Тамырдың түрөзгерістері, Ас қорыту жүйесі

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұханова Гаухар Сабитқызы

Қарашоқат орта мектебінің

биология пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
Сабақтың мақсаты:
1. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы және қызметі туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың талдау, салыстыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа материалдары.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.
Топтастыру әдісі. Оқушыларға қима қағаздар таратылып беріледі. Мұнда мүшелердің атаулары жазылған. Осы мүшелер бойынша мүшелер жүйесін құрап топтастыру. Кейін оқушыларды қима қағаздар арқылы 3 топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту. Видеофильм «Асқорыту жүйесі.»
- Балалар адам ағзасындағы бұл қай мүшелер жүйесінің жұмысы деп ойлайсыңдар?
Яғни бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Асқорыту жүйесі.
Адамның асқорыту жүйесімен таныспас бұрын мына тақтадағы құстардың, күйіс қайыратын сүтқоректілердің асқорыту мүшелерінің ерекшеліктерін еске түсірсек. Салыстырмалы түрде еске түсіру үшін интерактивті тақтадан құстардың, сүтқоректілердің асқорыту мүшелерінің суреттері шығарылып, оқушылар тақтаға ағзалардың ерекшеліктерін жазу.

ІІІ. Мағынаны тану. Асқорыту жүйесі туралы электронды оқулықтағы мәліметпен танысайық.
Асқорыту мүшелерінің құрлысы, атқаратын қызметімен танысу үшін А3 форматтағы асқорыту жүйесінің түссіз суретіне тапсырмалар бойынша анықтап, түссіз суретті бояп, мүшелерді орналастырып қорғау керек. Әр топқа әр түрлі конверттер беріледі: қызыл - ауыз қуысы, асқазан, сілекей бездері, көк - жұтқыншақ, аш шек, бауыр, жасыл - өңеш, ток ішек, ұйқы безі.

Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері қосылып асқорыту жүйесін құрайды. Асқорыту жүйесінде тағам әр түрлі механикалық және химиялық өзгерістерге ұшырайды. Тағам құрамындағы нәруыздар, майлар, көмірсулар суда ерімейді. Сондықтан олар қан мен лимфаға өте алмайды. Асқорыту мүшелерінде тағамның шайналып ұсақталуы механикалық өңдеу делінеді. Асқорыту бездерінен бөлінген сөлдің әсерінен ыдырауы химиялық өзгерістерге жатады.
Асқорыту мүшелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, аш ішек және тоқ ішек жатады. Асқорыту мүшелерінің қабырғасы негізінен үш қабаттан тұрады: сыртқы қабат - дәнекер ұлпадан тұратын сірқабат. Ортаңғысы - бұлшықет қабаты, ішкі қабаты - эпителий ұлпасынан түзілген.
Ауыз қуысы. Астың өңделуі ауыз қуысынан басталады. Ол екі бөлімнен құралады. Олар: ауыз кіреберісі және нағыз ауыз қуысы деп аталады. Үстіңгі және астыңғы жақсүйектерді ашпай, тістеніп тұрғанда, ауыз кіреберісі айқын көрінеді. Ауыздың сәл ашылуы ауыз саңылауы болып есептеледі. Ауыз кіреберісі сырт жағынан - еріндер және ұртпен, ішкі жағынан тістер және қызылиекпен шектеледі. Ұрттың сыртқы жағын бұлшықеттер қаптайды және ұрт еріндермен ұласады.
Ауыз қуысының үстіңгі жағындағы қатты таңдай сүйегі жұмсақ таңдайға жалғасып, таңдай мен жұмсақ таңдай ауыз қуысын кеңсіріктен (мұрын қуысынан) бөліп тұрады.
Ауыз қуысына 3 жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады. Тағам алдымен ауыз қуысында шайналып ұсақталады әрі сілекеймен араласып, жұтылады. Тамақты жұту күрделі физиологиялық үдеріс.
Нағыз ауыз қуысында тіл орналасқан. Ол көлденеңжолақта бұлшықет ұлпасынан тұрады. Тілдегі бұлшықет талшықтарының кейбір тобы - ұзына бойы, екінші тобы - көлденең, үшіншісі - тік бағытта жатады. Осыған байланысты тіл - өте қозғалмалы мүше. Тілдің түбі, денесі және ұшы болады.
Жұтқыншақ - түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше, көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Жұтқыншақ мойын омыртқалардың алдыңғы жағында орналасқан. Ересек адамда оның ұзындығы, шамамен 11 - 13 см. Жұтқыншақтың төменгі бөлігі әрі өңешпен, әрі көмекеймен байланысады. Жұтқыншақтың ауыз қуысына жалғасқан жерінде бозғылт - қызыл түсті 6 бадамша бездер (миндалина) орналасқан. Олар ірі лимфа түйіндерінен түзіліп, қорғаныштық қызмет атқарады.
Өңеш - ұзындығы 25 сантиметрдей іші қуыс бұлшықетті мүше. Оның жоғарғы бөлімі жұтқыншақпен, төменгі бөлімі қарынмен жалғасады. Өңеш көкеттің ортасындағы тесіктен өтіп, құрсақ қуысындағы қарынмен жалғасады.
Қарын - құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол жағында, көкеттің астында орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі. Қарын - іші қуыс қалың бұлшықетті мүше. Ол жоғарғы жағынан өңешпен, төменгі жағынан аш ішектің басталар жері ұлтабармен жалғасады. Қарынның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы сілемейлі (шырышты) қабықшасы оның көлемін үлкейтеді.
Аш ішек - қарын мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді бұлшықетті мүше. Оның ұзындығы ересек адамдарда 5, 5 - 6 метрдей. Аш ішектің қарыннан басталған 25 - 30 сантиметрдей бөлімі - ұлтабар (он екі елі ішек) деп аталады. Ұлтабарға бауырдан келетін өт қабының өзегі және ұйқыбездің де өзегі ашылады. Аш ішек ирелеңдеп орналасқан. Оның ішкі қабырғасында көптеген сақина пішінді қатпарлар бар. Сонымен бірге аш ішектің сілемейлі қабықшасында тұйық өскін түріндегі бүрлер өте көп. Мұндай бүрлер тек аш ішекке ғана тән.
Тоқ ішектің ұзындығы 1, 5 - 2 метрдей, аш ішектен екі еседей жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері - бүйен деп аталады. Ол оң жақтағы мықын тұсында орналасқан. Бүйеннің төменгі шетінде ұзындығы 7 - 8 см - дей құрт пішінді тұйық өскен соқырішек (аппендикс) болады. Оны аппендикс (латынша «appendix» - қосалқы деп атайды. Ол лимфа жүйесіне жататын мүше. Оның қабынуынан болатын ауру - соқырішек (аппендицит) деп аталады. Тоқ ішектің соңғы бөлімі - тік ішек.
Сергіту сәті 2мин.

ІV. Жаңа сабақты бекіту
1. Кесте толтыру.

2. Полиглот. Асқорыту мүшелерінің қазақша, орысша және ағылшынша атауларын АКТ пайдалана отырып, жауап жазу, келесі топтар өзара тексеру

