6 сынып бойынша биология пәнінен тест жинағы

Раздел Биология
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6 сынып бойынша биология пәнінен тест жинағы6 сынып бойынша биология пәнінен тест жинағы6 сынып бойынша биология пәнінен тест жинағы6 сынып бойынша биология пәнінен тест жинағы6 сынып бойынша биология пәнінен тест жинағы6 сынып бойынша биология пәнінен тест жинағы

Қазақстан Республикасы

Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Қаракөл орта мектебі



Биология оқулығының параграфтары бойынша қайталауға

арналған тест сұрақтары

6 сынып


Дайындаған: Бақтыкереева Нұргүл Рысқұлқызы

Биология және химия пәні мұғалімі



2014 жыл

6 сынып Биология. Кіріспе - §15.

1.Барлық тірі ағзалар тұрады

А) бір жасушадан;

В)көп жасушадан;

С)жасушадан;

Д)мүшелерден;

Е)мүшелер жүйесінен.

2. Өсімдік жасушасының жұқарған жері

А)саңылау

В)көзше;

С)қабықша;

Д)вакуоль;

Е)түк.

3. 60-90% су, 10-20% нәруыз, 2-3 % май бар

А)ядрода;

В)вакуольде;

С)цитоплазмада;

Д)қабықшада;

Е)пластидте.

4. Егер жасуша ішіндегі қысым өзгерсе , өсімдік

А)қурап қалады;

В)өсе береді;

С)ұзарып өсе алмайды;

Д)бұтақтана алмайды;

Е)сол қалпында қалады.

5. Меристема

А)өткізгіш ұлпа;

В)түзуші ұлпа;

С)бөліп шығарушы ұлпа;

Д)жабын ұлпа;

Е)тірек ұлпа.

6. Өте ұсақ, қабықшасы жұқа,ядросы жасушаның ортасында орналасқан

А)сабақ пен тамырдың ұшында орналасқан түзуші ұлпа;

В)жапырақта орналасқан түзуші ұлпа;

С)қабықта орналасқан түзуші ұлпа;

Д) сабақ пен тамырдың ұшында орналасқан бөліп шығарушы ұлпа;

Е) қабықта орналасқан бөліп шығарушы ұлпа.

7. Өсімдік мүшелерін суды артық буландырудан,зақымданудан қорғайды

А)тірек ұлпа;

В)тоз;

С)қыртыс;

Д)өң;

Е)саңылау.

8. Біркелкі тегіс болмай, сайлы,кедір-бұдырлы болады

А)тоз;

В)өң;

С)қыртыс;

Д)жапырақ;

Е)тамыр.

9. Өсімдіктің «қаңқасы»

А)негізгі ұлпа;

В)түзуші ұлпа;

С)бөліп шығарушы ұлпа;

Д)жабын ұлпа;

Е)тірек ұлпа.

10. Домалақ басты түктер тән

А)мандаринге;

В)қазтамаққа;

С)шүйіншөпке;

Д)шайқурайға;

Е)дәмжапыраққа(лавр).

11. Өсімді мүшелер неше жүйе құрайды

А)2;

В)4;

С)5;

Д)3;

Е)6.

12. Атқаратын қызметіне қарай 3-ке бөлінетін тамыр аймағы

А)тамыр оймақшасы;

В)бөліну ;

С)өсу;

Д)сор;

Е)өткізу аймағы.

13. Фосфор мен калий қызанақтың қай мүшесіне керек

А)тамырына;

В)сабағына;

С)жапырағына;

Д)гүліне;

Е)жемісіне.

14.Тіршілігін сақтау үшін өсімдік мүшелерінің ауытқуы

А)жапырақтың түсуі;

В)сарғаюы;

С)түрөзгерісі(метаморфоз);

Д)қурап қалуы;

Е)тамырлануы.

15. Жемтамырда

А)негізгі тамыр жуандайды;

В)жанама тамыр жуандайды;

С)қосалқы тамыр жуандайды;

Д)барлық тамыр жуандайды;

Е) өзгермейді.

16. Паразитті өсімдіктерде

А)негізгі

В)қосалқы

С)ауа

Д)тіреу

Е)емізік тамыр дамиды;

17. Төбе бүршік қалыптасады

А)ұрықта;

В)жапырақ қолтығында;

С)жапырақ тақтасының жиегіне;

Д)тамырда;

Е)сабақта.

18. Қосалқы бүршіктер дамиды

А)тамырда;

В)өсімдіктің кез келген жерінен;

С)сабақта;

Д)тамыр атпасынан;

Е)жапырақтан.

19. Бүршік ісініп,қабыршағы ашылады

А)жазда;

В)күзде;

С)көктемде;

Д)қыста,

Е)барлық мезгілде.

20. Жабысқақ қызылбояу

А)жатаған;

В)шырмалғыш;

С)өрмелегіш;

Д)қысқарған;

Е)тік сабақты өсімдік.

21. Жасымықша

А)су өткізеді;

В)тыныс алуға қатысады;

С)қорғаныш қызметін атқарады;

Д)мықтылық қасиет береді;

Е)өндірісте маталар тоқиды.

