Урок планирование Плаунтәріздес өсімдіктер бөлімі

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Плаунтәріздес өсімдіктер бөлімі

Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жалпы сипаттамасы, құрылыс ерекшеліктері, көбеюі

Плаунтәріздестер ерте дәуірде пайда болған. Олардың қазіргі кездегі өкілдері - көпжылдық мәңгі жасыл шөптекті өсімдіктер. Жойылып кеткен түрлерінің ішінде ағаштары да кездескен. Оның айырлана тармақталган майысқақ сабағы жерге төселе өседі. Топыраққа таралған тамыры өсімдіктің жер бетіндегі сабағын жоғары көтереді. Сабағы және оның тармақтары өте ұсақ, үшкір жапырақтармен тығыз қапталған. Бұл жапырақтар өсімдік сабағын жер бетімен жайлап бір орыннан екінші орынға жылжытады (жылыстатады). Сондықтан, бұл плаунды жылысқы деген жөн деп есептейміз (орысша «плаун, плывун» - жүзу, жүзіп жүргіш, жылжымалы). Қазіргі кезде жылысқының 200-500 түрі белгілі. Плаунтәріздестер - тең және әр түрлі споралы өсімдіктер. Тең споралы плаунтәріздестердің кең тараған өкілі - шоқпарбас плаун. Ол қарағайлы ормандарда жиі кездеседі. Төселіп өсетін сабақтан жоғары қарай - ұсақ жапырақтары бар өркендер, ал төмен қарай қосалқы тамырлар жетіледі. Күзге қарай жоғары бағытталып, тік өсетін өркендердің ұшында екіден (сиректеу 3-5-тен) спора түзетін масақтары дамиды. Плаун сабағының ішкі құрылысы өте қарапайым. Сабақтың сыртын жұқа өң жауып тұрады. Оның астында жақсы жетілген қабық қабатты болады. Қабықтың сыртқы қабатында тірек ұлпасы бар. Сабақтың ортаңғы бөлігін шеңберлі шоқ алып жатады.

Урок планирование Плаунтәріздес өсімдіктер бөлімі

Шоқпарбас плаун өсімді, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Өсімді көбеюі төселіп өсетін өркендерінің үзінділері арқылы жүзеге асады. Мұндай үзінділердің жас жасушаларынан алдымен қосалқы тамырлар, содан соң жас өркендер жетіледі. Осылай бір өсімдіктен бірнеше жас плаун пайда болады. Кейбір түрлері (басқа ағашқа жабысып өсетіндер) өркендерінің ұшында пайда болатын бүршіктері арқылы өсімді көбейеді. Бүршік әбден жетілгенде үзіліп, 0,5 м қашықтыққа түсіп, қолайлы жағдайда енеді. Мұндай бүршіктер өркенде жылына бір рет түзіледі.

Жыныссыз көбеюі споралар арқылы жүзеге асады. Споралар өркендерде жетіледі. Плаунның спора түзетін өркенінің ұшына көптеген үш бұрышты, ұшы үшкір спорофилдер (грекше «спорос» - екпе, сеппе, «филлон» - жапырақ, спорангиі бар жапырақ) бекиді. Осы спорофилдерде бүйрек тәрізді спорангийлер орналасады. Спорангий - споралар дамитын орын. Олардың ішінде көптеген ұсақ, сары түсті споралар жетіледі. Споралардың барлығының пішіні мен мөлшері бірдей. Пісіп жетілген споралар спорангийлер жарылғанда жерге шашылады.

Жынысты көбеюі жерге түскен споралардың өнуінен басталады. Плаун спораларының өнуінің екі: жерүсті және жерасты типі белгілі. Бірінші жағдайда споралар жерге түскен соң бірнеше күннен кейін жерүсті өскіншелерін береді. Бұл өскіншелер жартылай сапрофит (грекше «сапрос» - шірінді, «фитон» - өсімдік, шіріндімен қоректенетін ағза) ретінде қоректенеді. Олардың жерге төселіп өскен ашықтау-жасыл түсті өскіншелерінің астында саңырауқұлақтардың жіпшумақтары (гифалары) болады. Саңырауқұлақтың жіпшумағынсыз өскіншелер өспей, құрап қалады. Осылай жартылай жерге еніп жататын өскіншелер бір жаздың өзінде пісіп жетіледі. Плаундардың өскіншелері - қосжынысты, ұзындығы 20 миллиметрден аспайды. Өскіншенің үстіңгі бетінде аталық және аналық жыныс мүшелері түзіледі. Аталық және аналық жыныс жасушалары қосылып, ұрықтанады. Ұрықта болашақ өсімдіктің тамыры, сабағы және жапырағының бастамасы болады. Келешекте ұрықтық тамыршадан - нағыз тамыр, сабақшадан - нағыз сабақ, ал жапырақшадан нағыз жапырақ қалыптасады. Соның нәтижесінде плаун өсімдігі пайда болады. Жерасты споралар жерге түскен соң 6-15 жылдың аралығында саңырауқұлақтардың жіпшумақтарымен селбесіп өсіп, қосжынысты өскіншеге айналады. Ұрықтанған жасушалардан келешекте жас плаун өсімдігі пайда болады.

Плаундар барлық жасыл өсімдіктер секілді фотосинтез үдерісінің нәтижесінде ағзалық заттар түзіп, ауаға оттегін бөліп шығарады. Плаундар жердің бетіне қаптай өсіп, топырақ түзу үдерісіне қатысады. Олардың іс жүзінде маңызы шамалы. Спораларын көп мөлшерде жинап, дәрі-дәрмек жасауға пайдаланады. Шөбін қайнатып, тұнбасын іш жүргізетін, несеп айдайтын және өтті тазартатын дәрі ретінде медицинада қолданады.

Плаунтәріздестер бұдан 300 млн жыл бұрын ағаш түрінде өркендеп, кең тараған жасыл өсімдіктер. Қазіргі кезде қылқанды және аралас орманда кездесетін шөптектес көпжылдық өсімдіктер түрінде таралған. Плаунтәріздестер сабақты, ұсақ жапырақты және қосалқы тамырлы болып келеді. Табиғатта 200-500 түрі бар деп есептеледі.

Плаундар өсімді, жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Өсімді көбею төселіп өсетін сабақтардың үзінділерінен, ал жыныссыз көбею споралар арқылы жүзеге асады. Жынысты көбею кезінде аталық және аналық жұмыртқалар қосылып, ұрықтанады. Ұрықта болашақ өсімдіктің тамыры, сабағы және жапырағының бастамасы болады. Плаундардың спорасы және шөбі медицинада дәрі-дәрмекке пайдаланылады. Өнеркәсіпте плаун сары және жасыл бояу алынатын шикізат болып табылады.

Тропиктегі биік тауларда өсетін плаун полушниктің кейбір түрлерінде ерекше қасиет бар. Олар фотосинтезге қажетті көміртегін ауалан емес, тұнба материал - әктастардан алады.

Плаундар өкілі селагинелла құрғақта өсуге бейімделген. Оның денесінің суға шылығуы ауаға және топырақтың ылғалдығына тәуелді. Құрғақшылық жыл кезеңінде ол құрғақ ауадан кеберсиді. Алайда жаңбыр жауса-ақ өсімдік сыртқы көрінісі мен ішкі құрылысын толық қалпына келтіреді.

Плаун өте баяу өседі. Мәселен, кейбір саңырауқұлақтардың жіпшумағымен селбесіп өсетін өскінше 15-18 жыл өседі.[1]



© 2010-2022