Балықтардың кәсіптік маңызы. (7 сынып)

Сынып: 7                                                                                                         Күні: 10.02.2015. Пән: Биология Тақырыбы: Балықтардың кәсіптік маңызы. Кәсіптік балықтардың негізгі топтары: майшабақтар, сетінектер (трескалар), көзауықтар (камбалалар), тұқы балықтар (карптар)  т.б. Балықтар байлығын үнемді пайдалану, оларды қорғау және көбейту. Мақсаты: Білімділік: Балықтардың кәсіптік маңызы туралы майшабақ, треска, камбала, тұқы балықтарын мысалға ала отырып, біл... 8.Аузында өткір тістері бар жыртқыш жәндік: (Латимерия) 9.Желбезегімен әрі өкпемен тыныс алады: (қостынысты балықтар) 10.Денесі – қабысып, жалпайып кеткен: (Скаттар) 11.Желбезек саңылаулары денесінің құрсақ жағында орналасқан: (Скаттар) 12.Дене пішіні – ұршық тәрізді, тұрқы 30 см – ден 2 м – ге дейін: (қостынысты балықтар)       III. Аймақтық кезең. Оқушылар, сіздер қандай балықтардың кәсіптік маңызын білесіңдер? IV. Жаңа сабақ түсіндіру.   Білемін Білгім келеді Білдім         Балық майы көру қабілетін жақсартады. Балық еті – адам ағзасы үшін пайдалы тағамдардың бірі. Оның құрамында адамға аса қажетті белок, май, дәрумен, протеиндер, көптеген минералды заттар бар. Ал сүйегімен жейтін майшабақ, арқан (лосось) балықтарында фосфор және фтор көп мөлшерде кездеседі. Кальций сүйекті қатайтса, фосфор ағзаның атқаратын барлық қызметіне қатысады. Балықтың пайдасы: – балықтағы амин қышқылдары адам ағзасына сіңімді. Бұл қышқылдардың құрамында ағзаға аса пайдалы метионин көп... Білемін Білгім келеді Білдім         VII. Оқушыларды бағалау. VIII. Үйге тапсырма. § 52. Балықтардың кәсіптік маңызы. Кәсіптік балықтардың негізгі топтары: майшабақтар, сетінектер (трескалар), көзауықтар (камбалалар), тұқы балықтар (карптар)  т.б. Балықтар байлығын үнемді пайдалану, оларды қорғау және көбейту. 253-254 бет.  
Раздел Биология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 7 Күні: 10.02.2015.

Пән: Биология

Тақырыбы: Балықтардың кәсіптік маңызы. Кәсіптік балықтардың негізгі топтары: майшабақтар, сетінектер (трескалар), көзауықтар (камбалалар), тұқы балықтар (карптар) т.б. Балықтар байлығын үнемді пайдалану, оларды қорғау және көбейту.

Мақсаты:

Білімділік: Балықтардың кәсіптік маңызы туралы майшабақ, треска, камбала, тұқы балықтарын мысалға ала отырып, білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Балықтардың адам өмірінде алатын маңызы зор екендігін тереңдете түсіндіру.

Тәрбиелік: Балықтарды қорғауға, көбейтуге, ысырапсыз пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру.

Пән аралық байланыс: химия.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, балықтардың суреттері, үлестірмелер.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Саусаққанатты балық.

А) акула; Б) бекіре; В) латимерия; Г) скат;

2. Балықтар қандай кластарға бөлінеді:

А) балықтар; Б) омыртқалылар; В) сүйекті, шеміршекті; Г)желілілер;

3. Акулалардың ішінде адамға қауіптісі:

А) алып акула; Б) сұр акула; В) балғабас акула; Г) бекіре;

4. Уылдырығы өте құнды балық:

А) латимерия; Б) майшабақ; В) тұқы тәрізділер; Г) бекірелер;

5. Бекіре тәрізділерге ең алып балық?

А) албырт; Б) сазан; В) ара балық; Г) қортпа;

6. Иіс сезу мүшесі жақсы дамыған:

А) Акула; Б) Скат; В) Аратұмсық; Г) Аққайран;

7. Су түбінде өмір сүретін балықтың қандай дене мүшесі болмайды.

А) Жүрегі, қан тамырлары; Б) торсылдағы; В) Өкпе, желбезек; Г) Жұтқыншақ, өңеш;

8. Латимерия ең алғаш қай жылы табылған?

А) 1938; Б)1930; В)1940; Г)1950;

9. Скаттардың ең ірі түрін ата:

А) шоқыр; Б) манта; В) түлкібалық; Г) албырт;

10. Ең иісшіл балық:

А) акула; Б) бекіре; В) латимерия; Г) скат;

Жауабы: 1-в, 2-в, 3-б, 4-г, 5-г, 6-а, 7-б, 8-а, 9-б, 10-а.

