Доминанттылық заңы (9 класс)

Раздел Биология
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: ________________

Сыныбы: 9«А»

Тақырыбы: §24. Доминанттылық заңы. Дигибридті будандастыру.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік - оқушыларға дигибридті будандастыру туралы білім беру.

Дамытушылық - теориялық білімді практикада есептер шығаруға үйрету.

Тәрбиелік - генетиканың жанашырлары болған ғалымдардың есімдерімен таныстыру (Г.Мендель, Т.Морган, Г.де Фриз, Э.Чермак, Р.Пэннет, т.б.), олардың еңбектері мен тәжірибелерін бағалай білуге және байқампаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі, аралас

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, салыстыру, дәлелдеу

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Генетика ғылымы нені зерттейді?

  2. Организмдердің өз белгілері мен қасиеттерін және даму ерекшеліктерін ұрпақтарына беру қабілетін айтады.

  3. Тұқымқуалаушылықтың заңдылықтарын зерттеген кезде Г. Мендель қандай тәсіл қолданды?

  4. Дигибридті будандастыру деп нені айтамыз?

  5. Г. Мендель асбұршақтың қанша белгісі бойынша будандастыру жүргізді?

  6. Мендельдің II заңы немесе белгілердің ажырау заңы дегеніміз не?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау, қорыту

IV. Актуалдау

V. Жаңа білімді меңгерту

Тұқым қуалау туралы ілімнің негізін қалаушы Мендель Ольмюце (Австро - Венгрия) қаласындағы университет жанындағы философия қаласын бітірді. Ол 1843 жылы Брюнне қаласындағы (Чехия) қасиетті Әулие Фома монастырының тақуасы (монах) болды. 4 жылдан соң поп дәрежесіне көтерілді. Мендель бұдан соң Венаға көшіп барып, университетте жаратылыстану ғылымын, әсіресе физика және математиканы зерттеді. Ол оқудан монастырға оралып, бүкіл өмірін сонда өткізді және 1898 жылы монастырдың бастығы болды. Мендель діни қызметтен басқа жергілікті реалдық оқу орнында сабақ берді. Ол физика, математика және жаратылыс тарихын жүргізді. Ең негізгі 1856 - 1863 жылдары монастыр бағының шағын үлескісінд еөсімдіктерді будандастыру жөнінде тәжірибелер қойды. Бұл тәжірибелердің нәтижесі «Өсімдік будандарына тәжірибелер» кітабында тұжырымдалған. Атап айтқанда, генетикалық заңдылықтар өсімдікте ашылды. Тұқым қуалау белгілерінің неліктен болатынын Мендельге дейін ешкім анықтауға ұмтылыс жасамады деп ойлауға болмайды. Көптеген табиғат зерттеушілер тышқандарға және өзге зерзаттарға сан алуан тәжірибелер қойды. Бұдан өзге ауыл шаруашылық іс - әрекетте жаппай, жоспарсыз сынақтәжірибелер жүргізіп солардың негізінде күткен белгілері бар жануарлар мен өсімдіктер шығарылды. Алайда Мендельге дейін заңдылықты аздап болса да еске түсіретін айқын нәтижелерді ешкім де ала алған жоқ. Мендель зерттеулерді тұтасымен өз уақытынан барынша озып шықты. Ол кезде ДНҚ құрылысы да гендер және хромосомалар туралы да беймәлім еді. Ал Мендель ғылымға беймәлім құрылымның қалай қызмет ететін заңдылықтарды анықтап та қойды. Гендер және хромосомалар терминдері әлдеқайда кеш пайда болды. Негізгі генетикалық терминология 1902 - 1926 жылдары енгізілді. Мендель тұқым қуалау факторлары терминін пайдаланды.

