Лекция для учителей биологии

                              Кіріктірілген  оқу  бағдарламасы                  « Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына  Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін оқу-тәрбие үрдісіне енгізе  отырып , тарату қазіргі  таңдағы білім  беру  саласындағы тырнақ  алды  маңызды  мәселелердің бірі  болып  табылады. Қазақстанның барлық  білім  беру  мектептерінде НЗМ инновациялық білім  беру  тәжірибесінің  тиімд...
Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Биология пәнінен кіріктірілген білім беру бағдарламасы негізінде топтық оқыту әдістемесі арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдысын қалыптастыру

Карамурзина Шолпан Ондасыновна

Аянасова Лаура Аянасовна

Ақтөбе қаласы;Назарбаев Зияткерлік мектебінің

биология пәні мұғалімдері

Жоспары

1.Кіріктірілген оқу бағдарламасы

2.Топтық оқыту әдістемесі ,оның оқушылардың зерттеушілік дағдысын дамытуға әсері

3.Білім алушылардың жетістіктер мониторингі

1. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін оқу-тәрбие үрдісіне енгізе отырып , тарату қазіргі таңдағы білім беру саласындағы тырнақ алды маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстанның барлық білім беру мектептерінде НЗМ инновациялық білім беру тәжірибесінің тиімділігін ғылыми тәсілдер арқылы және оқытушы - әдіскерлердің ғылыми - әдістемелік ұстанымдарындағы ерекшеліктеріне тоқталып өтсек.

Кіріктірілген білім беру бағдарламасының ерекшеліктері:

  • Оқушыларға алған білімдерін оқудағы және өмірдегі мәселелерді шешуде пайдалануды үйретуге бағдарлау;

  • Тілдерді деңгейлік үйретуді ұйымдастыру;

  • Пәндерді кіріктіру ;

  • Жаңа пәндерді енгізу;

  • Тереңдетіп және стандартты оқуға арналған пәндерді жоғары мектепте таңдау құқығы;

  • Жоғары оқу орныдарға түсуге мақсатты түрде дайындалу

  • Бағалаудың критерийлік жүйесі;

Осы бағдарлама негізінде оқушылардың дағдаларын дамыту :

  • Сын тұрғысынан ойлау;

  • Білімдерді шығармашылықпен пайдалана білу;

  • Зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру;

  • АКТ дағдылары:

  • Топта және жеке жұмыс істей білу;

  • Коммуникациялық дағдылар тілдік дағдыларды қосқанда міндеттер мен мәселелерді шеше білу;

Кіріктірілген білім беру ісін ұйымдастыру ерекшеліктері :

  • Үш тілді білім беру ортасы ;

  • Тәрбие мен оқытуды кіріктіру;

  • Заманауи педагогикалық әдістер мен тәсілдер қолдана білу;

Үш тілде білім берудің тиімділігі Халықаралық зерттеулер үш тілде жүргізілетін оқу бағдарламалары бойынша білім алатын оқушылар жұмысқа ұқыпты, мотивациялары жоғары ,бірнеше тіл білудің артықшылықтарын түсінеді. Зияткерлік мектептерде үш тілде оқытудың әдіс тәсілдері:

  1. Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісі;

  2. Командалық оқыту;

  3. Тілдік ортаға ену;

Командалық оқыту екі мұғалімнің пәнді бірінші (қазақ) және ағылшын тілінде оқытуы .

Қазіргі кезде жаһандану және белсенді инновациялық технологиялардың өзекті қолайлы жағдайларын іздестіруі байқалады, өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеудің механизмдері, басқа мәдениеттермен қарым-қатынаста болуға қарастырылған. Әлемнің өзара байланысты және өзара тәуелді жағдайында оқушыларды дайындаудағы құрал - көптілділік болып табылады.

Көптілділік білім беру жеке тұлғаның қалыптасуындағы негізі болып табылады, қазіргі қоғамдағы адамның тұлғалық өзін-өзі жетілдіруіне ықпалын тигізеді, бәсекеге қабілеттілікті арттырады және әлеуметтік ұтқырлықты жылдам қалыптастырады.

Бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруға, жан жақты жағымды тұлғаны көпұлтты және көпмәдениетті ортада пайдалы және белсенді өмір сүре алатын, жеткілікті түсінігі бар және басқа ұлттардың мәдениетін сыйлайтын, бейбітшілікте және келісімде өмір сүру үшін көптілділікті білім беру қажет.