22. Жылдық шеңбердің оңтүстікке қараған жағы

А)жіңішке;

В)сәл жіңішке;

С)орташа;

Д)жуан;

Е)аз ғана жуандау болып келеді.

23. Органикалық заттар қозғалады

А)сүрек арқылы;

В)қабықтағы тін талшықтары арқылы;

С)өзек арқылы;

Д)сүрек арқылы;

Е)камбий арқылы.

24. Жабайы алма,жабайы алмұрт ағаштарындағы тікенекті сояу

А)түрін өзгерткен сабақ;

В)жапырақ;

С) түрін өзгерткен жапырақ;

Д) түрін өзгерткен тамыр;

Е) түрін өзгерткен ьүршік.

25. Қырыққабат неше жылдық өсімдік

А)бір;

В)екі;

С)үш;

Д)көп;

Е)көпжылдық ағаш тектес.

6 сынып Биология. §16-23

1.Жапырақ тақтасын жарыққа бағыттап, қозғалтады

А)сабақ;

В)сағақ;

С)жапырақ алақаны;

Д)бұтақ;

Е)өсімдік.

2. Жапырақ сағағының түбінде орналасқан әртүрлі майда жапырақшалар

А) жай;

В) күрделі;

С)бөбешік;

Д)сағақты;

Е) қынапты.

3. Қынапты жапырақты өсімдік

А)қарағай;

В)шырша;

С)арпа;

Д)бидай;

Е)жөке.

4. Кавказ самырсыны жапырағының өмір сүру ұзақтығы

А)2-4 жыл;

В)9-13 жыл;

С)6-10 жыл;

Д)5-12 жыл;

Е)1-2 жыл.

5. Жапырағы жебе тәрізді өсімдік

А)қарабидай;

В)жүгері;

С)итмұрын;

Д)құсшөп;

Е)шырмауық.

6. Жапырақшалары негізгі сағақты бойлай екі жағына бірдей орналасады

А)үш құлақты күрделі;

В)саусақ салалы күрделі;

С)қауырсын тәрізді күрделі;

Д)ине тәрізді;

Е)бүйрек тәрізді.

7. Тақ қауырсынды өсімдік

А)қызыл мия;

В)асбұршақ;

С)беде;

Д)арпа;

Е)балдырған.

8. Торлы жүйкелену тән өсімдік

А)үйеңкі;

В)терек;

С)бидай;

Д)інжугүл;

Е)жолжелкен.

9. Сабақтың әр буынына екі жапырақтан қарсы орналасса

А)топтанып;

В)кезектесіп;

С)қарама-қарсы;

Д)бірігіп;

Е)жинақталып.

10. Хлорофилл болмайды

А)жапырақ өңінде;

В)жанаспалы жасушаларда;

С)бағаналы жасушаларда;

С)борпылдақ жасушаларда;

Е)жапырақта.

11. Көлеңке сүйгіш өсімдіктер

А)қарағай;

В)қайың;

С)терек;

Д)жөке;

Е)шырша.

12. Көмірқышқыл газы мен тамырдан келген су қосылып, түзеді

А)крахмал;

В)қант;

С)май;

Д)нәруыз;

Е)тұз.

13. Фотосинтездегі хлорофилдің ролін алғаш сипаттаған

А)К.А.Тимирязев;

В)Ван Гельмонт;

С)Роберт Гук;

Д)Ж.Күдерин;

Е)Х.Досмұхамедов.

14. Оттегі бөлінеді

А)тек жарықта;

В)қараңғыда;

С)түнде және күндіз;

Д)тек үй жағдайында;

Е)суда.

15. Өсімдіктердің суды буландыруы

А)артық суды ұстамау;

В)суды қажет етпеуі;

С)жапырақты күн сәулесіне қызып кетуден сақтау;

Д)тамыр арқылы су келетіндіктен;

Е)еш маңызы жоқ.

16. Ұзын,киіздей тұтасқан түк басқан өсімдік

А)қоянсүйек;

В)үрмебұршақ;

С)сиырқұйрық;

Д)итмұрын;

Е)шықшылдық.

17. Дәмді,суыққа төзімді іріктемелер алу үшін қолданады

А)пиязшық арқылы көбейтуді;

В)түйнек арқылы көбейтуді;

С)мұртша арқылы көбейтуді;

Д)телу арқылы көбейтуді;

Е)тамырсабақ арқылы көбейтуді.

18. Гүлсағағы жоқ гүлдер аталады

А)сағақты;

В)отырмалы;

С)жай;

Д)күрделі;

Е)жалпақ.

19. Тостағаншасы күлтесі ашыла сала түсіп қалады

А)баклажан;

В)меңдуана;

С)көкнәр;

Д)итошаған;

Е)бақбақ.

20. Шірнеліктер орналасады

А)күлтенің түбінде;

В)гүлтабанда;

С)тостағаншада;

Д)гүлсағақта;

Е)аналық ауызда.

21. Тозаңқап бөлігі

А)аталықтың;

В)аналықтың;

С)күлтенің;

Д)тостағаншаның;

Е)жапырақтың.

