Разработка урока по биологии на тему Қос және дара жарнақты тұқымдардың құрылысы (6 класс)

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Тексерілді»

________________

Күні: _______________

Сыныбы: 6

Тақырыбы: §10 Қос және даражарнақты тұқымдардың құрылысы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды тұқымнын құрылысымен таныстыру. Қос жарнақты, дара жарнақты тұқымдардың қызметтерін айқындау.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі - тұқым құрылысын толығымен сипаттап, қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың қызметін түсіндіру.

Тәрбиелілігі - Оқушыларға пәнге деген көзқарасын, білімге деген құштарлықтарын, адамгершілік қағидаларын бойына сіңіре отырып табиғатты қорғауға тәлім тәрбие беру;

Дамытушылығы - пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер

Сабақтың типі: аралас

Cабақтың көрнекілігі: қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың жинақтамалары, алдын ала суға жібітілген тұқымдар (үрмебұршақ пен бидай), өткір ұстара, ұлғайтқыш қол әйнегі (лупа) және т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Үй тапсырмасын «Біліміңді тексер» айдарымен берілген тапсырмаларға сәйкес сұрақтар қою.

  1. Түзуші ұлпалардың қызметі

  2. Жабын ұлпаның қызметі

  3. Негізгі ұлпаның қызметі

  4. Тірек ұлпаның қызметі

  5. Өткізгіш ұлпаның қызметі

  6. Бөліп шығарушы ұлпаның қызметі

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Тұқым - жатынның тұқым бүршігінен дамиды.

Қос жарнақты тұқымның құрылысы. Қос жарнақты тұқымның мысалы ретінде үрмебұршақ (фасоль) тұқымын қарастырайық (1-сурет). Тұқымның қабығы (қауызы), жарнағы және ұрығы болады. Үрмебұршақ тұқымының пішіні бүйрекке ұқсайды. Оның ойыс жағында жеміске бекінген жерін тұқым кіндігі дейді. Тұқым кіндігінен тұқымның ішіне ауа, су кіреді.

Разработка урока по биологии на тему Қос және дара жарнақты тұқымдардың құрылысы (6 класс)

1-сурет. Үрмебұршақ тұқымының құрылысы (ұзынынан қақ жарылған).

Тұқым қабығы (қауызы) қалың, тығыз, сырты тегіс жылтыр, түрлі түсті. Қабығы тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден сақтайды.

Қабығын сылып алса (суға жібіген тұқымда тез сылынады), ішінен екі тұқым жарнағы көрінеді. Тұқымда екі тұқым жарнағы бар өсімдіктер қос жарнақтылар деп аталады. Қос жарнақтыларда (күнбағыс, қауын, қарбыз, асқабақ, қияр және т. б.) ұрыққа қорек болатын заттар жарнақта жиналады. Жарнақты ұзынынан екіге жарса, бір ұшында жабысып тұрған ұрығы болады.

Ұрық - алғашқы тамырша, алғашқы сабақша және бүршікшеден тұрады.

Разработка урока по биологии на тему Қос және дара жарнақты тұқымдардың құрылысы (6 класс)

Дара жарнақты тұқымның құрылысы. Дара жарнақты тұқымға алдын ала суға жібітілген бидай дәнегін аламыз. Дәнектің сырты тығыз қабықпен (қауыз) қапталған. Бидайдың жемісі бір тұқымды. Піскенде қабығы ажырамай, тұқымға тығыз жанасып бірігіп кетеді. Қанша жібітсе де қабығын ажырату қиын. Бидай тұқымы әрі жеміс, әрі тұқым болып есептелетіндіктен дәнек дейді. Бидай қабығы (қауызы) тез сылынбайтындықтан, өткір ұстарамен ұзынынан тең екіге жарады (2-сурет). Дәнектің едәуір бөлігін - эндосперм алып жатады. Эндосперм жасушаларында крахмал, нәруыз, май заттары жиналады. Дәнектің төменгі ұшында эндоспермге тығыз жанасып бекінген ұрық бар (құрылысы үрмебұршақтікіндей). Ұрық пен эндоспермнің арасында жұқа бір жарнақ орналасады (бітеу бидайдың сыртынан сәл білеуленіп белдік тәрізді білінеді). Коректік заттар қоры эндоспермде жиналады, жарнағында болмайды. Дара жарнақтылардың тұқым жарнағы, тұқым өнген кезде эндоспермдегі қоректік заттарды ерітетін зат бөледі. Ерітетін зат органикалық заттарды сұйылтады. Сұйылтылған қоректі жасушалары арқылы сорып, бастама тамырша мен бүршікшеге өткізеді. Ұрықтағы май қоры да өнуге жұмсалады.

Разработка урока по биологии на тему Қос және дара жарнақты тұқымдардың құрылысы (6 класс)

2-сурет. Бидай дәнегінің ұзынынан (қақ жарылған) құрылысы.

Дара жарнақты өсімдіктерге лалагүл, жуа, бидай, құртқашаш, банан, қияқөлең, пальма, жүгері, күріш, тары жатады. Тұқымда бір тұқым жарнағы бар өсімдіктер дара жарнақтылар деп аталады.

Разработка урока по биологии на тему Қос және дара жарнақты тұқымдардың құрылысы (6 класс)

Бекіту: Оқушыларға топтарда жұмыс атқару үшін келесі тапсырмаберіледі:

Қосжарнақты және даражарнақты тұқымдарының құрылысын салыстырып, сызбанұсқа арқылы түсіндіріңіздер.

Бағалау.Топтардағы оқушылар өзара бірін -бірі бағалайды. Өз ұсыныстарын білдіреді.

Үй тапсырмасы: §10 тақырыпты оқып, қосжарнақтылар мен даражарнақтыларға жататын өсімдіктердің аттарын дәптрлеріне жазып кесте толтыруға тапсырма беріледі.


© 2010-2022