Тамыр бөлімдері - презентация

  Тақырыбы: «Тамыр бөлімдері» Білімділік: Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелерінің бірі тамырдың құрлысын, түрлерін, маңызын түсіндіріп, тамыр өсімдіктің топырақтан қоректену мүшесі жайында білімдерін нығайту, оқушылардың білімін нақтылап, өздігінше ізденуге жетелеу мен жан - жақты өсімдіктерді тануға ойлау қабілеттерін жетілдіру. Дамытушылық: Тамырдың түрлері мен маңызын оқыта келе, өсімдіктер дүниесін дұрыс бағалауға және өздігінен тұжырымдай білуге, саралауға, талдауға, ой ұшқырлығының...
Раздел Биология
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Күні:15.10.2014 Пәні: Биология Сынып: 6 А

Тақырыбы: «Тамыр бөлімдері»

Білімділік: Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелерінің бірі тамырдың құрлысын, түрлерін, маңызын түсіндіріп, тамыр өсімдіктің топырақтан қоректену мүшесі жайында білімдерін нығайту, оқушылардың білімін нақтылап, өздігінше ізденуге жетелеу мен жан - жақты өсімдіктерді тануға ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Дамытушылық: Тамырдың түрлері мен маңызын оқыта келе, өсімдіктер дүниесін дұрыс бағалауға және өздігінен тұжырымдай білуге, саралауға, талдауға, ой ұшқырлығының дамыту.
Тәрбиелік: Сабақтағы оқушылардың ауызша, жазбаша жұмыстарын орындай отырып, оқушыларды іздемпаздыққа, өз бетінше ой қорыта білуге, есте сақтауға, еңбектенуге, тиянақтылыққа, қоршаған ортадағы өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Ауызша, жазбаша, сұрақ - жауап, топпен жұмыс.
Құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, тірек - сызба, үлестірмелі қима қағаздар, суреттер, слайттар, өсімдік тамырлары, ноутбук, бағалау парағы, оқулық, түрлі-түсті фломастер, маркерлер, интербелсенді тақта, стикер.
Пән аралық байланыс: география, химия, қазақ тілі, орыс тілі, геометрия, этнопедагогика. Қолданатын әдістер: топпен жұмыс, жұптық жұмыс, спикердің қорғауы,

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыт

Ұйымдастыру

  1. «Сағат» тренингі үлгісі бойынша тренинг өткізу. Жылдың 4-мезгіліне байланысты топтағы 4 оқушының атын жаз.

  2. Табыс критерийін құрау

1-досымен қол алысады, 2-иық қағысады, 3-алақанымен қағысады, 4-алыстан сәлем жолдайды.

Әр топ үйдің фундаментінің бір бөлігін алып, ТК жазып, тақтаға жабыстырады.

2 мин



3 мин

Білу

  1. «Он сұрақ!» ойынын өткізу

  2. «Тамыр» сөзіне омонимдер айту.

  3. «Тамыр» сөзін орысшаға аудару, омонимдер табу.

Ортаға бір бала шығып маңдайындағы стикерге жазылған сөзге 5-10 сұрақ қояды, балалар оған «иә, жоқ» деп жауап береді.

Омонимдер тауып, айтады.

3 мин

3-мин

Түсіну

Үш топқа тақырыпты бөліп беру

1- топқа тамыр оймақшасы, бөліну аймағы

2-топқа өсу, сору аймағы

3-топқа -өткізу аймағы

Оқып шығып, топта талдайды. Әр топтың спикерлері барып, келесі топқа түсіндіреді. (сурет бойынша)

5-7 мин

Қолдану

  1. Ноутбук арқылы интерактивті тапсырмаларды орындату

  2. Берілген тамыр үлгілерімен практикалық жұмыс жасату

Ноутбукпен жұмыс жасайды.

№ 4,5,6 тапсырмаларды орындайды

5 мин





1-2 мин

Талдау

«Жуан сұрақтарға» жауап беру.

«Құпияхат» тапсырмалары


Жағдаяттарды шешу. Әр топқа 1-сұрақтан.

Сандармен белгіленген хатты әріпке айналдырып, сөйлем құрастыру.

2 мин



3 мин

Жинақтау

«Жұмыс дәптеріндегі» тапсырмаларды орындату


«Жұмыс дәптері» бойынша 12 беттегі № 4,5 тапсырмаларды орындайды.


4 мин

Бағалау

Қорытындылату, бағалау

Өзіндік «Басбармақ» арқылы, топтық бағалау -топ басшысы жауап парағына бағалайды. Жабасатын бағалар арқылы, бағаларын талдау.

3 мин

Рефлекия

«СМС»


Сабақ туралы пікірлерін СМС арқылы мұғалімге жолдайды.

2 мин

Үй тапсырмасы

β8 оқу, қайталау, 32 беттегі АВС деңгейлік тапсырмаларын орындау, және 33 беттегі кестені толтыру.

Тапсырманы орындау, кестені дәптерге орындау

2 мин

Жағдаят кезеңінің тапсырмалары

І топ.

