Прокариоттық жасушаның құрылысы мен қызметі. (10 сынып)

Раздел Биология
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:

Прокариоттық жасушаның құрылысы мен қызметі.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға микробиология ғылымының даму кезеңдері және осы ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектерімен танысады, прокариот жасушаларының эукариот жасушаларынан айырмашылығын салыстырып, сипаттама беруді үйренеді.

Күтілетін нәтиже:

Оқушыларға оқудың жаңа әдіс - тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып, дамыту. Топтық жұмыста түрлі технологияларды пайдаланып, критерийлер бойынша өзін - өзі және жиынтық бағалау.

Рефлексия.

Ойлау құралдары:

Оқулық, интерактивті тақта, флипчарт, ғаламтор материалдары.

Сабақтың барысы:























Рефлексия


І кезең. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды топқа бөлу, топ басшысын сайлау, бағалау парақшаларын беру.

«Көпір» тапсырмалары. Өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге болатын сұрақтар:

1.Жасуша құрамындағы органикалық заттарды ата?

2.Жасушадағы нәруыздың рөлі?

3.Нуклейн қышқылдарының құрылысы?

4.ДНК мен РНК -ның айырмашылығы қандай?

5.ДНК -ның жасушадағы рөлі қандай?

ІІ кезең. (топтық жұмыс)

Жаңа сабақты оқушылардың өз беттерімен меңгерулеріне жағдай жасау.

І қадам. Теория бойынша «Білу»

Кім? Не? Кімнің? Кімді? Кімде? Кімнен? Кіммен? Қашан? Қандай? деген сұрақтар төңірегінде мәтінді оқып танысады, басты ақпарат іріктеліп алынады.

-Табиғатағы организмдер алуан түрлі болып келеді.Олардың ішінде өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесінен басқа жай көзге көрінбейтін тірі организмдер-микроорганизмдер бар.

-Ғаламшарымызда тіршілік ететін ағзалар жасушаларының барлығы бір аса маңызды қағида бойынша екі топқа бөлінеді.Бұл-жасушада қалыптасқан қосжарғақшалы ядроның болуы. Ядросыз жасушалар прокариоттар (латынша карио-ядро, про-алдында, дейін.Сөзбе-сөз аударғанда-ядроға дейінгі, ядро алдындағы).Ядросы бар жасушалардың барлығы эукариоттар, яғни ядролылар деп аталады.

-Прокариот жоғарғы дүниесіне тек қана бактериялар жатқызылады, олардың бір тобының атауы:цианобактериялар немесе көк жасыл балдырлар.

ІІ қадам. Теорияны «Түсіну»

Неге? Неліктен? Не үшін? Дәлелдеу, түсіндіру төңірегіндегі сұрақтарға жауап беру мақсатында жұмыстанады.

І -топ. Микроорганизмдердің табиғаттағы, адам өміріндегі маңызына тоқталады.

ІІ -топ. Микроорганизмдердің табиғаттағы, адам өміріндегі зияндылығына тоқталады.

ІІІ қадам.Теорияны «Талдау».

1.Салыстыру. Ұқсастығы мен айырмашылығы неде? Тақырыптың басты идеясын жаз.

І-топ. Прокариоттар мен эукариоттарды салыстыру кестесін құрады.

Прокариоттар

Белгісі

Эукариоттар

1.Ядро

2.Тұқым қуалау материалы

3.Жасуша қабықшасы

4.Органоидтар

5.Көбею жолы

6.жасуша мөлшері

7.Энергия алу жолы

ІІ -топ. Тақырыптың басты идеясын жазады.

ІҮ-қадам.Практика жүзінде «Қолдану». Оқулықпен жұмыстанады.

І-топ. А,В,С тапсырмаларын орындайды.

ІІ -топ. Бактериялардың көбею сапасын есептер шығарыңдар. Егер барлық ұрпақтары өмір сүре алса, 6 сағатта бір бактерия қанша дарақ бере алады.

Ү-қадам. «Жинақтау». Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле деген тапсырмалар төңірегінде жұмыстанады.

Видеоролик қарау «Бактериялардың тіршілігі». «Екі жақты күнделік».

Бейнебаянда мен мынаған назар аудардым

Менің бейнебаянға деген пікірім

ҮІ -қадам. «Баға беру». Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген сұрақтарға жоғарыдағы алған білімдері бойынша жағдаяттарды шешуге бағытталады.

Шығармашылық тапсырма:

І -топ. Бактерияларды өндірістік қалдықтармен күреске қолдану.

а)дүниежүзілік мұхитты мұнай қалдықтарынан тазарту.

б)полиэтилен бұйымдарын ыдырату үшін пайдалану.

ІІ -топ.Қазақстанда бұл бағыт қалай дамуда?

а)Батыс Қазақстан облысында мұнай қалдықтарын тазарту жұмыстары.

б)Топырақ құнарлылығын арттырудағы маңызы.

Кері байланыс:

Сізге ұнаған мәліметтер мен жұмыс формалары.

Сізге ұнамаған, түсініксіз, сізге жағымсыз болған сәттер.

Әлі де білгіңіз келетін проблемалар.

Оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Үйге тапсырма алады. §11.

Кесте толтыру.


© 2010-2022