Баяндама. Тақырыбы: Адам миы жайлы 14 қызықты дерек

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Адам миы жайлы 14 қызықты дерек

Ми адам денесіндегі ең маңызды және жұмбақ мүшенің бірі. Ол адамның зияткерлігіне тікелей әсер етеді. Ми өте күрделі құрылысты , ғалымдар оны зерттеумен бірнеше он жылдықтар бойы айналысуда. Міне адам миы жайлы кез- келген адам біле бермейтін бірнеше қызықты дәлелдемелер жайлы оқыңыз.

  1. Адам миы біздің денеміздің басқа мүшелеріне қарағанда көп энергия жұмсайды екен. Оның үлесіне 20% жуық өкпедегі оттегі қажет , алайда мидың салмағы дененің жалпы салмағының бар жоғы 2% құрайды. Оттегі жетісеген жағдайда біз есіней бастаймыз , осы кезде миға оттегі көп келеді де адам сергек қалпын сақтай алады.

  2. Адам миының дамуы жеті жасқа келгенде толығымен аяқталады , ал 18 жаста түпкілікті тоқтайды. Сол себепті де балалардың басқа тілдерді үйрену қабілеттері ересектерге қарағанда анағұрлым жоғары.

  3. Ер адамдардың миы әйелдерге қарағанда үлкен. Сондай -ақ ғалымдардың анықтауынша ауыру сезімдерін еркектер мен әйелдердің миы әртүрлі қабылдайды екен.

  4. Мидың өзінде ауыру рецепторлары жоқ және ол ауруды сезбейді , бірақ олар мидың қабықшасында бар , сол себепті біз әртүрлі бас ауруларын сеземіз.

  5. Мидағы жүйке жасушалары қалпына келеді.

  6. Қатты күйзеліс ми жасушаларының құрылысы мен қызметін өзгертеді.

  7. Интеллектісі жоғары адамдар , интеллектісі төмен көрсеткіштегі адамдарға қарағанда түрлі ми ауыруларымен аз ауырады.

  8. Маңызды жаңалыққа , мешітке барып оқыған дұғалар мен сиынулар ми ауруларымен адамдарға сирек ауырып , тез жазылуға мүмкіндік беретіні жатады. Бұл дұға оқып , сиынып тұрған адамның тыныс алу жиілігі төмендейді және мидағы дельта-толқындар қалпына келумен түсіндіріледі.

  9. Үш жасар балада жүйке жасушалары ересек адамға қарағанда 3 есе көп. Егер сәбидің мүмкіндігін толығымен пайдаланбаса , жасы келе пайдаланылмаған жасушалар өледі. Сондықтан ерте кезден бастап балаларды белсенді түрде оқуға үйрету керек.

  10. Біздің ағзамызға түскен тағам , адам миының жұмысына әсер ететіні дәлелденді. Сондықтан құрамында консерванты, жасанды иістенгіштері мен бояғыштары жоқ тағамды ішкен жөн.

  11. Адам миы 75% судан тұрады. Оның қалыпты жұмыс істеуі үшін ағза суды жеткілікті мөлшерде қабылдауы керек.

  12. Алькогольді ішімдіктерді ішкен кезде нейрондар арасында байланыс әлсірейді.

  13. Кәдімгі күлкі мидағы бес түрлі аймақтың жұмысын қажет етеді.

  14. Оттексіз адам миы 6 минуттан артық тіршілік ете алмайды , одан ары қайтымсыз үрдістерден жүйке жасушаларының өлуі басталады.

Жануарлар жайлы қызықты мәліметтер

  • Сарган балығының сүйегі жасыл болады.

  • Сегізаяқтың қарашығы тік бұрышты үшбұрыш.

  • Жылқыда адамға қарағанда 18сүйек артық.

  • Керіктерде басқа құрлық жануарларына қарағанда ең үлкен жүрек және ең жоғары қан қысымы , сондай-ақ ұзындығы 45 см болатын қап -қара тілі бар.

  • Антрактида балықтарының қанының температурасы -17 градус Цельсияға дейін жетеді.

  • Киттің жүрегі минутына бар жоғы тек 9 рет соғады.

  • Адам жасушасының ДНҚ-сы ядрода 0005 мм диаметрде орналасады. Егер ДНҚ оралмасын түгелдей жазатын болса онда оның ұзындығы екі метрге жетеді. Бір дененің бір жіпке тартылған барлық ДНҚ-сы Жерден Күнге дейінгі 40 км-ге тең арақашықтыққа орналасар еді.

  • Оңтүстік Америкалық электрлік жылан балықтың электрогенераторлары тоқ күші 12 А тең келетін 1200 вольт кернеу электр тоғын генерациялайды. Бұл алты дана жүз ваттық жарық лампасын жандыруға жетеді.

  • Түйеқұстың жұмыртқасы толығымен пісу үшін оны 40 минуттан кем қайнатуға болмайды.

  • Француздар кептерді « ұшқыш егеуқұйрық » деп атайды.оооооо


© 2010-2022