Білім – өркениеттіліктің әрі өлшемі, әрі тетігі

Білім – өркениеттіліктің әрі өлшемі, әрі тетігі Өлшем болатындығы – кез – келген мемлекеттің рухани да, әлеуметтік – эканомикалық та дәрежесі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейіне байланысты бағаланады.         Ғылым – ғалымды танудың кілті болса, сол ғылымның негізі білімде жатыр.Ал білімнің іргетасы жалпыға білім беретін орта мектепте қаланады.         XXI ғасыр – өркениет талаптарына сай дамыған білім ғасыры. Жас ұрпаққа қызмет ету – еліміздің болашағына қызмет ету деген сөз. Білім қызме...
Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім - өркениеттіліктің әрі өлшемі, әрі тетігі

Өлшем болатындығы - кез - келген мемлекеттің рухани да, әлеуметтік - эканомикалық та дәрежесі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейіне байланысты бағаланады.

Ғылым - ғалымды танудың кілті болса, сол ғылымның негізі білімде жатыр.Ал білімнің іргетасы жалпыға білім беретін орта мектепте қаланады.

XXI ғасыр - өркениет талаптарына сай дамыған білім ғасыры.

Жас ұрпаққа қызмет ету - еліміздің болашағына қызмет ету деген сөз. Білім қызметкерлерінің бірінші құрылтайында елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Еліміздің ертеңі - бүгінгі ұрпақтың қолында» - дей келіп, ұлы тұлға - ұстазға деген құрметпен ықыластың ерекше екендігін айтып өткен еді.

Болашақтың бәсекесіне қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу, білім беру саласының еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай ұстаз - ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбекқор, ортаның ұйытқысы, жан - жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, белсенді патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғарғы мәдениетті, жан - жақты дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық сенімдімін.

Қорыта айтқанда үнемі сыйлы, қадірлі, сүйікті болып, шәкірттерімізді білім нәрімен сусындатып, белестерге жетелей беретін, баланы жеке тұлға ретінде өздігінен дамытуға итермелеуге көмектесетін ұстаздар қауымының бүгінгі таңда алар орны ерекше екенін айту қажет.

Рысбаева Гулмира Бейсенбайқызы

Головацкий атындағы орта мектебінің биология - география пәнінің мұғалімі.Панфилов ауданы



© 2010-2022