Поурочные планы по биологии на тему Организмнің жеке дамуы – Онтогенез

Раздел Биология
Класс 10 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,

«Бейнеу кешкі мектебі» КММ

Ниязова Мажыра

биология пәні мұғалімі

Организмнің жеке дамуы - Онтогенез

Сабақтың тақырыбы: Организмнің жеке дамуы - Онтогенез

Сабақтың мақсаты: оқушыларға организмнің эмбриондық және постэмбриондық дамуын ұғындыру. Организмдердің ұрықтық дамуындағы ерекшеліктеріне көз жеткізу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушыларға ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, өздігінен ойлау және есеп шығару икемділігін қалыптастыру;

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар , маркер, тапсырмалар, слайд-Онтогенез.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру,

Сабақтың әдіс -тәсілдері: Жеке жұмыс , топтық жұмыс, әңгімелеу, баяндау,салыстыру ,қорыту.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2.Оқу ,құрал-жабдықтарын даярлату,

3.Сабаққа ынтысын аудару, түгелдеу,

4.Сабақ мақсатын таныстыру, топтарға бөлу.

1топ «Құстар» тобы

2топ «Бақалар» тобы

3топ «Қандауыршалар» тобы

4топ «Көбелектер» тобы

Сабақтың жүрісі:

1.Үй тапсырмасын сұрау: «Қайталау - білім анасы»(Слайд 2)

2.Үй тапсырмасын қорытындылау(Слайд 3,4)

3.Жаңа сабақ: «Организмнің жеке дамуы - Онтогенез»(Слайд 5,6)

4.Онтогенездің жіктелуі(Слайд 7)

5.Әр организмдерге тән эмбриондық және постэмбриондық даму кезеңдері(Слайд 8,9,10,11)

6.Тапсырмалар(Слайд 12)

7.Қорытындылау: «Сұрақ - жауап».

Мұғалім: Онтогенез деп - жыныс жасушаларының қосылып, зиготаның түзілуі, одан әрі өсіп дамуынан тіршілігі тоқтағанға дейінгі кезеңін айтады. Онтогенез 2 кезеңнен тұрады: эмбрионды кезең(бластула, гаструла, нейрула) және постэмбрионды кезең(тура және түрленіп даму). Бластула кезеңі - жасушаның бөлшектену арқылы 1 қабат түзу кезеңі. Бластула кезеңінде жасуша бөлшектену барысында бластомерлерге айналады. Іші қуыс шар тәрізді болады. Гаструла - 2 қабатты ұрықтың пайда болу кезеңі. Бұл кезеңде ұрық жапырақшалары пайда болады. Олар: эктодерма, энтодерма және мезодерма. Нейрула - мүшелердің түзілу кезеңі. Бұл кезеңде эктодермадан тері жабыны, жүйке жүйесі, сезім мүшелері пайда болады. Энтодермадан асқазан-ішек жүйесі, ұйқы, сілекей бездері, желбезек пен өкпе эпителийі түзіледі. Мезодермадан бұлшық ет, сіңір, шеміршек, сүйек, жүрек бұлшық еттері, қан, лимфа, зәр шығару және жыныс мүшелері жетіледі.

Эмбрионды кезең осымен аяқталып, толық дамыған организм жұмыртқа қабықшасын жарып, постэмбрионды дамуды бастайды. Постэмбриондық даму организмнің жұмыртқа қабықшасын жарып шыққаннан кейін, ал ұрығы құрсақта дамитын сүтқоректілерде туа салысымен басталады. Постэмбриондық даму 2 кезеңге бөлінеді: тура даму және түрленіп даму.

1.Тура даму- организмнің бірден ересек түріне ұқсап тууы.Бұған омыртқалы жануарлардың, жорғалаушылардың, құстардың, сүтқоректілердің дамуы, ал омырқасыздардан сүліктердің, өрмекшілердің дамуы жатады.

2. Түрленіп даму- эмбриондық дамудан соң дернәсілдің пайда болуы. Бұған бунақденелілер,былқылдақденелілер, омыртқалылардан амфибиялар жатады.

Бауырымен жорғалаушыларда, құстарда, сүтқоректілерде тура даму жүріп,жұмыртқадан немесе аналық организмнен шыққан, барлық мүшелерінің негізі салынған, көлемі кіші организмдер әрі қарай өседі.

Түрленіп дамуда жұмыртқадан өздеріне тән мүшелері бар дернәсілдер жетіледі. Дернәсілдер қоректенеді, өседі. Біртіндеп дернәсілдердің мүшелері ересек дараларға тән мүшелермен ауысады. Мысалы, көбелектің жұмыртқадан шыққан дернәсілі тегі болатын буылтық құрттарға ұқсайды. Одан қуыршақ кезеңіне өтеді. Содан соң қуыршақтан шығып, ересек көбелекке айналады. Шегіртке шала түрленіп дамиды. Бақаның жұмыртқасынан шыққан дернәсілі - бақашабағы өзіне ұқсамайды. Оның құйрығы, желбезек саңылаулары, бүйір сызығы, екі камералы жүрегі, бір қанайналым шеңбері болады. Біртіндеп қалқанша безінен бөлінетін гормонның әсерінен құйрығы еріп кетеді де, аяқтары пайда болады. Бүйір сызығы жоғалады. Өкпесі жетіліп, екі қанайналым жүйесі қалыптасады. Біртіндеп ересек бақаға айналады. Постэмбриондық кезеңнің ұзақтығы әртүрлі. Бір күн тіршілік ететін қанатты көбелектердің дернәсілдері 2-3 жыл, жыныстық жетілуі әр түрлі түрлерінде 2-3 сағатта 2-3 тәулікке созылады.

Түрленіп дамудың маңызы зор.Себебі организмнің ересек түрі мен дернәсілінің арасында тіршілік үшін күрес болмайды. Мысалы: ересек бақа құрлықта тіршілік етіп, бунақденелілермен қоректенеді. Ал оның дернәсілі суда тіршілік етіп, ондағы омыртқасыздармен қоректенеді. Постэмбриондық дамумен қоса өсу де жүреді. Ағашты өсімдіктер, былқылдақденелілердің кейбір түрлері, балықтар тіршілігінің соңына дейін өседі. Ал жануарлардың көп түрлері жыныстық жетілуден соң өсуі тоқтайды. Адам 20-25 жасқа дейін өседі.

Бекіту сұрақтары:

1.Эмбриология ғылымы нені зерттейді?

2.Эмбриология ғылымының негізін салған кім?

3.Бластула қандай кезең?

4. 3 қабаттың пайда болу кезеңі не деп аталады?

5.Мүшелердің түзілу кезеңі қалай аталады?

6.Тура және түрленіп даму деген не?

Өзін - өзі бағалау парақшасы арқылы бағалау.

Үйге тапсырма: Тақырыпты мазмұндау.

Қолданылған әдебиеттер: « Шың»кітабы,2010ж

Авторлары: Қасымбаева Т, Мұхамбетжанов К -10 сынып биология оқулығы;

Авторлары: Шілдебаев Ж, Қожантаева Ж--- 9 сынып биология оқулығы;

Авторлары: Қайым Қ, Р.Сәтімбеков, Қожантаева Ж-7 сынып биология оқулығы;

© 2010-2022