Мұғалім – мектептің жүрегі

Мұғалім – мектептің жүрегі   Мұғалімдік әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, қиялы бай адамға ғана жарасар мамандық.Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы  ерекше жағдай оның түрлерінде сабақ өткізуін де және де оқушылардың жүрегіне жол таба білуінде жатыр.  Ұстаз бен шәкірт-адам баласының арақатынастарының ең шынайы,мәнді де сәнді түрі.Ұстаз-өз бойындағы жақсылықты,білімділік пен парасаттылықты,адалдық пен мейірімділікті жеткізуші.Ал шәкірт- тек қабылдаушы болып сан...
Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалім - мектептің жүрегі

Мұғалімдік әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, қиялы бай адамға ғана жарасар мамандық.Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше жағдай оның түрлерінде сабақ өткізуін де және де оқушылардың жүрегіне жол таба білуінде жатыр.

Ұстаз бен шәкірт-адам баласының арақатынастарының ең шынайы,мәнді де сәнді түрі.Ұстаз-өз бойындағы жақсылықты,білімділік пен парасаттылықты,адалдық пен мейірімділікті жеткізуші.Ал шәкірт- тек қабылдаушы болып саналады.

Бала бойында білім нәрін себетін,адамгершілік дәнін егетін басты тұлға-Ұстаз .Ұстаздың -өте ертеде келе жатқан киелі әрі мақтан тұтар мамандық.Ол адам баласының жанын нұрландырар ұғымның ұлысы.Әрбір шәкірт қайталанбас тұлға.Оның жан дүниесі -өзінше бір әлем.Ұстаз сол әлемді шартарапқа жетелеуші,бала болмысында өзгеріс ендіруші,бағыт- бағдар беруші ата-анадан кейінгі жауапты адам.

Мұғалімдік мамандық-мамандық атаулының қайнар көзі,биік тұғыры.Ұстаз бола білу,оны қадыр тұту арындай таза ұстау әр мұғалімге азаматтық борышы.Әр мұғалім өз мамандығын,өз пәнін,барлық шәкірттің мектебін шексіз сүюі қажет және де адалдыққа,ізгілікке,имандылық пен инабаттылыққа тәрбиелеу,әрбір ұзтаздың абыройлы парызы.Білім берудің сапасын әлемдік деңгейге көтеріп,өрлеуіне үлес қосу әр мұғалімның борышы деп ойлаймын.

Рысбаева Гүлмира Бейсенбайқызы

Головацкий атындағы орта мектебінің

Биология-география пәнінің мұғалімі

Панфилов ауданы.



© 2010-2022