Жұмыр құрттар сабақ жоспары

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өткізілетін күні: 19.10.15

Пән: Биология

Сыныбы: 7 «ә,б,в»

Сабақтың тақырыбы: Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Ішексорғы, үшкір құрт, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және адам мен жануарлар үшін маңызы

Мақсаты: Оқушыларға жалпақ құрттарды естеріне түсіре отырып, жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктерге түсінік беру.

Білімділік: оқушыларға жұмыр құрттардың жалпақ құрттардан айырмашылығын, ішекқұртымен, үшкірқұртпен қосымша таныстыру арқылы оларға паразит құрттардың көп түрлілігі туралы түсінік беру.

Дамытушылық: өз бетінше жұмыс жасауға, қосымша материалдарды пайдалана білуде, оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ұйымшылдыққа, топпен бірігіп жұмыс жасап үйренуге, гигиеналық талаптарды сақтап, денсаулығына дұрыс қарауға үйрету.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: сұхбат

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд, биологиялық диктант, сызбанұсқалар.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесу және түгелдеу.
Ә) Кітап, дәптерлерін тексеру
II.Үй тапсырмасын тексеру
Биологиялық диктант

1. Паразит құрттарды зерттейтін сала - (Гельминтология)

2. Жалпақ құрттар деп аталу себебі - (бауыр жағы арқасына жабысып, денесі жалпақ жапыраққа немесе таспаға ұқсас)

3. Еркін жүзіп қимылдайтын , жалпақ құрттарға жататын кірпікшелі құрт - ақ сұлама

4. Сорғыш құрттар деп аталу себебі? - (қоректік денеге сорғыштарымен жабысады. Екі сорғышы бар біреуі аузында,екіншісі бауырында қорегін сору қимылы арқылы сорады )

5. Иесінің бауырындағы өт жолында сорғыштармен бекініп, өтпен қоректенеді. Сондықтан аталған - (Бауырсорғыш)

6. Таспа құрттар класы қандай жәндіктерге жатады? Неге? - (эндопаразит жәндіктерге себебі: жануардың ,адамның ішкі мүшелерінде паразиттік тіршілік етеді)

7. Эктопаразиттер дегеніміз не? - (ағза денесінің сыртында паразиттік жолмен тіршілік ететін жәндіктер)

8. Сірқабық деген не? Ол қандай қызмет атқарады? - (дене жамылғысының құрлысы ерекше эпителий ұлпаларында жасуша болмайды, оны тығыз түзіліс қаптайды.Ол түзіліс сірқабық деп аталады.Сірқабық қорғаныш және тірек қызметін атқарады.)

1.Суретке қарап құрттарды ата

Жұмыр құрттар сабақ жоспарыЖұмыр құрттар сабақ жоспарыЖұмыр құрттар сабақ жоспары

Сиыр цепені бауырсорғыш ақ сұлама

Жұмбақтар

  1. Төрт сорғышпен қармақшалар басында,

Етпен бірге қосылады асыңа,

Шала піскен етті жесең байқамай,

Қауіп - қатер туғызады басыңа. сиыр цепені

  1. Кірпікшелер көп денесін қаптаған,

Су ішінде тыным тауып жатпаған,

Екі құлақ, екі көзі тағы бар,

Осы құрттың атын өзін тауып ал. ақ сұлама

IIІ Жаңа сабақ

Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Ішексорғы, үшкір құрт, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және адам мен жануарлар үшін маңызы

Жұмыр құрттар - денесі буылтықтарға бөлінбеген, шұбалаңқы, цилиндр пішінді немесе ұршыққа ұқсас жәндіктер. Олардың көлденең кесіндісі дөңгелек, денесі үш қабаттан тұрады. Көпшілігі дара жынысты. Жұмыр құрттар денесінің ішкі қабырғасы мен ішегінің аралығында түтік тәрізді қуыс болады. Денесінде қуыс алғаш осы ағзаларда пайда болғандықтан, олар алғашқы қуыстылар типі деп те аталған.

Қуысқа толы сұйықтық сыртқы ортамен байланыспайды. Қуыста ішкі мүшелер еркін орналасып, біріне-бірі тәуелсіз жұмыс атқарады. Құрт денесіндегі қуыс пен сұйықтық денедегі барлық жасушалармен газдың алмасуына да қатысады.

