабілеттіліктері туралы тесттарды өткізу арқылы оқушылар түрлі зерттеу түрлеріне қатты қызығушылықтарын танытты

2: Оқушылар «В контакте» ойынын ойнау арқылы оқушылар жүйке жүйесінің жұмыс механизмін талдау жұмысы сәтті шықты

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1: Сыни тұрғыдан ойлану тапсырмалары болғанда, сабақтың тақырыбының маңыздылығы артар еді

2: Оқушылардың өздігінен оқи білуі үшін тапсырмалар бергенде жақсы болар еді

Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім?



© 2010-2022