Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі (8 класс)

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: ________________

Сыныбы: 8 «А,Ә»

Тақырыбы: §30. Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік - оқушыларға қанның құрамы мен қасиеттері туралы жалпы түсінік беру.

Дамытушылық - оқушылардың ой - өрісін қалыптастыру мақсатында тапсырмалар, ойын элементтерін пайдалана отырып, білімін жетілдіру.

Тәрбиелік - өздігінен жұмыс істеуге, өзара тексеруге, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, салыстыру, дәлелдеу

Сабақтың көрнекілігі: электрондық көрсетілімдер, плакаттар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Атқаратын қызметі

Анықтама


ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау, қорыту

IV. Актуалдау

V. Жаңа білімді меңгерту

Лейкоциттердің құрылысы мен қызметі. Лейкоциттер (грекше «leukos» - ақ, «kytos» - жасуша) қанның түссіз ядролы, амеба тәрізді қозғалғыш жасушалары. Адамның 1 мм3 қанында 4-9 мың әр түрлі топқа жататын (лимфоцит, моноцит және т. б.) лейкоциттер болады. Лейкоциттер құрылыс ерекшелігіне сәйкес 2 топқа бөлінеді: түйіршікті және түйіршіксіз. Түйіршікті лейкоциттердің цитоплазмасында ұсақ түйіршікті түзілістер болады. Түйіршікті лейкоциттерге - нейтрофилдер (45-75%), эозинофилдер (1-5%) және базофилдер (0-1%) жатады. Түйіршіксіз лейкоциттерге - лимфоциттер (18-30%), моноциттер (2-9%) жатады (қосымша бет). Олардың цитоплазмасында түйіршікті түзілістер болмайды. Лейкоциттер сүйек кемігінің майында, лимфа түйіндерінде, айырша безде және көкбауырда түзіледі. Қанда таңертеңгі ашқарында (тамақ ішпегенде) аздау, тамақтанғаннан кейін көбейеді. Тіршілік ету ұзақтығы 2-5 тәулік. Эритроциттер сияқты лейкоциттер де көкбауыр мен бауырда жойылады (бұзылады).

Қызметі. Лейкоциттер амеба тәрізді «жалған аяқтарының» көмегімен қозғалады. Пішіндерін жіңішке жіп тәрізді созып өзгертеді. Лейкоциттер қылтамырлардың (капилляр) қабырғаларынан өтіп, қан ағынынан шығып, жасушалар мен ұлпалардың аралықтарына оңай енеді. Әсіресе, дененің зақымданған жерлеріне көп жиналады. «Жалған аяғы» бөгде заттарды (микроорганизмдер) қоршап, цитоплазманың ішіне қарай енгізіп жібереді. Бактериялар цитоплазмаға енген соң лизосоманың көмегімен олар ериді. Лейкоциттердің өздері де бұзылады. Лейкоциттердің қызметін толық зерттеген атақты физиолог ғалым Илья Ильич Мечников. Микробтарды ерітетін «обыр жасушаларды» - фагоциттер (грекше «рhagos» - сіңіру, жеп қою), микробтар мен бөгде бөлшектерді сіңіріп қорытуды фагоцитоз деп атады. Зақымданған мүшелердің қантамырлары кеңейіп, лейкоциттер тез енеді, зақымданған жер қызарып, қызуы көтеріледі. Фагоцитоз - ағзаның қорғану реакциясы. Тіршілігін жойған бактериялар мен лейкоциттер жарадағы іріңге айналады.

Тромбоциттер (грекше «thrombos» - қан ұйығы (сгусток) + «kytos» - жасуша) - қан пластинкасы. Тромбоциттер - сүйек майының ірі жасушаларының ыдырауынан түзіледі. Ыдысқа құйылған қанның екінші қабатын тромбоциттер құрайды. Тромбоциттердің диаметрі 2-5 мкм, түссіз, домалақ немесе сопақша пішінді ядросыз жасуша. Қанның 1 мм3-де 250-400 мың тромбоциттер болады. Қанның ұюына қатысады. Тромбоциттер сүйек кемігінің майында жасалады. Қан тамырлары зақымданғанда тромбоциттер тез бұзылып, қанды ұйытатын ерекше зат бөледі. Қан тамырларының зақымданған жерлерін бітейді. Тромбоциттердің тіршілік ұзақтығы 7-10 күн.

VI. Дамытушылығы

Қан жасушалары және олардың ерекшеліктері

Ерекшеліктері

Эритроциттер

Лейкоциттер

Тромбоциттер

Пішіні мен құрылыс

1 мм3 қандағы мөлшері

Тіршілік ұзақтығы

Қызметі

VII. Бекіту

1. Тромбоциттердің құрылысы мен қызметі қандай?

2. Қанның ұюы қалай жүреді?

3. Қанның ұюы үшін қандай жағдай қажет?

4. Фибриноген дегеніміз не?

5. 6. Гемофилия ауруы қалай сипатталады?

VIII. Қорытындылау

IX. Үйге тапсырма §30. Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі.

X. Бағалау

Қанның атқаратын қызметтері

Анықтама









Қанның атқаратын қызметі

Анықтама



Қанның атқаратын қызметі

Анықтама



Қанның атқаратын қызметі

Анықтама



Қанның атқаратын қызметі

Анықтама



Қанның атқаратын қызметі

Анықтама



Қанның атқаратын қызметі

Анықтама



Қанның атқаратын қызметі

Анықтама




Қанның атқаратын қызметі

Анықтама







© 2010-2022