"Қыстағы қар жерге ырыс, жердегі ылғал елге ырыс" мақалының мазмұнын түсіндіріңіз.

ІІ топ.

Халық даналығы Бұхар жырауға кедей «Тарыны қай жерге еккенде мол түсім аламын» деп ақыл сұрай барса, ол құрт-құмырсқа жәндіктер қаптап жүрген жазық жерді нұсқап жүріп кетіпті. Сол жерге тары егіп, «шаш етектен келетін» мол түсім алған кедей Бұхарға келіп, неліктен солай нұсқағанын сұрапты. Мұны сіз қалай түсіндіресіз?

ІІІ топ.
Құмды топырақта өсетін қарағайдың тамыр жүйесі қос жарнақты өсімдіктерге кіндік тамыр болады. Сонымен қатар оның тамыры ылғалға жету үшін топыраққа терең орналасады. Ал батпақта өсетін қарағайдың тамыр жүйесі шашақ тамырға ұқсайды. Оның тамырлары үлкен ауданды алып жатады, бірақ топыраққа терең орналаспайды. Себебі неде деп ойлайсыңдар?

Жағдаят тапсырмаларының жауабы

1. Мол топырақта тұқым тез өнеді, тамыр тез өседі.

2. Жәндіктер бар жерде құнарлы, қопсытылған топырақ болады.

3. Құмда ылғал тереңде жатқандықтан, тамыр ұзын болады, батпақта жайылып өседі.

Құпияхат тапсырмалары

І топ. Үш сөзден құрылған тамыр қызметі туралы сөйлем шығады.

3

6

9

5

1

10

15

1

13

8

3

13

4

2


9

14

11


7

12



1-Р, 2-У, 3-Т, 4-Н, 5-Ы, 6-А, 7-С, 8-К, 9-М,

10-Қ, 11-Ш, 12-І, 13-Е, 14-Ү, 15-О

5 ұпай.

ІІ топ. Үш сөзден құрылған тамыр қызметі туралы сөйлем шығады.

3

12

9

11

5


1

4

2

9

6

2

7

3

2

5

8

10

2


1-Ө, 2-І, 3-Т, 4-С, 5-Р, 6-Д, 7-К, 8-Е, 9-М,

10-Г, 11-А, 12-А . 5 ұпай.





Бекітемін: Тексердім:

Мектеп директоры Оқу ісі меңгерушісі

Шемпаев М.Е. Абраимова Г.Ж.




«М.Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ



Lesson study

«Тамыр бөлімдері»



6 «А» сынып





Биология пәнінің мұғалімі:Муканова Г.К.















Мамай батыр ауылы. 2014ж.












Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: «Тамыр. Тамыр түрлері. Тамыр жүйелері» (презентациясымен)

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелерінің бірі тамырдың құрлысын, түрлерін, маңызын түсіндіріп, тамыр өсімдіктің топырақтан қоректену мүшесі жайында білімдерін нығайту, оқушылардың білімін нақтылап, өздігінше ізденуге жетелеу мен жан - жақты өсімдіктерді тануға ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Дамытушылық: Тамырдың түрлері мен маңызын оқыта келе, өсімдіктер дүниесін дұрыс бағалауға және өздігінен тұжырымдай білуге, саралауға, талдауға, ой ұшқырлығының дамыту.
Тәрбиелік: Сабақтағы оқушылардың ауызша, жазбаша жұмыстарын орындай отырып, оқушыларды іздемпаздыққа, өз бетінше ой қорыта білуге, есте сақтауға, еңбектенуге, тиянақтылыққа, қоршаған ортадағы өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Ауызша, жазбаша, сұрақ - жауап, топпен жұмыс.
Құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, тірек - сызба, үлестірмелі қима қағаздар, перфокарта, суреттер, слайттар, плакат, қосымша әдебиет.
Пән аралық байланыс: география, химия.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесу.
Ә) Сабаққа қажетті құрал - жабдықтарды түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Микроскопты ойлап тапқан ғалымдар.(әкелі балалы Янсендер 1590 - 1610ж)
2. Жасушаны ашқан ғалым.(1665ж Роберт Гук)
3. Өсімдік жасушасының құрлысы. (жасуша қабықшасы, цитоплазма, ядро, пластидтер, вакуоль)
4. Ұлпалар дегеніміз не?
5. Өсімдік ұлпаларының неше түрлері бар? (6 - түрі бар)
6. Микроскоптың құрлысын ата (окуляр, көру түтігі, объектив, заттық үстелше, айна, табан, тұтқа, бұранда)
7. Жабын ұлпасының қызметі мен түрлері.(өң, тоз, қыртыс)
8. Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейтін бөлігі.(вакуоль)
9. Өсімдіктерге түрлі түс беретін пластидтерді ата?
10. Қазақстанда қызыл кітап тұңғыш рет қай жылы шықты.?(1978ж)
11. Бізде неше қорық бар.(9)
12. Қызыл кітаптың маңызы неде?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Тамыр - топырақ арқылы өсімдікті минералды тұздармен және сумен қамтамасыз ететін вегетативті мүше.
Тамырдың қызметі:
Су мен минералды тұздарды топырақтан алады.
Өсімдікті топыраққа берік орнықтырады.
Қоректік заттар қорын жинайды.
Көбеюге қатысады.
Органикалық заттарды синтездейді.
Тамырдың түрлері:
Негізгі тамыр - ұрық тамыршасынан дамиды.
Жанама тамыр - тамырдың жан - жағынан таралады.
Қосалқы тамыр - сабақ пен жапырақтан өсіп шығады.

