Пластидтер – мембраналы органоид

Пластидтер - өсімдік жасушасында болатын негізгі органоид. Олар саңырауқұлақтарда, көк-жасыл балдырларда және бактерия жасушаларында болмайды. Пластидтердің үш типі бар: жасыл – хлоропластар, қызыл, қызғылт сары, сары – хромопластар, түссіз – лейкопластар.    Хлоропластар – митохондриялар сияқты қос мембраналы органоид. Хлоропластардың пішіні көьіне сопақша болып келеді. Оның ұзындығы – 5-10 мкм, ені – 2-4 мкм. Олардың саны өсімдіктің түріне қарай түрліше болады. Хлоропластарды ішкі және сыртқы мембраналар қоршап жатады. Хлоропластардың ішкі қабатында жалпақ мембраналы тилакоидтер және оның матриксін құрайтын строма нәруызы көп кездеседі.    Хромопластарда әр түрлі – сары, қызыл, қоңыр, т.б. түсті пигменттер болады. Олар жемістердің, жапырақтардың, гүлді өсімдіктердің күлте жапырақшаларының жасушаларында болады. Осыған байланысты хромопластардың түстері түрліше болып келеді. Эволюциялық дамуда хлоропластардың маңызы зор.  Лейкопластар көптеген өсімдіктердің жасушаларында кездеседі. Олар ұрықтық ұлпалардың жасушаларында, споралар мен аналық гаметалардың цитоплазмаларында, тұқымдарда, түйнектерде, тамырда, көптеген дара жарнақты өсімдіктердің эпидермистерінде болады. Лейкопластарда крахмал синтезделіп, жинақталады. Крахмал қор заты ретінде глюкозадан лейкопластарға келетін амилосинтетаза ферменттерінің әсерінен түзіледі. Хлоропластар, хромопластар және лейкопластар өзара бір-біріне ауыса алады. Оған көктемде немес...
Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Биология

Сынып: 10 «А»

Күн: 3.12.2013

Сабақтың тақырыбы: §16. Пластидтер - мембраналы органоид

Сабақтың мақсаты: Жаңа білім меңгерту

Сабақтың міндеттері:

А) Білімділік: Оқушыларға жасушаның қос мембраналы органоиді митохондрия, жасушадағы оның маңызы, атқаратын қызметтері туралы мағлұмат беру;

Ә) Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар, лездемелік сұрақтар, кестемен жұмыс бере отырып, сабақты интербелсенді тақтаның көмегімен өткізу арқылы ой-өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

Б) Тәрбиелілік: Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, су мен тұздың маңызын білуге, дұрыс қолдануға тәрбиелеу;

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: Интербелсенді, баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, электронды оқулықтар,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: §15. Митохондрия - мембраналы органоид

Лездемелік сұрақтар:

  1. Митохондрия грекше қандай мағына береді?

  2. Митохондрияның жасушадағы саны қанша?

  3. Митохондрияны ең бірінші қай жылы кім жәндіктердің бұлшықеттерінен тапқан?

  4. 1894 жылы оны бояумен бояп, «биобласт» деп атаған кім?

  5. 1897 жылы митохондрия деп атаған кім?

  6. Митохондрия неше мембраналы органоид?

  7. Не сбепті митохондрияны энергия стансасы деп атаған?

  8. Митохондрияның негізгі қызметін ата.

  9. Митохондрияның құрамында қанша пайыз нәруыз болады?

  10. Митохондрияның сыртқы мембранасы қызметтері жөнінен қандай органоидке ұқсайды?

ІІІ. Жаңа сабақ:

Тақырыбы: §16. Пластидтер - мембраналы органоид

Пластидтер - өсімдік жасушасында болатын негізгі органоид. Олар саңырауқұлақтарда, көк-жасыл балдырларда және бактерия жасушаларында болмайды. Пластидтердің үш типі бар: жасыл - хлоропластар, қызыл, қызғылт сары, сары - хромопластар, түссіз - лейкопластар.

Хлоропластар - митохондриялар сияқты қос мембраналы органоид. Хлоропластардың пішіні көьіне сопақша болып келеді. Оның ұзындығы - 5-10 мкм, ені - 2-4 мкм. Олардың саны өсімдіктің түріне қарай түрліше болады. Хлоропластарды ішкі және сыртқы мембраналар қоршап жатады. Хлоропластардың ішкі қабатында жалпақ мембраналы тилакоидтер және оның матриксін құрайтын строма нәруызы көп кездеседі.

Хромопластарда әр түрлі - сары, қызыл, қоңыр, т.б. түсті пигменттер болады. Олар жемістердің, жапырақтардың, гүлді өсімдіктердің күлте жапырақшаларының жасушаларында болады. Осыған байланысты хромопластардың түстері түрліше болып келеді. Эволюциялық дамуда хлоропластардың маңызы зор.

Лейкопластар көптеген өсімдіктердің жасушаларында кездеседі. Олар ұрықтық ұлпалардың жасушаларында, споралар мен аналық гаметалардың цитоплазмаларында, тұқымдарда, түйнектерде, тамырда, көптеген дара жарнақты өсімдіктердің эпидермистерінде болады. Лейкопластарда крахмал синтезделіп, жинақталады. Крахмал қор заты ретінде глюкозадан лейкопластарға келетін амилосинтетаза ферменттерінің әсерінен түзіледі. Хлоропластар, хромопластар және лейкопластар өзара бір-біріне ауыса алады. Оған көктемде немесе күзде картоп түйнектерінің түсін өзгертуін мысалға келтіруге болады. Хлоропластағы көмірсу синтезіне энергия қоры митохондрия органоидінен алынады.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:

Лездемелік сұрақтар:

  1. Өсімдік жасушасында болатын негізгі органоид.

  2. Пластидтер нелердің жасушаларында болмайды?

  3. Пластидтердің қанша типі бар? Оларды ата.

  4. Митохондриялар сияқты қос мембраналы органоидті ата.

  5. Хлоропластрадың пішіні қандай болады?

  6. Хлоропластардың ішкі қабатында нелер көп кездеседі?

  7. Хромопластарда қандай пигменттер болады?

  8. Лейкопластар қайда кездеседі?

  9. Түссіз пластидті ата.

  10. Хромопластар нелердің жасушаларында болады?

Кестемен жұмыс:

Органоид

Түрі

Құрылысы

Маңызы






Пластидтер


Хлоропластар







Хромопластар





Лейкопластар




Суретпен жұмыс:

34 -суреттің негізінде хлоропласт құрылысына сипаттама беріңдер.

Тест тапсырмасы:

Ү. Қорытынды: Пластидтер - өсімдік жасушасының негізгі органоиді. Олар үшке бөлінеді: хлоропластар, хромопластар және лейкопластар.

ҮІ. Бағалау:

ҮІІ. Үйге тапсырма: §16. Пластидтер - мембраналы органоид


© 2010-2022