Дарындыға - даңғыл жол

Білім беру жүйесіндегі негізгі ағымдардың бірі – еліміздің аймақтық ерекшелігін, білім беретін орданың типтеріне сай жеке тұлғаның дамуына тиімді жағдай туғызу. Бұл ағымды іске асыру сындарлы оқыту арқылы жүзеге асатыны мәлім. Елбасы Н.Назарбаев  білім беру саласында әр аймақтың ерекшелігін ескере отырып, Батыс Қазақстан аймағы болашақ мұнайшыларды дайындауға бағытталуы қажеттігін де атап өткен болатын.    Мектепте жоғары сыныпта оқушының қай бағдарлы сыныпты таңдайтыны  жеке тұлғаның қызығушылы...
Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Ұлт болашағы - білімдінің қолында


Жуырда Атырау мұнай және газ институтының ұйымдастыруымен мектеп түлектері мен колледждің студенттерінің арасында пәндік олимпиада өткізілді. Біздің облыс үшін бұл өте жақсы бастама. Себебі өткен жылы да ұйымдастырылып біздің мектептен химия пәнінен 4 оқушы қатынасып Жауқашты Еламан ІІІ орын , ал қалған оқушылар алғыс хатпен марапатталған болатын. Бұл олимпиаданың мақсаты оқушыларды мамандық таңдауына, өз білімдерін сынауларына,ұлттық біріңғай тестілеуге дайындықтарын, сол арқылы өз деңгейлерін анықтауларына , оқушыларға құлшыныс, қызығушылық тудыру. Аталған олимпиадаға болашақта өз мамандығын мұнай саласымен байланыстыратын оқушылар қатынасты. Биылғы жылы өткен жылдың қорытындысы әсер етіп, әр түрлі пәндерден мектебімізден 20 шақты оқушы қатынасып бір оқушы Сағынова Арайлым химиядан ІІ жүлделі орынға ие болды. Бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда алға жылжудың бар екендігін көрсетеді.

Өткен жылы жүлделі орынға ие болған Жауқашты Еламан қазір осы аталған оқу орнының І курс студенті. Оқушының мақсатты түрде ұлттық біріңғай тестілеуде де химияны таңдап 22 ұпай жинап, білімі «5»-ке бағаланған оқушы. Осы оқу орнында химия саласында ІІІ курста дәріс алып жүрген А.Ерғалиева, А.Алиева, М.Қошпанова т.б сынды оқушыларымызды атап кетуге болады.Биылғы жылы орын алған Сағынова да өз болашағын химик-технолог мамандығымен байланыстырып, осы аталған оқу орнында оқуды мақсат етуде.

Білім беру жүйесіндегі негізгі ағымдардың бірі - еліміздің аймақтық ерекшелігін, білім беретін орданың типтеріне сай жеке тұлғаның дамуына тиімді жағдай туғызу. Бұл ағымды іске асыру сындарлы оқыту арқылы жүзеге асатыны мәлім. Елбасы Н.Назарбаев білім беру саласында әр аймақтың ерекшелігін ескере отырып, Батыс Қазақстан аймағы болашақ мұнайшыларды дайындауға бағытталуы қажеттігін де атап өткен болатын.

Мектепте жоғары сыныпта оқушының қай бағдарлы сыныпты таңдайтыны жеке тұлғаның қызығушылығына, болашақта таңдайтын жоғары оқу орнының бағытына, рухани ерекшелігіне, отбасы және өзін қоршаған ортасына байланысты.

Жоғары оқу орындарында білім сапасы қабылданған оқушылардың мектеп қабырғасындағы терең білімділігі мен біліктілігіне байланысты. Дарынды, талантты оқушыларымызды жыл сайын көршілес жатқан Ресей жерінде мұнай-технолологиялық Уфа мемлекеттік университеті, Астраханьның оқу орындары, Алматыдағы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ -і, Сулеймен Демирел атындағы университетнің ректорлары біздің облыстың дарынды оқушыларын тестілеу арқылы өз оқу орындарына грант тағайындап қабылдауда. Оған дәлел 2 оқушым А. Айтжанов, А.Жексенбай химия факультетінде Уфа қаласында мұнай -технологиялық университетінде, ал С.Демирел атындағы университетте Ж.Баймуқашева, Әл-Фараби атындағы ҚазМУ -де грантпен А.Жәрдемғалиев т.б дәріс алуда. Бұл оқу орындарының басшылары университет рейтингісін көтеру мақсатында сапалы білім беру үшін талантты балаларды қабылдауға көп жұмыстануда.

