Қан және қанайналым жүйесін қайталау. 8 сынып

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Қан және қанайналым жүйесін қайталау.

Мақсаты: Сабақта жеке және топтық жұмыстар арқылы организмнің ішкі сұйық ортасы және қанайналым жүйесі бойынша өткен материалдарды пысықтау Оқушының өз бетінше және топпен жұмыс істеу арқылы білімін дамыту . Бір-бірінің сөзін тыңдауға, топпен жұмыс істеуге ,білімдерін бағалауға тәрбиелеу.

Жоспарланған нәтиже : Оқушылардың қан, қантамырлар, жүрек жайлы қалыптасқан білімдерін қорытындылау.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Топтық жұмыс.

Мұғалім іс-әрекетінің әдіс-тәсілі: Оқушының білімін тексеру барысында, әңгіме, үлестірмелер арқылы оқулықпен , сызбалармен жұмысты қолдану.

Сабақтың жоспары: І. Кіріспе

Оқушыларды қан топтарына байланысты отырғызу.

ІІ.Өзіңді танып біл.

ІІІ.Оқырман жауабы.

IY.Мағнаны тани білу.

Y. «Ой-толғаныс».

YI. «Автор орындығы».

YII. «БЛУМ» .

YIII. Есептеу орталығы .

XI. Жаттығулар.

X. Бағалау.

І. Адамдар көптеген уақыттар бойы қанды құдіретті , қасиетті күш ретінде таныды.

Қанмен бір-біріне адал анттарын берісті.Қазақта «қан жылап тұрып айтты» деген сөз бар, бұл да қан құдіретіне байланысты айтылған сөз қолданысы.

Гиппократ жүйке ауруына шалдыққандарға дені сау адамның қанын ем ретінде ішуді ұсынған.

«Ағаш тамырымен, адам жүрегімен шықты»демекші жүрек тоқтаса, адам өмірінің тоқтағаны. Жүрек -қан айналу жүйесіндегі ең басты мүше организм «моторы» және «биологиялық насос». Дем алғанда 1 минут -5-6 литр қан , ауыр жұмыс істегенде

35-50 литр. 24 сағат ішінде жүрек қақпақшалары 100 мың рет ашып-жабылады .

Ұзын адамдарда жүрек тік , аласа бойы үлкен кеуделі адамда көлденең,қалыпты адам 400с орналасқан

Сонымен бүгінгі сабағымызда адам организміндегі ең маңызды мүшелер жүйесін қаншалықты меңгергендеріңді анықтайық .

Сабағымызда үш топ А, О, В тобы өзара сынаққа түседі, әр топ басшысы өз тобын бағалайды.

Адамның қанынының тобы өмірінің соңына дейін өзгермейді ,ата-анадан балаға беріледі.Қан тобына қарай адамның мінезін анықтауға болады.

ІІ. Өзіңді танып біл. Әр топ өз анықтамасын оқиды.

ІІІ. Әр топқа сұрақтар берілген, оқулықты пайдаланып жауап беру.

ІY .Мағнаны тани білу .

Терминдармен жұмыс . Берілген термин мағынасын ашу донор, реципиент, эритроцит, кардиология, анемия, гипертония, гипотания, лейкоцит, гемофилия.

Y. Ой-толғаныс .Тақтаға ілінген сандарға анықтама беру.

120/80 мм; 75-76 рет, 4,5-5 млн, 4-8 мың 250-400 мың ; 4 топ, 50 есе 3 түр.

YI. «Автор орындығы»

І топ. Мұрын жарақаттанғанда не істеу керек?

ІІ топ. Артерия -ірі қан тамыр жарақаттанғанда

ІІІ топ. Шамалы жарақатты қанды тоқтату үшін.

Қажетті заттар берілген алғашқы көмек көрсету, біреуі баяндау .

YII. Есептеу орталығы әр топтан үш бала есеп шығарады

1.60 *70 =4200 4200*24 =100800 рет

2.60*6=360 360*24=8640 л.

3. 60 мин.*2=120 120*24 =2880 рет

YIII.Жаттығулар .

Жүрек-жалқаулықты енжарлықты сүймейтін мүше. Күнделікті жаттығу жасап, ой еңбегімен алмастыру қажет.

IX. Блум Сұрақтар тез-тез оқылады,оқушылар тек жауап жазады ,соңынан әр бала неше сұраққа жауап бергендігі анықталады.

1.Жұрек салмағы қанша? /300 гр./

2.Жүрек сүйір бөлігі /ұшы/

3.Жүректің жуан бөлігі /негізгі/

4.Ең ұсақ тамыр /капиляр/

5.Ең ірі артерия /қолқа/

6. Өкпе артериясындағы қан /вена/

7. Өкпе веносындағы қан /артерия/

8.Қолтықта ,шапта орналасқан түйіндер /лимфа/

9.Лимфа жүйесіндегі лимфа сұйықтығы бағыты /жүрекке қарай/

10.Иммунитеттің негізін салған /И.И.Мечников/

Х.Бағалау.



© 2010-2022