22. Тұқымбүршік дамиды

А)аталықта;

В)күлтеде;

С)аналық жатында;

Д)аналық мойында;

Е)аналық ауызда.

23. Гүлсеріксіз өсімдік

А)асбұршақ;

В)қызғалдақ;

С)сарымсақ;

Д)мақта;

Е)еменнің аналық гүлі.

24. Осы таңбамен белгіленеді

А)дұрысгүл;

В)бұрысгүл;

С)аналық;

Д)аталық;

Е)қосжынысты.

25. * Т(5) К(5) А5 Ж(2) Қай өсімдіктің формуласы

А)Картоп гүлінің формуласы;

В)қызғалдақтың;

С)итмұрынның;

Д)асбұршақтың;

Е)баклажан гүлінің формуласы.

6 сынып . §24-25 Гүлшоғырлар және өсімдіктердің жынысты

көбеюі тақырыбына тест.

1.Гүл шығаратын өркенде ретпен орналасқан ұсақ гүлдер тобы:

А) гүлтабан;

В) гүлсағақ;

С) гүлшоғыр.

Д)гүлсерік

Е)аналық

2. Гүлшоғырлар бөлінеді:

А) 2-ге;

В) 3-ке;

С) 4-ке.

Д) 5-ке

Е) 6-ға

3. Жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа кезектесіп орналасатын гүлшоғыр:

А) шатыр;

В) шашақ;

С) собық.

Д)себет

Е)масақ

4. Мойыл,мия, қараған, қарақат жатады:

А) жай шатыр;

В) жай масақ;

С) жай шашақ

Д)күрделі шашақ

Е)күрделі шатыр.

5. Орталық негізгі сабағы жуан, жамылғы орама жапырақтары бар:

А) сыпыртқы;

В) шоғырбас;

С) собық.

Д)себет

Е)шатыр

6. Жүгері, калла :

А) сыпыртқы;

В) шоғырбас;

С) собық.

Д)себет

Е)масақ

7. Негізгі сабақ қысқарып, дәл ұшынан сағағы ұзын, біркелкі шоғырланған бірнеше гүлдер бір жерден таралады:

А) жай шатыр;

В) жай масақ;

С) жай шашақ

Д)күрделі шатыр

Е)күрделі масақ

8.Гүлдері сабаққа сағақсыз кезектесіп орналасады:

А) жай шатыр;

В) жай масақ;

С) жай шашақ

Д) күрделі масақ

Е) сыпыртқы;

9.Гүлшоғыры қысқарған әрі жалпақ:

А) собық;

В) себет;

С) сыпыртқы

Д) масақ;

Е)шашақ.

10.Масақ пен шашақ гүлшоғырына ұқсас, негізгі сабағы иілгіш, гүлдеп болған соң тұтас үзіліп түседі:

А)сырға;

В) себет;

С) сыпыртқы

Д) шоқпарбас

Е)шатырша

11. Сәбіз, балдырған, аскөк қандай гүлшоғыр?

А) күрделі шатыр;

В) күрделі масақ;

С) күрделі шашақ.

Д) шатырша

Е) себет

12. Себет гүлшоғырға жатады:

А) күнбағыс,бақбақ,өгейшөп,гүлкекіре;

В) күнбағыс,бақбақ,бидайық;

С) өгейшөп,гүлкекіре,тары

Д)жүгері,калла;

Е)жолжелкен,қарақат.

13. Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері:

А)жапырақ пен сабақ;

В)аталық пен аналық;

С)күлте мен тостағанша

Д)тамыр мен гүл;

Е)гүлтабан мен жапырақ.

14. Бір гүлдің аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі:

А) тозаңдану;

В) айқас тозаңдану;

С) өздігінен тозаңдану.

Д)ұрықтану;

Е)көбею.

15. Аталық тозаңның аналықтың аузына түсуі:

А) тозаңдану;

В) қосылу;

С) ұрықтану

Д) қосылу;

Е)көбею.

16. Өздігінен тозаңданатын өсімдіктер:

А)жер жаңғағы, шегіргүл, тары;

В)шие,алхоры,алма;

С)құлмақ, жүгері,қарабидай;

Д)қарабидай,қайың;

Е)шай, асқабақ.

17. Бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі:

А) тозаңдану;

В)айқас тозаңдану;

С)өздігінен тозаңдану

Д)ұрықтану;

Е)қосылу.

18. Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы:

А) тозаңдану;

В)қосылу;

С)ұрықтану;

Д) жақындау;

Е)көбею.

19. Гүлдері жағымсыз иіс бөлетіндер:

А)бетеге, саумалдық;

В) қарасора, жүгері;

С)шаянот, жиренше;

Д)құлмақ,арахис;

Е)алма,шаянот.

20. Өсімдіктердің тозаңы өте майда, жеңіл,көп болады:

А)бунақденелілер арқылы тозаңданатындар;

В)жел арқылы тозаңданатындар;

С)өздігінен тозаңданатындар;

Д)Құстар арқылы тозаңданатындар;

Е)Ұрықтанатындар.

