Сыныптың үздік биологі

«  СЫНЫПТЫҢ      ҮЗДІК     БИОЛОГІ»                                                                                                    ( БІЛІМ БӘСЕКЕСІ)   Мақсаты:   -   Оқушылардың алған білімдерін  тиянақтау, есте сақтау                           қабілетін, логикалық ойлау жылдамдығын, дүниетанымын,                                 ой-өрісін дамыту;                                       -  Биология пәніне қызығушылықтарын арттыру;                                     -   Әр оқушының өз білімін саралап,  шығармашылығын  көрсете                          білуге тәрбиелеу     Сайыс   сабақ  : (  8-ші сынып оқушылары арасында )   Керекті жабдықтар:     Бейне проектор  ( слаидтар)                                         Сұрақтар мен тапсырмалар  ( электронды түрде)                                        Биологиядан жұмыс дәптерлері     т.б.   Сабақтың құрылымы:    1. Ұйымдастыру бөлімі                                                2.Сайыстың жоспарымен таныстыру                                               3. Сайысты қорытындылау                                                4.Марапаттау   Оқушылардың сайысқа даярлығы тексеріледі .Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді. Оқушылар сайыстың мақсаты және   жоспарымен  танысады.           Сайыс сабақтың жоспарында:     1-бөлім:   Тапсырмалар (№ 1,2 ) жазбаша   2-бөлім: « Сырсандық»              1. « ТАРИХИ ТАНЫМ»/слаид/             2.Жұмбақтар   3-бөлім:Қорытынды                 Бірінші бөлім тапсырмалары:       І-ші тапсырма: Сүйектерді адам   қаңқасының бөлімдері  бойынша                                орналастырыңыз:     1.Астыңғы жақ.  2.Қабырғалар.  3.Білезік. 4.Көз шарасы. 5.Кәрі жілік пен шынтақ.  6.Самай. 7.Жамбас. 8.Толарсақ. 9.Мұрын. 10.Тоқпан жілік. 11.Жауырын. 12.Маңдай. 13.Табан. 14.Шүйде. 15.Бақай сүйектері. 16.Төссүйегі. 17.Ортан жілік. 18.Омыртқалар. 19.Үстіңгі жақ. 20.Саусақ сүйектері. 21.Бет сүйектері. 22.Төбе. 23.Алақан. 24.Бұғана. 25.Асықты жілік пен шыбық сүйек.     І.Бассүйек:  1,4,6,9,12,14,19,21,22.   /үлгі/ ІІ.Тұлға: ІІІ.Иық белдауі мен қол сүйектері: ІҮ.Жамбас белдеуі мен аяқ сүйектері:       ІІ-ші  тапсырма: Бұлшықеттер түрі ( Биология жұмыс дәптеріндегі сурет                               бойынша, талдап жазу 19-бет.)     Мысалы:  1- тігінші              2-қабырғааралық              3- балтыр                    4-  ....                    5-  ....                                   6-....       7-...                       8-...                    9- ...                10-  ...             т.б.             Екінші бөлім        «Сыр сандық»                                                               Еншілей біл тарихтың тәбәрігін,                          Анықтағын  ақ пен қара аралығын.                          Асыл мұра өткен күннен бізге жеткен,                          Тарихтың бәрін білгін, бәрін білгін, - деп  келесі бөлім
Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

« СЫНЫПТЫҢ ҮЗДІК БИОЛОГІ»

( БІЛІМ БӘСЕКЕСІ)

Мақсаты: - Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, есте сақтау

қабілетін, логикалық ойлау жылдамдығын, дүниетанымын,

ой-өрісін дамыту;

- Биология пәніне қызығушылықтарын арттыру;

- Әр оқушының өз білімін саралап, шығармашылығын көрсете

білуге тәрбиелеу

Сайыс сабақ : ( 8-ші сынып оқушылары арасында )

Керекті жабдықтар: Бейне проектор ( слаидтар)

Сұрақтар мен тапсырмалар ( электронды түрде)

Биологиядан жұмыс дәптерлері т.б.

Сабақтың құрылымы: 1. Ұйымдастыру бөлімі

2.Сайыстың жоспарымен таныстыру

3. Сайысты қорытындылау

4.Марапаттау

Оқушылардың сайысқа даярлығы тексеріледі .Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді. Оқушылар сайыстың мақсаты және жоспарымен танысады.

