Конспект урока по биологии для 7 класса Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы

Бұл сабақтың жоспары биология пәнінен 7-сыныпқа арналған. Тақырыбы: Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы. Мақсаты: Сүтқоректілердің көбею және даму ерекшеліктерімен таныстыру, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері, жер бетінгде кеңінен таралуы, өмір сүрі жағдайлары, өздеріне ғана тән белгілерін көрсету арқылы олардың тарихи дамуына түсінік беру, басқа жануарлардан ерекшелігін айыра білуге үйрету. Сабақта деңгейлі курс идеясының элементтері, топтық жұмыс қолданылады. Мұғалім мен оқушының арасындағы...
Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жамбыл облысы

Жамбыл ауданы

Аса ауылы

Жеңістің 30 жылдығы орта мектебі

Биология пәнінің мұғалімі Монтаева Сандуғаш Абдралықызы

Сабақтың тақырыбы: Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы.


Жалпы мақсаты Сүтқоректілердің көбеюі және даму ерекшеліктерімен таныстыру. олардың құрылысы , тіршілік әрекеттері, жер бетінде кеңінен таралуы, тіршілік ететін орта жағдайлары, өздеріне тән белгілерін ашып көрсету арқылы жануарлар дүниесінің тарихи даму кезеңдеріне көздерін жеткізу, сүтқоректі жануарлардың басқа жануарлардан айырмашылығын ажырата білуге үйрету.
Сілтеме: 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 41-49 бет
2. Биология оқыту әдістемесі. 7 сынып 101-103 бет
3. 7- сыныпқа арналған биология оқулығы. Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, Ә.Әметов,Ж.Қожантаева. 287-292 бет
4. Биология пәні бойынша дидактикалық материалдар
5. 41-42 бет
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Сүтқоректілер туралы білімдерін кеңейту. Олардың дене құрылысын және ерекшеліктерін білу. Сұтқоректілердің экологиялық топтарын және ол топтарға жататын жануарларды ажырата білу. Қәзіргі сүтқорктіледің шығу тегін үйрену. Оларды қорғаудың және көбейтудің маңызын түсіну.

Негізгі идеялар Сүтқоректі жануарларды қорғау, олардың көбеюіне мүмкіндік жасау, көбейту
Сабақта қолданылатын материалдар: Бейнежазба, плакат, фламастар, стикерлер, жануарлар суреттері
Оқыту әдістері: СТО
Диалогты оқыту
АКТ 1.Топтық жұмыс
2.Жұптық жұмыс
3.Жеке жұмыс
Дерек көздері: Ұрпағын сүтімен асырайтын жануарлар тақырыбында берілген материалдар.Биология жұмыс дәптері 52-53 бет\
Оқушы анықтамалығы 61-63 бет
Тапсырмалар Сұрақтарға жауап беру,
Сүтқоректілер класына жан-жақты зерттеу жүргізу арқылы оларға сипаттама беру.

Сүтқоректілердің төлдерін көрсету арқылы тақырыпты ашу.
Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы .( постер құру).
Суреттер әр топқа беру , құрылысын анықтау

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

I.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.
(3 мин) 14.00-14.03 Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Тренинг: Жақсы лебіз ойыны
Түрлі-түсті қағаздар арқылы топқа бөлу.

Қызыл түс таңдаған оқушылар қызыл шар ілініп тұрған партаға барып отырады,

Көк түс таңдаған оқушылар көк шар ілініп тұрған партаға отырады

Сары түс таңдағандар сары шар ілінген партаға отырады.

Әр топ басшылары сайланады бағалау парақшаларын таратып беру.


II.Үй тапсырмасын сұрау
(7 мин)14.03 -14.10 Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс- әрекеті
Биологиялық диктант әр оқушыға жеке таратып беріледі (жеке жұмыс жасайды)
III.Жаңа тақырып (20 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-
әрекеті
. 1.тапсырма: Сүтқоректілер көбеюі туралы суреттер көрсеру (интер тақта ) бенежазба арқылы тақырыпты ашу

Оқушылар тақырыпты өздері айтады..
1.Сүтқоректілер қандай жануарлар?
2. Олардың дене құрылысы қандай?
3. Олар қайда мекендейді?

Сергіту сәті: Әуенмен биі
4 тапсырма: Сүтқоректілер көбеюі және даму .( постер құру).
1 топ: Қалталы сүтқоректілердің көбеюі
2 топ: Қазіргі сүтқоректілердің көбеюі және дамуы
3 топ: Қағанақсыз сүтқоректілердің дамуы
Әр топ өзіне берілген тапсырма бойынша сол топқа жататын жануарларды және олардың көбеюі және дамуына байланысты ерекшеліктерін постерге түсіріп қорғайды
IV.Қорытындылау(5 мин)14.30-14.35 Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-
әрекеті
Суретпен жұмыс Сәйкес мүшелерін тап

1.топ.Ұрықжолдасының суретіне қарап құрылысын табады.

2.топ.Сүтқоректілердің қаңқасының құрылысын табады.

3.топ.Жануарлардың суреттерін қарап қай отриядқа жататынын анықтайды.

V.Үйге тапсырма беру Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы туралы мәлімет жинау Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
VI.Бағалау
(5 мин)14.37-14.42
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Формативті, суммативті, топтық, жұптық бағалау Өзін-өзі бағалау, топ басшысының бағалауы, бағалау парағына бағаларды түсіріп отырады
VII,Рефлексия Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін түрлі-түсті стикерлер тарату Оқушылар сабақтан алған әсерлерінің ұнағанын «Небілдім?не білгім келеді?Не ұнады? жазып шығады.

Небілдім. Қызыл түсті параққа жазып іледі

Білгім келеді? Сары түсті параққа жазып ілінеді.

Неұнады? Жасыл параққа жазылып ілінеді?



Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектебі



Сабақтың тақырыбы:

Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы



Биология пәнінің мұғалімі: Монтаева Сандуғаш


Аса ауылы 2014жыл

© 2010-2022