Жұмыр құрт денесі үш қабаттан тұрады. Бірінші ең сыртқы қабат - сірқабық. Екінші ортаңғы қабат - гиподерма (тері астындағы қабат). Үшінші ең астыңғы қабат - бірыңғай салалы бұлшықет қабаты. Сірқабық - өлі ұлпа, сондықтан ағза денесінің өсуіне мүмкіндік бермейді, өзі өспейді. Жұмыр құрттар денесі өскен кезде, серпімді қалың қабат - сірқабықты сыпырып тастайды. Сірқабық кейіннен жаңаланып, қайта пайда болады. Жұмыр құрттардың сірқабық тастауы түлеу деп аталады. Түлеу жәндіктің уақытша өсуін қамтамасыз етеді. Өйткені денесі өскенде құрт тағы да түлей алады. Гиподерма (грекше «гипо - астында», дерма - тері») қабаты сірқабықты астарлап жатады. Гиподерма астыңғы жағынан бірыңғай салалы бұлшықет қабатына қосылады.

Жұмыр құрттардың сан алуандығы

Жұмыр құрттардың денесі екіжақты симметриялы. Көпшілігі паразиттік жолмен тіршілік етеді. Денесі буылтықтарға бөлінбегендіктен, бұл типке жататын құрттар жұмыр құрттар деп аталған. Дүние жүзінде жұмыр құрттардың 20 мыңға жуық түрі тіршілік етеді деп есептеледі. Бұлар бірнеше класқа бөлінеді. Біз тікенбасты, құрсақкірпікшелі, жұмыр құрттар, зымырақтар,қылқұрттар класының өкілдеріне тоқталамыз.

Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері. Жұмыр құрттардың денесі сірқабықпен (кутикула) қапталады. Ауыз қуысы денесінің алдыңғы жағында, ал аналь тесігі - артқы жағында орналасады. Көптеген жұмыр құрттарда тері-бұлшықет қапшығы болады. Көлденең жолақты бұлшықеттері жоқ. Сондықтан жұмыр құрттар денесін қысқарта да, соза да алмайды. Олар денесін тек жан-жағына ғана ие алады.

Жұмыр құрттарда тынысалу және қантарату жүйесі болмайды. Бұлар - дара жынысты жәндіктер. Олардың қосжыныстылары да кездеседі. Жұмыр құрттардың аталығынан аналығы ұзын. Көбінесе жұмыртқа арқылы көбейеді. Дернәсілін тірі туатын да түрлері бар. Өсімдік тамырында ауру тудыратын паразит жіпшеқұрттар (қант қызылшасының жіпшеқұрты - свекловичная нематода) шаруашылыққа орасан зор зиян келтіреді. Жіпшеқұрттардың барлығы өсімдік паразиті болып табылады, олардың мөлшері 1 миллиметрден аспайды. Жұмыр құрттар адамға және жануарларға зиян келтіреді, тері астында (суыртқы - ришта), бұлшықеттерде (трихинелла), ішекте (ішексорғы, үшкірқұрт) паразиттік әрекет жасап, ауруға ұшыратады. Ішексорғының ұзындығы (жылқы ішексорғысы) 18 сантиметрге дейін, (кит ішексорғысы) 8 метрге дейін жетеді.

Көбінесе жасөспірімдер мен балалардың аш ішегіне үшкірқұрт (аскарида) орнығады. Ол - паразит құрт. Үшкірқұрттың екі ұшы да сүйірленген, дене тұрқы 20 см шамасында болады. Оның түсі ақшыл немесе сарғыш болып келеді. Ішексорғы екі сүйір ұштарын қадап, ішекте тіршілік етеді.

Ішексорғының алдыңғы ұшында аузы, соңғы бөлігінде аналь тесігі (артқы тесік) болады. Аналь тесігінен кейінгі дене бөлігі құйрық деп аталады. Ішексорғының аузында үш ерін бар. Құрт сол еріндері арқылы ішектің қабырғасына қадалып, зақымдаған жерінен қан сорады. Оның денесі тығыз қабықшамен - кутикуламен қапталған, кутикуланың астында ұзын салалы бұлшықеттері болады. Көлденең салалы бұлшықеттері жоқ. Сондықтан ішексорғы денесін жиыра, қысқарта алмайды. Оның денесі созылмайды. Пішінін өзгертпей, тек жан-жағына иіледі.

Ішексорғының денесін қаптаған тығыз қабықша - тері-бұлшықет қапшығы деп аталады. Асқорыту және басқа мүшелері тері-бұлшықеттің астындағы сұйықтыққа толы қуыста орналасады.

