Сабақтың тақырыбы: Терінің маңызы мен құрылысы (8 сынып)

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Елеусизова Кульзия

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы

«Сәтбаев қаласының №1 мектеп- гимназиясы» КММ

биология пәнінің оқытушысы


Сын тырғысынан ойлау технологиясы

8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Терінің маңызы мен құрылысы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тері ауруларының алдын алу, гигиеналық тәрбие беру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.


  1. Қызығушылықты ояту (2 минут)

Жұмбақтар шешу.

1. Бір тоным бар тігісі жоқ

Сөгем деудің мәнісі жоқ. (Адамның терісі)

2. Он айда мен аламын он жаңа айды,

Он жаңа айды алсам да ол таусылмайды. (тырнақ)

3. Туғаннан біргемін

Бірақ санын білмеймін. (шаш)

Оқушылар осы жұмбақтарды шешу арқылы өтілетін сабақтың тақырыбын табады.


  1. Ой шақыру

Тері дегенде қандай ой келеді: тері туралы негізгі ойларыңызды дәптерге түсіріңіздер (жеке жұмыс)

Жұптасып негізгі ойларыңызды толықтырып, қағазға түсіріңіздер.

Оқушылар мәтінмен жұмыс жасап, түсініктерін қағазға түсіреді (жеке жұмыс 10 минут)

Сабақтың тақырыбы: Терінің маңызы мен құрылысы (8 сынып)


  1. Қарама- қарсы элементтер стратегиясы

Ауырған тері Сау тері

1. Терінің құрғауы, жарылуы 1. Теріні таза ұстау

2. Теміретке 2. Жеке бастың тазалығы

3. Қотыр 3. шынықтыру

4. Терінің қызаруы 4. таза ауада болу

5. Бөрту 5. күн сәулесін дұрыс пайдалану

6. «А» дәруменінің жетіспеуінен 6. суық суға шомылу

тері жарылады

7. Шаш, тырнақ тазалығына көңіл бөлу 7. гигиеналық талаптарды орындау


  1. Мақал - мәтелдер сайысы

  1. Тазалық - саулық негізі

Саулық - байлық негізі

  1. Денсаулықтың қадірін

Ауырғанда білесің

  1. Лас адам - кіршіл

Надан адам - діншіл

  1. Тер шықпаған кісіден

Дерт шықпайды.


  1. Эссе жазу (5 минут)

Егер сіз дерматолог дәрігер болсаңыз не істер едіңіз?

Теріні таза ұстау, оны шынықтыру, гигиеналық талаптарды орындауға бала кезден бастап дағдылану қажет.


© 2010-2022