Ас қорытудың маңызы. Ас қорыту жүйесі

Ас қорыту деп сыртқы ортадан организм қабылдаған қоректік заттардың күрделі қосылыстарын денеге жеңіл сіңетін қарапайым қосылыстарға айналуын қамтамасыз ететін физиологиялық процестер жиынтығын айтады.Адам мен жануарлар ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталып, тік ішекпен бітеді де, ұзына бойынша бірнеше рет кеңейіп-тарылып отырады. Ішкі жағынан ас қорыту жолы кілегей қабықпен қапталып, онда ас қорыту бездерінің өзектері ашылады. Әр без құрамы белгілі бір шекте өзтеріп отырады, өзіндік қасиеттер...
Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Асқорытудың маңызы. Асқорыту жүйесі (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға ас қорыту мүшелері туралы таныстырып білімдерін жетілдіру. Ас қорыту жүйесінің ерекшелігін көрсету, құрылысын түсіндіру.
2. Дамытушылық: тест жұмыстары, сұрақ - жауап арқылы оқушылардың ой - өрісін кеңейту, есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: Ас қорыту мүшелерінің маңызын түсіндіру арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, еңбек дағдысын қалыптастырып, денсаулықтың қадірін терең түсіне білуге, оны қалпында сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - түрі: сұрақ - жауап әдісі, СТО стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, плакат, видеопроектор

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу,
Топқа бөлу ( суреттер арқылы)

II Үй тапсырмасын сұрау
1 - тапсырма
Сұрақ - жауап әдісі
1. Адам организмі үшін тағамның рөлі қандай? (Организмнің қалыпты тіршілік әрекеттері үшін жасушалары мен ұлпаларына үнемі қоректік заттар керек)
2. Қоректік заттар дегеніміз не? (нәруыздар, көмірсулар, майлар, минералдар, тұздар, су мен витаминдер)
3. Адам организміне негізгі құрылыс материалы нәруыздың тәуліктік мөлшері? (100 гр)
4. Ас қорыту дегеніміз не? (тамақ өнімдерінің едәуір қарапайым, организмге сіңірілетін заттарға ұсақталу және ыдырау процесі)
5. Асқорытуда ферменттердің рөлі қандай? (Нәруыз текті заттар. Олар ас қорыту жолында заттарды ыдырататын химиялық реакцияларды тездетеді. Әр фермент белгілі бір затқа әсер етеді)
6. Адам организмінде нәруыздар, көмірсулар, майлар мен витаминдердің рөлі қандай? (нәруыз - құрылыс материалы, майлар - энергия көзі, құрылыс материалы, көмірсу - энергия көзі, витаминдер - алмасу процесіне белсенді қатысады)
7. Адам рационының құрамына кіретін өсімдіктекті және жануартекті өнімдерді ата
8. Адам организміне қажетті толыққұнды тағамның құрамы

2 - тапсырма. Тест жұмысы
1. Қоректік заттардың құрамына қандай органикалық қосылыстар кіреді
а) нәруыздар, көмірсулар
ә) витаминдер, майлар
б) минералды тұздар мен су

2. Адам денесіндегі судың орташа мөлшері қандай?
а) 20 - 25 %
ә) 0, 6 - 5, 0 %
б) 60 - 65%
3. Адам организміне өзгеріссіз сіңірілетін зат:
а) көмірсулар,
ә) нәруыздар
б) су
4. Нәруыздың қажетті тәуліктік мөлшері:
а) 80 - 90г
ә) 100г
б) 400 - 500г
5. Көмірсулардың қажетті тәуліктік мөлшері:
а) 80 - 90г
ә) 100г
б) 400 - 500г

ІІІ Жаңа сабақ
(жаңа сабақ жоспар бойынша баяндама түрінде түсіндіріледі)

Жаңа сабақтың жоспары
1. Ауыз қуысы
2. Жұтқыншақ
3. Өңеш
4. Асқазан
5. Ашішек
6. Тоқішек
7. Тікішек
8. Ұйқы безі
9. Бауыр

ІҮ. Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар
1 - тапсырма
Биологиялық диктант
Асқорыту жүйесі: асқорыту мүшелері мен асқорыту бездерінен тұрады. Адамда асқорыту жолының ұзындығы, шамамен, 8 - 10м. Ол ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ашішек, тоқішек, тікішек болып бөлінеді.
Ұйқы безінің ұзындығы 10 - 12см, асқазанның астыңғы жағында екінші бел омыртқасының деңгейінде орналасқан.
Бауыр - қоңырқай түсті ең ірі без, массасы, шамамен, 1500г. Оның негізгі қызметі - өт бөліп шығару.

© 2010-2022