Мендель тәжірибелерінің нәтижелерін замандасы бағаламады. Зерттеуші өмірден озғаннан кейін ғана әлемге әйгілі болды. Бұл келесі ғасырда іске асты. Оған 1902 ж. біріне - бірі тәуелсіз үш ғалымның: неміс ғалымы К.Э.Коренс ,австриялық ғалым Э.Чермак және голландық ғалым Г.Де Фриз қойған сынақ тәжірибелерінің нәтижесінен соң 1900 жылы назар аударылды. Бұл ғалымдардың аты Мендель заңдылығын жаңадан ашушы адамдар ретінде биология тарихына енді.

Мендель заңдылығы қайтадан ашылуы соңынан оның ісін жалғастырушылар табыла бастады. Табиғат зерттеушілердің көпшілігі Мендельдің көмегін қайталады. Бұл үшін олар өсімдіктерді де, жануарларды да әр алуан зерзат ретінде пайдаланды. Алайда бұл тәжірибелердің нәтижелері Мендель нәтижелеріне үнемі сәйкес келе бермейді. Сөйтіп генетикада мендельдендірілген белгілер термині де, яғни Мендель заңдарына бағынатын белгілер қатар өмір сүреді деген ұйғарымдар айтылды. Бірақ егжей - тегжейлі талдаулар Мендельдің бірде - бір тұжырымын да қателік жоқ деп көрсетті.

VI. Дамытушылығы

Жаңа тақырыпты ойдағыдай түсіну үшін, қазір тақырып соңындағы (§38, 185 бет) генетикалық есепті шығарып көрейік.

 Егер сұр түс ақ түстен басым болса, онда төмендегі шағылыстырулардан қандай ұрпақ күтуге болады:

  1. гетерозиготалы сұр аталық және гомозиготалы ақ түсті аналық;

  2. екі ақ түсті ата - ене;

  3. ата - ененің екеуі де сұр түсті, олардың біреуі - гомозигота, екіншісі гетерозигота бола ала ма?

Ақ түсті ата - енелерден сұр түсті ұрпақтардың тууы мүмкін бе?

Сұр түсті ата - енелерден ақ түсті ұрпақтардың тууы мүмкін бе?


Р ♀Аа х ♂ аа 2) Р ♀ аа х ♂аа 3) Р ♀ АА х ♂ Аа

ФДоминанттылық заңы (9 класс)Доминанттылық заңы (9 класс)Доминанттылық заңы (9 класс)Доминанттылық заңы (9 класс)Доминанттылық заңы (9 класс)Доминанттылық заңы (9 класс)енотип: сұр ақ ақ ақ сұр сұр

Г : А а а а Г: а а Г: А А А а

Доминанттылық заңы (9 класс)Доминанттылық заңы (9 класс)Доминанттылық заңы (9 класс)Доминанттылық заңы (9 класс)Доминанттылық заңы (9 класс)Доминанттылық заңы (9 класс)Доминанттылық заңы (9 класс)Доминанттылық заңы (9 класс)Доминанттылық заңы (9 класс)Доминанттылық заңы (9 класс)Доминанттылық заңы (9 класс)Доминанттылық заңы (9 класс)Доминанттылық заңы (9 класс)Доминанттылық заңы (9 класс)Доминанттылық заңы (9 класс)Доминанттылық заңы (9 класс)Доминанттылық заңы (9 класс)Доминанттылық заңы (9 класс)Доминанттылық заңы (9 класс)Доминанттылық заңы (9 класс)

F1: Аа Аа аа аа F1: аа F1: АА Аа АА Аа

Генотип: 50 % гетерозигота гомозигота 50 % гетерозигота

50 % гомозигота 50 % гомозигота

Фенотип: сұр ақ сұр

VII. Бекіту

1 - тапсырма

Таңбалар аттарын жазу.

Р - ♂- х -
Г - ♀- F -

Жауаптары:

Р - ата - ана дарақтар ♂- аталық х - будандастыру
Г - гамета ♀- аналық F - ұрпақтар

VIII. Қорытындылау

IX. Үйге тапсырма

§24. Доминанттылық заңы. Дигибридті будандастыру.

X. Бағалау

© 2010-2022