7 сыныпқа арналған Құстарды топқа бөлу тақырыбында сабақ жоспары

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 7б

Сабақтың тақырыбы: Құстарды топқа бөлу.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға құстардың топтарға бөлінуін, құстар жануарлардың

маңызды тобы екендігін, құстардың тіршілігі, адамға пайдасы,

Қызыл кітапқа тіркелген құстар жайында, саятшылық

туралы жалпы түсінік беру.
Тәрбиелік : оқушыларды құстарды қорғауға, оларға қамқор болуға,

құстардың адам өміріндегі маңызын дәріптеу,

жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық : оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, құстарды

топтарға бөлу, сол топтардың өзіндік ерекшеліктерін жүйелей,

қорытындылай отырып, білімдерін, сөйлеу қабілетін,

ой өрісін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын элементтері, тірек - сызба
Сабақтың көрнекілігі: құстардың суреттері, слайдтар, электронды оқулық
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, назарын жаңа сабаққа бейімдеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау

Сынып 3 топқа бөлінеді.

Жауап берілген оқушыларға смайликтер беріліп отырады.

  1. Жасырын сөзді тап.

1.Құстарды зерттейтін ғылым саласы,..................... деп аталады.

2. Омыртқалы жануарлардың ұшуға бейімделген тобы.............. деп

аталады.

3.Бас, мойын, тұлға,құстардың ................... бөліктері деп аталады.

4. Қауырсындар,тұмсықтарының мүйізді бөлігі,жіліншік,

саусақтарындағы мүйізді бөлігі .................... бөлімдеріне не жатады?.

5.Бассүйек,омыртқа жотасы,иық белдеуі,қанаттары,жамбас

белдеуі,аяқтары,кеуде қуысы құстардың ............ деп аталады.

  1. Сандар сойлейді

8600, 500, 269, 16

ӀIӀ. Жаңа білімді меңгеру кезеңі.

Жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.

Ботаға ұқсас саны бар,

Шөл даланың құмайы.

Шәлкем мiнез жануар,

Ашу қысқан ұдайы. (Түйеқұс)

Бұдыр-бұдыр балшықты,

Жинады да талшықты.

Ұқсатып қамытқа,

Үй салды жабыққа. (Қарлығаш)

Шуға бөлеп жағаны,

Қанаттарын қағады,

Айдын судың түлегi,

Шабақ iлiп жүредi. (Шағала)

Тақылдатып,

Мазаны ап,

Ағаштарды тазалап,

Ормандарды емдейдi,

Зиянкестi жазалап. (Тоқылдақ)

Күндiз сөнген шырағы,

Түнде көрер қырағы.

Тiкiрейiп айдары,

Егiн жауын қырады. (Үкi)

Күн шықпай сап аттанды,

Қуырады апшыны.

Шырт ұйқыда жатқанды,

Оятады ащы үнi. (Қораз)

Қыстағы ақ мамыққа, Жалғау жалға жалықпа,
Сонда құс боп шығады, қане қай құс анықта (Қарға).


Көк жүзiнде жылжып жай,

Керуен құрған тiзiлiп,

Iлгек-iлгек шынжырдай,

Қалмайды олар үзiлiп? (Тырна)

Тақтаға: Құстарды топқа бөлу

Сабақтың жоспары:

  1. Құстардың дене құрылысына байланысты бөлінуіне сипаттама беру: қыртөстілер, қыртөссіздер, жүзетін құстар

  2. Орман құстары

  3. Ашық далалы алқаптарды мекендейтін құстар, жыл құстары, қыстап шығатын құстар, сұңқартектестер

  4. Тауықтектестер, жапалаққтектестер, жапалақтектестер

  5. Сирек кездесетін және Қызыл кітапқа тіркелген құстар

Сабақты жоспар бойынша және интербелсенді тақтаны пайдалана отырып түсіндіремін.

Сергіту сәті

IV. Бекіту

  1. Электронды оқулықпен жұмыс

1) Қ.Р «Қызыл кітабына» енген құстарды табу

2)Үй құстары, орман құстары және сулы батпақты жерді мекендейтін құстарды дұрыс орналастыру.

Топпен жұмыс

3 топтың оқушыларына 3 құстың суреті беріледі. Сол құстың суретіне қарап оқушылар сипаттама береді.

V. Қорытынды.

Рефлексия.

Лебіздер мен ұсыныстар себетіне оқушылар бүгінгі өтілген сабаққа өз ойларын білдіріп, себетке салады. Соңында лебіздері оқылады.

VI. Бағалау

Оқушылар өздері жинаған смайликтерінің санына байланысты бағаланады.

VII. Үйге тапсырма беру

§56. Оқып келу


© 2010-2022