Тізбектелген сабақтар топтамасының бір сабағына толық талдау туралы рефлексивтік есебім

Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тізбектелген сабақтар топтамасының бір сабағына толық талдау туралы рефлексивтік есебім

Фазылова Жібек Үбенқызы

Атырау қаласы Жамбыл орта мектебі

Биология пәнінің жоғары санатты мұғалімі 2015жыл

Мектепаралық семинарда өтілген сабақ

Білім берудің озық технологияларын меңгеру қазіргі заманның басты талабы. Шығармашылықпен жұмыс істеу , үздіксіз іздену арқылы мұғалім өз шеберлігін арттырып отыруы қажет. Оқытудың әр түрлі тәсілдерін пайдаланып , оқушылардың тақырыпты терең де жан жақты түсінуіне жағдай жасап , өз бетімен жұмыс істеу біліктерін қалыптастыра білу мұғалім міндеті. Мұның барлығы білім беру мен тәрбиелеудің сапасын көтеруді , әрбір пәнді оқытудың ғылыми деңгейін жоғарылатуды талап етеді .
Қазіргі таңда мұғалімдер арасында білім жүйесін заман талабына сай үйлестіре , жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап , білім беруде барлық оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы айтылған жаңа әдістемелер арқылы сапалы , тиімді , нәтижелі жүргізілген әрбір сабақ - ұстаздың еңбегінің айғағы. Оқытудың негізгі формасы , оқыту, білім беру үрдісінің негізгі мақсаты - оқушыда білім, дағды, сын тұрғысынан ойлау қабілетін , шығармашылық іскерлігін қалыптастыру , өзін-өзі әділ бағалай білуге үйрету , оқушылардың таланты мен қабілетін ашу , оларды оқыту барысында дамыту болып отыр. Кез келген теориялық білімнің практикасы да сабақта талқыланып , түсіндіріліп , пысықталып , балаға білім негіздері қалыптастырылады. Соның нәтижесінде , қалай оқу керектігін үйреніп , еркін , өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін , ынталы , сенімді , сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған , сандық технологияға құзырлылық танытатын оқушы қалыптасуы керек. (Нұсқаулық 6-бет.) Оқу баланың өмірінің бір кезеңі , оның өмір сүріп жатқан ортасы.
Мұғалім оқушының жан дүниесіне кіре отырып сабақ өткізуі тиіс. Сонда ғана , сындарлы оқытудың негізінде оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалану, адамгершілік қасиеті, қызығушылығы, танымдылық деңгейі қалыптасады. Заман талабы сабақта мұғалім мен оқушы арасында, оқушы мен оқушы арасында бір-біріне деген сенімділік, сыйластық, достық қарым-қатынас қалыптастыру. Сонымен қатар, оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асуы (Нұсқаулық 6-бет) деп тұжырым жасауға болады. Ол үшін оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп қана қоймай, оқушы білімін бағалауда да тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланған жөн.
9 «а» класында биология пәнінен «Мезозой және кайнозой заманындағы тіршіліктің дамуы.» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабақтың мақсаты Жер тарихы,мезозой және кайнозой заманындағы тіршіліктің дамуындағы ерекшеліктердітаныстыру. Оқушыларжер тарихындағы замандар ,ондағы негізгі кезеңдердегі тіршіліктің қалыптасуы мен дамуын айыра білуге , сондай-ақ тиімді әдіс -тәсілдерді қолдана отырып дамыту, өз-өзін және басқаларды бағалап үйрену. Сыни тұрғыдан ойлануға, АКТ -ны сабақта қолдана білуге, критерий бойынша өз білімдерін бағалай білуге дағдыландыру, оқушының танымдық қабілетін, бір - біріне деген қарым - қатынасын қалыптастыру. Сабақты бастамас бұрын оқушылардың алақандарын түйістіріп, барлық класс шеңбер құра отырып «Қайда жүрсек те, қайда болсақ та, біз біргеміз!», деп бір-біріне жылы лебіздерін білдіру арқылы көңіл-күйлерін көтеріп алды. Одан әрі бүгінгі сабақты қандай көңіл-күйде бастайтындықтарын «Біздің көңіл-күйіміз» атты плакатқа смайликтер арқылы көрсетті.
