Мезозой - (9 класс)

Раздел Биология
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 15.12.2016ж Сыныбы: 11-сынып Сабақтың тақырыбы: Мезозой заманында тіршіліктің дамуы Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушыларға мезозой заманында тіршіліктің дамуы туралы түсінік беру, олардың маңызына қызметіне тоқталып өту.

Дамытушылық: Оқушыларға мезозой заманында тіршіліктің дамуы туралы білімдерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімдерін шыңдау.

Тәрбиелік: Оқушыларға табиғатты қорғауға адамгершілік, эстетикалық, салауатты өмір салтына ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: ауызша - баяндау, сұрақ жауап арқылы

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушы назарын сабаққа аудару II. Үй тапсырмасын сұрау III.Өткен сабақты қорыту 1.Архей Ежелгі заман 3600 млн жыл бұрын 2. Протерозой Алғашқы тіршілік заманы 2600 млн жыл бұрын 3. Палеозой Ертедегі тіршілік заманы 600 млн жыл бұрын 4.Мезозой Ортадағы тіршілік заманы 230 млн жыл бұрын 5.Кайназой Жаңа өмір 63 млн жыл қазіргі тіршілік ІV. Жаңа сабақты түсіндіру. Мезозой - Жер тарихының, палеозой мен кайнозой арасындағы эрасы және соған сәйкес келетін тау жыныстарының қабаты. Мезозой эрасын 1841 жылы ағылшын геологі Джордж Филлипс бөліп көрсеткен. Мезозой эрасы төменнен жоғары қарай триас, юра және бор кезеңдеріне бөлінеді. Жаратылыстану ғылымдарының әдістері бойынша бұдан бұрынғы 235, 10 - 66, 3 миллион жылдар аралығын қамтиды. Жердің даму тарихының бұдан 248 - 65 млн. жыл бұрынғы уақыт аралығын қамтитын, кембрийге дейінгі эрадан есептегенде екінші эрасы; үш кезеңге - триас, юра және бор кезеңдеріне жіктеледі.

Триас жүйесі' (кезеңі)- триас (trіas - үштік, орталығы Еуропаның геологиялық қимасындағы үш түрлі қабаттың біріктірілуіне байланысты аталған) - мезозой эратемасының ең төменгі тау жыныстары қабаттары және олардың жиылған уақыты (251 - 199, 6 млн жыл). Триас (грек. Ӏгіаз - үштік) - "триас жүйесі" және "триас кезеңі" терминдерінің қысқаша атауы. Жоғарғы палеозойдағы тіршілік иелерінің жаппай қырылуы нәтижесінде, триаста көптеген жаңа фауна мен флора элементтері дүниеге келді. Олардың ішінде аммониттер (Ammonoidea), осы күнгі коралдар, әр - түрлі моллюскілер (Mollusca), динозаврлар және кейбір жалаңұрықтылар (Gymnospermae) болған.

Юра жүйесі немесе Юра кезеңі - мезозой заманын құрайтын үш кезеңнің бірі. Триас пен бор арасында орналасқан юра кезеңі осыдан 199, 6 млн жылдан 145, 5 млн жылға дейін созылады. Ең кең тараған тау жыныстары саз балшық, ізбесті құмдақ және әктас болып, юра кезеңі 11 ярусқа бөлінеді (геттанг, синемюр, плинсбах, тоар, аален, байос, бат, келловей, оксфорд, киммеридж, титон).

Бор кезеңі - мезозой заманына кіретін үш кезеңнің үшіншісі. 145, 5 млн. жыл бұрын басталып 65, 5 млн. жыл бұрын аяқталған. Бор кезеңі Англияның Дувр қаласы маңындағы ағылш. Мезозой заманы 1. Триас кезеңі 35 млн жылға созылған 2. Юра кезеңі 60 млн жылға созылған 3. Бор кезеңі 70 млн жылға созылған V.Сабақты бекіту: 1. Өсімдіктерді зерттейтін ғылым (Ботаника) 2. Жануарларды зерттейтін ғылым (Зоология) 3. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым (Микология) 4.«Тіршіліктің пайда болуы» еңбегінің авторы (Холдейн) 5. Тұқым қуалайтын өзгергіштік пен табиғи сұрыпталудың негізінде ұзақ уақыт жүретін әрекеті. Ароморфоз VI. Үйге тапсырма Тақырыпты оқу, мазмұндау VI.бағалау

© 2010-2022