Тесты Биологиядан олимпиада сұрақтары

Раздел Биология
Класс 11 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Биологиядан мектепішілік олимпиада сұрақтары

Теориялық тур

8 сынып

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Сүттіқұдық ауылы

52 Б Аралбаев атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ашимова Мая Турмаханбетовна



1. Адамның шығу тегі , эволюциясы , географиялық таралуы мен оның организмінің құрылысы , қызметі және дамуы туралы ғылым қалай аталады?

А)Гигиена Б)Адам биологиясы В)Адам физиологиясы

2.Адам анатомиясы нені зерттейді?

А) Огранизмнің құрылысы мен оның жеке мүшелерін және жүйелерін зерттейді

Б) Ұрықтың дамуын зерттейді В) Денсаулық сақтау , нығайтуды зерттейді

3. Ұлпаны зерттейтін ғылым қалай аталады?

А)Гистология Б)Гигиена В)Анатомия

4.Эмбриология ғылымы нені зерттейді?

А) Организмнің жеке дамуын Б) Жасушаны В) Ұрықтың дамуын

5.Адам физиологиясы нені зерттейді?

А)Ағзаның сыртқы ортаға жауап реакциясын

Б) Организмнің және оның жеке мүшелері мен жүйелерінің қызметін

В) Огранизмнің құрылысы мен оның жеке мүшелерін және жүйелерін

6. Денсаулықты сақтау және нығайту, адамның қалыпты еңбек етуі мен демалуы үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы ғылым қалай аталады?

А) Гигиена Б) Адам физиологиясы В)иммунитет

7.Адамның сүкқоректілерге ұқсас белгілері:

А)Соқырішек ,құйымшақ ,үшінші қабақтың болуы Б)құйрықтың болуы, тік жүруі В) ұрпағын тірі тууы

8.Өте сирек жағдайда қайталанатын , арғы тегімізгетән белгілер(түк жамылғының болуы,құйрықтың болуы т.б.) қалай аталады?

А)Рудименттер Б)Рамапитектер В) Атавизмдер

9.Бір кездері біздің арғы тегімізде белсенді қызмет атқарған,қазіргі кезде жартылай сақтаса да,өз маңызын жойған мүшелер (соқырішек, құйымшақ ,үшінші қабақ) қалай аталады?

А) Аустралопитектер Б) Рудименттер В) Атавизмдер

10.Осы заманғы типті қазба адамдар қалай атайды ?

А)Кроманьондықтар Б)Неандертальдықтар В) Тік жүретін адам

11. Тік жүретін адамды 1890 жылы Э.Дюбуа қай жерден тапқан ?

А)Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен Б)Ява аралынан В)Германиядағы Неандерталь аңғарында

12. Ғалымдар осы заманғы алғашқы адамдар , шамамен қанша мың жыл бұрын табылған деп жорамалдады?

А) 40 мың Б) 1 мың В)300мың

13.Тік жүретін адамның негізгі эволюциялық жетістігі -

А) Тас құралдарын жасау, сөйлеу нышаны Б)Саналылығы В)Аң аулау

14. Кроманьондық адамның миының көлемі -

А)1600 Б)650 В)1800

15. Неандертальдық адманың бойы -

А)160см Б)170см В)180 см

16.Адамның даму эволюциясын аяқта : Рамапитектер―-›Аустралопитектер―-›……

А)Епті адам ―-› Неандертальдықтар―-› Кроманьондықтар

Б) Кроманьондықтар―-› Епті адам ―-›Неандертальдықтар

В) Неандертальдықтар―-› Кроманьондықтар―-› Епті адам

17.Нейрон қандай жүйенің жасушасы?

А)Жүйке жүйесінің Б) Тыныс алу жүйесінің В) Эндокриндік жүйенің

18.Жүрек-қан тамыр жүйесі неден тұрады?

А)тек тамырлардын Б)Бұлшық еттер мен тамырлардан В)Тамырлар мен жүректен

19. Жүйке жасушасының қысқа өсіндісі-

А)Аксон Б)Нейрон В)Дендрит

20. Жүйке жасушасының ұзын өсіндісі-

А)Аксон Б)Нейрон В)Дендрит






1.Б 5.Б 9.Б 13.А

2.А 6.А 10.А 14.В

3.А 7.В 11.б 15.Б

4.В 8.В 12.А 16.А

17а 18в 19в 20а


© 2010-2022