8 сыныпқа арналған сабақ жоспары Лейкоциттер. Фагоцитоз

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8 сыныпқа арналған сабақ жоспары Лейкоциттер.Фагоцитоз8 сыныпқа арналған сабақ жоспары Лейкоциттер.Фагоцитоз8 сыныпқа арналған сабақ жоспары Лейкоциттер.ФагоцитозСабақтың тақырыбы : Лейкоциттер.Фагоцитоз теориясы

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Оқушыларда қанның құрамы, оның құрамдас бөліктері туралы білім қалыптастыру. Лейкоциттердің қызметі мен маңызын білу. Эритроциттер мен лейкоциттер арасындағы айырмашылықты салыстыру арқылы таба білуге үйрету. Жаңа ұғымдарды ендіру арқылы фагоцитоз құбылысымен таныстыру

Дамытушылық: Оқушылардың таным әрекетін белсендіру. Логикалық ойлау әрекетін дамыту. Салыстыру,талдау,қорытынды жасау әрекеттерін меңгеру .А,В,С деңгейлі оқушылардың және жалпы сыныптың Lesson stady сабағы бойыншы зерттеу арқылы таным әрекетін дамыту

Тәрбиелік: Оқушылардың өздерінің оқуына жауапкершілігін арттыру. Өзінің денсаулығы туралы ойлауы, салауатты өмір сүруді ұстануға үйрету

Күтілетін нәтиже: Оқушылар лейкоциттердің қызметі туралы біледі. Ағзадағы қан құрамының өзгеруінен туындайтын аурулар туралы үйренеді. Қанның формалық элементерін салыстырады, айырмашылықтарын таба алады. Әртүрлі ойлау әрекеттеріне үйренеді

Сабақта пайдалынылған әдістер мен стратегиялар:

Сыни ойлау әдістері, диалогтік оқыту, проблемалық сұрақтар, топтық жұмыс формасы, оқушылардың жұптық және жеке жұмыстары, бағалау түрлері

Модульдер: АКТ, сыни ойлауға үйрету, оқытудағы жаңа әдістер, дарынды балаларды анықтау

Ресурстар: Оқулық, АКТ, плакат, маркерлер,стикер, кесте, суреттер, слайдтар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларда сабаққа психологиялық ахуал қалыптастыру.Топқа бөліну

2. Үй тапсырмасын сұрау.Оқушылардың білімін,біліктілігін , дағдыларын тексеру

Карбогемоглобинмен карбоксигемоглобиннің айырмашылығы неде? Қайсысы адам өмірі үшін қауіпті? Қан плазмасы мен сарысудың болатын жері мен құрамы бойынша салыстыр

Эритроциттерді сипаттаңдар

Пішіні

Ядросы бар не жоқ

Түсі

Мөлшері

Қызметі

Жасалатын жері

Ыдырайтын жері

Тіршілік ұзақтығы

Құрамындағы нәруыз

С деңгейлі сұрақ

Қан --- ұлпасына жатады. Қан барлық мүшелер арасындағы байланысты жүзеге асыратын дәнекерші. Қанның сұйық бөлігі --- деп аталады. Ол мөлдір, түссіз болады. Плазманың құрамында су көп .Су --- пайыз. Плазма құрамындағы нәруыздар --- , ---, --- .

Үй тапсырмасын бағалау.

Үй тапсырмасын слайд арқылы жалпылау

3. Жаңа сабақты меңгеру

Қанның қызметтерін еске түсірейік. Қанның қандай элементтері адам ағзасын қорғайды?

Проблемалық сұрақ арқылы тақырыпқа ену білім мақсатын қою Қалай ойлайсыңдар, қанның қандай формалық элементтері адам ағзасының «қарулы күштері» болуы мүмкін? Олар адамды қандай «жаудан» қорғауы мүмкін?

Оқушылар жауаптары тыңдалады. Тағы мысал: Аяқтарыңа тікен кірсе не болады?

Жара іріңдесе жазыла ма? Сол іріңде сендерді қорғаған қан жасушары бар. Бірақ олар сендерді қорғау барысында өліп қалған. Қалай ойлайсыңдар, егер қорғаушы қан жасушалары болмаса не болар еді? Қорғаушы жасушалар өлсе, олардың саны азайып кете ме?

Осы «қорғаушылар» дегеніміз нелер екен? Олар қандай болады? Олардың адам ағзасы үшін маңызы қандай? Оларды алғаш ашқан кім? Міне, осы сұрақтар төңірегінде бүгін өздерің білесіңдер

Сонымен тақырып «Лейкоциттер.Фагоцитоз теориясы»

Тақырыпты дәптерлеріне жазады.

Тақырып жоспары

1.Лейкоциттер сипаттамасы. Лейкоциттердің жасалуы, тіршілік ұзақтығы

2. Лейкоциттердің қызметі

3.Фагоцитоз деген не? Кім ашты?

4. Лейкоциттердің түрлерін 73 сурет бойынша зерттеңдер

4 топ осы сұрақтарды бөліп алып жұмыс жасайды. Жеке жұмыс, топтық жұмыс. Постер құру және қорғау.

Бекіту кезеңі

Оқушылар үшін А деңгейлі сұрақ (Дарынды балаларды анықтау)

Эритроцит пен лейкоцитті салыстыр, ерекшеліктерін және ортақ ұқсастықтарын тап.

Адам ағзасында қанның анализі бойынша лейкоцит көбейіп кетті? Бұл ненің белгісі?

В деңгейлі сұрақ.

Суреттегі элементтерді табыңдар, оларға сипаттама беріңдер.

Жұптық тапсырма

8 сыныпқа арналған сабақ жоспары Лейкоциттер.Фагоцитоз

С деңгейлі сұрақ

Лейкоциттер дегеніміз --------------------------

Лейкоциттің қызметі ---------------------------

Фагоцитоз дегеніміз -----------------------------

Фагоциттер деп ------------------айтамыз

Сабақты қорытындылау

Слайдпен сұрақ -жауап арқылы жинақтау

Оқушылар білімін бағалау. Бағалау парақтары

Үйге тапсырма : Лейкоциттер.Фагоцитоз құбылысы.







© 2010-2022