2. Үш тілді білім беру ортасын қалыптастыру және негізгі құндылықтар мен педагогикалық қағидаларды енгізу арқылы оқытудың заманауи үрдісін нығайтуды біздер, биология пәнінің мұғалімдері топтық оқыту әдістемесі арқылы дайындалған сабақ типтерін саралай отырып, дәріс ретінде ұстаздар қауымына қажетті әдістеме болар деген мақсатпен ұсынғымыз келеді. Әрине сабақтың оң нәтижеге жетіп, табысты болуы үшін мұғалім құзыры жоғары дәрежеде болу керек. Өкінішке орай барлық ұстаз бойынан табыла бермейтін ерекше қасиет. Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанып, балаға мейірім және құрмет көрсете білетін әділ жан бола білгенде ғана, шәкірт сеніміне ие болып, өзі де жасанды емес құрметке ие бола алады.

Оқушы мен ұстаз және ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалім арасындағы шынайы қарым-қатынас орын алғандықтан топтық оқыту әдістемесі жоғары нәтижеге жетіп, балалардың көтеріңкі көңіл күйінің куәсі болғандықтан жоғары да аталып өткен тақырыпта дәріс жазуды жөн деп таптық.

Оқытудағы Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері уақыт талабына сай қажеттілік екеніне көзіміз жетті. Алдағы уақытта, мүмкіндігінше, әдістеменің оқушылар үшін әлі де болса тың тұстарын меңгере түсіп, сабақ іс-әрекетіне пайдаланатын жағымды тұстарын жеткізіп отыру біздердің парызымыз болмақ. Қазақ тілінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық тәжірибелерін үйрететін практик -мұғалім , практик - методист әлі де болса жоқтың қасы. Соны ескере келе, өз іс- тәжірибемізде қолданылған топтық оқыту әдістемесінде: сабақ барысында , биология пәнінен күнделікті сабақ жоспарын құрудан бастап сабақтың ұйымдастырылуы, өткізілу барысы, алған білімдерін өмірде қолдана алатындай жағдай туғызу, білім алушылардың танымдық және зерттеушілік іс-әрекетін белсендіруге бағытталған сұрақтар мен жағдайлардың қамтылуы да ескерілді.Топтық оқытуда екі мұғалімнің оқыту тақырыптары тең дәрежеде бөлінеді.Оқыту мақсаттары кіріктірілген оқыту бағдарламасында көрсетілген , оны басшылыққа ала отырып сабақ барысындағы іс-әрекеттер талқыланады.Сабақ типтеріне сай екі мұғалімнің: қазақ тілінде және ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдердің сабақ барысындағы роліміз айқындалып, оқушыларға жеткізу әдістемелері мен тәсілдер ортаға салынады.Топтық оқыту әдістемесінде екі мұғалімнің ролі , атқаратын іс- әрекеттері тең дәрежеде өтуі қажет. Жоспарлау кезінде жекелеген оқушылар мен топтарға көмек, қолдау тиімді бөлінуін қадағалауымыз керек.Екі мұғалім арасындағы ынтымақтастық пен байланыс сынып атмосферасына әсер етеді, сондықтан мұғалім арасындағы ауысу қалыпты өтуі шарт. Лекция для учителей биологии

Сабақ барысындағы іс-әрекетті анықтай отырып, оқушыларға берілетін тапсырмалар жиынтығы да қарастырылады. Мұғалім тек бағыттаушы болса, Кембридж курсында бағыт беруші ролін ойнайды, ал ол оқушыларға сыни тұрғыда және зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру сияқты нақты тапсырмаларға құрылады . Оқушылардың нақты міндеттері айқын кіріктірілген бағдарлама бойынша,сондықтан оларға қойылатын талаптар да сондай болуы шарт. Бұл жерде біздер ұстаздар қауымы шет елдік әріптестерімізден үйренгеніміз практикалық жұмыстардың жасалынуы: соның бірнеше түрлеріне назар аударсақ, мұнда оқушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыруда айтарлықтай әсер ететіндігін байқадық. Қазіргі таңда білім алушылардың білімді қалай қабылдауы жөнінде мұғалім іс-әрекетінде зерттеу жүргізу керек. Зерттеу жүргізу үдерісіндегі бірінші қадам - оны тиянақты орындау жөнінде саналы түрде жауапкершілік алу. Биология пәнін қазақ тілінде және ағылшын тілінде оқушылар қалай қабылдайтындығы жөнінде екі мұғалім зерттеу жүргізіп отырса нұр үстіне нұр болар еді. Бұл жерде салмақ қазақ тіліндегі мұғалімге түсері анық. Зерттеу нәтижесіндегі тәжірибеге сүйенетін болсақ, бұл жерде күнделікті сабақ беру барысында көріп жүргеніміздей екі мұғалімнің ролі тең болары сөзсіз. Біздің мектебіміздегі өзек жарды мәселелердің бірі топтық оқыту әдістемесі болса, іс-әрекет және білім: үдеріске ену және жалпы жоспар құру болып табылады. Мектеп оқушыларын мұғалім қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр" деп атап көрсеткеніндей, ұстаз алдында жауапты да, қызықты іс пен үлкен міндет тұр. Ал, Елбасымыздың көрсетіп отырған сара жолын ұстана отырып өскелең ұрпағымызды білім шыңына бағыттау - біз үшін әрі мақтаныш, әрі өмірлік ұстанымыз болмақ.

