І тоқсанды қорытындылау (6 сынып)

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ең үздік топ

( 6 сынып)

Мақсаты: Оқушылардың І тоқсан бойына алған өсімдіктер туралы білімдерін қорытындылау, тиянақтау, шапшаңдыққа баулу, интелектілерін дамыту

Сайысқа 6 топ қатысады. Іріктеу кезеңінде жеребе бойынша 2 топтан сайысады, жеңілген топтар сайыстан шығады. Келесі кезеңге 3 топ қатысады, олар бір-бірімен сайысады. Соңғы ақтық мәреде тек екі топ сайысып жеңген топ «ең үздік» деп танылады.

Жоспары: 1. Іріктеу кезеңі «Жылдам жауап»

2. Жартылай мәре «Ойлан, тап!»

3. Ақтық мәре «Ең үздік»

І тур
Іріктеу кезеңі
«Жылдам жауап»

1-топ

  1. 1920-1930 жылдары «Өсімдіктану» оқулығын жазған ғалым кім?

(Ж.Күдерин)

  1. Тірі ағзалардың тіршілік белгілерін сақтайтын ең кіші құрылымдық бөлшегі қалай аталады ?

(жасуша)

  1. Сәбіздің тамыры қалай аталады?

(жемтамыр)

  1. Өркеннің негізгі орталық тірек бөлімі қалай аталады?

(сабақ)

  1. Алматы мемлекеттік қорығы қайда орналасқан?

(Іле Алатауында)

2-топ

  1. Алғашқы «Жануартану» оқулығының авторы кім?

(Х.Досмұхамедов)

2. Ағзадағы белгілі құбылысы бар үйлесімді қызмет атқаратын дене бөлігі

(мүше)

3. Арамсояудың тамыры қандай тамыр ?

(емізік тамыр)

4. Өсімдіктің кез келген мүшесінің әр жерінен дамитын бүршіктер қалай аталады?

(қосалқы бүршіктер)

5. Барсакелмес қорығы қайда орналасқан?

(Арал теңізінің батыс бөлігінде

3- топ

  1. Ең алғаш микроскопты ойлап тапқан кімдер?

(Әкелі-балалы Янсендер)

2. Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы қалай аталады?

(ұлпа)

3. Үнді фикусының қосалқы тамырлары қалай аталады?

(тіреу тамырлар)

4. Өркеннің ең ұшында орналасқан бүршік қалай аталады?

(төбе бүршік)

5. Наурызым қорығы қайда орналасқан?

(Қостанай далалы аймағында)

4- топ

  1. Ең алғаш жасушаны микроскоппен көріп, ашқан кім?

(Роберт Гук)

2.Өсімдік мүшелері нешеге бөлінеді оларды ата?

(екіге бөлінеді, вегетативті және генеративті)

3. Сүйсіннің діңіне жабысып өскен тамырлары қалай аталады?

( Ауа тамырлар)

4. Ұсақтау, қолтық бүршіктері ашылмай, тыныштық күйге ауысқан бүршіктер қалай аталады?

(бұйыққан бүршіктер)

5. Алакөл қорығы қайда орналасқан?

(Алматы облысы, Талдықорған)

5- топ

  1. Қазақстанда тұңғыш «Қызыл кітап» қашан жарық көрді?

(1978ж)

2. Тамырлар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді, оларды ата?

(3-ке, негізгі, жанама, қосалқы)

3. Ңарғызгүлдің тамыры қандай?

(түйнекті тамыр)

4. Сабақтың жапырақ өсетін жуандау жері қалай аталады?

(буын)

5. Қорғалжын қорығы қайда орналасқан?

(Солтүстік Қазақстан облысында)

6-топ

1. Қазақстанның «Қызыл кітабының» екінші басылымы қашан басып шығарылды?

(1991ж)

2. Тамырлар жүйесі нешеге бөлінеді, оларды ата?

(2-ге, шашақ тамыр, кіндік тамыр)

3. Батат өсімдігінің тамыры қандай?

(түйнек тамыр)

4. Жапырақтың сабаққа орналасқан жері қалай аталады?

(жапырақ қолтығы)

5. Марқакөл қорығы қайда орналасқан?

(Оңтүстік Алтай)

ІІ тур: Жартылай мәре
«Ойлан, тап!»

1-топ

  1. Өсімдік жасушасындағы Хлоропластар қандай қызмет атқарады?

Өсімдікке жасыл түс береді, онда жасыл пигмент- хлорофилдер болады, ол органикалық зат түзуге қатысады

2. Негізгі ұлпа қандай қызмет атқарады?

Сіңіру, фотосинтездеу, қорға жинау, газ алмасу қызметін атқарады

3. Тамырдың сору бөлімі қандай қызмет атқарады?

Топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, суда еріген минералды тұздар мен суды сорады.

2- топ

  1. Өсімдік Жасушасы құрамындағы вакуоль қандай қызмет атқарады?

Ж: Шырынға толы болады, қоректік заттар жинақталады, жасуша қысымын реттейді, сулы орта қалыптастырады, улы заттарды ыдыратады

2. Өткізгіш ұлпа қандай қызметтер атқарады

Ж: қоректік заттарды өсімдіктің бір мүшесінен екінші мүшесіне жеткізеді

3. Тамырдың бөліну аймағы қандай қызмет

атқарады?

Ж: Жасушалары ұдай бөлініп, басқа бөлімдерінің қалыптасуына себепші болады

3- топ

1. Өсімдік жасушасындағы ядро қандай қызмет атқарады?

Ж: тұқымқуалаушылық ақпараттарды сақтап, көбеюге қатысады

2. Бөліп шығарушы ұлпа қандай қызмет атқарады?

Ж: Өсімдікті ауру тудыратын микробтар мен зиянды жәндіктерден, малға жем болудан сақтайды, шірне бунақденелілерді еліктіріп, тозаңдануға көмектеседі

3. Тамыр оймақшасы қандай қызмет атқарады?

Ж: Тамыр ұшындағы жаңадан пайда болған нәзік жасушаларды қажалудан қорғайды, қозғалысын жеңілдетеді

ІІІ тур

Ақтық мәре «Ең үздік»

«Суреттер сөйлейді» Суреттер беріледі, сипаттау, құрылыстарын табу

Қорытынды: Жеңген топтарды мадақтау, алғыс хаттар тапсыру



© 2010-2022