Жәнеде А,С,Ж,Қ әріптерінен басталатын сөздермен бір-біріне тілектер айту арқылы амандасты . Үй тапсырмасын тексеру үшін атыспақ өткіздім , оқушылар бір-біріне дайындаған сұрақтарын қоя отырып жетондар арқылы бір - бірін бағалады.
Топтастыруда племанизм әдісін пайдаландым , оқушылар жұптарын табу арқылы топтасты мысалы , мезозой заманы бор,юра,триас,т,б. Жаңа тақырыпты видео көрсете отырып,нені байқағаны туралы сұрақтар қойдым. Оқушылар жақсы толық жауап берді , олардың білімін тексерумен қатар, сыни ойлата отырып білімдерін одан әрі дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік бердім. Топтың дұрыс құрылғандығын білу мақсатында әр топта орналасқан оқушылардан өз қолдарындағы мезозой заманы, кайнозой заманы кезеңдеріндегі тіршілік ерекшеліктерін сипаттап, оқуын сұрадым. Себебі , топтағы оқушылар саны бесеуден бөліну керек еді, келесі топта төрт оқушы, сәйкес келмейтінін байқадым.
Осы жерде Александердің (2004) , оқытудағы әңгімелесу-қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деген тұжырымдамасы бойынша тобын дұрыс таппаған оқушыны (үлгерімі төмен оқушы «Әліби болатын) әр топтың ішінде «оқушы-оқушы» арасындағы диалог арқылы анықтап , өз тобын табуға оқушылар көмектесті. Топтар заман кезеңдері бойынша бөлініп болған соң , әр топ өздеріне берілген тапсырмалар бойынша жұмыс атқарды. Бірінші топ-мезозой , екінші топ-«кайнозой» , үшінші топ-«антропоген» , төртінші топ - «неоген» жиналған болатын.
Сабақтың негізгі бөліміне көшпес бұрын әр топта өзін-өзі бағалау парағы таратылып берілген болатын , топтың ішіндегі оқушылардың келісуімен уақыт белгілеуші және бағалаушы оқушыны сайлап алды.
Бүгінгі сабақтың тақырыбын дәптерге жазып болған соң , оқушылар заман кезеңдерін құрылысы бойынша ББҮ стратегиясын интерактивті тақтадағы слайдқа шеңбер туралы бұрын не білетіндерін -«білемін», ал осы сабақта не білгілері келетінін-«білгім келеді» деген бағандарға жазу арқылы сабақтың мақсатын анықтады, мен оған қосымша сабақтың мақсатын ашып , тақтада слайдтан көрсетіп толықтырдым.
Оқушыларға жаңа сабақтың мәтіні таратылды, біреуі үйде , үшеуі қонақта әдісі арқылы сабақты меңгереді. Оқушылар жеке жұмыс жасау арқылы жаңа сабақты өз беттерінше түсінді. Дәстүрлі сабақта жаңа сабақты өзім түсіндіретін едім , байқағаным , сабақты оқушылар өздері меңгергенде қызығушылықтары , ынтасы басым болады екен. Өз бетінше жұмыс істеу мен даму ниетін зерттеушілер метатанудың негізгі аспектісі ретінде таниды (Нұсқаулық. 45-бет.) Оқытудың жаңа технологияларының барлығы дерлік оқушының өз бетінше білім алуын ұйымдастыруға бағытталған. Онан соң оқушылар1,2,3 нөмірлері орындарына қайта келіп кезек - кезек қонақта үйреніп , естіп келгенін айтып береді , топ өз жұмысын басқа топтарда естіп келгенімен салыстыра талқылайды. Топтық жұмыс арқылы әркім өзінің түсінген мәліметін ұсынады , әр оқушыдан түскен идеяларды пайдаланып , оларды мұқият қорыту , бірге ойлану арқылы оқушылар бір келісімге келудің нәтижесінде жаңа сабақ жөнінде түсінгендерін постерге бейнелеп шығарды.