21. Қосарлы ұрықтануды ашқан:

А) С.Г.Навашин;

В) К.А.Тимирязев;

С) Роберт Гук;

Д)Антон Левенгук;

Е)әкелі-балалы Янсендер

22. Қайсысы бірінші жүреді:

А) тозаңдану;

В) қосылу;

С) ұрықтану;

Д) жел арқылы тозаңдану;

Е) өздігінен тозаңдану.

23. Өсімдіктердің гүлдері ашық реңді, хош иісті, тозаңдары өте ірі,тәтті

шірне бөледі:

А)бунақденелілер арқылы тозаңданатындар;

В)жел арқылы тозаңданатындар;

С)өздігінен тозаңданатындар;

Д)Құстар арқылы тозаңданатындар;

Е)Құстар арқылы тозаңданатындар.

24. Гүлшоғырдың биологиялық маңызы:

А) бунақденелілердің көзіне тез түседі;

В) шаруашылықта маңызды;

С)тамаққа пайдалы,

Д)табиғатқа пайдалы;

Е)адамдарға пайдалы.

25. Ботаника нені зерттейді?

А)тіршілікті;

В)өсімдіктерді;

С)жануарларды

Д) жәндіктерді;

Е)балдырларды.

6 сынып. §26-30 Жемістер.Тұқым.Тыныс алу тақырыбына тест

1.Өсімдік гүлдеген соң ұрықтанған аналықтың жатыны айналады:

А)Жеміске;

В) тұқымға;

С) гүлге;

Д) дәнге;

Е) аналыққа.

2. Гүлді өсімдіктердің жемістері бөлінеді:

А)3-ке;

В)4-ке;

С)5-ке ;

Д)2-ге;

Е)6-ға.

3. Шырыны мол, жұмсақ жемістер:

А)Жидек;

В)сүйекті;

С)шырынды;

Д) құрғақ;

Е)жидек тәрізді.

4. Жемістің сыртқы қабығы жұқа, жұмсақ, ішінде тұқымдары көп болса:

А)Жидек;

В)сүйекті;

С)шырынды;

Д) құрғақ;

Е)жидек тәрізді.

5. Қызанақ, қарлыған, алқа,жүзім:

А)Жидек;

В)сүйекті;

С)шырынды;

Д) құрғақ;

Е)жидек тәрізді.

6. Көп ұялы, көп тұқымды жемістер:

А) құрғақ;

В)жидек тәрізді;

С)Жидек;

Д)сүйекті;

Е)шырынды

7. Асқабақты жемістер:

А)қияр,қарбыз,қауын;

В)қарақат,картоп,баклажан;

С)апельсин,мандарин.

Д) алма,алмұрт.

Е)шие,өрік.

8. Сүйекті шырынды жеміс:

А) шие,алхоры,

В)бадам;

С)алма,беже;

Д)картоп, баклажан;

Е)қияр, қауын.

9. Құрғақ жеміс:

А)беже;

В) асқабақ;

С) шие;

Д) асбұршақ;

Е)алмұрт.

10. Қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар:

А) бұршаққап;

В)бұршаққын;

С) қауашақ;

Д)дәнек;

Е) жаңғақ.

11. Бір ұялы, тұқым саны бір не бірнеше құрғақ жеміс:

А) бұршаққап;

В)бұршаққын;

С) қауашақ;

Д)дәнек;

Е) жаңғақ.

12. Бір,үш, бес және көп ұялы, көп тұқымды құрғақ жеміс:

А) бұршаққап;

В)бұршаққын;

С) қауашақ;

Д)дәнек;

Е) жаңғақ.

13. Жел арқылы таралатын, жеміс серігінің біраз бөлігі жұқарып, қанатқа айналған:

А)Дәнек;

В) қанатты жеміс;

С) тұқымша;

Д) жаңғақ;

Е) жинақталған жеміс.

14. Жеміс серігі ағаштанып қатайып кеткен, тұқымдары жеміс серігімен бірікпей бос жатады:

А)Дәнек;

В) қанатты жеміс;

С) тұқымша;

Д) жаңғақ;

Е) жинақталған жеміс.

15. Ананас, тұт, інжір:

А)Дәнек;

В) қанатты жеміс;

С) тұқымша;

Д) жаңғақ;

Е) жинақталған жеміс.

16. Жатынның тұқым бүршігінен дамиды:

А)тұқым;

В) ұрық;

С) қауыз;

Д) кіндік;

Е) жарнақ.

17. Тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден,зақымданудан, шіруден сақтайды:

А)тұқым қауызы(қабық),

В)жарнағы;

С) эндоспермі;

Д) тұқым кіндігі;

Е) ұрығы.

18. Қос жарнақты өсімдік:

А)пальма, құртқашаш;

В) күріш, күнбағыс;

С) асқабақ, қияр;

Д) қауын, тары;

Е) қарбыз, жүгері.

19. Алғашқы тамырша, алғашқы сабақша, алғашқы бүршікшеден тұрады:

А)тұқым;

В) ұрық;

С) дәнек;

Д) жарнақ;

Е) сабақ.

