Қыз сыны -тәрбие сағаты

Қос бұрымы аш беліне төгілген,Келбеті бар кермаралдай керілген.Қазақ қызы – инабатты ару қызАқ жүзінен аппақ сәуле төгілген.1 - жүргізуші:Тіл байланып қалатындай көргенде,Сұлулықты соған ғана берген бе!Кімде болса бас иеді мойындап,Қарсы алдына қазақ қызы келгенде - дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға шақырайық.1 - жүргізуші:1 - № 1 аруымыз----№ 2 аруымыз-----1-жүргізуші:Әділдікпен баға берер аруға,Әділдікпен қара қылды жаруға.Алқасын қазылардың біз...
Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1."Қыз сыны" -тәрбие сағаты

«Қыздар-көктем гүлі»
1 - жүргізуші: Армысыздар, абзал аналар, ақ жаулықты әжелер, көктем гүліндей жайнаған апайлар, аяулы қарындастар.
2 - жүргізуші: Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін
8 - наурыз мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
1 - жүргізуші: Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл - күй тілей отырып, халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналып өткелі отырған «Қыздар- көктем гүлі» атты Қыз сыны байқауын тамашалауға шақырамыз!
Тауып бір әйел - әлем бар тілдерін,
Бақыт пен астастырып әр күндерін.
Босатып қара жердің тұла бойын
Келдің бе,сегізінші наурыз күні.
Бүгін той құрметтейтін әлем халқы,
Аналар күнін - елдің салты.
Көк байрақ төбемізде тұр желбіреп
Шарықтап еркіндіктің өскен нарқын.
Ана деген-бұл өмірдің мәні ғой,
Ана деген- бұл өмірдің сәні ғой.
Ән-жырымен дүниені тербеген,
Ана деген бұл өмірдің жаны ғой.
Анна-біздің жарқыраған нұрымыз,
Анна-біздің солмас мәңгі гүліміз.
Анамызды аялай біз білейік,
Анна-біздің жазып бітпес жырымыз
Арулар - аяулылыр, ардақтылар,
Өмірге жылу болып қалмақ болар.
Арулар - тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір - біріне жалғап тұрар.
Сұлулыққа қарап көз тоймайды
Сұлулық өзін - өзі баяндайды.
Естілер құдіретті бүгінгі сөз
Қыз жайлы, ана жайлы, келін жайлы.
2- жүргізуші
Той пердесін ашайық,
Жырдан шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Құрметті қауым: Бүгінгі өткелі отырған «Қыздар-көктем гүлі» атты Қыз сыны 2014 байқауын бастауға рұқсат етіңіздер. Байқаудың мақсаты: Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын бойына дарытқан қазақ қыздарының табиғат берген көркемділік - әдемілігімен, сұлулығына тәу ету.
1 - жүргізуші:
Қос бұрымы аш беліне төгілген,
Келбеті бар кермаралдай керілген.
Қазақ қызы - инабатты ару қыз
Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген.

1 - жүргізуші:
Тіл байланып қалатындай көргенде,
Сұлулықты соған ғана берген бе!
Кімде болса бас иеді мойындап,
Қарсы алдына қазақ қызы келгенде - дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға шақырайық.
1 - жүргізуші:
1 - № 1 аруымыз----
№ 2 аруымыз-----
1-жүргізуші:
Әділдікпен баға берер аруға,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Алқасын қазылардың біз сайлайық,
Ақ аруды таңдап бүгін алуға - деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
2 - жүргізуші.
Құтты болсын мейрамы аналардың,
Қуанышын көрсінші балалардың.
Сіздер үшін бүгінгі орындаулар,
Билері мен әндері жырланатын - деп аналар сіздерге арнап ән жолдаймыз.
Ән:
1 - жүргізуші:
Баурап алар бір-ақ ауыз сәлемі,
Қазақ қызы - әдепті де әдемі.
Қазақ қызы - ақылына көркі сай,
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.- дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі «Сәлемдесуі» бойынша аруларымыздың өзін - өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар!
Ұлдар биі:2 «а»
Қазылар алқасынан І бөлімнің бағасын сұраймыз.
2 - жүргізуші
ІІ бөлім:»Өз өнері»
Аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді,
Өнері өрге жүзер талаптының.
Таланты талмай ұшар қанаттының,
Әлди әуен әлемі өнер аты
Шарпып өтсін лебімен қанатының,- деп сайыскерлердің өнерін тамашалауға шақырамыз.
1 - жүргізуші
Қазылар алқасының ІІ бөлімнің бағасын сұраймыз.
2 - жүргізуші
ІІІ бөлім « Үй тапсырмасы».
Бұл бөлімде аруларымыз үйден дайындап әкелген бұйымдарын қазылар алқасына тапсырады. Қол соғып аруларымызды ортаға шақырамыз.
Қазылар алқасы ІІІ бөлімнің бағасын шығарғанша оқушы қыздарымыздың биін тамашалаймыз.

Қазылар алқасынан ІІІ бөлімнің бағасын сұраймыз.
1 - жүргізуші
IV бөлім «Сұрақ - жауап».Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
Білім құйған бойына,
Қанып өмір жайына.
Салт-дәстүрдің әр сөзін,
Сақтап жүрген ойына - деп сайыскерлерді ортаға шақырамыз.
Қазылар алқасы IV бөлімнің бағасын шығарғанша бір әсем ән жолдаймыз
Би :1 «ә»
Қазылар алқасынан IV бөлімнің бағасын сұраймыз.
2 - жүргізуші:
V бөлім «Сән үлгісі».Бұл бөлімде байқауға қатысушы бүгінгі заманға сай тігілген кешкі сән киім үлгісін көрсетеді. Қатысушының шаш үлгісіне де ерекше мән беріледі.
1 - жүргізуші:
Қазақ қызы - тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы - деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды ортаға шақырамыз
2 - жүргізуші:
Қазылар алқасы V бөлімнің бағасын шығарғанша би тамашалаймыз.
Қазылар алқасынан V бөлімнің бағасын сұраймыз.
2 - жүргізуші: Қазылар алқасы VI бөлімнің бағасын шығарғанша бір әсем ән жолдаймыз
Ән: 3 ә
1 - жүргізуші
Нәзік жандар қашанда ел еркесі,
Отбасының,Отанның берекесі.
О, қош жарқырап ортамызға,
Жұпар кеуде адамның мерекесі - дей келе апа-қарындастарымызға мерекелік сәлем жолдаймыз.
2 - жүргізуші:
Халқымыздың ежелгі үрдісі бар,
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар.
Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрін,
Зердерлі ол, зейінді келіп сынар - дей келе қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.
1 - жүргізуші
Бұла қырдың құлпырған қызғалдағы
Ержігіттің бірінші ізгі арманы
Тіршіліктің жылуы, сұлулығы
Мына жалған өмірдің гүлзар мәні

2 - жүргізуші
Көркемдікке көмілген келбетіне,
Көз тимесін деп достым сен де тіле.
Көздері - күн, кірпігі сәуле сынды,
Айна көктен жететін жер бетіне.
1 - жүргізуші
Сұлулықтың дүниеде барын қарап,
Аққайың да ұрлана таңырқамақ.
Пай - пай шіркін! Қыздардың құдіреті - ай,
Ес еркінді әкеткен барымталап.
Қазылар алқасының шешімі.Оқушыларды марапаттау.

Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Қыздар! Көктем гүлі - 2014» байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын - дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.



© 2010-2022