2011-12 оқу жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде оқушылар мен студенттер арасында ғылыми жоба сайыстарын ұйымдастырылатын, оқушылар химия, биология пәндерінен ғылыми зерттеу жұмыстарынан сайысқа қатынасып жүлделі І, ІІ орындар иеленген болатын. Сол шәкірттерімнің бірі Н.Дүйсеғалиева. Қазір осы университеттің 3-курс студенті, болашақ ұстаз. Одан басқа С.Тоғаева Г.Калимова т.б оқушыларымыз болашақ химия пәнінің мұғалімі атанбақ. Бірақ соңғы оқу жылдары ондай білімдік сайыстар жөнінде біз құлағдар болмадық.

Міне, осындай жоғары оқу орындарының бірі Атырау мұнай және газ институтының ректоры, профессор Д.О. Құлжанов мырза басшылығымен жақсы бастамалары басқа да өз облысымыздағы оқу орындарына үлгі. Өткізген олимпиадаларының тапсырмалары да оқушылардың айтуынша облыстық деңгейдегі оңай емес қиындатылған тапсырмалар. Бұл дұрыс, себебі оқушыға ой салып, әлде де көп дайындықты қажет ететіндігін ескере жүреді. Биылғы А.Сағынова және өткен жылғы жүлдегер Е.Жауқаштымен

8-сыныптан бастап мақсатты түрде химиядан емтихан тапсырып, қалалық облыстық олимпиада, ғылыми жобаларға , ҰБТ-ке дайындалған оқушылар. Бұл оқушылар сабақтан басқа таңдау пәні, қолданбалы курстарға, «Жас химик» үйірмесіне қатынасып терең білім алуға тырысатын шәкірттер. Институттың тағы бір жағымды жағы мұғалімнің да еңбегін бағалап сол оқушыны дайындаған мұғалімді де алғыс хатпен марапаттауы. Әрине, оқушыға дәріс беру, олардың өздігінен ізденуіне бағыт беретін ұстаз, ол оның кәсіби міндеті, дей тұрғанмен бұл ұстаз үшін үлкен мотивация.

Елбасы соңғы «Нұрлы жол» атты халыққа жолдауында: «Мен жастар - біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!» деген болатын. Осы айтылған ойды жүзеге асыруда

мектеп пен жоғары оқу орындарының арасында байланыс болса ғана көздеген мақсатымызға жетеріміз сөзсіз. Атырау мұнай және газ институтының жүргізіп жатқан жұмыстары жалғасын тапса деп институт ректоры мен ұжымына оқушы еңбегін әділ бағалағандығы үшін ұстаз ретінде ризашылығымды білдіргім келеді. Біз мұғалімдер қауымы тер төгіп баланың жұмыстануына бағыттасақ, еңбектенсек, оқушыларымыз сол білімді меңгеріп

мақсатты түрде ыждағаттылықпен еңбектенсе, білім сапасы қай салада болмасын жоғарылап, болашақта жақсы маманның қалыптасуына ықпал етер едік. Ал жақсы, кәсіби маман көп болса болашағымызға алаңдамас едік.

«Дарындыға - даңғыл жол» дегендей талантты, дарынды оқушыларымыз мектептен қалыптасқан білімдері мен біліктерін әрі қарай жалғастырса, өмірде іс-жүзінде қолдана білсе, ұстаз үшін үлкен мәртебе, әрі қуаныш.

Күләш Мұңайтбасова

Атырау қаласы, №10 орта мектебінің

химия, биология және өзін-өзі тану

пәндерінің мұғалімі

Дарындыға - даңғыл жол


© 2010-2022