Қосмекенділер (Амфибиялар) класы

Байқоңыр қаласы М. Әуезов атындағы № 6 жалпы білім беретін орта мектептің биология пәні мұғалімі Жанузакова Акмарал Бегайдаровна  7 классБиология ( Тірі организмдердің көптүрлілігі)Оқулықтың авторлары: В.Б Захарова, Н.И. Сонин, Ә. Қисымқызы Сабақтың тақырыбы: Қосмекенділер (Амфибиялар) класы Сабақтың мақсаты: білімділігі – қосмекенділердің тіршілігіне сипаттама бере отырып, сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктері  туралы білім беру;    дамытушылығы – оқушылардың өз бетінше ізденуге, ұйымшылдыққа, шығармашылыққа, ойларын сауатты  жеткізуге, еркін сөйлеуге дағдыландыру;    тәрбиелілігі – табиғаттың алуан түрлі сырларын түсіне отырып, экологиялық тәрбие беру.
Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қосмекенділер (Амфибиялар) класыБайқоңыр қаласы

М. Әуезов атындағы

№ 6 жалпы білім беретін орта

мектептің биология пәні мұғалімі

Жанузакова Акмарал Бегайдаровна





7 класс

Биология ( Тірі организмдердің көптүрлілігі)

Оқулықтың авторлары: В.Б Захарова, Н.И. Сонин, Ә. Қисымқызы

Сабақтың тақырыбы: Қосмекенділер (Амфибиялар) класы

Сабақтың мақсаты: білімділігі - қосмекенділердің тіршілігіне сипаттама бере отырып, сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктері туралы білім беру;

дамытушылығы - оқушылардың өз бетінше ізденуге, ұйымшылдыққа, шығармашылыққа, ойларын сауатты жеткізуге, еркін сөйлеуге дағдыландыру;

тәрбиелілігі - табиғаттың алуан түрлі сырларын түсіне отырып, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: жаңа материалды игерту

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топпен жұмыс.

Технология: сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық - коммуникациялық технологиясының элементтері

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, оқулық, қосмекенділердің суреттері

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгелдеу, көңіл - күйін анықтау, оқушыларды 4 топқа бөлу.

2. Ой шақыру

Жасырылған жұмбақты шешіңдер:

1. Бар даусымен тақылдап,

Шалшық көлді мақтайды.

Өзін - өзін мақұлдап,

Бірін - бірін жақтайды.

Тәулік бойы бақылдап,

Мезгілімен жатпйды. (Бақа)

2. Сасық көлде ит үрер. (Құрбақа)

3. Сулы жерді мекендеп,

Құрлықта да секендеп,

Шыбын - шеркей аңдиды,

Жемге қашан жетем деп. (Бақа)

Бүгін біздің зерттеп танысатын жаңа материалымыз омыртқалы жануарлардың ішінде қосмекенділер класы.

3. Мағынаны тану (ДЖИГСО)

Әрбір топ карточка алып, өз топтарымен бірігіп берілген тапсырмаларды орындайды. Жұмыстарын орындап болған соң әр топтағылар карточкаларын бір - бірімен ауыстырады. Оқып білгеніндерін бір - біріне түсіндіреді.

№ 1 карточка. Қосмекенділерге мінездеме беріңіз.

Оқулықтың 222 бетін оқып шығыңдар. Олрға жалпы сипаттама беріп жүйелеңдер.

  1. Қандай белгілеріне сүйеніп жануарларды қосмекенділер класына біріктіреді?

  2. Қосмекенділердің шыққан тегі қандай?

  3. Қосмекенділерді жүйелеп сызбанұсқасын құрып дәптерлеріңе жазыңдар.

Типі:

Тип тармағы:

Класы:

Отряды:

1. Отряд (мысалы)

2. Отряд (мысалы)

3. Отряд (мысалы)

№ 2 карточка. Қосмекенділердің сыртқы құрылысы мен қаңқа бөлімдері, бұлшық ет жүйесі.

