Ашық сабақ Гүл құрылысы мен маңызы

Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ Гүл құрылысы мен маңызы.Ашық сабақ Гүл құрылысы мен маңызы.Ашық сабақ Гүл құрылысы мен маңызы.Ашық сабақ Гүл құрылысы мен маңызы.Ашық сабақ Гүл құрылысы мен маңызы.Ашық сабақ Гүл құрылысы мен маңызы.Ашық сабақ Гүл құрылысы мен маңызы.Ашық сабақ Гүл құрылысы мен маңызы.Ашық сабақ Гүл құрылысы мен маңызы.Ашық сабақ Гүл құрылысы мен маңызы.Ашық сабақ Гүл құрылысы мен маңызы.Биология 6-сынып

Сабақтыңтақырыбы: Гүл құрылысы мен маңызы.

Сабақтың мақсаты: гүл, оның құрылысы мен функциясын теориялық және практикалық тұрғыда сипаттап, жете түсіну.

Білімділік: гүлдің негізгі құрам бөліктері: тостағанша, күлте жапырақшалары мен жыныс мүшелеріне толық сипттама беріп, олардың құрылысымен таныстыру;

Тәрбиелігі:адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін, жалпы қоршаған ортаға деген жаңашырлық сезімін дамыту;

Дамытушылығы: пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа білім қалыптастыру.

Көрнекілігі: гүл муляжы, сызбалар, ЭО.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгелдеу, сабаққа ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау:

1.Өркеннің түрлері: вегетативтік, генеративтік

2.Жерүсті және жерасты өркендер

3.Қысқарған және ұзарған өркендер

4.Өркеннің түр өзгерістері

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

1.Ассосациялық карта: балалар гүл дегенде көз алдарыңа не келеді, ойларыңызға не түседі?

Хош иіс Әдемілік Cыйлық

ГҮЛ

Көбею мүшесі Қысқарған өркен Әртүрлі түстер

2.Гүл құрылысы көрсетілген макет және нағыз гүлді көрсете отырып оқушыларды гүлдің құрылысымен таныстыру.

3. Гүл дегеніміз- көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын,түрі өзгерген, қысқарған өркен .Гүл -тек гүлді өсімдіктерге ғана тән, одан жеміс пен тұқым дамиды.

Өсімдіктің көбею мүшелері

Гүл

Тұқым

Жеміс

Ашық сабақ Гүл құрылысы мен маңызы.Гүл бөлімдері: 1-гүл сағағы, 2-гүл табаны, 3тостағанша жапырақша, 4-күлте жапырақша,5-аталық, 6-аналық.

Гүл сағағы - гүлдің жіңішкерген жері.

Гүл табаны- гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері.

Тостағанша- жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке және біріккен жапырақшалардан тұрады.

Күлте -тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады.

Гүлсерігі деп- тостағанша жапырақша мен күлте жапырақты айтады.

Аталық - гүлдің көбеюге қатысатын бөлімі.Аталақ -жіпше және тозаңқаптан тұрады.

Ашық сабақ Гүл құрылысы мен маңызы.Ашық сабақ Гүл құрылысы мен маңызы.

Аналық - гүлдің жеміс түзуге қатысатын дәл ортасында орналасқан бөлімі.Аналық - ауыздан, мойын, жатыннан тұрады.

Қос жынысты- бір гүлде аталық пен аналық болса.

Дара жынысты -аталық немесе аналық қана болса.

Бір үйлі -аталық гүлдер мен аналық гүлдер бір өсімдікте орналасады.

ЕКі үйлі - аталық гүлдер бір өсімдікте, аналық гүлдерекңнші өсімдікте орналасады.

ІV. Бекіту тапсырмалары:

Оқулық мәтініндегі суреттерді пайдалана отырып, гүлдің көбею мүшелеріне тірек-сызбаны құрастыру үшін әр топқа тапсырма беріледі.

1-топқа - Аталықтың құрылысы

2-топқа - Аналықтың құрылысы

3-топқа - Гүлдің құрылысы

Сәйкестендіру кестесі.

1. Гүлсеріксіз

гүлдер

А. Мақта, қызанақ,

картоп

2. Аналық

Б. Тал, шаған, терек,

емен

3.Қос жынысты

С. Домалақ, үлпекті, қостелімді,көптелімді, жұлдызша

1.Жыныссыз гүл

А. Аналық немесе

аталық

2. Аталық

Б. Жіпшесі, тозаңқап

3. Дара жынысты

С. Күнбағыс, гүлкекіре

Ой дамыту:танымдық ойындар

«Гүл-дүние көркі» десек қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды. Энергия бөледі. Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Гүл адамды эстетикалық ляззатқа бөледі. Қазақ халқы қызды гүлге теңеген. Жақсылықта гүл силау-үлкен құрметтің белгісі.

Сауалнама

Сендер қандай түсті гүлді ұнатасындар?

Қызыл - белсенділік пен өмірлік күш қуаттың белгісі. Бұл түсті батыл, табанды, ерік жігерлі адамдар ұнатады. Олар қызба, әсершіл, қызу қанды келеді. Негізінен олар жетекшілер.

Қызғылт - жалынның түсі, негізінен ол адамдар ыстық қанды болып келеді. Олар жарқын, айрықша адамдар. Көптің ішінде ерекшеленіп тұрады. Жұрттың назарын өзіне аударып алады. Алға қойған мақсаттарына жету жолында өмірлерін қиюға әзір.

Сары - жылу мен жарықтың түсі. Бұл адамдар көпшіл, достыққа берік, еркіндікке талпынғыш. Ол бәрінен де өз еркіндігін биік қойып, әр түрлі шектеулерді жек көреді. Көңіл күй тез өзгергіш, оптимист адам.

Алқызыл - нәзік жанды ұяң жандардың түсі. Осындай адамдар туралы жұрт өмірдің тек жақсы, жарқын жақтарын ғана елеп ескеріп, қараңғы тұстарын ескергісі келмейді. Аузын ашса жүрегі көрінетін кіршіксіз, табиғи болмысты биязы және әдемі заттар мен жайлылықты сүйетін адам. Оған сезімталдық нық сенімділік қасиеттері де тән.

Ақ - шаттықтың түсі ақ түсті ұнататындар өте әсершіл қызба келеді, тез еліктегіш. Мұндай адамдар кейде өзінің ықпалында қалады, кейде ол өзгенің ықпалында да кетеді. Оларға өздерін демеп бағыттап отыратын сенімді достар ауадай қажет.

Көк - адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты ең жоғары бағалайтын адамдар. Олар достықты бағалап, ал махаббатты бәрінен жоғары қояды. Олар зұлымдықты, салқынқандықты, араздықты ұнатпайтын ақтілекті жандар.

Сонымен балалар бүгінгі біз гүл мен құрылысын және гүлшоғырлар олардың биологиялық маңызы тақырыбын өттік. Табиғатта гүлдердің түрлері өте көп, олар саналуан. Гүлдер бізді әсемдікке ізгілікке тәрбиелейді. Елбасының халыққа жолдаған «Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін сыныптағы бөлме өсімдіктерін күтіп баптап, аялап отыруымыз керек. Мектеп, өз үйіміздің айналасын көгаландыру жасыл желекке айналдыруға ат салысу бәріміздің парызымыз.

Ү.Үйге тапсырма: Гүлдің құрылысы мен маңызы, оқу,

58-суретті салу, қосымша сұрақтар.

ҮІ. Қорытындылап, бағалау.



© 2010-2022