Ішексорғының қорегі ауыздан түтік тәрізді ішекке өтеді. Ішек үш бөліктен құралады: алдыңғы, ортаңғы және соңғы. Қорытылған қоректі ішектің қабырғасы сорып, дене қуысын толтырып тұрған сұйықтыққа жеткізеді. Дене жасушалары қоректі сіңіреді. Қорытылмай қалған қорек қалдығы дененің соңғы бөлігіндегі аналь тесігі арқылы сыртқа шығады.

Ішексорғыда қантарату және тынысалу мүшелері болмайды. Ол таспа құрттар тәрізді тыныс алады.

Жұмыр құрттардың жүйке жүйесі жалпақ құрттарға ұқсас. Сезім мүшелері өте нашар дамыған, дененің алдыңғы жағында, терідегі ойықта химиялық сезім мүшесі болады. Ішексорғыда көз болмайды.

Ішексорғылар - дара жынысты жәндіктер. Аналығынан аталығы қысқа болады және аталығының құйрық бөлігі ішке қарай имектеніп тұрады. Ішексорғының аналығында - екі жұмыртқабез, ал аталығында бір аталықбез орналасады. Ұрықтанған жұмыртқалар ішекке бөлініп шығып, қорытылмаған тамақ қалдығымен бірге сыртқа шығып қалады. Ондай ортаға түскен жұмыртқалар (олардың саны 200 000-ға дейін жетеді) бірнеше күннен соң дернәсілдерге айналады. Осылай дамыған жұмыртқалар қолдың кірі және жуылмаған көкөністерден адамның аузына түседі. Одан ішекке өтеді. Ішекте жұмыртқаларды жарып, дернәсілдер ішектің қабырғасына қадалады. Сөйтіп бөсір (аскаридоз) ауруы пайда болады, ішексорғы бөлген улы заттардан ішектің қызметі бұзылады.

Дернәсілдер қанмен бірге өкпеге де енуі мүмкін, ондайда қақырық бөлініп, адам жөтеледі. Қақырықпен бірге ішексорғының дернәсілі ауызға түседі. Адам жұтынғанда ішекке барады. Енді ол даяр азықпен қоректеніп, жетіледі. Үш айдан соң ересек ішексорғы жұмыртқалайды.

Дене пішіні біржасушалы қарапайымдарға ұқсас жұмыр құрт түрлері - қылтыңбас, зымырақ, құрсақкірпікшелі құрттардың маңызы зор. Өйткені олар бактериялар, біржасушалы жәндіктер, балдырлармен қоректенеді. Сонымен бірге оларды шаяншалар, балық шабақтары, балықтар қорегіне жаратады. Жылқының құйрық қылына ұқсас шумақталған жіңішке (тұрқы 1 м) жұмыр құрт қылқұрт деп аталады. Оның адамға ешқандай зияны жоқ, алайда ол бунақденелілердің денесінде паразиттік тіршілік етеді.

ІV Бекіту. Семантикалық карта

Жұмыр құрттар

Ішексорғы

Қылқұрт

Үшкірқұрт

Жіпшеқұрт

Тері-бұлшықет қапшығы

+




Денесі сірқабықпен қапталған



+


Адамға еш зияны жоқ, бунақденелердің денесінде паразиттік тіршілік етеді


+



Шаруашылыққа орасан зор зиян келтіреді.




+

Ішектің қабырғасына

Қадалып,қан сорады

+




Жұмыр құрттар типіне жататын құрттарды ата: қылқұрт, қылтыңбас, үшкірқұрт, адам ішексорғысы

Сөйлемдерді толықтыр

1.Жұмыр құрт деп денесі буылтықтарға бөлінбегендіктен атаймыз

2.Денесінің сыртынан сірқабықпен (кутикула) қапталған.

3.Денесінің үшінші қабаты сірқабық, гиподерма, бірыңғай салалы бұлшықет қабаты.

4.Денесінің алдыңғы жағында ауыз қуысы орналасады.

5.Денесінің соңғы бөлігінде аналь тесігі болады.

Ойлан да, жауап бер!

Жуылмаған таңқурайды жеген балада бір аптадан соң жөтел басталып,өкпеге суық тигендіктің (күн жылы болатын) белгілері байқалады. Екі жарым айдан соң зертханалық сараптаманың нәтижесі балада паразит құрттардың жұмыртқасы бар екенін анықтады. Бұл қандай құрт болуы мүмкін? (аскаридоз)

VІ. Үйге тапсырма беру: §43 оқу. Терминдерді жаттау.

VІІ. Оқушылардың білімін бағалау.

.

© 2010-2022