Биология пәнінен сабақ жоспары тақырыбы Жүрек және қан тамырлар жүмысының реттелу 8 сынып

Биология 8 сыныбы. Сабақ:                                                                                                           Күн саны: Сабақтың тақырыбы:  Жүрек және қан тамырлар жүмысының реттелуі. Сабақтың мақсаты: Білімділік: ағзаның ішкі орта мүшелерін еске түсіре отырып, қанайналым жүйесі мүшелерімен танысу, оның ішінде жүрек, қантамырлар, үлкен және кіші қанайналым шеңберлерімен және олардың қызметтерімен танысу. Тәрбиелік: өздігінен  ізденімпаздық, білімділік, еңбексүйгіштік, ада...
Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Биология 8 сыныбы.

Сабақ:

Күн саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жүрек және қан тамырлар жүмысының реттелуі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ағзаның ішкі орта мүшелерін еске түсіре отырып, қанайналым жүйесі мүшелерімен танысу, оның ішінде жүрек, қантамырлар, үлкен және кіші қанайналым шеңберлерімен және олардың қызметтерімен танысу.

Тәрбиелік: өздігінен ізденімпаздық, білімділік, еңбексүйгіштік, адамгершілік дағдыларын тәрбиелей отырып, салауатты өмір салтын ұстану, өз ойын айта отырып, өзгені де тыңдай білуге, алған білімін өмірге қолдана білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: жаңа материалды қабылдай отырып, ойлау, есте сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамыту.

Сабақтың өтілу әдісі: жаңа сабақты түсіндіру, АКТ.

Сабақтың барысы

І. Қызығушылықты ояту.

  1. «Иммундық жүйе мүшелері» топтастыру.

  2. «Жылдам және дұрыс» сұрақ-жауап.

1. Топтастыру.

Алдымен топтық жұмыс ретінде оқушылар қағазда орындайды, соңынан тақтаға шығып қателерін тексереді.

  1. «Жылдам және дұрыс»

1 топ сұрақтары.

1. ішкі ортаға не жатады: қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа

2. қанның мөлшері қанша: 4,5-5 л

3. қан пластинкасы қалай аталады: тромбоцит

4. гемоглобин не: қанның қызыл пигменті

5. эритроциттің диаметрі: 7,5 мкм

6. плазма нәруызы қаншаға бөлінеді: 3

7. оксигемоглабин деген не: оттекті гемоглобин

8. фагозитоз қандай процесс: бөгде бөлшектерді сіңіру, қорыту

9. лейкоцит қызметін ашқан ғалым: Мечников

10. протромбин не: фибриногеннің фибринге айналуы

11. лимфа латынша: таза су, ылғал

12. ұлпа сұйықтығы мөлшері: 14-20л

13. лимфоциттер не: лимфадағы лейкоцит

14. қан сарысуы деген не: қан ұйығының сұйықтығы

15. кемік май қайда түзіледі: қабырға, омыртқа, сүйек ұштарында

16. ЖИТС жіктелуі:

17. зиянды микробтардан шығатын улы зат: қарсыген

18.иммунитет деген не: ағзаның бөгде затқа қарсы тұру қабілеті

19. донор: қан беруші

20. қан топтары: 1,2,3,4 топ

2 топ:

1. АИВ: адам иммунитет тапшылығы вирусы

2. қанның түссіз жасушалары: лейкоцит

3. қанды қабылдайтын адам: реципиент

4. егу арқылы қабылданатын иммунитет: жасанды

5. қан ұйымайтын ауру: гемофилия

6. қан ұю ұзақтығы: 4-5 мин

7. қанның қызыл пигемнті: гемоглобин

8. қан ұюына қатысатын жасуша: тромбоцит

9. бөгде бөлшектерді сіңіру процесі: фагоцитоз

10. тұқымқуалайтын иммунитет: табиғи

11. газды тасымалдайтын қан жасушасы: эритроцит

12. фагоцитозды ашқан ғалым: Мечников

13. қан жасушаларының пайыздық мөлшері: 45

14. қан құрамы: қан жасушасы, қан плазмасы

15. тромбоцит: қан пластинкасы

16. 100 мл қанда гемоглобин мөлшері: 15г

17. қанды қанша уақыт сақтайды: 30 күн

18. қан ұюына қандай элемент қатысады: кальций тұзы

19. лейкоциттің бауырда түзілетін түйіршіксіз түрі: лимфоцит

20. лимфаның тәулікте түзілуі: 1-3 л

3 топ:

1. адам лимфа түйіндерінің саны: 460

2. қарсыдене деген не: қарсыгенге қарсы зат

3. қан глюкозасы қызметі: жасушаның энергия көзі

4. ядросыз қан жасушасы: эритроцит

5. плазма нәруызы қанша топ: 3

6. тромбоцит қызметі: қан ұю

7. рентген сәулесінен лимфоциттер: жойылады

8. плазма нәруыздарын ата: альбумин глобулин фибриноген

9. тромбоциттің тіршілік ұзақтығы: 7-10 күн

10. лимфа түйіндерінің түсі: қызғылт-сұр

11. иммунитет қаншаға бөлінеді: 2

12. реципиент: қан қабылдаушы

13. резус-фактор қанда болмаса: резус фактор теріс

14. ЖИТС қоздырушысмы: АИВ

15. қан жасушасын түзетін, уақытша сақтайтын мүше: көкбауыр

16. лимфоциттер қызметіне қарай қаншаға бөлінеді: 2-Т,В

17. құрамында нәуызы мол сұйықтық: қан

18. лимфадағы су мөлшері: 95

19. табиғи иммунитет: ағзаның өзінде түзіледі

20. лейкоциттің қызметі: фагоцитоз

4 топ:

1. ағзаның қорғану реакциясы: иммунитет

2. лейкоцит тіршілігі: 2-5 тәулік

3. қан плазмасының мөлшері: 55

4. мөлдір сұйықтық: лимфа

5. Гемофилия қандай ауру: қан ұйымауы

6. ішкі ортаға не жатады: қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы

7. эритроциттің тіршілік ұзақтығы: 120 күн

8. лимфа диаметрі: 5-6.5 мкм

9. кемік май түрлері: 1. түтікті 2. жалпақ, қысқа сүйектер

10. 1 қантоп реципиенті: барлық топтар

11.гемоглобин қай қан жасушасында болады: эритроцит

12. иммунитет латынша: құтылу, босау

13. көкбауыр қызметі: қан жасушасын түзіп, сақтау

14. ұлпа сұйықтығы түсі: сарғылт

15. лимфада болатын лейкоцит: лимфацит

16. айырша без қызметі: иммунитетті жоғарылататын тимозин гормоны

17. қан қызметі: мүшелердегі жасушаға оттегі, қор зат тасымалы

18. резус*фактор қанда болса: резус-фактор оң

19. қан плазмасының басқаша атауы: қан сарысуы

20. тромб деген не: ұйыған қан

Сұрақ-жауапты қорытындылау.

ІІ. Мағынаны тану.

Қорытындылау. Бағалау.

Үй тапсырмасы: 33, 34, 35 - оқу.







© 2010-2022