Урок соревнование по биологии

урок  соревнование  был  проведен  в  связи декадой  химии - биологии - географии        Биологиядан     «Қызыл алма отанына саяхат»  атты деректі                                                  фильм көрсету сабағы     Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды алма жемісінің шығу тарихымен және Алматы алмасымен  таныстыру, биология пәнінен білімдерін кеңейту. Дамытушылық: Жеміс және өсімдіктер туралы білімдерін дамыту, биологияны басқа пәндермен байланыстыра отырып түсіну, ойға сақтау қабіле...
Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Биологиядан «Қызыл алма отанына саяхат» атты деректі

фильм көрсету сабағы

Өткізілетін тобы: ЭМК - 11 тобы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды алма жемісінің шығу тарихымен және Алматы алмасымен таныстыру, биология пәнінен білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Жеміс және өсімдіктер туралы білімдерін дамыту, биологияны басқа пәндермен байланыстыра отырып түсіну, ойға сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбилік: Болашақ ұрпақтың елін, жерін қорғауға үйрету, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың әдісі: Жаңа технология бойынша, иновациялық әдіс.

Пәнаралық байланыс: Биология, тарих, география, химия

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, ActivInspire бағдарламасы, «Қызыл алма отанына саяхат» атты деректі фильм.

Сабақтың барысы:

І. Ұымдастыру кезеңі.

Фильм көрсетуден бұрын мұғалім оларға көрсетілім қалай болатынын түсіндіреді. Сабақ жарыс түрінде өтеді. Алдымен интерактивті тақтада «Қызыл алма отанына саяхат » атты деректі фильм көрсетіледі. Оқушылар фильмді мұқият көріп, ондағы негізгі мәселені түсіне отырып, айтылған түсіндірмелерді ойға сақтауға тырысады. Фильм көрсетіліп болған соң мұғалім фильмге байланысты сұрақтарды интерактивті тақта арқылы береді. Кім, қалай жауап бергенін бір мұғалім белгілеп отыруы керек. Берілген сұрақтарға оқушылар шуламай, қолдарын көтеріп жауап береді. Жауаптар тақтадағы кестеге жазылады. Әр сұраққа жауап берілгеннен кейін, олар екінші кестені ашып, сұрақтың дұрыс жауаптарын тексеріп отырады. Осылайша оқушылар 20 сұраққа жауап беруі тиіс. Сайыс соңында ең көп сұраққа жауап берген оқушы жеңімпаз атанады және тиісті марапатқа ие болады. Сабақ соңында мұғалім сайысқа белсене қатысқандары үшін оқушыларға рахмет айтады. Сабақ осымен аяқталады.

ІІ. Фильмге байланысты берілетін сұрақтар


  1. Қазақстан Республикасы қай жерде орналасқан?

  2. Қазақстанның жеріне қандай мемлекеттер сыйып кете алады?

  3. Қазақстанның жерінде қандай байлықтар бар?

  4. Қазақстан қандай жемістің отаны?

  5. Неге Алматы қаласы Алматы деп аталды?

  6. Алма жемісінің отаны Қазақстанның қай жерінде?

  7. Қандай дүние жүзілік ғалымдар Алматы алмасын зерттеді?

  8. Ұлы Жібек жолы деген не?

  9. Константинопольдың қазіргі атауы қандай?

  10. Алма жемістері қашаннан бері дамып келеді?

  11. Алма қандай жолмен дамиды?

  12. Соғыс кезінде алманы кім оқ ретінде қолданды?

  13. Дүние жүзіне алманы қандай жануарлар таратты?

  14. Алма деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

  15. Қазақ даласында ең көп таралған қыз есімі қандай?

  16. Алма ненің символы?

  17. Неліктен славян, әсіресе түркі халықтары жас отбасына алма

сыйлайды?

  1. Алманың гүлденуін қалай түсінеді?

  2. Алма Алматы тауларының қандай биіктіктерінде өседі?

  3. Алманың әлемдегі ең асыл сорты қалай аталады?

III. Сұрақтардың дұрыс жауаптары

  1. Еуразия кіндігінде

  2. Бес Франция және Швецария сыйып кетеді

  3. Менделеев кестесінің барлық элементтері бар

  4. Қазақстан алманың алғашқы отаны

  5. Өйткені онда алма көп болғандықтан

  6. Алматыда, алмалы шатқалында

  7. Ағылшын ғалымы Бари Джунипер және француз Кэтрин Пекс

  8. Қытай мен Константинопольды жалғаған сауда жолы

  9. Қазіргі атауы Стамбул

  10. Алма жемістері миллион жылдан бері дамып келеді

  11. Алма табиғи жолмен дамиды

  12. Ескендір Зулхарнайн

  13. Қызыл аюлар мен жылқылар

  14. Тиіспе, әкетпе деген мағынаны білдіреді

  15. Алма есімі

  16. Алма молшылықтың символы

  17. Өйткені ол балалары көп болсын тілек

  18. Ақ тілектің орындалар шағы деп түсінеді

  19. 200-300 метр биіктіктерде өседі

  20. Алматы апорты

Осымен сайыс аяқталады.

Қарағанды қаласы.

2012 жыл

Сайыс сабағын өткізген:

Химия, биология және география пәнінің мұғалімі

Камелхан Имашхан

© 2010-2022