1. Қазақстандық ғалымдардың табыстары

Раздел Биология
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Биология №1

Сынып: 9

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. §1. Қазақстандық ғалымдардың табыстары

Сабақтың мақсаты: Жаңа білім меңгерту

Сабақтың міндеттері:

А) Білімділік: Оқушыларға биология ғылымы туралы, жалпы Қазақстандық ғалымдардың биология ғылымы саласында жеткен табыстары туралы мағлұмат беру;

Ә) Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар бере отырып, қызығушылықтарын, ой-өрістерін арттыру;

Б) Тәрбиелілік: Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын білдіре алуға тәрбиелеу;

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Кіріспе

Сабақтың әдісі: Интербелсенді, баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, электронды оқулықтар, кесте, т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ:

Тақырыбы: Кіріспе. §1. Қазақстандық ғалымдардың табыстары

Биология - тіршілік туралы ғылым. Оның атауы гректің екі сөзі "bios" - "тіршілік", "logos" - "сөз, ілім" деген тіркесінен шыққан. Ол тірі организмдердің құрылысын, қызметін, өсіп дамуын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттейді. "Биология" деген терминді алғаш рет 1797 жылы неміс ғалымы Т.Руз енгізген.

Биологияның міндеті - тірі ағзалардың қасиеттерін зерттеу және олардың сан алуандығын, құрылыстарының өзара байланыстары мен қоршаған орта жағдайларын түсіндіре білу. Биология анықтап тексеретін маңызды проблемалардың бірі - Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және оның даму заңдылықтары.

Биологияда тірі ағзаларды зерттеу үшін әр түрлі әдістер қолданылады.

Бақылау нәтижесінде тірі ағзалар тіршілік әрекеті туралы, олардың қоршаған ортамен өзара байланысынан мағлұмат алады.

Салыстыру әр түрлі зерттелетін зерзаттардың құрылысындағы ұқсастық пен айырмашылық және әр алуан зерттелетін зерзаттардың тіршілік әрекеттерін анықтайтын әдіс.

Тарихи әдіс тірі табиғаттың даму үдерісін оқып үйретуге мүмкіндік береді. Бұған ғылымның қазіргі деректері мен ағзалық әлем дамуының бұрынғы мағлұматтары пайдаланылады.

Модельдеу кезінде тікелей бақылауға немесе сынақтәжірибе арқылы қайталап көрсету қиындық келтіретін көптеген үдерістерді ұқсас етіп көрсетуге болады.

Қазіргі заман биологиясы - медицина, ауыл шаруашылық, биотехнология, биосфера біртұтастығын сақтау және өзге де салалардағы зерттеу негізі. Биология ғылымының іс жүзіндегі ең маңызды міндеті ғаламшардағы халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету проблемасын шешу болып табылады. Бұл үшін сұрыптаушылар ауыл шаруашылық өсімдіктерінің жоғарғы түсімді іріктемелерін және үй хайуанаттарының қолтұқымдарын шығаруда.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының тіршіліктану ғылымының бөлімі 1946 жылы ұйымдастырылды. Қазақстанда тіршіліктану ғылымының дамуына ірі жетістіктеренгізгені үшін көптеген ғалымдар әр түрлі сыйлықтардың иегерлері атанды.

Қазақстан ғалымдары мал шаруашылығын дамытуда, малдың жаңа тұқымын, атап айтқанда: қойдың - 4, сиырдың - 3, жылқының - 2, шошқаның - 1 қолтұқымдары шығарылды.

М.С.Бутарин, Е.А.Большакова, Ә.Е.Есенжолов және А.Ы.Жандеркиндердің басшылығымен отандық етті-биязы жүнді қой тұқымы-қазақтың арқар-меринос қолтұқымы өмірге келді. Қазақтың оңтүстік мериносын шығарған бір топ ғалымдар: А.И.Петров, О.Есалиев, Б.А.Маллицкий, Л.И.Цой, А.М.Якушкинаны атауға болады. Республикамызға кең таралған сиырдың етті қолтұқымы - қазақтың ақбас сиырының авторлары: Б.М.Мусин, Н.З.Ғалиакберов, М.Ф.Гордиенко, К.А.Акопян, С.Я.Дубин. Қостанай қолтұқымды жылқысын шығарудағы ауыл шаруашылық ғылымының докторы, профессор Г.Г.Хитинковтың еңбегін ескермеуге болмайды.

Мал санын көбейтуде зоотехник, профессор, ВАСХНИЛ академигі , В.А.Бальмонт алғашқы отандық етті-жүнді қой тұқымы - қазақтың биязы жүнді қойын шығарды.

Қатал климатқа төзімді өсімдіктерді зерттеген, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, ҚазақССР ҒА және ВАСХНИЛ академигі, ауыл шаруашылық дақылдарының 17 іріктемесін шығарған В.П.Кузьмин егістік дақылдардың жаңа іріктемелерін шығарды.

Қазақстанда өсімдік физиологиясын зерттеу ісі ерекше жолға қойылып, өсімдіктің тұзбен улануының биохимиялық тетігін Л.Қ.Қылышев шәкірттерімен бірге жан-жақты тексеріп зерттеді

М.Ә.Айтқожин молекулалық биология, биохимия және биотехнология саласындағы маман, биология ғылымының докторы, профессор, ҚазССР Ға академигі, Қазақстанда молекулалық биологияны негіздеуші ғалым. Ол 1983ж. ҚазССР ҒА-ның Молекулалық биология және биохимия институтын ұйымдастырды.

Х.Ж.Жұматов вирусолог, медицина ғылымының докторы, профессор, КСРО Мед.ҒА-ның корреспондент мүшесі, ҚазССР ҒА академигі, "Тұмау микровирустарының молекулалық биологиясы" еңбегін жазды. Қазақстанда вирусологиялық зерттеулерді алғаш ұйымдастырып, одан әрі дамытты.

Т.Б.Дарқанбаев биология саласында мәдени дақылдар іріктемелерін шығарып, өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігіне теориялық жаңа көзқарас қалыптастырды.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Лездемелік сұрақтар:

1. Биология ғылымы нені зерттейді?

  1. Биология салаларын атаңдар. Олардың қызметі қандай?

  2. Тірі ағзаны зерттейтін әдістер туралы айтыңдар.

  3. Биология ғылымының маңызы қандай?

  4. Қазақстандық ғалымдар биологияның қай бағыттарын жетілдіруде?

  5. Өздерің ғылымдағы қандай табыстар маңызды деп есептейсіңдер, неге?

  6. Биологиядан бұрын оқыған қай ғалымдардың аты-жөнін білесіңдер?

  7. В.А.Бальмонттың ғылыми зерттеулері туралы не айтасың?

  8. Л.Қ.Қылышевтің еңбектерін ата...

  9. М.Ә.Айтқожиннің биология ғылымының дамуына қосқан үлесі қандай?

ІҮ. Қорытынды: Биология - тіршілік туралы ғылым. "Биология" деген терминді алғаш рет 1797 жылы неміс ғалымы Т.Руз енгізген. Биология ғылымының көптеген салалары бар. Олар: физиология, ботаника, зоология, биохимия, микология, анатомия, молекулалық биология, биометрия, микробиология, цитология, генетика, экология т.б.

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма: Кіріспе. §1. Қазақстандық ғалымдардың табыстары

© 2010-2022