Бунақденелілер класы. (7 сынып)

Сынып: 7                                                                                                        Пән: Биология   Тақырыбы: Кластың  жалпы сипаттамасы. Бунақденелілердің көптүрлілігі. Бунақденелінің  құрылысындағы ерекшеліктер. Қозғалуы. Қоректенуі. Тыныс алуы. Бунақденелілерді қолға үйрету, мысалы тұт және емен жібек көбелектері. Мақсаты: Білімділік: Бунақденелілердің дамуы туралы білімдерін қалыптастыру. Дамытушылық:Оқулықпен дербес жұмыс істеу іскерлігін одан әрі дамыту, ең ба... VI Сабақты бекіту. Зертханалық жұмыс № 4 Тақырыбы: Кластың  жалпы сипаттамасы. Бунақденелілердің көптүрлілігі. Бунақденелінің  құрылысындағы ерекшеліктер. Қозғалуы. Қоректенуі. Тыныс алуы. Бунақденелілерді қолға үйрету, мысалы тұт және емен жібек көбелектері. Мақсаты: Бөлме шыбынының сыртқы құрылысы. Жеміс шыбыны дрозофиланың дернәсілін және ересек дарағын қарау. Бөлме шыбыны. Жер бетінде кең таралған. Қара түсті, ірі жәңдік. Ауыз аппараты жалаушы – сорушы типті. Шыбындар 100 – 150 жұмыртқа ж...
Раздел Биология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 7

Пән: Биология

Тақырыбы: Кластың жалпы сипаттамасы. Бунақденелілердің көптүрлілігі. Бунақденелінің құрылысындағы ерекшеліктер. Қозғалуы. Қоректенуі. Тыныс алуы. Бунақденелілерді қолға үйрету, мысалы тұт және емен жібек көбелектері.

Мақсаты:

Білімділік: Бунақденелілердің дамуы туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқулықпен дербес жұмыс істеу іскерлігін одан әрі дамыту, ең бастысын тауып, қорытынды жасау, қисынды ойлай білу.

Тәрбиелік: Табиғатты, тірі жәндіктерді қорғауға, аялауға үйрету,сүйіспеншілік, қамқорлық сезімін ояту.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелесу.

Пән аралық байланыс: химия.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, ұлғайтқыш әйнек, плакаттар, дайын препараттар, кітап.

Сабақтың құрылымы: I Ұйымдастыру кезеңі.

II Үй тапсырмасын тексеру.

III Аймақтық кезең

IV Жаңа сабақ түсіндіру

V Сергіту кезеңі.

VI Сабақты бекіту

VII Cабақты қорытындылау

VIII Үйге тапсырма беру.

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

II Үй тапсырмасын тексеру.

1.Кенелердің топтарын атаңдар.

2.Қышыма кене, тайга кене, жайылым кенелерге сипаттама беріңдер.

3.Кене дене бөлігінің өрмекшілерден айырмашылығы неде?

4.Кенелердің ауыз мүшесінің құрылысы қандай ?

5.Кенелердің қандай пайдасы және зияны бар ?

6.Ауыл шаруашылығына зиянды қандай кенелерді білесіңдер ?

7.Кенелердің тіршілік ету ортасын атаңдар.

8.Алма , мамықкене, өрмеккенекенелерге сипаттама беріңдер.

III Аймақтық кезең.

Оқушылар, сіздер тіршілік ететін жергілікті жерде қандай бунақденелілерді білесіздер?

IV Жаңа сабақ түсіндіру.

Бунақденелілер - буынаяқтылар типіне жататын көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер класы. Бұлар ғаламшардың кез келген түкпірінде таралған жануарлардың ең үлкен тобы. Олардың 700000 - ға жуық түрлері бар деп есептеледі.

Бунақденелілердің сан алуандығы: дәуіт, шегіртке, бөлме шыбыны, тарақан, бит, термит, көбелек.

Бунақденелілер класы негізгі екі класс тармағына жіктеледі: туақанатсыздар және қанаттылар класс тармағы.

Бунақденелілер класында 35 отряд бар. Бұлардың басқа буынаяқтылардан негізгі ерекшелігі - денесі айқын үш бөліктен құралады.

Олар: бас, көкірек, құрсақ бөлімдері.

Ерекшелігі: аяқтары 6. Көпшілігінде қанаттары болады. Екі мұртшалары бар. Жай, күрделі көздері мен көзшелері болады. Демтүтік арқылы тыныс алады. Көбею мүшесі құрсағында болады.

V Сергіту кезеңі.

Бунақденелілер класы. (7 сынып)

VI Сабақты бекіту.

Зертханалық жұмыс № 4

Тақырыбы: Кластың жалпы сипаттамасы. Бунақденелілердің көптүрлілігі. Бунақденелінің құрылысындағы ерекшеліктер. Қозғалуы. Қоректенуі. Тыныс алуы. Бунақденелілерді қолға үйрету, мысалы тұт және емен жібек көбелектері.

Мақсаты: Бөлме шыбынының сыртқы құрылысы. Жеміс шыбыны дрозофиланың дернәсілін және ересек дарағын қарау.

Бөлме шыбыны. Жер бетінде кең таралған. Қара түсті, ірі жәңдік. Ауыз аппараты жалаушы - сорушы типті. Шыбындар 100 - 150 жұмыртқа жұмыртқалайды, толық түрленіп дамиды, жыл бойына көбейеді. Бөлме шыбыны - ішек инфекциясының - тырысқақ, қантышқақ, іш - сүзегі т.б. қоздырушыларының механикалық таратушылары болып табылады.

Үй шыбыны. Барлық жерлерде кездеседі. Денесінің түсі қоңыр, аяқтары, қылтанақтары сары түсті. Адамның қалдық тамақтарымен қоректенеді. Ішек ауруларының қоздырғыштарының механикалық таратушысы.

Бөлме шыбынының сыртқы құрылысы.


Бунақденелілер класы. (7 сынып)Бунақденелілер класы. (7 сынып)

А) жалпы түрі; Б) жұмыртқалары; в) дернәсіл; г) қуыршақ.

VI. Сабақты қорытындылау.

1.Бунақденелілер дегеніміз не?

2.Бунақденелілер неше класқа жіктеледі? Оларды ата:

3.Бунақденелілердің дене бөліктерін атаңдар.

4.Бунақденелілердің ауыз мүшелерінің құрылысын атаңдар.

5.Бунақденелілердің тыныс алу мүшесін ата:

6.Қандай бунақденелілерді білесің?

7.Қандай ортада тіршілік етеді?

8.Суда өмір сүретін бунақденелілерді ата:

9.Адам мен жануарларда паразиттік жолмен тіршілік ететін түрлерін ата:

10.Көбею мүшелері орналасқан жері:

VI I Үйге тапсырма. § 46. Бунақденелілер класы. 218-219 бет.

Бунақденелілер класы. (7 сынып)

© 2010-2022