Білгенге маржан биология пәнінен сайыс сабақ 6-8 сыныптар

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


  1. Сабақтың тақырыбы:"Білгенге маржан"атты білім сайысы
    Сайыстың мақсаты: Оқушылардың белсенділіктерін арттыру, жылдам ойлау, есте сақтау, ұжымдасып жұмыс жасай отырып нәтиже шығару, білімге қызығу дағдыларын қалыптастыру.

2.Оқушылардың өз бетінше ізденуін,шығармашылық жұмыстарға қызығушылықтарын дамыту

3.Жас жеткіншектердітабиғатты тани білуге,сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу ,түгендеу,сабаққа жұмылдыру,сабақ мақсатын қою.

Тапқыр,білгір дарынды

Жарыс бар бүгін арынды.

Сүисең туған жеріңді ,

Ортаға сал барыңды.

Сабақтың жоспары:
1. Ой сергіту.(Сұрақ - жауап)
2. Сандар сыры(Ойланып жауап беру)

3.Биологиялық есептер
4. Фантастикалық жануар.(Слайд бойынша)
5. Бәйге.(Генетика және халықтық педагогикаға байланысты мақал - мәтел және жұмбақтар)

6.Логикалық сұрақтар.

7.Ойлан тап.

8.Қорытынды.
І. Ой сергіту.
"Тапқырлар" тобына
1. Жасушаның химиялық құрамы(органикалық,бейорганикалық)
2.Ішкі секреция бездері бөледі.(гормон)
3. Жасушаны ашқан (Р.Гук)
4. Гүл өсімдіктің қандай мүшесі (көбею)
5.Ұлудың қан айналым жүйесі. (ашық)
"Білгірлер" тобына

1. Үшбұрышты сүйек. (жауырын)
2. Микроскоптың негізгі бөлігі . (көру түтігі)
3. Басы болмайтын ұлу. (Айқұлақ)
4. Ақсұламада алғаш рет пайда болды.(зәр шығару жүйесі)
5. Жұлынның қызметі (рефлекстік,өткізгіштік)
ІІ. Сандар сыры

70-75 рет

46-23

1300-1400 гр.

7млн.,130 млн.

200-ден астам

30 мм.

Биологиялық есептер. №1

Егер бір адамға 6 грамм тұз жеткілікті болса,әр отбасыға бір аптада,бір айда қанша мөлшерде тұз жұмсалады. Әр оқушы өз отбасына есептепшығаруға болады.

№2

Тамақтанған кезде әр адам 1 грамм нанды шығындайды. 50000 халқы бар елді мекенде бір жылда қанша нан шығындалады.

ІІІ. Фантастикалық жануар.
Слайдта дене мүшелері әртүрлі жануардан құрастырылған сурет беріледі. Қай мүше қандай жануардыкі екенін ажырату қажет.
"тапқырлар тобына
Фантастикалық құс: Басы ‒ марал
Мойны ‒ аққу
Денесі ‒ түйеқұс

Аяғы ‒ үйрек
құйрығы-әтеш
"Білгірлер " тобына
Фантастикалық жануар: Басы ‒ жолбарыс
Мойны ‒ керік
Денесі ‒ ат
Аяғы ‒ түйеқұс
Құйрығы ‒ түлкі
IV. Бәйге.
Мақалдың жалғасын табу.
1. Тектіден текті туар....(сараланып)
2. Теріңді өзгерте алсаң да,...(тегіңді өзгерте алмассың)
3. Аяғын көріп асын іш,...(анасын көріп қызын ал).
4. Жеті атасын білген ер,...(жеті жұрттың қамын жер).
Жеті атасын білмеген,...(құлағы мен жағын жер).
5. Жұртыңды ауыстыра алсаң да,...(ұлтыңды ауыстыра алмайсың).
6. Салтыңды ауыстыра алсаң да,...(халқыңды ауыстыра алмайсың).
Мәтелдер
1. Ағаш көркі ‒ жапырақ,...(адам көркі шүберек).
2. Дәрі шөптен ‒ шығады,...(дана көптен шығады).
3. Дала көркі ‒ мал,...(өзен көркі тал).
4. Тау бұлағымен көрікті,...(бұлақ кұрағымен көрікті).
5. Қораңда малың болсын,...(көшеңде талың болсын).
6. Ағаш ексең аялап,...(басыңа болар саябақ).
Жұмбақтар.
1. Жазда жайнайды, күзде жайрайды.(жапырақ)
2. Мойны сұрақ белгісі, бұл қандай көл құсы.(аққу)
3. Бұйра тұлымы желмен ойнайды, қызыл мұрыны жерге бойлайды.(сәбіз)
4. Құйрығы он қарыс, бұл айбатты...(жолбарыс)
5. Айбат шегер алыстан, аң патшасы...(арыстан)
6. Уылжыған албырт, дәмі ғажап...( алмұрт)

Логикалық сұрақтар.

1. 9 бас,22 аяқ.Неше тауық,неше ешкі. 2. Аспанда құстар тізіліп ұшып барады.Оның екеуі алда,артта екі құс,жанында екі құс.Барлығы неше құс тізіліп ұшып барады. 3. Қоян көгалда жүрген 3 жыланның біреуін жеп қойды,Неше жылан қалды. 4.Фермердің бірнеше құстары бар,оның барлығының екеуінен басқасы -үйрек,екеуінен басқасы-балапан,екеуінен басқасы-қаз.Сонда фермерде барлығы неше құс бар. Ойлан тап

1-топ Т;И;Ж;Ұ;А;Т;Л;П;Ұ;Ы;П;А;Р;Л;К;І;А;Қ;Н.

2-топ Ж;Л,Т,Ұ,Й,М,І,А,Р,Е,К,Ы,Р,С,М;Қ

Қорытынды: Сыныптан тыс жұмыс қорытындыланып,ең көп балл жинаған топ жеңіске жетті.



© 2010-2022