20. Тұқымның өнуіне, шығымдылығын с ақтауға, бөртуіне қажет:

А)су;

В)жылу;

С) ауа;

Д)жарыҚ;

Е)топырақ.

21. Мақта , темекі өнеді:

А)+150

В)+100

С)1-50С

Д) 0-50С

Е)10С

22. Қос жарнақты өсімдіктерде тұқымды қорекпен қамтамасыз ететін:

А)жарнақ;

В)эндосперм;

С) дән;

Д) ұрық;

Е)жапырақ.

23. Тұқым өнген кезде құрғақ затының неше пайызы кемиді

А)1-2;

В)2-3 ;

С)3-5;

Д)5-10;

Е)3-10.

24. Тұқымның тыныс алуы тоқтайды:

А)-20-250С-та;

В)10-120С

С)+ 300С

Д) +50С

Е) кез келнен температурада.

25. Өсімдік тыныс алады:

А) Оттегімен;

В) Көмір қышқыл газымен;

С) ауамен;

Д) сутекпен;

Е) азотпен.

6 сынып. 31-34 Жануарлар тіршілігі

1.Жануарлардың өсімдіктерден айырмашылығы:

А)тыныс алады;

В) қоректенеді;

С) зат алмасады;

Д) дайын органикалық заттармен қоректенеді;

Е) қозғалады.

2. Көптеген жануарлардың денесі

А)сәулелі симметриялы;

В) екі жақты симметриялы;

С) симметриясыз;

Д) көп қабатты;

Е) бір қабатты.

3. Аз қозғалатын жануардың денесі:

А)сәулелі симметриялы;

В) екі жақты симметриялы;

С) симметриясыз;

Д) көп қабатты;

Е) бір қабатты.

4. Кит тіршілігіне ең қолайлы орта:

А)теңіз;

В) өзен;

С)мұхит;

Д) көл;

Е) мұз.

5. Кит денесінің ұзындығы:

А) 5-10 м;

В) 10-15 м;

С) 15-20 м;

Д)20-25м

Е)25-30 м.

6. Денесі бір ғана жасушадан тұратын, микроскоп арқылы көрінетін ағзалар

А)қарапайымдар;

В)жәндіктер;

С) жануарлар;

Д) өсімдіктер;

Е) бактериялар.

7. 1665 жылы аталық жыныс жасушасын зерттеген

А)Р.Гук;

В) Ч.Дарвин;

С) А.Ван Левенгук.

Д)Яесендер;

Е)Ж.Б. Ламарк.

8. Хлоропласты бар қарапайым

А)амеба;

В) арцелла;

С) эвглена;

Д)кірпікшелі кебісше;

Е)шаян.

9. Вольвокстың бір шоғырындағы жасуша

А)100-200;

В)200-300;

С)300-400;

Д)500-800;

Е)500-1000.

10. Амеба протей

А)тамыраяқты;

В)кірпікшелі;

С) талшықты;

Д)құйрықты;

Е)өскіншелі.

11. Кірпікшелі кебісшенің денесіндегі кірпікшелер саны:

А)100-1000;

В)1000-1500;

С)1500-2000;

Д)2000-2500;

Е)2500-3000.

12. Біржасушалы ағза

А)дара;

В)түр;

С) тұтас ағза;

Д)тек жасуша;

Е)маңызы жоқ.

13. Пигменттер, нәруыздар, вакуольдер

А)органоидтар;

В)тұрақты қосындылар;

С)тұрақсыз қосындылар;

Д) ядро;

Е)лизосома.

14. Жасуша бөліктерін біріктіріп ұстайды

А)ядро;

В)цитоплазма;

С)мембрана;

Д)вакуоль;

Е)пигменттер.

15. Эвглена қозғалады:

А)денесі арқылы;

В)талшығы мен;

С)цитоплазмасымен;

Д) кірпікшесімен;

Е)қабықшасымен.

16. Кебісше қоректенеді:

А)бактериямен;

В)амебамен;

С) шіріту бактериясымен;

Д)пішен бактериясымен;

Е) топырақ бактериясымен.

17. Кебісшенің ас қорытуы:

А)аузы, жұтқыншақ, асқорыту вакуолі;

В)кез келген жері;

С) жалған аяғы;

Д) ядросы;

Е) жиырылғыш вакуолі арқылы жүреді.

18. Маса дернәсілдерін құрту үшін өсіріледі

А)майшабақ;

В)сазан;

С)тұқы;

Д)гамбузия;

Е) скумбрия.

19. Кірпікшелі кебісше жынысты жолмен көбейгенде маңызды роль атқарады:

А)үлкен ядро;

В)кіші ядро;

С) екі ядро;

Д) цитоплазма;

Е) мембрана.

20. Қарапайымдар бөлінеді:

А)митоз;

В)мейоз;

С) амитоз;

Д) жынысты жолмен;

Е)күрделі бөліну.

21. Күрделі органикалық заттар ыдырайды:

А)сөлдің әсері;

В) судың әсері;

С) вакуольдің әсері;

Д)ауаның әсері;

Е) ыдырамайды.