Тамыр жүйесі:


Тамыр жүйесі деп бір өсімдікте болатын әртүрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығын айтады.
Кіндік тамыр жүйесінде негізгі тамыр жақсы дамыған. Олар қосжарнақты өсімдіктерге тән.
Шашақ тамыр жүйесінде негізгі тамыр нашар дамыған. Жуандығы біркелкі болса да жанама немесе қосалқы тамырлар шашаққа ұқсап топталып тұрады.
Даражарнақты өсімдіктерге тән.

Тамырдың тыныс алатынын дәлелдейтін тәжірибе

ІV - Бекіту.
Зертханалық жұмыс № 5:

«Тамыр типтерін кіндік және шашақ тамыр жүйелерін талдау.»
1. Берілген өсімдіктердің кеппешөбінен тамыр жүйесін қарап, олардың негізгі, жанама және қосалқы тамырларың табыңдар. Суретін салып, аттарын жазыңдар.
2. Шашақ тамыр жүйесін - бидай, жүгері, арпа кеппешөптерінен қарап анықтаңдар.
3. Сәбіздің кіндік тамыр жүйесін қарап негізгі, жанама тамырларын ажыратыңдар.
4. Кіндік тамырлар мен шашақ тамырлар жүйесінің ерекшеліктеріне көңіл аударып, оқулықтағы суреттерін салыстырыңдар.
5. Кестені толтырыңдар: (берілген өсімдіктердің тұсындағы санын дәл келетін тамыр жүйесінің бағанына жазыңдар)

Кіндік тамыр жүйесі-----------
Шашақ тамыр жүйесі---------
Сәбіз 2. бақбақ 3. күнбағыс 4. Бұршақ 5 қайын 6. пияз 7. қызғалдақ 8. Құртқашаш 9. итмұрын 10. бидай 11. арпа 12. күріш
Қай пікір дұрыс?

Бейорганикалық заттарға нәруыз, май, қрахмал жатады.
Ашықтәрізді өсімдіктердің жапырағы ине тәрізді болады

Сүт тәрізді сұйықтыққа йод құйса су көгереді. Демек, сұйықтықта нәруыз бар
Тамырда кейбір витаминдер түзіледі.
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің тамыры болмайды.
Ағаштардың барлығы көпжылдық өсімдіктер.

Биологиялық диктант.
Өсімдік.............. арқылы көбейеді.
Барлық тұқымда болады: нәруыз,.............................
Тұқымның өнуіне қажет:.........................................
Тамыр түрлері болады:.....................................................
................................- негізгі тамыр жүйесі нашар дамиды, көптеген тамыр шоғы пайда болады.
Қосалқы тамырлар тез өсу үшін өсімдікті............... керек.

V - Қорытындылау.
Ойлан, тап.
Көз алмай күнге алыс, қарайды........(күнбағыс)
Төменге қарамай көкке өрлер.............(қарағай)
Уылжыған албырт, дәмі тәтті..........(алмұрт)
Қара жерге енгелі, батырады шеңгелін. (тамыр)
Жезге ұқсас сабағы, дәні - халық тағамы. (бидай)
Қос құлағы қалқайып, су ішкен сайын марқайып. Күн ысыса тон жинайды, доп болғанда ел жинайды. (орамжапырақ)

Сен білесің бе?
…. бидайдың тамыр жүйесі 1, 5м - ге дейінгі аумақты қамтиды, тереңдігі 2 м - ге жетеді, ұзындығы 600м - ге жетеді.
….. арпаның тамыр түктері 15 млрд. - қа дейін жетеді, ал ұзындығы 10000 км. жетеді
……1 мм тамыр өскенде 200 ден 400 ге дейін тамыр түктері түзіледі

Ойлан, тап.
Негізгі тамырдың ұшын кесіп тастаса не болады?
Гүл ыдысының түбінде неге тесік болады?
Қораптың ішінде өсімдіктің екі түрлі мүшесі бар. Екеуі де тәтті, қызыл, шырынды. Біреуі күнді жақсы көреді, екіншісі түнді жақсы көреді. Ол не?
Бөлме өсімдіктеріне ұзақ салқын су құйса, ол тіршілігін жояды. Неге?

Тамырдың өсімдік өмірінде маңызы қандай?
Кестені толтыр.

VІ - Үйге тапсырма. § 7, 27 беттегі А, В, С сұрақтарына жауап беру.
VІІ - Бағалау.
Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,
Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ.

© 2010-2022