Оқулықтағы 223 беттегі суреттерден қосмекенділердің сыртқы пішінін қарап шығыңыздар. 224 бетті оқып, қосмекенділердің сыртқы құрылысын анықтаңдар. Қаңқа бөлімдерін суреттен анықтап, дәптерлеріңе кестені орындаңдар.

  1. Амфибиялардың сыртқы құрылысында қандай ерекшеліктер бар?

  2. Қосмекенділердің қаңқа құрылысы және омыртқа жотасы қандай бөлімдерден тұрады? Олардың аяқ қаңқасын қандай сүйектер құрайды?

  3. Қосмекенділердің бұлшық ет жүйесінің ерекшелігін атаңдар.

  4. Тапсырманы дәптерлеріңе орындаңдар.

Қаңқа бөлімі

Қаңқа бөлімін құрайтын сүйектердің аты


№ 3 карточка. Қосмекенділердің жүйке жүйелері мен сезім мүшелерінің ерекшеліктері.

225 беттен қосмекенділердің миын, сезім мүшелерін оқып шығыңдар.

  1. Қосмекенділердің миы неше бөліктен тұрады және қай миы нашар дамыған?

  2. Бақа көзінің құрылысы мен көзіне сипаттама беріңдер.

  3. Қосмекенділердің есту мүшесі қалай дамыған?

  4. Иіс сезу мүшесі қандай қызмет атқарады?

№ 4 карточка. Қосмекенділердің ішкі құрылысы.

226 беттен қосмекенділердің қанайналым, тыныс алу, ас қорыту, зәр шығару жүйелерін түсініп оқыңдар, суреттін талдаңдар.

  1. Қосмекенділер қалай тыныс алады?

  2. Қосмекенділер қанайналым жүйесінің құрлысы қандай?

  3. Ас қорыту мен зәр шығару жүйесін талда.

  4. Кестені дәптерлеріңе орындаңдар.



Мүшелер жүйесі

Мүшелер

1.

2.

3.

4.


Сергіту сәті (дене жаттығуын жасау)

4. Ой қорыту

1 тапсырма. Қай тұжырымдар дұрыс?

Дұрыс сұраққа «+», бұрыс сұраққа « - » белгісін коямыз

1

Қосмекенділер салқын қанды жануарларға жатады

2

Денесінің температурасы тұрақты болады

3

Желбезектері арқылы тыныс алады

4

Қосмекенділер балық тәрізді ата тектен тараған

5

Денелеріне аралас қан тарайды

6

Қанайналым шеңбері біреу

7

8

Қосмекенділерде алғаш рет өкпелік шеңбер пайда

болған

9

Құйрықты қосмекенділерге тритондар, саламандралар

жатады

10

Қосмекенділерде көкірек қуысы болады

11

Қосмекенділер үш отрядка бөлінеді

12

Терісі жалаңаш, кілегей бқлетін бездерден тұрады



2 тапсырма. Дұрыс жауабын беріңдер.

1. Қосмекенділердің тіршілігі ... өтеді:

а) суда;

б) құрлықта;

в) суда және құрлықта.

2. Қосмекенділердің омыртқа жотасының мойын бөлімі ... тұрады:

а) бір омыртқадан;

б) екі омыртқадан;

в) жеті омыртқадан.

3. Қосмекенділердің жүрегі ... қуысты болады:

а) бір камералы;

б) екі камералы;

в) үш камералы.

4. Қосмекенділердің ... нашар жетілген:

а) ортаңғы миы;

б) мишығы;

в) алдыңғы миы.

5. Қосмекенділерде ең алғаш ... құлақ қуысы пайда болған:

а) сыртқы;

б) ішкі;

в) ортаңғы.

Бағалау.

Үйге тапсырма беру: 222-226 беттерді оқу.





© 2010-2022