V. Рефлексия Сабақтан алған әсерлерін білдіру
VI. Үйге тапсырма.
Асқорыту мүшелері.



Тақырыбы: Тамырдың түрөзгерістері

Сыныбы:6
Сабақтың міндеттері: Білімділігі - тамырдың түрөзгерісі, оның түрлері жайлы қысқаша мағлұмат беру.
Тәрбиелілігі - түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету.
Дамытушылығы - пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Құрал - жабдықтар: электронды көрсетілімдер, оқулықтағы суреттер
Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) ұжымдық әрекет,
ә) санитарлық - гигиеналық ережелерді сақтау әрекеті,
б) қауіпсіздік техника ережесін сақтау әрекеті,
в) оқушы назарын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
1 - үлестірме
1. Дұрыс жауап тұсына белгі қой
Өсімдіктің қоректену ерекшеліктері:
І. Өсімдікке азоттың жетіспегенін қалай білуге болады?
А) жапырақтары дамымайды;
В) түйнектері майда болады;
С) жемістері көпке дейін піспейді;
Д) жапырақтары бозарып кетеді;
Г) сабақтары әлсіз болып жатып қалады.
ІІ. Бөлмеде өсетін өсімдіктердің өсу нүктесі қурап қалса минералды тұздардың қай түрін көбірек пайдалану керек?
А) борды
В) азотты
С) калийді
Д) фосфорды
Е) кальцийді
ІІІ. Өсімдік тырбиып бойы аласа, сабағы әлсіз болып өссе топырақта қай элемент жетіспейді?
А) азот
В) калий
С) фосфор
Д) мыс
Е) кальций
2. Тізімдегі органикалық және минералды тыңайтқыштарды бөліп кестеге толтыр.
Органикалық тыңайтқыштар Минералды тыңайтқыштар
1. Азот селитрасы; 2. Құс саңғырығы; 3. Суперфосфат; 4. Күл; 5. Торф; 6. Қи; 7. Сүйек ұны; 8. Қарашірік; 9. Нитрагин; 10. Көмір.
2 - үлестірме
1. Төмендегі сипаттамалар тыңайтқыштардың қай түріне тән екенін тұсына рет санын қою арқылы анықта.
І. Азотты
ІІ. Фосфорлы
ІІІ Калийлі
1. Жемістердің пісу мерзімін қысқартады;
2. Суыққа төзімділігін арттырады;
3. Сабақ пен жапырағының өсуін күшейтеді;
4. Тамыр мен түйнектің өсуіне әсер етеді
2. Дұрыс жауаптың тұсына белгі қою арқылы сұрақтарға жауап бер
І. Топырақтан қоректену кезінде қатысатын ұлпаларға қайсысы жатады?
1. Өткізгіш; 2. Түзуші; 3. Жабын; 4. Негізгі - фотосинтездеуші; 5. Тірек; 6. Негізгі - қоректік; 7. Бөліп шығарушы.
ІІ. Әсіресе қыста және көктемде бөлме өсімдіктерінің жапырақтарының сарғаюы қандай элементтің жетіспеуінен деп ойлайсыздар?
1. фосфордың; 2. калийдің; 3. темірдің; 4. кальцийдің; 5. азоттың.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Өсімдіктің барлық мүшелерінде сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты түрлі ауытқулар мен өзгерістер болады. Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әр түрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделуін түрөзгеріс (метаморфоз) дейді.

ІV. Бекіту.
Тамырдың түрөзгерістері
Қысқаша сипаттамасы, атқаратын қызметі.
Жемтамырлар әр түрлі органикалық заттар өсімдіктердің негізгі тамырларының жасушаларында қорға жиналады, жуандап түрін өзгертеді. Жемтамырлар шырынды, құрамында органикалық заттар мен витаминдер болғандықтан, күнделікті тамаққа пайдаланады. Екі жылдық өсімдіктер (редискадан басқасы).
Тіреу тамырлар
Тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалқы тамырлар. Дами келе қосалқы тамырлар шығып, біртіндеп ұзарып, топыраққа (жерге) жетеді. Қосалқы тамырлардың саны көбейеді, жуандайды. Тіреу тамырлар ағаштың діңінен алысқа кетеді. Мұндай ағаштардың діңі өте жіңішке, сұлпасы үлкен болады. Үлкен сұлба мен жіңішке дің тіреу тамырларға сүйеніп өседі.
Емізік тамырлар
Паразиттік тіршілік ететін өсімдіктердің тамырлары. Бұлар пішіні, түсі жағынан басқа өсімдіктерге мүлде ұқсамайды. Тамырлары басқа бір өсімдіктің сабағы мен тамырына жанасқан кезде ғана пайда болады. Еміздік тамыр алдымен сабақ өңінде өсінді түрінде шығады. Ол өзіне жанасқан басқа өсімдіктің өңіне (қабығына) еніп, емізік тамыры арқылы дайын қоректік заттарды сорады
Түйнекті тамырлар
Тамырдың барлығы жуандап, шырынды болады. Егер шашақ тамыр түйнек тамырларға айналса, барлық тамырлары білеуленіп, жуандап, топтанып тұрады. Түйнек тамырлар өсімдік қыстап шығу үшін және жыныссыз көбею үшін керек.
Ауа тамырлар Сабақтан дамиды. Оттегі жоқ, батпақта, сазды жерлерде өсетін өсімдіктер ұштары батпақтан шығып тұрады, қабығы жұқа болады. Ағаш діңіне жабысып өскен сүйсіннің (орхидея) ауа тамырлары ағаш қабығынан сырғып аққан су мен жаңбыр суын сіңіреді. Жапырақтары болмайтындарында фотосинтез қызметін атқарады.

V. Оқушылардың білімін бағалау.
VІ. Үй тапсырмасын беру:
1. §10 оқып келу.




© 2010-2022