7 класқа арналған сабақ жоспары

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ТИІМДІ ТӘСІЛ

БАЙБУЛОВА Батима, Құмсай орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі.



7 класқа арналған сабақ жоспары7 класқа арналған сабақ жоспары7 класқа арналған сабақ жоспары7 класқа арналған сабақ жоспары7 класқа арналған сабақ жоспары7 класқа арналған сабақ жоспары7 класқа арналған сабақ жоспары7 класқа арналған сабақ жоспары7 класқа арналған сабақ жоспары7 класқа арналған сабақ жоспары7 класқа арналған сабақ жоспары7 класқа арналған сабақ жоспары7 класқа арналған сабақ жоспары7 класқа арналған сабақ жоспары7 класқа арналған сабақ жоспары7 класқа арналған сабақ жоспары7 класқа арналған сабақ жоспары

11 сыныпта « Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері» тақырыбын өткенде оқушылардың табиғи және агробірлестіктер туралы білімдерін тереңдету, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қорғау керектігін ұғындыру, қоршаған ортаны қамқорлыққа алуға, қорғауға алу және экологиялық тәрбие беру мақсатында ашық сабақ өткіздім.

Сабақ жоспары:

Ι. Ұымдастыру сәті

ΙΙ. 1) «Ер дәулеті - еңбек»- өткен тақырыпты қайталау.

2) Үйге берген кестені тексеру.

3) Үй тапсырмасын қорытындылау. «Сызықтық диктант» (10 сұрақ)

1. Экология - биология ғылымының саласы ретінде дамып қалыптасқан ғылым.

2. Барлық заттар бір-бірімен байланысты емес.

3. Ақ аю үшін шектеуші фактор - тампература.

4. Абиотикалық фактор дегеніміз - организм тіршілігіне әсер ететін өлі табиғат факторлары.

5. Экологиялық фактор 4 топқа жіктеледі.

6. Популяция - шығу тегі бар, белгілі бір аумақты мекндейтін организмдер жиынтығы.

7. Экологиялық проблемаларға «Озон қабатының тесілуі жатпайды».

8. Биосфераны академик В.И. Вернадский жан-жақты толық зерттеді.

9. Адамның іс-әрекетінің әсерінен табиғи биоценоздар құрылымы өзгеріп, агроцеоздарға айналады.

10. Атмосфера - жердің сулы қабаты.

(әр дұрыс жауап 1 балл)

ΙΙΙ «Білгенге - маржан» (жаңа тақырып түсіндіру)

1) Мұғалімнің сөзі (түсіндіру)

2) Сызбанұсқа (экранда слайд)

Адам биологиялық түр ретінде Жер шарының барлық аймақтарына таралып отыр. Алғашында адамдар табиғатты санасыз, одан соң саналы түрде пайдалана бастады. Алғашында адамның іс-әрекеті ірі хайуанаттарды жойып, ормандарды өртеп жіберумен шектелсе, бертін келе қала салу, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын дамыту, ғылым, техниканы меңгеру т.б кәсіптермен шұғылдана бастады. Кейбір мәліметтер бойынша барлық орманның 50% кесілген. Бұл фактілер адамның іс-ірекетінің табиғатқа жасаған теріс көрінісі - бұл әрекеттер антропогендік факторға жатады.

  • 1. Адамның биологиялық түр ретіндегі табиғатқа әсері.(Адам қоректену үшін аңдар мен құстарды аулап жояды, санын азайтады)

  • 2. Адам өзінің барлық іс-әрекетінде ақылмен ойланып жұмыс істейді. (ғылым жетістіктерін пайдалана отырып мәдени өсімдіктерді өсіріп, үй жануарларының жаңа түрлерін шығарып, қорғап отырады)

  • 3. ҒТП-нің даму барысында адам баласы табиғатқа бөгде заттарды (химиялық қосылыстар, пластикалық, жарылғыш заттар) шығарады табиғатты өзгертеді, бұзады.

  • 4. Адамның іс-әрекетінің бірі өнеркәсіпті игеру, құрылыстар салу, кен орындарын ашу, пайдалы қазбаларды өндіру.

  • 5. Адам баласның атом қарулары мен ғарышты игеруге байланысты табиғатқа тигізіп отырған зардабы ерекше. Экожүйелер, ландшафтылар жойылып, жарамсыз жерлерге айналды.

Сызбанұсқа Антропогендік факторлар әсері

Саналы түрде істелетін әсерлер

Тікелей әсері

Жанама

әсері

Кешенді әсері

Ойланбай істелетін әсері

Қорықтар, саябақтар ұйымдастырып аңдарды қорғайды.

Жерді игереді, орманды кеседі, құрылыс салады.

Екіншісіне, әсер етеді. Орманды пайдаланып аң -құстан айырылады .

Зиянкестерді жоюға пестицид, гербицид,

улы химикат қолдандады.

Демалыс кездерінде байқамай өртейді, жәндіктерді, өсімдіктерді таптап кетеді.

ΙV. «Бәрін білгім келеді» (қорытындылау)

1) Экологиялық диктант (экранда)

2) Логикалық есеп (экранда)

3) РАФТ әдісі (Р-рөл, А-аудитория, Ф-форма, Т-тақырып)

V. «Бейнет түбі - зейнет» (жинаған ұпайлары бойынша бағалау)

VΙ. Үйге тапсырма §46

Әрбір әдіс оқушылардың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге үйретеді. Түрлі әдістерді тиімді пайдаланып оқушылардың білім сапасын арттыру қазіргі заман талабы.

Ақтөбе облысы

Мұғалжар ауданы

Құмсай ауылы.



© 2010-2022