Оқыту үрдісіне біздің мектебіміз Ақтөбе қаласындағы физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің стратегиялық даму мақсаты 2013-2016 оқу жылына дейін нақты айқындалған.Мектебіміздің ұстанымы : «Сапалы білім - болашақ кепілі». Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің даму стратегиясында көрсетілгендей, кіріктірілген оқыту зерттеушілік іс-әрекеті негізінде аймақтық қалыптасу білім мекемесінің жаңа типтегі үлгісін құруды және аймақтағы басқа мекемелермен ашық инновациялық ортада қарым -қатынасын орнатуды міндеттейді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ білім беруді жаңартудың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде көптілді ортаны қалыптастыру мақсатында командалық оқыту әдістемесін сабақ беру барысында пайдалануды ұсынады. Сол арқылы білім алушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту барысында көрсетілгендей биология пәнінен зертханалық жұмыстарды жүргіземіз. Осы тақырыбымыздың мағынасын ашатын төмендегідей оқушылардың теориялық білімін практикамен ұштастыру сәтін сіздердің назарларыңызға ұсынбақпыз «Естігенімді ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, ал өз ақыл-ойыммен істеген ісімді түсінемін» қағидасын басшылыққа ала отырып, командалық оқыту әдістемесінде оқушылармензертханалық жұмыстарға «КОБРА4» және «Тесс» жүйесінің сандық зертхана жинағын және "The Spark PASCO " Science Learning System құрылғыларымен жұмыстар жүргізілуде. Бұл құрылғыларға енгізілген «Тесс» жүйесінің қолдануымен келтірілген зертханалық жұмыстар оқушылар үшін дайын нұсқау-карточка түрінде беріледі. Екі мұғалімге жұмысты жүргізу үшін тек қажетті копия санның жеткілікті істеуі керек. Практикалық жұмыс барысында командалық әдістемеде жұмыстың жүргізілуі нақты тең екіге бөлінеді. Жобалық қызметке қызығушылық мектептің негізгі буында байқалады.«Кобра4» сандық зертханасын қолдану барысында жасөспірімдер пән бойынша білімдерін терендетеді, зерттеу жұмысының тәжірибесін меңгереді,компьютерді қолдану дағдыларын табады. Ұзақ жұмыстарға қызығушылығын жоғалтпай және пайда болған қиыншылықтарды өту процессінде оларда жігерлік қасиеттері дамиды.Лекция для учителей биологии

Топтық оқыту әдістемесі арқылы 8 сынып оқушыларының зерттеушілік қабілетін анықтауда "Минералды тыңайтқыштар" тақырыбында өткізілген практикалық жұмыс : Теория мен практиканы ұштастыра отырып, оқушылардың биологиядан зерттеушілік қабілеттерін командалық оқыту әдістемесі негізінде қалыптасытаруға болатындығына көзіміз жетті. Әр тақырып барысында дайындалатын қалыптастырушы бағалауды құрастыру үшін де командалық оқыту әдістемесінің өзіндік атқаратын ролі бар. Практикалық тұрғада өтілетін жұмыстардың барлығы дерлік сыни тұрғыдан берілетін тапсырмалар қатарына жатқызылады. Жоғары да аталған әдістеме арқылы оқушылардың қалыптастырушы және ішкі жиынтық бақылауда берілетін тапсырмаларын нақты орындауға мүмкіндік береді. Сесебі : тапсырмаларды практикамен командалық оқыту әдістемесі арқылы жүргізе отырып, оқушылардың сыни тұрғыдан жауап бере алатындарына көз жеткіздік. Жүргізілген әдістеме арқасында оқушылардың бағалауына әсер етуге болатындығына дәлел төмендегі құрастырылған практикалық жұмыстар мен тапсырмалар .Назарларыңызға оқушылардың бағалауына , білімді нақты алуына әсер ететін фактордың бірі деп - командалық оқыту әдістемесін айта кетуге болады.

