Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану мен ұрықтану 6 сынып

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шығыс Қазақстан облысы,Үржар ауданы,Үржар ауылы.

«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп»КММ

Биология пәні мұғалімі:Тумарбаева Назым Сериковна

Сыныбы: 6 сынып

Сабақ тақырыбы: Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану мен ұрықтану.

Сабақ мақсаты: Жынысты көбеюін, тозаңдану және оның түрлері туралы түсінікті қалыптастыру.

Сабақ міндеттері:

Білімділік: Тозаңдану мен ұрықтану туралы түсінікті қалыптастыру.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Топпен жұмыс істеу арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Білім-білік дағдысын қалыптастыру.

Сабақ түрі: Дәстүрлі.

Сабақ әдісі: Баяндау әдісі.

Көрнекілік: Тірек-сызба, плакат.

Сабақ жоспары: 1. Ұйымдастыру (2 мин.)

2. Пысықтау сұрақтары (5 мин.)

3. Жаңа тақырып түсіндіру (15 мин.)

4. Бекіту (5мин.)

5. Үй тапсырмасын сұрау (15 мин.)

6. Бағалау (2 мин.)

7. Үйге тапсырма (1 мин.)

8. Қорытынды.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру сәті:

1) оқушылармен амандасу.

2) мәлімдеме бойынша журнал толтыру.

2. Пысықтау сұрақтары:

1. Гүлшоғырдың жеке гүлден айырмашылығы?

2. Гүлшоғырлар нешеге бөлінеді және оларды атандар?

3. Жай гүлшоғырмен күрделі гүлшоғырдың айырмашылығы неде?

4. Гүл мен гүлшоғырлардың маңыздылығы неде?

3. Жаңа тақырып:Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану мен ұрықтану.

Жынысты көбею - аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Гүлдің

көбеюге қатысатын бөлімдері - аталық пен аналық.

Тозаңдану - аталық тозаңының аналықтың аузына түсуі.

Тозаңдану

Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану мен ұрықтану 6 сыныпӨсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану мен ұрықтану 6 сынып

Өздігінен тозаңдану

Айқас тозаңдану

Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану мен ұрықтану 6 сыныпӨсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану мен ұрықтану 6 сынып

бунақденелілер арқылы

жел арқылы


Өздігінен тозаңдаңу - бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына (қос жынысты) түсуі.

Айқас тозаңдану - бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузыны түсуі. Айқас тозаңдануды - бунақденелілер арқылы және жел арқылы айқас тозаңдану деп екіге бөледі.

Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері ашық реңді, хош иісті, тозаңдары өте ірі және тәтті шірне бөледі. Қорегін іздеп, бір гүлден екінші гүлге қонғанда денесіне тозаңдар жабысады. Екінші гүлге қонғанда жабысқан тозаңдар аналықтың аузында қалып, тозаңдануға себепші болады.

Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің тозаңдары өте майда, жеңіл, көп болады. Гүлдің аталықтарының жіпшелері өте ұзын әрі төмен қарай иіліп тұрады. Соққан желге тербеліп, тозаңдарының таралуына бейімделген. Аналығының аузы қауырсын тәрізді үлпілдеп, тозаңды тез қабылдауға лайықтанған.

Ұрықтану -аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Ұрықтану тозаңданудан кейін болады. Қосарлы ұрықтану құбылысын ашқан ғалым С.Г. Навашин.

4. Бекіту сұрақтары:

1.Жынысты көбеюге гүлдің қандай бөлімдері қатысады?

2. Тозаңдану дегеніміз не?

3. Тозаңдану нешеге бөлінеді?

4. Бунақденелілермен тозаңданатын өсімдіктердің негізгі ерекшеліктері қандай?

5. Өсімдіктер жел арқылы айқас тозаңдануға қалай бейімделген?

5. Үй тапсырмасын сұрау: 24 тақырып.

6. Бағалау.

7. Үйге тапсырма: 25 тақырыпты оқып, сұрақтарға жауап беру.

8. Қорытынды: Тозаңдану -аталық тозаңының аналықтың аузына түсуі.Ұрықтану - аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы.





© 2010-2022