22. Арцеллла қозғалады:

А)жалған аяғымен;

В)талшығы мен;

С) цитоплазмасымен;

Д) кірпікшесімен;

Е)бақалшағымен

23.Тиіннің сүйікті азығы

А)дән;

В)жапырақ;

С) бұтақ;

Д)бүр;

Е) тамыр.

24. Шортан мекен етеді

А) теңізде;

В)ащы суда;

С)тұщы суда;

Д) мұхитта;

Е) мұздықтарда.

25. Денесінің екі жақты симметриялы болуы жануарға

А)ұшуға;

В) жеңіл қозғалуға;

С)баяу қозғалуына;

Д) қозғалмауына;

Е) бекінуіне мүмкіндік береді.



  1. сынып Биология . §35-40

( Жасушалар.Ұлпалар.Мүшелер.Мүшелер жүйесі - Көпжасушалы жануарлардың зәр шығаруы мен зәр шығару жүйесінің құрылысы)

1.Өсімдіктерде жарғақшаны қаптайды

А) жасунық(клетчатка);

В)мембрана;

С)плазмолемма;

Д)матрикс;

Е) гликокаликс

2. Ядроның іші:

А)цитоплазма;

В)гиалоплазма;

С)кариоплазма;

Д)плазма;

Е)су.

3. Жасушадағы қуатты өндіретін:

А) ядро;

В)митохондрия;

С)цитоплазма;

Д) хромосома;

Е) ядрошық.

4.Дененің сыртқы жамылғысын түзіп, оны тұтас жауып тұратын ұлпа

А)бұлшық ет;

В)жүйке;

С)эпителий;

Д)дәнекер;

Е)хитин.

5. Без бұл-ұлпа

А) бұлшық ет;

В)жүйке;

С)эпителий;

Д)дәнекер;

Е)хитин.

6. Буынаралық байланыстарға қатысып, қаңқа сүйектеріне беріктік қасиет беретін ұлпа

А) )эпителий;

В)дәнекер;

С)хитин.

Д)бұлшық ет;

Е)жүйке;

7. Көпжасушалыларда құрылымдық және қызметтік жағынан топтасып, мүшелер мен мүшелер жүйесін құрайды

А)мүше;

В)жасуша;

С)ұлпа;

Д)сүйек;

Е)шеміршек.

8. Бауыр мен бұлшық ет жасушаларында көп кездеседі

А)нәруыз;

В)көмірсу;

С) май;

Д) амин қышқылдары;

Е) глицерин.

9. Гидраның ас қорытуы

А)жасуша ішілік;

В)ішек қуысында;

С) ауызында;

Д) қарынында;

Е)жасуша ішілік және ішек қуысында.

10. Жұтқыншағын айналдырып, қорегін тұтас жұтады

А)акула;

В)ақ сұлама;

С)шұбалшаң;

Д)құрт;

Е)жылан.

11. Төменгі тісшелі жағымен тағамын ұсақтайды

А) ақ сұлама;

В)зауза қоңыз;

С)шұбалшаң;

Д)құрт;

Е)жылан

12. Өңештің соңғы бөлімі кеңейіп жемсауға айналған

А) құстарда;

В) бунақденеқоректілерде;

С)дәнқоректілерде;

Д)сүтқоректілерде;

Е)итте.

13. Құстарда тістің қызметін атқарады

А)мүйізденген тұмсық;

В)жақ;

С)безді қарын;

Д)жемсау

Е)етті қарын.

14. Сойдақ тістері күшті дамыған

А)ит,сусар,арыстан;

В)қоян, құндыз,тиін;

С)қоян,қарсақ;

Д)қасқыр, тышқан;

Е)көртышқан, кірпі.

15.Қарны бір бөлімді

А)мысық,ит;

В)ит,сиыр;

С)ешкі, қой;

Д)сиыр,жылқы;

Д)балық,түйе.

16. Ұйқы безінің сөлі

А)қышқылдық орта;

В)сілтілік орта;

С)бейтарап орта;

Д)әлсіз орта;

Е)күшті орта.

17. Қарын сөлі

А)қышқылдық орта;

В)сілтілік орта;

С)бейтарап орта;

Д)әлсіз орта;

Е)күшті орта.

18. Қосмекенділердің тыныс алуы

А)жақсы дамыған өкпесі;

В)нашар дамыған өкпесі;

С)дамымаған;

Д)тек тері арқылы

Е)өкпе және тері арқылы

19. Қосмекенділердіңі терісі

А)қатты,қабыршақты;

В)жұқа,жұмсақ;

С) мүйізді қабыршақ;

Д) мүйізді сауыт;

Е) плакоидты қабыршақ

20. Құстардың ауа қапшығы өкпеден

А)үлкен;

В)5 есе артық;

С)5 есе кем;

Д)10 есе артық;

Е)10 есе кем.

21. Дыбыс сіңірлері жақсы дамыған

А)құстарда;

В)жыртқыш балықтарда;

С)сүт қоректілерде;

Д)балықтарда;

Е)бақаларда.

22. Құрттардың зәр шығару жүйесі

А)бүйрек;

В)екі жасыл без;

С) жұлдызша түтікшелер;

Д)мальпигий түтікшесі;

Е)несепағар.