Сайыс сабақтың жоспарында:

1-бөлім: Тапсырмалар (№ 1,2 ) жазбаша

2-бөлім: « Сырсандық»

1. « ТАРИХИ ТАНЫМ»/слаид/

2.Жұмбақтар

3-бөлім:Қорытынды


Бірінші бөлім тапсырмалары:

І-ші тапсырма: Сүйектерді адам қаңқасының бөлімдері бойынша

орналастырыңыз:

1.Астыңғы жақ. 2.Қабырғалар. 3.Білезік. 4.Көз шарасы. 5.Кәрі жілік пен шынтақ. 6.Самай. 7.Жамбас. 8.Толарсақ. 9.Мұрын. 10.Тоқпан жілік. 11.Жауырын. 12.Маңдай. 13.Табан. 14.Шүйде. 15.Бақай сүйектері. 16.Төссүйегі. 17.Ортан жілік. 18.Омыртқалар. 19.Үстіңгі жақ. 20.Саусақ сүйектері. 21.Бет сүйектері. 22.Төбе. 23.Алақан. 24.Бұғана. 25.Асықты жілік пен шыбық сүйек.

І.Бассүйек: 1,4,6,9,12,14,19,21,22. /үлгі/

ІІ.Тұлға:

ІІІ.Иық белдауі мен қол сүйектері:

ІҮ.Жамбас белдеуі мен аяқ сүйектері:

ІІ-ші тапсырма: Бұлшықеттер түрі ( Биология жұмыс дәптеріндегі сурет

бойынша, талдап жазу 19-бет.)

Мысалы: 1- тігінші 2-қабырғааралық 3- балтыр

4- .... 5- .... 6-....

7-... 8-... 9- ... 10- ... т.б.


Екінші бөлім «Сыр сандық»

Еншілей біл тарихтың тәбәрігін,

Анықтағын ақ пен қара аралығын.

Асыл мұра өткен күннен бізге жеткен,

Тарихтың бәрін білгін, бәрін білгін, - деп келесі бөлім

« ТАРИХИ ТАНЫМ» тапсырмаларына назар аударамыз

І. Сұрақтар : 1. «Медицинаның атасы» - ............... .

2.Орыс анатомы, хирург.Бірінші блып, эфирлі наркоэды, сүйек

сынғанда гипс таңғышты, жара іріңдегенде спирт пен йодты

пайдаланды- ................. .

3.Ұлы ойшыл, ежелгі дүние философы.»Қайырымдылық

қаласы» атты еңбегінде жүректі «Табиғи жылу көзі» деп

есептеген ғалым- .................. .

4.Қазіргі заманғы ғылыми анатомияның негізін қалаушы- ....... .

/ «Адам денесінің құрылысы туралы» - 7 кітап еңбегі бар.

Мүшелер мен жүйелерге ғылыми сипаттама берген /

5.1922 жылы « Адам анатомиясы мен физиологиясы» деген

оқулығын жарыққа шығарған қазақ ғалымы-...................... .

ІІ. Жұмбақтар:

Екі асыл нүкте

Соқтырмайды түкке. / көз/

Көрмеген ешкім,

Дәмін татып.

Қара орман асты,

Ұйыған қатық. /Адамның миы/

Құрамалы сырық,

Берсең ырық.

Кетесің тұрып

Барасың жүріп,

Қаласаң,

Отырасың бүгіп. /аяқ/

Таппай тағат ,

Тығулы сағат /жүрек/

Сыртқа шығар жолы тұйық

Түсі шымқай қызыл сұйық /қан/

Күмбір-күмбір қарағым,

Қартайғанша жарадың /құлақ/

Көрегендер көрші отыр

Бірін-бірі көрмейді /көз/

Сәуле астында 100 ине /кірпік/


Үшінші бөлім : Сайысты қорытындылау .

«СЫНЫПТЫҢ ҮЗДІК БИОЛОГІН» анықтау үшін топ мүшелерінің

пікірлері тыңдалады және ол дауысқа салынады .

Бұл сайыста оқушылар бір ауыздан Утебалиева Аида Ақболатқызын

«СЫНЫПТЫҢ ҮЗДІК БИОЛОГІ» деп шешім қабылдады.

Жеңімпаз оқушы «Дипломмен» марапатталды.

Сайыс өз мәресіне жетті.



© 2010-2022