Разработка урока по биологии на тему Жемістер (6 класс)

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Тексерілді»

________________

Күні: _______________

Сыныбы: 6

Тақырыбы: §23 Жемістер

Сабақтың мақсаты: жемістің пайда болуын сипаттау, жемістің түзілуіне қатысатын бөліктерін түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі - Оқушыларға жемістердің пайда болуы, жемістердің түрлері жайлы білім беру.

Тәрбиелілігі - Оқушыларды жеміс ағаштарын және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Дамытушылығы - Есте сақтауға, бір-бірімен салыстыра білуге, қызығушылықтарын оятуға, сонымен қатар электронды оқулықпен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютер, проектор, слайдтар.

Сабақтың типі: аралас

Cабақтың көрнекілігі: Плакат, суреттер, буклет, жеміс макеттері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау. Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Жұмбақтар жасырылады.

  1. Гүлдің жыныс мүшесінің бірі. (Аталық).
    2. Тұқымбастамадан дамитын, жеміс ішінде болатын өсімдік негізі. (Тұқым)
    3. Гүлдің жыныс мүшесі. (Аналық)
    4. Аталығы да, аналығы да бар гүл. (Қосжынысты).
    5. Аналықтың екінші бөлімі. (Мойны).
    6. Аталық және аналық гүлдері бар өсімдік. (Бірүйлі).
    7. Гүлдің мүшелері орналасатын бөлімі. (Гүлтабан).
    8. Жіңішке гүл дамып жетілетін гүл бөлігі. (Гүлсағақ).
    9. Аналықтың жеміс дамитын бөлігі. (Түйін).
    10. Тозаң жиналатын орын. (Тозаңқап).
    11. Түйіннен пайда болатын өсімдік негізі. (Жеміс).
    12. Аналықтың бірінші бөлімі. (Аузы).

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Өсмдік гүлдеп болғаннан кейін аналық жатыны сақталып, ұрықтанып жеміске айналады. Қалған бөлімдері қурап түсіп қалады. Жеміс - көбею мүшелерінің соңғы даму сатысы. Ол - бір ғана гүлден дамиды. Жеміс ішінде тұқымы бар гүлді өсімдіктердің көбею мүшесі. Барлық гүлді өсімдіктердің жемістері шырынды және құрғақ деп 2 топқа бөлінеді.

Аталық пен аналық қосылып жеміс түзеді

Жеміс 2-ге бөлінеді Құрғақ және шырынды

Құрғақ жеміс қабы қаттыСүректенген болады

Шырынды жеміс - шырыны мол жұмсақ болады

Бұршаққап ---- Асбұршақ, Беде

Жидек --- Қызанақ, Картоп,Жүзім, Қарақат

Бұршаққын -- Орамжапырақ, Шомыр

Жидек тәрізді -- Мандарин,Апельсин

Қауашақ -- Меңдуана, Сүттіген

Сүйек жеміс - Өрік, Шие,Алхоры, Шабдалы,

Қанатты жеміс -- Үйеңкі, Қайың

Дәнек -- Бидай, Жүгері, Арпа, Күріш

Тұқымша - - Бақбақ,Таусағыз, Өгейшөп

Пирамидамен жұмыс жүргізу

1

Гүл

2

Жеміс, аталық

3

Аналық, түр, тозаң

4

Ұрықтанады көктемде, ағаш су

5

Құрғақ, шырынды, тосап, тамақ, күту

Барлық өсімдіктер гүлдейді. Аталық пен аналықтың қосылуы нәтижесінде жеміс пайда болады. Жеміс ағаштары көктемде гүлдейді. Жемістер құрғақ, шырынды болып екіге бөлінеді. Жемістер тез пісу үшін су керек.

ІV. Бекіту: Кестемен жұмыс жүргізу

Р/с

Өсімдік атауы

Құрғақ

Шырынды

Тұқым саны

1

Картоп



2

Өрік



3

Бидай



4

Қауын



5

Шие



6

Асбұршақ



Бағалау.Топтардағы оқушылар өзара бірін -бірі бағалайды. Өз ұсыныстарын білдіреді.

Үй тапсырмасы: §23 тақырыпты оқып, шырынды, өсімдіктердің жемістеріне сипаттама» деген кесте» толтыруға беріледі.

Өсімдіктің атауы

Жемістер

Жеміс түрлері

Тұқым саны

құрғақ

шырынды

біреу

екеу

көп

Меңдуана

құрғақ

Қауашақ

Картоп

шырынды

жидек

Өрік


Бұршақ


Шомыр


Емен


Бидай



© 2010-2022