23. Клоака

А)құстарда;

В)иттерде;

С)балықта;

Д) мысықта;

Е)маймылда.

24. Бақа дернәсілі тыныс алады

А) өкпемен;

В)желбезекпен;

С) терімен;

Д) ауа қапшығымен;

Е)аузымен.

25. Балық желбезегі

А)доғалардан;

В)жапырақшадан;

С) талшықтардан;

Д)доға,желбезек,жапырақшадан;

Е)қақпақшадан тұрады.

§41-45 6 сынып (Көпжасушалы жануарлардағы қан,лимфа және қан айналымы)

1.Қай жануардан бастап қан болады

А)шұбалшаң;

В)шыбын;

С) гидра;

Д)балық;

Е) бақа.

2. Қан құрамындағы күрделі нәруызды зат

А)эритроцит;

В) лейкоцит;

С)гемоглобин;

Д) гем;

Е)глобин.

3. «Обыр»жасушалар

А)эритроцит;

В) лейкоцит;

С)тромбоциттер:

Д)остеоцит;

Е)барлық жасушалар.

4. Бір рет ауырған соң ағзада қалыптасатын имммунитет

А)туа пайда болған;

В)жүре пайда болған;

С) табиғи;

Д) жасанды;

Е)медициналық.

5. Шұбалшаңның құрсақ қан тамырымен қан

А)дененің артқы жағына;

В)алдыңғы жағына;

С)денені бойлай;

Д)алға да, артқа да;

Е)жүрекшеге қарай қозғалады.

6. Дене қуысына құйылмай, қантамырлары арқылы таралатын қан айналымы

А)ашық;

В)тұйық;

С)аралас;

Д)шеңберлі;

Е)доғалы.

7. Қанның жүректен ұшы тұйық емес қантамырларына, дене қуысына құйылуы

А)ашық;

В)тұйық;

С)аралас;

Д)шеңберлі;

Е)доғалы

8. Бунақденелілердің қан айналымы

А)аралас;

В)шеңберлі;

С)доғалы

Д)ашық;

Е)тұйық;

9.Жүрегі құлақша мен қарыншадан тұрады

А)шұбалшаң;

В)гидра;

С)шаян;

Д)ұлу;

Е)өрмекші.

10. Балықтың құрсақ қолқасы ашылады

А)жүрекке қарай;

В) желбезекке;

С)арқаға;

Д) құйрық бөліміне;

Е)бас бөліміне.

11. Құрсақ қолқасы шығады

А)жүректен;

В)құлақшадан;

С)қарыншадан;

Д) желбезектен;

Е) сол жақ қарыншадан.

12. Желбезектен шыққан қан

А)вена;

В)артерия;

С)аралас;

Д)екі шеңберлі;

Д)қызыл қоңыр.

13. Салқынқанды деп аталу себебі

А)екі қан айналу шеңбері болғандықтан;

В) бір шеңберлі болғандықтан;

С)аралас қан болғандықтан;

Д)қыста ұйықтайтындықтан;

Е) жылы жақта кездесетіндіктен.

14. Жорғалаушылардың жүрегі

А) төрт бөлікті;

В)екі құлақша мен бір қарынша;

С)қарыншасы бірге;

Д)қарыншасы жартылай пердемен бөлінген;

Е) )қарыншасы пердемен толық бөлінген;

15. Гидраның қозғалуы

А) адымдап;

В)секіріп;

С)ирелеңдеп;

Д) төрттағандап;

Е) жылжып.

16. Шұбалшаңның топырақты «аузымен асап» ішегінен өткізіп, аналь тесігіне шығаруы

А) қозғалуы;

В)зәр шығаруы;

С) топырақты қопсытуы;

Д)топырақ құрылымын жақсартуы;

Е)өзіне қолайлы орта жасауы.

17. Өзен шаянының құрсақ аяқтары

А) жүруге;

В)жүзуге;

С)қорегін ұстауға;

Д)жауынан қорғануға;

Е)ұшуға жәрдемдеседі.

18. Өзен шаянының баскөкірек бөліміндегі 5 жұп аяқтары

А) жүруге;

В)жүзуге;

С)қорегін ұстауға;

Д)жауынан қорғануға;

Е)ұшуға жәрдемдеседі.

19. Өрмекшінің 3 жұп өрмек безі

А)аяғында;

В)басында;

С)көкірегінде;

Д)денесінде;

Е)құрсағының ұшында орналасады.

20. Балықтың денесі

А)сауытты қабыршақпен;

В)терімен;

С) сүйекті қабыршақпен;

Д) қауырсынмен;

Е)бұдырлы қабықпен қапталған.

21. Балықтың жұп жүзбеқанаттары

А)арқа,құрсақ;

В)көкірек, арқа;

С)көкірек,құрсақ;

Д)құйрық, арқа;

Е)аналь.

22. Денені берік ұстауға жәрдемдесетін қанаттары

А)көкірек,құрсақ;

В)құйрық, арқа;

С)аналь.

Д)құйрықасты

Е)арқа.