Ең алғаш постерді қорғауға дайын болған екінші топ болды. Топтық жұмыста белсенді жұмыс жасап отырған оқушылар: Сымбат , Құралбек , Наргиза , Мөлдір , Айгерім . Әр топ постерлерін қорғау үшін топпен шығуды ұйғарды .
Әр топтың жауабынан соң берген жауабының деңгейіне байланысты үш шапалақпен қолпаштап отырды . Постер қорғау барысында үшінші топтың берген жауабында , қателер кездесіп қалған кезде , балалардың ойлап тапқаны , үш шапалақтың орнына екі жұлдыз , бір тілек бағалауы бойынша «Апай ұсыныс айтуға бола ма?» деп Мәдина жұлдызын көтерді. Осылайша жіберілген қате түзетілді. Ал осы топқа Айжарқын: «Бұл сабақты түсіну барысында жіберілген қате ұғымдарды түзеткенде дұрыс қабылдап отырсыңдар , өмірде де жіберген бұрыс істеріңізге айтылған сындарды дәл осылай қабылдап , соның нәтижесінде биіктерден көрінулеріңізге тілектеспін!» деген тілегін білдірді. Бұл сабақтан оқытушы ретінде оқушылардың топта бірлесіп жұмыс жасауы , жеке жұмыс жасауға қарағанда әлдеқайда тиімдірек екендігін білдім . Өзім жұмыс жасай отырып , сыныптағы қарым-қатынасты реттеп , бақылауды үйрендім. Дегенмен топта жұмыс жасауды әлде де жандандыру керектігін , оқушылардың белсенділігі мен көшбасшылығын арттыру үшін сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жұмыстарын көбірек жүргізу керектігін білдім. Осылайша сабақтың мақсаты бойынша меңгеруге арналған тапсырмаларды жасап көрсетті , ал оқушылар дәптерлеріне жазып отырды.
Сабақта оқытушы ретінде оқушылардың теориялық білімді қалай меңгергендігін және оны практикада қалай пайдаланатынын бақылау керек болатын. Бұл мақсатқа жету үшін оқушыларға деңгейлік тапсырмалар орындаттым. Карточканы орындау барысында жауаптарын жазып қойып , әр оқушы өз топ мүшелерінің жұмысын тексеріп бағалау парағына уақытымен бағалап отыру ескертілді.
Өзім әр топта жұмыстың қаншалықты ұйымдастырылған түрде жүргізіліп жатырғанын қадағалап жүрдім. Выготскийдің айтуы бойынша-оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық жақын арадағы даму аймағы болатын. Выготский когнитивті дамудың, оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істесе , жақсаратындығын атап көрсеткен. (нұсқаулық 28 бет) Үшінші топта отырған Айбол өз бетімен игере немесе көрсете алмайтынын анағұрлым қабілетті Наргизаның көмегімен үйретуімен берілген тапсырманы жақсылап орындап шықты.