Суда бөрітілген тұқым мен құрғақ тұқымның тыныс алуындағы бөлінетін көмірқышқыл газы мөлшерінің айырмашылығын төменде берілген кестелер арқылы салыстыра отырып, қорытындысын жазып, екі мұғалімге жібере алады.

Дара жарнақты өсімдік сабағының ұлпасын қарау кезіндегі оқушылардың қызығушылық кезеңі

Осы сәтті шыққан сабағымыздың барысында оқушылар микроскоп арқылы дара жарнақты өсімдік сабағының ксилема және флоэма өткізгіш шоқтарын көріп, қызметтерін анықтай білді.

Мұғалім шығармашыл,әрі терең әдістемені меңгерген әдіскер болуы да басты міндет.Ойлау потенциалы жоғары, сыни және креативті ойлауға қабілеті бар, үнемі өзгеріп жатқан әлемде табысты болатын интеллектуалды, полилингвалды азаматты дамытуға талаптану әрбір ұстаздың борышы. Лекция для учителей биологии

Оқушылардың бойында өзіндік білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін алған білімін тиімді пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру және қоғамға пайда келтіру (құзыретті болу) маңызды әрі күрделі мәселер талқылану үстінде. Сондай-ақ шетелдік әріптестерімізбен бірлесе отырып, оқушыны дамытудың тиімді тәжірибесін теориялық тұрғыға негіздеп, әрі практикамызда ұштастыра білуді қалыптастырдық.

Қорытынды

Кіріктірілген білім бағдарламасының негізгі ерекшелігінің бірі үштілді білім беру ортасын қалыптастыру болса, біз ұстаздар қауымы заманауи педагогикалық әдістеменің бірін командалық оқытуды сабақ беру барысында пайдалана отырып, оқушыларымыздың мотивацияларының жоғарылағанын тәжірибемізден байқадық. Командалық оқыту әдістемесі қолданылмаған сыныптарда үш тілділік мақсаты жүзеге аспағандығы байқалды. Ал командалық оқыту әдістемесі жүргізілген сабақтарда білім алушылардың оқу процесіне деген көзқарасы анағұрлым жоғары, нәтижелі, білімдерін практикада қолдана білетіндіктері анықталынды. Бұл дәлелдемелер оқушылардан алынған рефлексия кезіндегі сұрақтарға жауаптарының нәтижесінен көруге болады.

Рефлексия барысында берілген сұрақтар:

  1. Сабақтың сәтті шыққан кезеңі?

  2. Тақырыпқа байланысты тілдік мақсат толық орындалды ма?

  3. Теориялық білімді зерттеме кезеңінде пайдалан алдың ба?

  4. Екі мұғалімнің сабақ барысындағы ұнамды іс-әрекеттерін ата?

9С -12 оқушы және 7В - 12 оқушы барлығы 24 оқушыдан жоғарыдағыдай сұрақтар алынды. Нәтижесінде 19 оқушы сабақтың сәтті шыққан кезеңін екі мұғалімнің бірігіп, жұмыс жасағандығын атап өтті. 24 оқушы тілдік мақсаттың толық орындалғандығын көрсетті. Практикалық сабақтар барысында 24 оқушы білімдерін айқын қолдана алғанын жазды. 22 оқушыға екі мұғалімнің оқушылармен бірігіп, жұмыс жасау түрлерін жақсы ұйымдастыратындығын жазды.Халықаралық зерттеулер үштілде жүргізілетін оқу бағдарламалары бойынша білім алатын оқушылар: жұмысқа ұқыпты, мотивациялары жоғары, бірнеше тілді білудің артықшылықтарын түсінеді. Үнемі өзгеріп отыратын жаңашылдыққа толы заманда мектептегі білім алушылардың танымдық және зерттеушілік іс-әрекеттері анықталып, дарындылықтарының арқасында білімдерін өмірде пайдалана отырып, индустрияландырудың қарқынды дамуына үлесін қосса, бұл - мектептің табыстылығы.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: ұстаздар қауымының тәжірибеден қол үзбей оқу процесіндегі мәселелерді жеке және топ ішінде зерттеу арқылы оқыту мен оқу сапасын жақсартуда өзіндік үлесін қосу қажет деп ойлаймыз!?

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Тесс» жүйесінің сандық зертхана жинағы

  2. Мұғалімге әдістемелік нұсқау « оқушы оқытудағы жетістіктерін критериальды бағалау »

  3. А.Мечкова, Б. Комиссаров. «Жалпы биологиялық оқыту методикасы»

  4. Атутов П.Р.Технология и современное образование/Педагогика. 1996.




© 2010-2022