23.Артқы аяқтарында терілі жүзбежарғағы бар

А) балықта;

В)бақада;

С)құстарда;

Д) сүтқоректілерде;

Е)кірпікшелі құрттарда.

24. Бақаның алақаны

А)төрт саусақты;

В) бес саусақты;

С) үш саусақты;

Д)жүзбежарғақты;

Е)екі саусақты.

25. Қанаттың қалақшасын түзетін қауырсындар

А)бағыттаушы;

В)қанатты қағушы;

С)ұшатын;

Д) қонатын)

Е) ұшу бағытын өзгертетін.


6 сынып §46-51Көпжасушалы жануарлардың көбеюі м ен жеке

дамуы)

1.Ұрпақтар жалғасуы арқылы белгілі ағза түрінің сақталуы

А)өсу арқылы;

В)көбею арқылы;

С)даму арқылы;

Д)жүру арқылы;

Е)жынысты көбею арқылы

2. Гидраның бүршіктенуі

А)өсуі;

В)жынысты көбеюі;

С)жыныссыз көбеюі;

Д)дара өсуі;

Е)гаметаға айналуы.

3. Гидраның жыныс жасушалары қайда орналасқан

А)эктодермада

В)энтодермада;

С)мезодермада;

Д) жоқ;

Е) қармалауышында.

4.Тек аталығы не аналығы дамитын ағзалар

А)дара жынысты

В)қос жынысты;

С)жыныссыз;

Д)партеногенез;

Е)көбею.

5. Түйенің ұрғашысы

А)түйе;

В)бура;

С)інген;

Д)нар;

Е)қаптағай.

6. Гермофродит дегеніміз

А)дара жынысты;

В)қос жынысты ;

С)жыныссыз;

Д)партеногенез;

Е)көбеюдің ерекше түрі.

7. Ұрықтанған жұмыртқалары бар белбеуше

А)пілте;

В)пілде;

С)ұрық;

Д)жұмыртқа жасуша;

Е)ұрық.

8. Жұлдызқұрт

А) құрт;

В)шыбын личинкасы;

С)көбелек дернәсілі;

Д)жалпақ құрт;

Е)жұмыр құрт.

9. Зауза қоңызы дернәсілінің дамуы

А)10жыл;

В)2 жыл;

С)3 жыл;

Д)4 жыл;

Е)5 жыл.

10.Балықтар

А)қос жынысты;

В)дара жынысты;

С)гермофродит;

Д)уылдырық бірден ұрықтанып шығады;

Е)шоғал-аналық жыныс жасушасы.

11. Бақа дернәсілі

А)итбалық;

В)шабақ;

С)бақа;

Д)шөмішбалық;

Е)уылдырық.

12. Бақа ересек күйге айналады

А)2,5айда;

В)3 айда;

С)2 жылда;

Д) 8 айда;

Е)2жыл 8 айда.

13. Кесіртке

А)сырттай ұрықтанады;

В)іштей ұрықтанады;

С)жұмыртқаны өзі басады;

Д) жұмыртқаны суға салады;

Е)уылдырық салады.

14. Ширақ балапанды құстар

А)бүркіт;

В)көгершін;

С)бөдене;

Д) қарлығаш;

Е)торғай.

15. Ұрықтың ана ағзасымен байланысы қамтамасыз етіледі

А)кіндік;

В)ұрықжолдас;

С) қан тамырлары;

Д)жатыр түтігі;

Е)зәр шығару жүйесі арқылы.

16. Қасқыр неше жыл өмір сүреді

А)20;

В)46;

С)70;

Д)15;

Е)10-12.

17. Қос мекенділердің қай миы нашар жетілген

А)алдыңғы;

В)мишық;

С)сопақша;

Д)ортаңғы;

Е)аралық.

18. Қосмекенділердің құлағы неше бөлімнен тұрады

А)2;

В)3;

С)4;

Д)5;

Е)1

19. Шартты және шартсыз рефлекс үйлесімділігі негізінде жасалатын күрделі әрекет

А)мінез;

В)сезім;

С)инстинкт;

Д) сана;

Е)ой.

20. Тауықтың ұрғашысы

А)қораз;

В)әтеш;

С)кежек;

Д)мекиен;

Е)тауық.

21. Құландар тобы

А)үйір;

В)тұқымтоп;

С)табын;

Д)отар;

Е)келе.

22. Құмырсқаның улы безіндегі қышқыл

А)жауынан қорғанады;

В)бірін-бірі шақырады;

С)қозғалады;

Д)дыбыс шығарады;

Е)маңызсыз

23. Қоқыстауық қайда мекендейді

А)Африкада;

В)Америкада;

С)Аустралияда;

Д)Азияда;

Е)Англияда.

24. Ағзаның ұрықтан қартайып өлгенге дейінгі кезеңі

А)дамуы;

В)өсуі;

С)ағзаның жеке дамуы;

Д)қартаюы;

Е)көбеюі.

25. Ұрпағына қамқорлық жасамайды

А)Тасбақа;

В)тауық;

С)аққу;

Д)аю;

Е)сиыр.











© 2010-2022