Жер тарихы « Кайнозой және мезозой заманындағы тіршіліктің дамуына» байланысты ассосация қорғады ,оқушылар бағдаршам көздері арқылы топтар бір -бірін бағалады. Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білім деңгейін тексеру үшін ғана емес , оларға өз ойларын анық жеткізуге , дамытуға , кеңейтуге мүмкіндік беру үшін пайдаланады . Бақылаудың , тәжірибенің , ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға , бағалауға , талдауға , баламалы шешімдерді қабылдауға берілген тапсырма өз мақсатына жетті деп бағаладым. Бұл тапсырма сыни тұрғыдан ойлауға оқушылардың іс-әрекетіне жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға негізделген болатын.(49бет.)
«Кайнозой » тобынан Құралбек ортаға шығып өз тобымен бірігіп жасаған презентациясын қорғады. Рэгг және Браун(2001) оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етудің бірнеше түрін ұсынған болатын , Құралбектің жауабын нақтылау мақсатында , мағынаны күшейту үшін немесе оны басқалардың естуі үшін кейбір жерлерінде қосымша айтып тұрдым. (нұсқаулық. 42-бет) Оқушыларды тыңдау және оларға жауап беруде , оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы дамыған коммуникативті дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі. (нұсқаулық. 43-бет)
Әр топ өз тапсырмаларын толық орындап болған сайын бағалау парақтарына бағаланып отырды. Бірінші жауап берген топқа барлығы жақсы деп бағаласа, екінші топтан шыққан Гүлназымның жауабына оқушылардың бағалауы екі топқа бөлінді; жақсы және орташа. Ал үшінші жауап берген Сымбаттың жақсы деген бағамен бағалады.
Бұл сабақтада оқушылар емін - еркін сөйлеуге бейімделіп келе жатқанын байқадым. Себебі, Құралбектің берген жауаптары тиянақты болды.
Венн диаграммасы бойынша білімдерін жинақтау арқылы бекітуге Кайнозой мен мезозой заманындағы тіршіліктің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазуға қолдандым.
Болашақта оқушыларға «әр тұлғаның ойы құнды" екенін саналарына сіңіру және тыңдау әдебі керек екенін түсіндім. Осы әдісті пайдаланудағы сәтсіз тұсым кей оқушылардың ойын білдіруде нақтылық болмады. Ал сәтті өткен тұсы оқушылар бірлесе сұрақты талқылаулар арқылы олардың ынтымақтастығы арта түсті. Себебі сөйлеспейтін оқушылар бірлесе жұмыс жасады. Кейін оқушыларға жан-жақты сұрақты ашатындай нақты дәлелмен сөйлеу дағдысын қалыптастыру керек екенін ұқтым.
Мен бір сабақтың ішінде бағалаудың әр түрін қолдануға тырыстым. Себебі өзін-өзі бағалау критерийлері бойынша бала өзіне баға беру арқылы өзін-өзі реттеуді үйренді , ал топтағы оқушыларды бағалау салыстыра білуге шынайылыққа үйренді. Бағалау парағын талдай отырып , өз білімдерін бағалады. Оқушылар бағалау кезінде бағалау парғындағы барлық бағаларды қоса отырып ортақ бағаны шығарды. Оқушылар өз-өзін , топ оқушыларын асыра бағалап жіберген , алдағы уақытта бағалау критерилерін дұрыс түсіндіріп әділ бағалауды ұсындым. Нақты бағаны журналға қойдым.
Дәстүрлі сабақта негізгі білім көзі мұғалімнің сөзі мен оқулық болса , бұл сабақта қосымша әдебиеттерді пайдалану негізінде үйде өз беттерімен алған білімдері болып табылады. Сабақ барысында ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің әртүрлілігі маңызды орын алды, соның ішінде топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылды.
Білім берудегі ең басты қағида -оқушыларды үнемі шығармашылық әрекетке шыңдай отырып , өзін-өзі дамытуға жетелеу , сонымен қатар, мұғалімдер өз кезегінде , өзінің сабақ беруіне емес , оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс . Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек , соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай , оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады ( Нұсқаулық. 32-бет ) деген теорияға сүйене отырып , және бағдарламаның модульдерін қолдана отырып болашақта оқушылардың білімін мұғалімнің шеберлігімен мейлінше жоғары деңгейге жеткізуге болады деп ойлаймын.
Сабағымда сәтті өткен тұстары оқушылар постерді жақсы жасап қорғағандары,сабаққа белсенді қатысқандары,Наргизаның презентациясы, шығармашылық жұмыс.Сәтсіз өткен түстары кебір оқушылар жаңа ақппаратты әр топқа түсіндірген сәтте шамалы қиналып қалды, сұрақтар қойғанда сыни ойлануға, өз ойларымен талас пікір туғызатындай сұрақтар таба білгені ұнады.





© 2010-2022