Бағалау: 10 б - «5», 8-9 б - «4», 6-7 б - «3», 0 - 5 б - «2».

Сұрақтарға жауап беру:

1.Денесі созылыңқы, жұмыр, ұршық тәрізді: (акула)

2.Су түбінде мекен етеді: (скаттар)

3.Суы тартылып қалатын өзендерде тіршілік етеді: (қостынысты балықтар)

4.Суда белсенді жүзеді: (акула)

5.Су түбінде тіршілік етуге бейімделген: (Скаттар)

6.Дене қуысында таспа тәрізді созылыңқы жұп бүйрегі бар: (акула)

7.Денесін бойлай 5 қатар ірі мүйізді шытыралар орналасқан: (Бекіре)

8.Аузында өткір тістері бар жыртқыш жәндік: (Латимерия)

9.Желбезегімен әрі өкпемен тыныс алады: (қостынысты балықтар)

10.Денесі - қабысып, жалпайып кеткен: (Скаттар)

11.Желбезек саңылаулары денесінің құрсақ жағында орналасқан: (Скаттар)

12.Дене пішіні - ұршық тәрізді, тұрқы 30 см - ден 2 м - ге дейін: (қостынысты балықтар)

III. Аймақтық кезең.

Оқушылар, сіздер қандай балықтардың кәсіптік маңызын білесіңдер?

IV. Жаңа сабақ түсіндіру.

Білемін

Білгім келеді

Білдім


Балық майы көру қабілетін жақсартады.

Балық еті - адам ағзасы үшін пайдалы тағамдардың бірі. Оның құрамында адамға аса қажетті белок, май, дәрумен, протеиндер, көптеген минералды заттар бар. Ал сүйегімен жейтін майшабақ, арқан (лосось) балықтарында фосфор және фтор көп мөлшерде кездеседі. Кальций сүйекті қатайтса, фосфор ағзаның атқаратын барлық қызметіне қатысады.

Балықтың пайдасы:

- балықтағы амин қышқылдары адам ағзасына сіңімді. Бұл қышқылдардың құрамында ағзаға аса пайдалы метионин көп;

- бауыр ауруларының алдын алады;

- балық белогында бой өсіруге ықпал ететін лизин қышқылы да мол;

- балық майының құрамында А және Д дәрумені көп. Сондай-ақ, менолен және арахидон қышқылдары да бар.

- балық өнімдерінен жасалған тағамдар ас қорыту бездерінің жұмысын жақсартады;

- балық құрамында иод, фтор, мыс, кобальт секілді химиялық элементтер бар;

- балықтан жасалған тағамдар жүрек жұмысын жақсартуға көмектеседі.

Балықтан қандай тағамдар жасауға болады?

Балықтан сорпа жасап, қуырып, бұқтырып та түрлі ас жасауға болады. Ал қызыл балықтардың, қара кета балығының уылдырығы ең таңдаулы тағамның қатарына жатады. Балық етін тұздап кептіріп, шикідей жеуге де жарамды.


Әрбір топқа «Балықтардың кәсіби маңызы туралы», атап айтқанда «Майшабақтар», «Трескалар», «Камбалалар», «Тұқы балықтар» туралы мәтін беріледі. Отырған «жұмыс тобында» оқушылар мәтінді оқып, талдап, өз «Жанұя» тобына барып, түсіндіреді. Слайдтағы сұрақтарға жауапты дәптерлеріне жазады. Әр топтан бір оқушы жауабын оқиды.


V. Бекіту.

1.Майшабақтардың кәсіби маңызын атап көрсетіңдер?

2.Трескалардың құрылысында қандай ерекшеліктер бар?

3.Камбалалар құрылысы мен тіршілік ортасының айырмашылығы неде?

4.Тұқы балықтарға қандай балықтар жатады, әрі маңызы қандай?

ҰБТ - минуты.

1. Сүйекті балықтардың түрлерін ата: шортан, аққайран, табан, ақмарқа, сазан, латимерия, іле шармайы, балқаш алабұғасы.

2. Шеміршекті балықтардың түрлерін ата: көк акула, шаншарлы скат, тұтасбас, аратұмсық акула.

3. Кәсіптік балықтардың негізгі топтарын ата: майшабақтар, сетінектер (трескалар), көзауықтар (камбалалар), тұқы балықтар (карптар).

VI. Қорытындылау.

Білемін

Білгім келеді

Білдім


VII. Оқушыларды бағалау.

VIII. Үйге тапсырма. § 52. Балықтардың кәсіптік маңызы. Кәсіптік балықтардың негізгі топтары: майшабақтар, сетінектер (трескалар), көзауықтар (камбалалар), тұқы балықтар (карптар) т.б. Балықтар байлығын үнемді пайдалану, оларды қорғау және көбейту. 253-254 бет. Балықтардың кәсіптік маңызы. (7 сынып)

© 2010-2022